Жаңалықтар
Талдықорған авиациясы өрт қаупі жоғары маусымға дайындалуда |
2025 жылға дайындық қарқынды жүріп жатыр: штат 93%-ға толықтырылды, қызметкерлерді даярлау, жабдықтар мен көліктерді дайындау жұмыстары жүргізілуде, жаңа техника сатып алынды. Сондай-ақ, әуе патрульдеуге 2-4 класты тікұшақ бөлініп, 150 сағаттық ұшу уақыты қарастырылған. Қызмет өрттің дала аумағынан орман алқаптарына таралуын болдырмау мақсатында Төтенше жағдайлар департаментімен тығыз өзара әрекеттесуде. Талдықорған авиациялық бөлімшесінің құрамында орман өрттерін анықтау және сөндіру саласында маманданған жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Олардың ішінде ұшқыш-бақылаушы, авиациялық өрт сөндіру тобының 2 нұсқаушысы және 7 десантшы-өрт сөндіруші бар. Талдықорған авиациялық бөлімшесінің қарауындағы орман қорының жалпы аумағы 290 мың гектар. Бұл аумаққа 7 мемлекеттік коммуналдық мекеме мен бір мемлекеттік ұлттық табиғи парк кіреді. Авиацияның негізгі міндеттері – орман өрттерін патрульдеу және сөндіру, табиғат қорғау заңнамасының сақталуын бақылау және орман жағдайын мон... |
Толығырақ... Оқылды: 177 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.03.2025 |
Жетісу облысында өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық басталды |
2025 жылғы өрт қауіпті маусымға байланысты Жетісу облысының аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу мен жою тәуекелдерін төмендету бойынша кезең-кезеңімен іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Облыста жағдайды бақылау үшін 3 098 адам мен 529 техника бірлігінен тұратын өңірлік күштер мен құралдар тобы құрылды. Наурыз айынан бастап тұрғындардың өрт қаупі жоғары кезеңге дайындығын тексеру бойынша комиссиялық тексерістер жүргізілуде. Олар 27 тармақтан тұратын «Ескерту» үлгісі негізінде өткізіледі. Бұл тексерістерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, техника мен жабдықтардың жай-күйі, сумен жабдықтау, құрғақ өсімдіктерден аумақтарды тазарту және басқа да алдын алу шаралары қарастырылады. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт бекеттерін кезең-кезеңімен құру жоспарына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар 49 өрт бекетінің күштері мен құралдарын жұмылдыруды жоспарларына енгізді. Бұл бекеттердің қарамағында 7 өрт сөндіру көлігі бар.... |
Толығырақ... Оқылды: 179 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.03.2025 |
Мамандар Наурыз мерекесінде азық-түлік қауіпсіздігіне мән беруге шақырады |
Наурыз – қуаныш, көпшілік серуендері мен мол дастарқанның мерекесі. Алайда, тамақты дұрыс сақтамау және дайындау әсіресе дала саудасы мен бұқаралық іс-шаралар кезінде тамақтан улануға әкелуі мүмкін. Мереке қарсаңында мамандар рұқсат етілмеген жерлерден үй жағдайында дайындалған өнімдерді сатып алмауға кеңес береді. Өнімдердің жарамдылық мерзімін, сақтау шарттарын және қаптамасының бүтіндігін тексеру маңызды. Сондай-ақ, ауызсу мәселесіне ерекше көңіл бөлген жөн – тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану қажет. Мереке кезінде сауда ұйымдастыратын кәсіпкерлер санитарлық талаптарды сақтауы тиіс. Өнімдерді қажетті температурада сақтайтын арнайы контейнерлерде тасымалдау қажет. Дайын тағамды үш сағат ішінде сатуға болады, ал дастарқанға бір реттік ыдыс қолдану ұсынылады. Барлық қызметкерлердің медициналық кітапшалары болуы және жеке гигиена талаптарын сақтау маңызды. 2024 жылы жаппай тамақтан улану жағдайлары тіркелген жоқ. Алайда, жыл басынан бері облыста б... |
Толығырақ... Оқылды: 176 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.03.2025 |
Жүргізушілер назарына: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске маңызды өзгерістер күшіне енді |
