Жаңалықтар
Бірыңғай жиынтық төлем |
Кәсібін ресми тіркемей-ақ, базарда өз бақшасында өсірген көкөнісін сатып, жеке көлігімен жолаушы тасып немесе оқушыларға қосымша білім беріп ақша тауып жүрген қазақстандықтар аз емес. Мұндай адамдарды «фрилансерлер», ал мемлекет тұрғысынан «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» деп атайды. Олардың табысына салық салынбайды. Демек, кәсібі «көлеңкедегі» азаматтар керек кезінде әлеуметтік жәрдемақы ала алмайды. Бұл мәселені шешу үшін 2019 жылы Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санаты үшін бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді. БЖТ төрт төлемді біріктіреді. Олар: 1. жеке табыс салығы; 2. міндетті зейнетақы жарналары; 3. әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар; 4. мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар. БЖТ төлеу арқылы азаматтарға базалық зейнетақы, медициналық қызметтер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер қолжетімді болады. Біріңғай жиынтық төлемді ай сайын қала тұрғындары - 1 АЕК, ауыл тұрғындары - 0,5 АЕК кө... |
Толығырақ... Оқылды: 2435 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021 |
Қазақстанда басқа елдердегідей шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру тәртібі белгіленген |
Қазақстанға келген шетелдік азаматтарға 30 күнге дейін уақытша тұруға рұқсат етіледі. Егер олар 30 күннен астам уақытқа келген болса, міндетті түрде рұқсат құжаттарын рәсімдеуі қажет. Ең алдымен жұмыс істеуге рұқсат алу үшін мигранттар Қазақстаннан жұмыс беруші тауып, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасаcуы керек. Ары қарай көші-қон қызметтері орталығында ЖСН алады. Бұл мемлекеттік баж салығын төлеу үшін қажет. Жұмыс істеуге рұқсат алу үшін келесі құжаттар ұсынылады: - еңбек мигрантына рұқсат алу туралы өтініш; - жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемді төлегені туралы түбіртек; - Мемлекеттік шекарадан өткені туралы белгісі бар паспорт; - 075 / у нысандағы медициналық анықтама; - саусақ іздері мен фотосуретке түскендігі туралы анықтама; - медициналық сақтандыру; - еңбек шарты. Фото, видео, саусақ іздерін тіркеуді көші-қон қызметтері орталығында немесе көші-қон полиция қызметінде жасауға болады. Рұқсат мерзімін жеке тұлғалар бір жыл ішінде 3 ай сайын ұза... |
Толығырақ... Оқылды: 2255 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021 |
Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей |
Келешек иесі - жастар. ”Үйдің беріктігі-оның іргетасында” дегендей, балаға мектеп қабырғасында берген тәрбиенің алатын маңызы зор. Жасөспірімдердің басым бөлігінің өмірге бей-жай қарайтындығына, шындықты бетке айта алмайтындығына, бүлдірген істерін немесе жасаған бұзақылығын мойындамайтындарына қарап ренжуіңе тура келеді. Қазіргі таңда көркем әдеби кітаптарды, газет-журналдарды оқымайтын жастардың қатары жылдан-жылға көбейіп келе жатыр. Оның есесіне қанша уақыт болса да жалықпай батыстың зорлық-зомбылық, атыс-шабысты көрсететін фильмдерін көреді. Көпшілігінің патриоттық рухтағы кинофильмдерді көруге құлқы жоқ. Тәуліктің көп бөлігін компьютердің алдында отырып алып, түрлі ойын ойнап, уақыттарын тиімсіз өткізетін жастар да баршылық. Ұялы телефонға да көп уақыттарын сарп ететіндері де жетіп жығылады. Ауылдық жерде халық мұқтаждық көріп жүрген жайларға ат-салысып, белсенділік көрсетіп жүретін жастар саусақпен санарлықтай ғана. Қайырымдылық ретінде жабылып атқарып тастайтын ат... |
Толығырақ... Оқылды: 1561 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021 |
ӘДІЛЕТТІ БОЛУ |
