ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Ерулік

Көшпенді халықтар негізінен қонақжай болып келеді. Қазақтардың тарихи деректеріне жүгінсек Ғұн, Түркі, дәуірлерінен бері қарай қонақжай халықтар көп болған. Бұл дәстүр қазақтарда жалғасып қалған. Қазақ халқы да қонақжай болып есептеледі. Қонақ келсе ішкен асын жерге қойып, қонағын күтуге кірісіп кететін халық. Біздің халық қонақты өте қатты қастерлейді. Қонақжайлық конақтың келетін жайлы хабардан басталады. Бұны білген үй иесі қонақты қарсы алады. Қонақты қарсы алудың түрі өте көп. Бұрынғы кезде төрелерді, патшаларды, үй иелері өз үйлерінен алыс болған жерде қарсы алатын. Оларды үлкен дайындықпен, ас-сумен, арнайы жақсы тағаммен қарсы алатын. Ал жеке қонақтарды есік алдында үй сыртында қарсы алатын болған. Сондай ақ тағы қонақты қарсы алудың, қонақ шақырудың бір ерекше дәстүрі бар. Бұл дәстүрдің аты - Ерулік. Бір ауылды жерге, басқа жақтан көшіп келген отбасы болса, оларды бірден көршілері міндетті түрде қонаққа шақырады. Көршілер бір жағынан қонақжайлығын көрсеткісі келсе, екіншіден б...
Толығырақ... Оқылды: 509 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 22.04.2019

Жаңа туған нәрестені тымаққа салу

Бұрыңғы заманнан бері қазақ халқы келешек ұрпақтың болашағы жақсы болуына және бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Ұрпағының аман сау жетілуі үшін түрлі тиымдар мен дәстүрлерге жүгінген. Сол себепті болашақ ана болайын деп жатқан келіннің денсаулығына, оның туған туыстары, жақындары қатты мән берген. Оған ауыр жұмыстар жасатқызбаған. Дұрыс тамақтандырған. Кейбірде, жақсы күтімге қарамастан, аяғы ауыр болған келін, мерзімінен ерте босанып қоятын болады. Бұндай жайттар қазіргі таңда да жиі кездеседі. Бұл құбылыстың мәнін дәрігерлер, қазіргі жаңа технологиялар заманында да толықтай меңгерер емес. Ерте туылған нәрестерлер, уақытында туылған сәбилерден қарағанда әлсіз болады. Бұндай балаларды қазақ халқы «шала», немесе «шала туылған бала», деп атаған. Біздің ата-бабамыз ерте туылған балаларды тымаққа салып қоятын. Тымаққа салу ертеден келе жатқан дәстүр болып есептеледі. Ел арасында шала туылып тымаққа өсірген перзентім деген сөздер жиі айтылған. Тымақ - қазақ халын...
Толығырақ... Оқылды: 879 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 22.04.2019

ЖЫЛЫ ЖИНАУ, АСАР

Қазақ халқы туралы сөз болғанда қай жерде болмасын ең алдымен қонақжай халық екендігі айтылады. «Таспен атқанды, аспен ат» деп айтқандай кім болмасын алдымен қонақ ретінде күтіп алып, төріне шығарып күткен. Қаншалықты жоқтықта отырса да келген құдайы қонағын қорасындағы жалғыз малын сойып қанша болса да «кет» демей, қара су берсе де ақ ниетімен берген. Құдайындай сыйлап, бар жоғын алдына төсеп ерекше ілтипат көрсеткен. Осыдан-ақ халқымыздың қонақжай, кең пейіліне, ізеті мен ілтипатына тәнті болуға болады. Бұл туралы деректерді тарихта да, шежірелерде, ескерткіш пен естеліктерден кездестірсе болады. Сондықтан болар, ата-бабымыздан дарыған бұл қасиет бүгінде бойымызда сақталып қалған. Елімізде тұрып жатқан жүз отыз ұлттың қай-қайсысы болмасын бұны қуана қолдайды. Елімізге келген әрбір өзге ұлт өкілдері қонақжайлығымызды, бауырмалдығымызды ескермей, таң қалмай өтпейді. Бұл аталған қасиеттердің барлығы әрине, бізге ата-бабамыздан дарыған, тәрбиемен келген. Ал, тәрби...
Толығырақ... Оқылды: 482 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 22.04.2019

«АТ ТЕРГЕУ» ДӘСТҮРІ

Әр ұлттың өзіне сай ата дәстүрі, әдет-ғұрыпы және ырымдары бар. Ол сол ұяттың жан дүниесін көрсетіп тұрады. Қазақ халқының да өзіне сай ерекшеліктерінің бейнесі секілді салт-дәстүрі бар. Олардың мән-мағынасы, берер тәрбиесі мол. Қазіргі таңда осы дәстүрдің бірін білсек, бірін білмейміз. Қазақ халқында бұрыннан келе жатқан дәстүр бар. Бұл дәстүрдің атауы «Ат тергеу». Үйленуге дайындалған жігіт, өзінің болашақ жарын таңдап болғаннан кейін, оны өзінің туыстарымен таныстыру үшін, сол әулеттің шаңырағына алып келеді. Келін шаңыраққа түскен кезде, сол әулеттегі адамдарға сәлем беру үшін, олардың аттарын тікелей атамай астарлы теңеулермен айту керек. Бұл дәстүр келіннің қайын жұртына білдіретін сыйластығы.Бұрында келіннің шешендігін, сөз тапқырлығын,әзілқойлығын анықтау үшін, қазақтар осы дәстүрді ойлап тапқан. Қайын аға, қайын әпке-сіңілерінің, қайын інілерінің келбетімен, түр тұлғасына, қызмет бабына қарай: «мырза жігіт», «үлкен ата», «кенже бала...
Толығырақ... Оқылды: 675 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 22.04.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.