2025 жылғы 13 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (ӘҚБтК) жол қозғалысы ережелеріне қатысты маңызды өзгерістер енгізілді. Жол-көлік оқиғасы (ЖКО) және материалдық залал (610-бап) Бұрын: 20 АЕК (78 640 теңге) айыппұл немесе 6 айға жүргізуші куәлігінен айыру болатын. Жаңа өзгеріс бойынша: Жүргізуші куәлігінен айыру алынып тасталды, тек айыппұл салынады. Егер 7 күн ішінде төленсе, айыппұл 39 320 теңге болады. Қысқартылған іс жүргізуге прокурордың наразылығы бойынша 1 жыл ішінде шағымдануға болады. Қайталанған жол көлік оқиғасы немесе жеңіл дене жарақаты (610-бап, 2-бөлім) Егер жүргізуші бір жыл ішінде қайталанған ЖКО жасаса немесе жеңіл дене жарақатын келтірсе: ???? 40 АЕК (157 280 теңге) айыппұл немесе ???? 9 айға жүргізуші куәлігінен айыру. Бұл жағдайда 50% жеңілдік қолданылмайды. Қарсы қозғалыс жолағына шығу (596-бап) ???? Жаңа 3-1 бөлік: Қарсы қозғалыс жолағына шығу – 30 АЕК (117 960 теңге) айыппұл. ???? Жаңа 4-1... |
Толығырақ... Оқылды: 136 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.03.2025 |
Мопед жүргізушілеріне жаңа талаптар енгізіледі |
5 сәуірден бастап мопед жүргізушілеріне қойылатын талаптар күшейеді. Енді көлікті тіркеусіз және жүргізуші куәлігінсіз басқаруға тыйым салынады. Бұл туралы Жетісу облысының полиция департаменті хабарлады. Жаңа ережеге сәйкес, мопед иелері өз көлігін міндетті түрде полицияда тіркеуі керек. Сондай-ақ, оларда A1, A немесе B санатындағы жүргізуші куәлігі болуы шарт. Бұдан бөлек, техникалық тексеруден өтіп, міндетті сақтандыру рәсімдерін орындау қажет. Тіркелмеген мопедтер мен жүргізуші куәлігі жоқ азаматтарға айыппұл салынады. Қазіргі уақытта облыста 189 мопед тіркелген. Егер 5 сәуірге дейін тиісті құжаттар рәсімделмесе, жүргізушілер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612 және 590-баптарының 2-тармағы бойынша жауапкершілікке тартылады. Полиция өкілдері тұрғындарды жол қауіпсіздігін сақтауға және жаңа талаптарды орындауға шақырады. |
Толығырақ... Оқылды: 139 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.03.2025 |
КӨКТЕМНІҢ БАСЫ-КӨРІСУ |
МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА КҮН МЕН ТҮН ТЕҢЕЛІП, ЖЕР ЖАҢАРЫП, КӨКТЕМНІҢ КЕЛГЕНІН, ЖАҢА ЖЫЛДЫҢ ЛЕБІН АЙҚЫН СЕЗДІРЕТІН НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – ЕЛІМІЗДЕГІ БАСТЫ МЕЙРАМНЫҢ БІРІ. КСРО ДӘУІРІНДЕ, ЯҒНИ 1926 ЖЫЛДАН БАСТАП МЕРЕКЕЛЕНУІ ТОҚТАТЫЛҒАН НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ АРАҒА 62 ЖЫЛ САЛЫП, 1988 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЙТА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ. СОДАН БЕРІ ҮЗДІКСІЗ ТОЙЛАНЫП КЕЛЕТІН ХАЛЫҚТЫҚ МЕЙРАМҒА СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ «КӨРІСУ КҮНІ» НЕМЕСЕ «АМАЛ МЕРЕКЕСІ» АТТЫ ЖАҢА БІР МЕЙРАМ ҚОСЫЛДЫ. Жаңа деуіміздің сыры бұрын еліміздің батыс өңіріне ғана белгілі «Амал» соңғы жылдарда ғана жалпақ қазақ даласына қанатын кең жая бастады. Бірақ әлі күнге дейін «Амалды (Көрісу күнін)» бүкіл халық жете түсініп, толық қабылдап кетті деу қиын. Тойлағандар тойлайды, тойламағандар мән бермей жүр. Бұл наурыз туралы ұғым-түсінігіміздің әлі күнге толыққанды бір тоқтамға келмей жатқанының белгісі болса керек. Жалпы, қазақ халқы көшпенді халық болғандықтан мезгілдеріне қaрaй қонысын: көктеу, жaйлaу, күзеу... |
Толығырақ... Оқылды: 211 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 14.03.2025 |
Жетісу облысында Көрісу күні – «Амал» мерекесіне мыңнан астам адам қатысты |
