Жаңалықтар

Рухани құндылық – ұлт қуаты

Қазақ халқының ұлттық және рухани құдылықтар турасындағы танымы мен сенімі ерекше. Ұлттық құндылықтарды қадірлеп, қастерлеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізсе, діннің адам мен қоғам арасын жалғастырушы, жарастырушы және үйлестіруші қасиетін жете түсініп, оны жан мен тән тазалығын сақтайтын, парасат тағылымдарын демеуші, адамға үлгі-өнеге беретін, пейілге мейірім ұялататын рухани күш ретінде бағалаған. Ұлттық құндылықтар – олардың тарихи өзіндік ерекшелігі Отан, тіл, тарих, өнер, әдебиет және тағы басқалар сияқты көрініс тапқан қандай да бір этностық қауымдастық өкілдерінің рухани идеалдарының жиынтығы. Әр ұлттың дүниетанымы, ойлау түрі, темпераменті, ұлттық санасы және т. б. белгілі бір жолмен үйлеседі. Жалпыадамзаттық құндылықтар ұлттық құндылықтарға да тән орнықтылық және тұрақтылықпен сипатталады. Ұлтқа және жеке тұлғаға қатысты менталитет бастапқыда әдеттегі-эмоционалды түрге ие болды деп айтуға болады, тек экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуға негізделген құндылықтардың пайда бол...
Толығырақ... Оқылды: 883 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 17.08.2021

Жаңартылған білім мазмұны-мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізі

Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрып отыр. Еліміздің әлемдік үдерістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейіне өту қажеттілігінен екені сөзсіз. Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. «Қуаныш» бөбек жай-балабақшасында жаңа инновациялық технологияларды, жаңа тың әдіс–тәсілдерді қазіргі заман талаптарына сай ұйымдастырып, оқу қызметтеріне жүйелі түрде енгізуде. Ондағы басты мақсат: баланың жас ерекшелігіне сай әлеуметті мүкіндіктерін барынша дамытуға, функционалдық тұрғыдан сауатты,кез келген өмірлік жағдайларда меңгерген білім, білік, дағдыларын тиімді қолдануға қабілетті бірегей тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі заман талабына сай педагогика саласындағы жаңалықтармен үзбей танысып, мектепке дейінгі білім саласындағы ең озық тәжірбиелерді таңдап, тиімділігіне көз жеткізіп, сұрыптап, ең жақсы әдістерді өз тәжірбиемізде пайдалануда...
Толығырақ... Оқылды: 904 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.08.2021

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі барысында маңызды қадам болып табылады. Мұндай стратегиялық міндетті шешу жағдайында белсенділігі жоғары, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алу қабілеттілігін, өмір бойы білім алуға дайын тұратын тұлғаның ең басты функциялық сапаларын қалыптастыру орта білім беру Функционалдық сауаттылықтың мақсаты – оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады. Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүру...
Толығырақ... Оқылды: 1108 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.08.2021

Орыс тілін ойын арқылы үйрету

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады. Онсыз ақыл ойдың қалыптасуы мүмкін емес» В.А. Сухамлинский Орыс тілін үйрету оқу қызметтерінде ойын технология￾сын қолдану әдістері мен тәсілдері ойынның түрлері (дайындық ойын￾дары, шығармашылық ойындары, іскерлік ойындар) қарастырылады «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе сияқты, сол арқылы баланың рухани байлығымен жасам￾паз өмірімен ұштасып айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз- ұшқын білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген атақты педагог В.А.Сухамлинский. Бала өмірін ойынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да педагогтардың негізгі мақсаты-ойын процесінде баланың жан-жақты дамуы, танымдық қызығушылығын арттыру, тілін да￾мыту. Ойын әрдайым оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнына сәйкес таңдалады. Әр түрлі топтарда орыс тілі оқу қызметін қызықты өткізу үшін мын...
Толығырақ... Оқылды: 973 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.08.2021