Мұсылман адамның бойында көрініс табуы қажет болған маңызды сипаттардың бірі – әділдік. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Нахыл» сүресі, 90-аятында: «Ақиқатында, Алла әділдікті, ихсанды (игі істер істеуді) және ағайынға қарайласуды бұйырады. Сондай-ақ арсыздықтан, қарсылықтан(жамандық атаулыдан)һәм зиян келтіруден тыяды», – деп айтқан. Біздің ата-бабаларымыз да әділдік ұғымын ерекше қастер тұтқан. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Әз Тәукенің Жеті Жарғысы» – бәрі де қара қылды қақ жарған әділеттілікке негізделді. Абай Құнанбай ұлы бабамыз өлең жолдарында: Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй, ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті – деп әділетті сүюге шақырған. Хакім Абай отыз сегізінші қара сөзінде де: «Кімде-кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты жоқ», – деп айтқан болатын. Жалпы әділдік ұғымы т... |
Толығырақ... Оқылды: 1562 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021 |
СӘЛЕМДЕСУ ӘДЕБІ |
«Сәлем – сөздің анасы» дейтін қазақ халқы қашан да сәлем беруге үлкен мән берген. Адамдар бір-бірімен кездескен уақыттарында ең бірінші әдеп те осы сәлемдесуден басталады. Ата-бабаларымыздың «Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені, жақындықтың белгісі – кешіктірмей келгені» дейтіні осыдан. Әлемдегі барша мұсылман халықтары бір-біріне «Ассаламуғалайкум» (Сізге Алла Тағаланың сәлемі болсын) деген үлгіде сәлем береді. Оған жауап ретінде: «Уағалайкум әссалам» (Сізге де Алла Тағаланың сәлемі болсын) деп айтылады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде: «Алла Тағала Адамды жаратқанда оны бірнеше періштеге жіберіп: «Бар да оларға сәлем бер және олардың саған қалай жауап бергенін ұғып ал, өйткені сен үшін және сенің ұрпағың үшін сәлем беру – олардың саған айтқан жауабы болады», – деді. Сосын ол періштелерге: «Ассаламу алайкум»,– деді, олар... |
Толығырақ... Оқылды: 1521 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021 |
Шашты шорт қиып,”шортик” киген ана кімге үлгі? |
Қазақтың ұлттық болмысында ертеректе келіндер аталарының атын атамайтын. Атақты күйші Дина апамыздан «тегіңіз кім?» деп сұраса, атасының атын атаудан қысылып, есік алдында ойнап жүрген баласы Нүрпейістің есімін айта салған екен. Сөйтіп Дина Нүрпейісова болып кетіпті. Сол сынды қазақтың ибалы келіндері қайнылары, қайын сіңлілеріне де жанама ат қоятын. Тіпті, әйелдер күйеуінің атын атамай “үйдің отағасы”, ”біздің үйдегі кісі”, ”үйдің қожасы” деп қолпаштап келген. Бұдан олардың еркекті пір тұтып, өздерінен жоғары қоятынын аңғарамыз. Бұл әдет-ғұрып кеңестік кезеңде ұлттық сипатынан айырыла бастады. Ескіліктің қалдығы,еркек пен әйел тең құқылы деген саясатпен бүркемеленді. Күйеуін өзінен бір саты жоғары қойып пір тұтып отыруды келіндерінің құлағына құйып, ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп отыратын сол кездегі енелердің басым бөлігі о дүниелік болып кетті. Оның үстіне кеңестік жүйенің еркектер мен әйелдер тең құқылы дегенін арқа тұтқан кейбір шола... |
Толығырақ... Оқылды: 890 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021 |
Дала академигіне тағзым |
«Алпамыс» бөбекжай-балабақшасында Н.Алдабергеновтың 115 жылдығына орай іс-шара өткізілді. Бүлдіршіндерге слайд арқылы Н.Алдабергенов туралы көрсетілді. Мектепалды даярлық топтар мен ересек топтар арасында эстафеталық жарыс, мерекелік іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар мерекеге сай бүлдіршіндеріміз ұрмалы аспаптарда ойнап, би биліп, ән айтты. Бүлдіршіндер мен балабақша тәрбиешілері, музыка жетекшісі, дене шынықтыру нұсқаушысы, балабақша әдіскері Н.Алдабергенов атамыздың Мұқыры ауылындағы ескерткішке барып құран бағыштап қайтты. Сонымен қатар мәдениет үйінде кітапханада Н.Алдабергенов еңбек жолдарымен танысып өтті. «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасының ұжымы. |
