ИМАНАШАР
ЖАМАНДЫҚ ҚЫЛСАҢ ӨЗІҢЕ, ЖАҚСЫЛЫҚ ҚЫЛСАҢ ӨЗІҢЕ… |
Бір келіншек күнде екі таба нан пісіріп, біреуін өзі талғажау етіп, біреуін терезесінің алдына қояды. Ол таба нанды көшеде өтіп бара жатқан кез келген адам алып кете алады екен. Нанды күнде терезе алдына қойғанда, басқа қалаға кетіп, содан бері еш xабар-ошарсыз жоқ боп кеткен баласының аман келуін тілейді екен. Бірде нанды аяғын сылтып басатын қаңғыбас шалдың алып бара жатқанын байқап қалады. Алайда, шал алғыс айтудың орнына, «Жамандық қылсаң өзіңе, жақсылық қылсаң өзіңе!» деп кетеді. Байқаса, нанды күнде осы шал алады екен. Таң ата терезені бағып тұрады. Нанды көре сала дорбасына салып алып, манағы сөзді айтып кетеді. Бұл әйелдің ашуына тие бастайды. Қаңғыбас шал «алғыстан» гөрі, «қарғыс» айтып кететіндей әсер қалдырып жүрді. Және ол дәндеген шалдан оңайлықпен құтылмасын біліп, ашуланып, сол күнгі таба нанға у қосып қояды. Бірақ, жеме-жемге келгенде у қосылған нанды терезе алдына қоюға әйелдің қолы бармайды. Ол сол бойда істегеніне өкініп, нанды жал... |
Толығырақ... Оқылды: 785 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 03.06.2019 |
БІР ҚҰЛАШ АРҚАН |
Өлгенде қабірге түсетіндігінен қатты қорыққан бір бай қайтыс боларының алдында былай деп өсиет қалдырыпты: «Кім де кім мен өлгенде қабіріме бір түн қонып шықса, сол адамға байлығымның тең жартысын қалдырамын!» Айтқандай-ақ көп уақыт өтпей бай қайтыс болыпты. Байды қабірге қоярда оның өсиеті бойынша жақындары қабірге бірге қонып шығатын адам іздестіріпті. Бірақ онымен бірге барып қонуға ел ішінен ешкімнің жүрегі дауаламаса керек. Бұған елдің жүгін тасып күнелтіп жүрген, бір құлаш арқанынан басқа түгі жоқ сіңірі шыққан бір кедей ғана көніпті. Әлгі кедей баймен бірге қабірге түсіп жатады. Кеш бата ел аяғы саябырсығанда екі періште келіпті. Келген періштелер қабірдегі екеуге қарап: «Мына жерде екі адам жатыр екен. Біреуі – өлі, екіншісі – тірі екен. Өлісі қайда қашар дейсің, кел, тірісінен жауап алайық» деп кедей байғұсты бүкіл өмір бойғы істеген тірліктері үшін жауапқа тартса керек. «Мына арқанды қайдан алдың? Онымен не істедің? Қашан, қай жерге н... |
Толығырақ... Оқылды: 547 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 03.06.2019 |
ОЛ ЖАҚҚА КІМ БАРЫП КЕЛІПТІ? |
Бірде, өлім сәті жақындаған қария балық, өсиет айтпақ ниетімен, жас балықтарды жинап алыпты. Ол өсиетінде: «Мына судың сыртында адам деген жаратылыс өмір сүреді. Олар сендер жақсы көретін тағамды қармағына салып, сендерді судың сыртына алып кетеді. Ол жақта сендерді аршып, тазалап, майға қуырып жейді. Сондықтан, абай болыңдар!» — депті. Сөйтіп, ол қария балық дүниеден өткен. Күндердің бір күнінде жас балықтар судың астында ойнап жүрген шақта балықшы келіп, балықтың жақсы көрер тамағын салып, қармағын тастаған екен. Оны бір жас балық көре сала соған қарай ұмтылады. Мұны байқаған басқа балық: «Тоқта! Әлгі қарияның айтқаны есіңнен шықты ма? Абай бол!» — деп ескертіпті. Бұған әуелгі балық: «Ол жаққа кім барып келіпті?» — деп, сүйікті тағамын шап беріп, балықшының қармағына іліккен екен. Осы әңгімедегі жас балық қайтып келіп: «Ол жақта, шынымен, бізді аршып, тазалап, майға қуырып жейді екен» — деп айта ала ма? Әлб... |
Толығырақ... Оқылды: 510 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 03.06.2019 |
ТІЛ БЕЙНЕТІ |