Заманауи сабақ: оқытуды ұйымдастырудың жаңа түрлері

Қазір білім берудің ең басты мақсаттарының бірі – оқушыларды өмірге бейімдеу, өз бетімен білім алуға дағдыландыру, алған білімін жасам￾пазды қолдануға икемдеу екені белгілі. Педагогикада, дәстүрлі педагогикалық, әдістемелік және дидактикалық жүйелерге қарағанда, педагогикалық технологиялар немесе оқыту технологиялары зор маңызға ие болып озық дамуда. Қазіргі заманның педагогикалық теориясында жаңа оқыту технологи￾ясын мектепке енгізуде бірінші зерт￾теу жүргізген академик В.Беспалько болатын. Оның айтуы бойынша – «Педагогикалық технология – бұл оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұнды техникасы». Бүгінгі таңдағы әлем бойын￾ша жайлап жатқан індет денсаулық саласымен қатар, білім сала￾сына да біршама өзгерістер әкелгені баршамызға аян. Мен өз тәжірибемде информатика пәнін оқытуды ұйымдастырудың жаңа түрлерін пайдалануға тырысамын. Информатиканы оқыту тео￾риясы мен әдістемесі – кез – кел￾ген жас шамасында және кез – келген ұйымдастырушылық – әдісте...
Толығырақ... Оқылды: 942 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.08.2021

Фукционалдық сауаттылықты арттыру ұстаздың шеберлігінде

Бүгінгі таңда жаңаша ойлай ала￾тын ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін жаңаша түрлендіру. Жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін￾өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Олай болса жаңаша ойлай алатын мұғалімнің де мәртебесі жоғары болмақ, оқушылар мен олардың ата-аналарының сұраныстарын қанағаттандыра алатын жаңа формациялы мұғалім. Сол себепті білім кеңістігінде «Жаңаша мұғалім қандай болу керек? Өскелең ұрпақты қалай және неге үйрету керекпіз?» деген сұрақтың өзектілігі арта түспек. Сондықтан бүгінгі оқушының функцоналдық сауаттылығын арт￾тыру мақсатында Зылиха Тамшыбай атындағы орта мектеп ұстаздары оқушылардың функцоналдық сауаттылығын арттыру жолында ұстаздар арасында мектепішілік веби￾нарлар өткізу мен қатар тәжірибе алма￾су барысында бір талай нәтижеге қол...
Толығырақ... Оқылды: 951 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.08.2021

Алланың бар екендігіне сендірген жеті себеп

Бізді қоршаған әлем, аспан мен жердегі қаншама теңдесі жоқ жаратылыстың баршасы Ұлы Жаратушымыз Алланың бар екендігіне толықтай айғақ бола алады. Бұл жөнінде Қасиетті Құран Кәрімде: «Жер мен көктің жаратылуында және күн мен түннің алма-кезек өзара алмасуында ақыл иелері үшін (Алланың бірлігін, барлығын білдіретін) айқын дәлелдер бар»,– деп нақты баян етілген. Және бір аятта Алла Тағала: «Жер мен көктің жаратушысы Алланың бар екендігіне күмәнданасыңдар ма?» – деп бұлтартпас айғақпен ұғындырады. Нью-Йорк ғылым академиясы төрағасының бірі болып қызмет еткен А. Гресси Моррисон (A.Gressy Morrison) өзінің ғылыми зерттеуінің нәтижесінде Алланың бар екендігін мойындап, өзге де әріптестеріне Алланың бар екендігіне сендіретін жеті себеп атты мақаласын жариялады. Гресси Моррисон: «Ғылым мен технология құдіретті Жаратушының заңдылықтарын біртіндеп ашуда. Ғылыми жетістіктер көбейген сайын Алланың бар екендігі дәлелденіп, Оған сенуге мәжбүр болудамыз. Мені...
Толығырақ... Оқылды: 1001 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 14.08.2021