Толығырақ... Оқылды: 825 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021 |
Алтын күз мерекесі тойланды |
2021 жылдың қараша айында Көксу ауданы Мұқыры ауылындағы «Қызғалдақ» бөбек жай-балабақшасында «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз өтті. Балабақшадағы әрбір мерекені әрқашан естен кетпестей көңілді өткізуге тырысамыз.Бүлдіршіндеріміздің мерекелік көңіл-күйлерін көтеретін жағдай туғызу үшін,музыка залын безендіруге барлық топтың тәрбиешілері бірауыздан ат салысты. Мерекеге балабақшамыздың барлық 6 топ балалары қатысты.Әр топ өздерінің көз тартымды киім сән үлгісін көрсетіп,жас ерекшеліктеріне сай қызықты билерін билеп,әндерін шырқап жоғары деңгейде өнерлерін көрсетті. Ертеңгілігіміздің соңында балабақша меңгерушісі Алпысбаева Сәния Керімбайқызы балаларға жылы лебіз- тілектерін білдіріп «Алтын күз» атты республикалық байқауында әртүрлі жанрда қатысып орын алған балаларға дипломдарын табыс етті. «Қызғалдақ» балабақшасы ұжымына творчестволық табыс,бүлдіршіндеріміз ге күз мерекесіндегідей жарқын күлкі,бақытты балалық шақ тілейміз. Мая Нусипбае... |
Толығырақ... Оқылды: 852 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021 |
ЖАСТАРДЫҢ ЖІГЕРІН ЖАНЫҒАН ЖАРЫС |
Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегендеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Жылдар бойы армандаған бабаларымыздың арманы орындалып, бүгінге ұлы даламызды барша әлем мойындайды. Бұл өлшеусіз еңбек қажырлы саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігінің жемісі десек қателеспейміз. Елі мен жері, байтақ сахарамыздың болашағы жайында Елбасымыз тереңнен толғайды: «Билікке келген әр саясаткер өз халқына, еліне қандай да бір жақсылық жасауды міндет етіп қоюы керек. Екіншіден, саясаткер ел болашағы үшін бағдарлама ұсынады. Менің бағдарламам – Қазақстанды дағдарыстан шығару болды. Мен бақыттымын – өйткені қазір әлем картасында тәуелсіз Қазақстан Республикасы деген мемлекет бар. Мен бақыттымын – өйткені, бүгінде қазақтарды жер жүзі біледі, Қазақстанмен бірге Қазақстандықтарды бүкіл дүниежүзі таныды. Мен бақыттымын – өйткені, Қазақстан туралы әлем елдері жақсы пікірде. Мен бақыттымын – қиын кезе... |
Толығырақ... Оқылды: 865 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 26.11.2021 |
Ана бақытты болса, ел де бақытты |
Ананың мойнына жүктелген ауыр жүк – ана болу, ал көп баланың анасы болу нағыз ерлікке татиды. Көп балалы отбасы – береке-бірліктің үйлескен жері. Адамзат тарихында есімі елге танылған тұлғалардың көпшілігі көп балалы отбасында дүниеге келген. Қазір көп балалы отбасын көрсек, таңдай қағып, таңқалатынымыз бар. Көпшіліктің көкейінде оның бәрін қалай асырайды деген сауал туындайды. Артынша «Әр баланың өз несібесі бар» деп жатамыз, десе де оның оқуы, жоғары білім алуы мен қазақ үшін қасиетті үйлену тойын жасап, баспана әперу – әрбір қазақтың мұңы болғандықтан, көп балалы отбасына таңсықпен қарайтыны бар. Көксулық жас отбасы Кеңшілік пен Ардагүл Бекетовтар бір күнде көпбалалы отбасы атанды. Облыстық перинаталдық орталық мамандары 25 қазанда туған үшемді бағып-қағып, күні кеше үйлеріне шығарып салды. Бұл – соңғы 15 жылдағы Көксу ауданындағы бірінші жағдай. Үшемдер 1900,0 гр. бойы 42см, 1800,0 гр, бойы 42см, 1700,0 гр, бойы 41см 34 аптада өмір есігін ашты.... |
Толығырақ... Оқылды: 852 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021 |