Өмір деген өткінші дүние, кеше өмірге келген кісі бүгін, бүгін өмірге келген кісі ертең, әйтеуір күні біткен бұл жалған дүниемен түптің түбі қоштасып жатады... Бірақ бұл өмір жай ғана кісі келіп кететін есепсіз дүние емес. Әрбір пенде үшін сынақ дүниесі. Ол жай ғана өмір сүрмейді. Оған өмір сыйлаған Раббысының алдында әрбір саналы өмірі үшін есеп береді. Біреу бұл өмірі арқылы шын өмірінде табысқа жетеді. Біреу керісінше, өз өмірінің шын бағамын білмегендіктен түбі опық жейді. Біреу мол табысқы кенеліп ұтады. Біреу қолда бар мүмкіншілігінің бәрінен айырылып оңбай ұтылады. Адам өмірінің ақыры түптің түбінде осы екеуінің біреуімен ғана аяқталады. Құранда өлімнен кейін өмірдің ақыры туралы баяндалады. Біреу Құранға сәйкес өмір сүріп, кемел бақытқа жетеді. Біреу керісінше тіршілік кешіп, орны толмас өкінішке, қасіретке шалдығады. Кемел бақытқа жеткендерді Құран Муминун сүресі арқылы ерекше сипаттармен ерекшелейді. Соның бірі бос сөзден қашып, тіліне еге болғандар. Ия, сол ті... |
Толығырақ... Оқылды: 471 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 31.05.2019 |
ӨМІРДІҢ ҚҰНЫ |
Кейбір кісілер өмірінің ұзақтығын айтып, масаттанып жатады. Кейбір кісілер қыршын кетті деп біреудің өмірінің қысқалығын айтып күйзеліп жатады. Бірақ өмірдің құны оның қысқалығы не ұзындығында емес екен. Бәлки, оның ізгілікке толы болуы не күнәдан алшақ болуы екен. Өйткені адам өмірі басқа жаратылыстардың тіршілігіне ұқсамайды. Оның өмірі саналы түрде өтеді. Ол күнә жасауға да қайыр жасауға да толықтай еркі әрі мүмкіншілігі бар. Алла бұл өмірде адам баласын әр түрлі нәрселермен сынайды. Сондай-ақ сыны болғандықтан Алла адамға өмірді бірақ рет береді. Ойлануға, ақыл тастап, ой жүгіртуге жетерліктей мүмкіншілікте береді. Алла да Құран аяттарында уақытпен көп ант ете береді. Әр уақыттың бағамын түсіну үшін әркезде еске салады. Ғасыр (Аср сүресі-1), Таңсәрісі (Фажр сүресі -1), Сәскеуақыты (Духа сүресі -1), Күндізгі уақыт (Лайл сүресі-2), Қараңғылық уақыты (Лайл сүресі-1) т.б. Осы арқылы Алла бізге уақыттың қадірін түсінуге. Оған өте мұқият қарауға, үнемдеуге, бағалауға бұйырады. Өйткені... |
Толығырақ... Оқылды: 420 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 31.05.2019 |
Балаға көңіл бөлу - пайғамбар сүннеті. |
Ғаламға ұстаздық жасап, бүкіл саналы ғұмырын адамзат бақытына арнаған пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (саллаллаху алайхи уә сәлләм) балаларға қаншалықты көңіл бөлген? Бұл жөнінде үмбетіне қандай үлгі-өнеге қалдырды? Ізгілік пен мейірім жаршысы ретінде бала тәрбиесінің қай тұстарына ерекше назар аударды? Сүйікті елшінің өміріне осы тұрғыда бір көз жіберіп көрсек. Адамзаттың таңдаулысы (с.а.с.) бала өмірге келмей жатып-ақ оған қамкөңілділік танытатын. Баланың өмір есігін ашқанын қуаныш көретін. Туыла салысымен мұсылмандық тәрбие нышандарын жасайтын. Айталық, қызы Фатима (р.а.) босанып, немересі Хасанды алғаш көргенде, үстіндегі сары жаялығын шешіп, ақ жаялыққа ораған[1]. Бұл оның сәби жынысына сай түсті таңдағанын білдірсе керек. Сәби туылғанда сүйінші бергенді ұнататын. Өзінің ұлы Ибраһим туылғанда, сүйінші сұрап келген Әбу Рафиға сый-сияпат тарту еткен[2]. Жаңа туған сәбиді құшағына алып тұрып, игі дұға тілейтін, сосын құрманың сөлін таңдайына жағып, алғашқы дәм таттыр... |
Толығырақ... Оқылды: 437 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 31.05.2019 |
Қиындықтарға сабырлылық таныту керек |
Мына жалған дүниеде кез келген пенденің басына талай қиындықтар мен қайғылы жағдайлар келетіні хақ. Өйткені, өмірде қуаныш пен қайғы егіз төлдей қатар жүреді. Бұл - өмірдің өзіндік заңдылығы да. Себебі, өмір атты қиын жол сындарлы сынақтардан тұрады. Сондықтан, Аллаһ Тағала кей кездері басымызға қуанышты да, қайғыны да бере отырып, біздерді ауыр сынақтардан өткізеді. Ұлы Жаратушы Құран Кәрімде:«Сөзсіз сендерді қорқынышпен, аштықпен және де малды, жанды әрі жемістерді азайту арқылы сынаймыз, алайда сабыр етушілерді сүйіншіле!»(«Бақара» сүресі, 155-аят) дей келе адам баласын әртүрлі қиындықтармен сынайтындығын баяндайды. Демек, бұл жалғанда кез келген пенде қауіп-қатер, жоқшылық, таршылық, адам және мал шығыны сынды қиын да қайғылы жағдайлармен сыналады. Дегенмен, Аллаһ Тағала жоғарыдағы аяттың жалғасында қиындықтар алдында ұстамды болып, сабыр еткен жандарды зор сауап күтіп тұрғандығын ескертеді. Құран Кәрімде жетпістен аса жерде сабыр жайынд... |