Жетісу облысында Наурызнама онкүндігі бүгін Көрісу күні – «Амал» мерекесімен басталып, оған 1 мыңнан астам адам қатысты. Бұл ретте Талдықорғандағы Б.Римова театрының алаңында өткен іс-шараға 200-ге жуық адам қатысып, мерекеге жиналған қауымды облыс әкімінің атынан орынбасары Диас Есдәулетов құттықтады, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өнер ордасы алдындағы алаң ұлттық нақышта безендіріліп, Талдықорған театрының әртістері театрландырылған көрініс ұсынды. Көрініс барысында өмірге келген сәбиге ат қою рәсімі атқарылып, адамдардың бір-бірін құрметтеу салты көпшілікке паш етілді. Атап айтқанда, үлкендердің құшақтасып көрісуі, келіннің сәлем салуы, ақсақалдың бата беруі, балаға ат қою сияқты дәстүрлер дәріптелді. Бұдан әрі мерекелік шара Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Амал мерекесіне қатысқан ақсақалдардың бірі Серік Нұрхалық: - Бала кезімізде наурызда үлкендер жағы бір-біріме... |
Толығырақ... Оқылды: 206 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 14.03.2025 |
Жетісу облысында жыл басынан отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты 200-ден астам шағым түскен |
Оның 173-і Әкімшілік кодекстің 73 бабы бойынша отбасындағы құқыққа қарсы әрекет. Оның 31-і ұрып-соғу дерегі. Жыл сайын мұндай әрекеттер көбеюде. Цифрды азайту үшін отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшелер құрылды. Елдің барлық өңірін қамтыған орталықтар саладағы жинақталған жүйелі проблемаларды жоюға жәрдемдеседі. Орталық тек зорлық-зомбылық құрбандарын қорғап қана қоймай, құқық бұзушыларды қайта әлеуметтендірумен айналысады. Бөлімшенің ерекшелігі – Мемлекет басшысы тапсырмасына сәйкес мұнда барынша көбірек әйел қызметкерлер қызмет етеді. Бұл зардап шегушілердің әйел қызметкерлерге оқиғаның мән-жайын ұялмай ашып айтуына, яғни сенім факторына ықпал етеді. Осы тәсіл дәлелдерді бекітуге, жасалған әрекеттің бәрін нақты, уақтылы және егжей-тегжейлі анықтауға мүмкіндік береді. Бұл бастама – елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресті жүйелі түрде жүргізудің маңызды қадамы. |
Толығырақ... Оқылды: 213 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 13.03.2025 |
Жетісуда бір жыл ішінде шекарадан 577 мың автомобиль өтті |
Жетісу облысында көлік құралдарының шекара арқылы өтуін қатаң бақылау жалғасуда. Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 2024 жылы «Алакөл» және «Нұр Жолы» кеден бекеттері арқылы 577 мың автокөлік құралы өткен. Аймақта 6 өткізу пункті бар, оның 5-і Қытаймен шекарада: – Автомобиль өткізу пункттері – «Алакөл», «Нұр Жолы», «Қорғас ХШЫО». – Теміржол өткізу пункттері – «Алтынкөл-жол», «Теміржол». – Ішкі өткізу пункті – Талдықорған қаласы. Кеден бекеттерінің өткізу қабілетін арттыру үшін бақылаудың жаңа технологиялары енгізілді. Атап айтқанда, «Нұр Жолы» өткізу пунктінде өздігінен жүретін және мамандандырылған техниканы қабылдау және ресімдеу рәсімі оңайлатылды – ол интеграцияланған бақылау жүйесінде тіркеусіз бірден уақытша сақтауға жіберіледі. 2024 жылғы 4 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Қытайға жүк тасыма... |
Толығырақ... Оқылды: 212 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 13.03.2025 |
Жетісу облысында 2 айда кәмелетке толмағандар арасында 966 құқық бұзушылық анықталды |
Уақытша оқшаулау орталықтарына 24 бала жеткізілді, үш әке-шеше, ата-ана құқығынан айырылды. Жасөспірімдер жасаған 5 қылмыс және кәмелетке толмағандарға қатысты 15 қылмыс тіркелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында спикер Қайсар Мұхметов мәлімдеді. Облыста құқық бұзушылықтың, буллингтің және есірткіге тәуелділіктің алдын алу бойынша белсенді түрде бағдарламалар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, «Қауіпсіз мектеп. Қауіпсіз орта» жобасы және «KIVA» антибуллинг бағдарламасы енгізілді. Мектептерде этика мен құқық мәселелері бойынша 108 ментор және 11 координатор жұмыс істейді. Сондай-ақ, мектептерде оқушылар мен ата-аналармен 300-ден астам дәріс пен кездесулер өткізілді. Облыстағы 8084 жасөспірімнің қатысуымен анонимді сауалнамалар ұйымдастырылды. Спикерлердің айтуынша, Буллинг фактілері анықталған жоқ. |
Толығырақ... Оқылды: 201 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 13.03.2025 |