Әдептілік – иманнан

Ислам – көркем мінез бен әдепке негізделген дін. Исламдағы барлық ғибадат-құлшылықтар осы мақсатта тоғысады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде өзінің жіберілу мақсатын: «Шындығында, мен көркем мінезді кемеліне жеткізу, толықтыру үшін жіберілдім» - деп, жеткізеді. Демек, асыл дініміздің негізгі мақсаттарының бірі адамзатты тәрбиелеу болып саналады. Қоғамдық ортада мәдениетті болу, өзін ұстай білу, үлкендерді сыйлау, оларға құрмет көрсету, сәлемдесу, сыпайылық таныту – рухани байлықтың көрсеткіші. Қазақтың қанға сіңген дәстүрі бойынша кісіні сыйлау, құрметтеу – әрбірімізге міндет. Бабаларымыз баланы бесігінен-ақ жақсы әдептерге баулыған. Ислами әдепті бойына сіңіру арқылы әрбір мұсылманның мәдениеттілігі артады. Әдептілік – ғұмырыңды ұзартып, берекеге кенелтеді. Қасиетті Құранда: «... Ол Алла сендерді жерден жаратты әрі сол жер бетінде өмір сүріп, оны көркейтулеріңді қалады...» («Һуд» сүресі, 61-аят). Пайғамбарымыз (Оғ...
Толығырақ... Оқылды: 1014 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 14.08.2021

Тегін білім беру-сауық орталығы ашылды

Ауданда меценат ауыл тұрғындарына ғимарат салып беріп, онда тегін білім беру-сауық орталығын ашты. Жарлыөзек ауылында ашылған «Oshaq» тұрақты даму орталығының бастамашысы заң ғылымдарының докторы, профессор Сарқытбек Молдабаев. Ол көп жылдар бойы құқық қорғау және сот органдарында жұмыс істеді. Қазіргі таңда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалында ғылыми және оқытушылық қызмет атқарады. Оның айтуынша, ғимарат американдық гранттар бағдарламасының қаражатына салынған және БҰҰ ресми түрде қабылдаған тұрақты даму саласындағы жаңа жаһандық бағдарламаны қолдау мен дамытуға бағытталған. Орталықтың қызметі ауылға экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге жәрдемдесуге, сондай-ақ ауыл тұрғындарына кешенді қолдау көрсетуге арналған. Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Сарқытбек Молдабаев «Oshaq» тұрақты даму орталығы» қоғамдық бірлестігін құрды. «Барлығы ошақтан басталады. Отбасы –...
Толығырақ... Оқылды: 954 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2021

Медицинадан кәсіпке бір қадам

«Үдемелі индустрия, қарқынды экономика» Тәуелсіздік жылдары Елбасының алдыға қойған тапсырмасы осы сөз тіркесімен астасып, тонның ішкі бауындай бірігіп жатты. Тұңғыш Президентіміз «Алдымен экономика, сосын саясат» деп елдің әлеуметтік жағдайын туралауға басымдық берді. Бір ердің қолынан бүткіл елді аяқтан тұрғызу келмесі анық. Қиын сәтте елдің еңсесін тіктеуге өңірлердегі кәсіпке ебі бар, табанды азаматтар тіреу болды. Соның бірі 1952 жылы қарашаның 27-і күні дүние есігін ашқан Тұрар Жүнісова. Қойбыш ауылының тумасы. 10 сыныпты тәмамдаған бойжеткен, 1970-1973 жылдары медициналық колледжде білімін жалғастырады. Өмірде дара жолын қалыптастыру мақсатында көп ізденген. Ол тіпті, 2003 жылдары Көксу ауданындағы балабақшада қызмет атқарған. Араға 2 жыл салған соң Тұрар Бәзілқызының бағыты бизнеске ауысады. Тұрар ханымның әуелде асығы алшысынан түсті деп айту қиын. Оның айтуынша, алғаш кәсіпке бет бұрғанда, қисапсыз тексеріс аяғын енді басқан жас кәсіпкердің жолына то...
Толығырақ... Оқылды: 913 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.