Толығырақ... Оқылды: 678 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 31.05.2019 |
Кімде-кім бұл сүрені түнде оқыса, таңертең оның күнәлары кешіріліп тұрады |
«Иасин» сүресі Құранның жүрегі болып табылады әрі көптеген қасиеттерге ие. Біріншіден, бұл сүрені оқу - Қасиетті Құранды оқығандай болып табылады және мұнда Құран оқығанның келесідей қасиеттері бар: 1. Алла Тағала былай айтқан: «Естеріңде болсын, Алланы еске алумен жүректер орнығады» (13:28). Жаратушының сөзі — Құранды оқу арқылы адамның жүрегі жай тауып, Алла Тағаламен байланыс орнатылады. 2. Алла былай деген:«Ол сондай Алла, сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін құлына (Мұхаммед Ғ.С.ға) ап-ашық аяттар түсірді» (57:9). Құран оқу арқылы адам жете түсінбеушілік пен ессіздіктен, жете түсіну мен ұғынуға әкелетін Жаратушының басшылығына қол жеткізеді. 3. Алла былай айтқан: «Әйтпесе олар, Құранды түсінбей ме? Немесе олардың жүректері құлыптаулы ма?» (47:24). Құран - Алланың және оның жаратқандарының зор құндылықтарына қол жеткізіп, айналамыздағылар туралы ойлану қасиетіне ие етеді. 4. Хадисте былай келтірілген: «... |
Толығырақ... Оқылды: 442 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 29.05.2019 |
Күйеуіңіз сізді алақанында ұстасын десеңіз.. |
"Ал енді жақсы әйелдер; бой ұсынушылар, Алла қоруға бұйырған көмескі нәрселерді (абыройын) қорғаушылар" (4:34) Әйел адам бір маңызды ақиқатты естен шығармауы керек – күйеуіміз біз үшін Жұмақтың кілті болып табылады. Тирмизи келтірген хадисте Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Егер әйел күніне 5 уақыт намаз оқыса, Рамазан айында ораза ұстаса, күйеуін тыңдап, өзін сақтай білсе, онда ол Жұмаққа кіреді» (3254). Басқа бір хадисте егер әйелі қайтыс болып, күйеуі оған разы болса, онда ол Жұмаққа кіреді делінген (Тирмизи, 286). Ендеше, күйеуімізді бақытты ету арқылы біз өзімізді ғана бақытты етіп қоймаймыз, сонымен қатар, Алла Тағаланың разылығын алады екенбіз. Күйеуімізді бақытты етіп, оның жүрегін мәңгілікке қалай жаулап алуға болады? 1.Құрмет. Бәрінен бұрын күйеуі оны әйелінің құрметтегенін қалайды. Құрмет көрсету - оны тыңдауда, нақты бір мәнермен сөйлеуде және дауласудан аулақ болуда көрінеді. 2.Тәнті болу. Ер адамға жан-жағынан тәнті болған... |
Толығырақ... Оқылды: 447 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 29.05.2019 |
СӨЗДІҢ КИЕСІ БАР... |
Лұқман Хәкім: «Түскен жеріне тастан ауыр бататын, инеден де үшкір боп тесіп өтетін, сабырдан да ауыр тиетін һәм шоқтан да ыстық күйдіретін сөздің де сөзі бар» деген екен. Кешегі ғалымдар: «Әй, адам баласы! Сен тіліңе ие болған шақта басың амандықта. Ал, енді сөйлей бастасаң, сақ болғайсың. Өйткені, сөзің не сенің пайдаңа болмақ, әйтпесе басыңды жалмамақ»,-деген. Хадисте: إِنَّ الْعَبْدَ لَيَتَكَلَّمُ بِالْكَلِمَةِ مِنْ رِضْوَانِ الله، لَا يُلْقِي لَهَا بَالًا، يَرْفَعُهُ الله بِهَا دَرَجَاتٍ، وَإِنَّ الْعَبْدَ لَيَتَكَلَّمُ بِالْكَلِمَةِ مِنْ سَخَطِ الله، لَا يُلْقِي لَهَا بَالًا، يَهْوِي بِهَا فِي جَهَنَّمَ «Расында пенде, ешбір мән бермей, Алла Тағаланы риза ететін бір сөз айтады, сол сөзімен Алла оның дәрежесін көтереді. Сондай-ақ, пенде ешбір парқына бармай, Алла Тағаланы ашуландыратын бір сөз айтады. Сол сөзі адамды тозақ түбіне түсіреді»,-делінген. Иә, сөздің киесі бар. Ауыздан шыққан сөз адамның болмысын айқындайды һәм тағдырына да елеул... |
Толығырақ... Оқылды: 367 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 29.05.2019 |