ӘЛЕУМЕТ
№27 орта мектеп-гимназиясында «Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі менторлық» аясында Ұлы Отан Соғысының 80 жылдығына орай маңызды кездесу өтті |
Осы шара шеңберінде 28 панфиловшыларды еске алу сәті де ұйымдастырылды, сондай-ақ Ауған соғысының ардагерлерімен Омаров Амангельді Жумаханович, Жайлаубеков Кажимхан Арынович, Сембеков Берик Мейлканович, Калпебаев Адильбай Адилмажинович, Абдрасилов Ергали Мырзатаевич, Бахтыбаев Ержан Камбарович және Жетісу облысы, Талдықорған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының тәрбие және идеологиялық жұмыстар, әскери қызметті насихаттау инспекторы – Дауренбаев Есет Женисович қатысып, өздерінің жеке тәжірибелерімен бөлісті. Кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларға Ұлы Отан Соғысы мен Ауған соғысының тағдыры туралы терең түсінік беріп, ардагерлердің ерліктері мен патриоттық рухын жастарға жеткізу, ел тарихына құрметпен қарауға, ұрпаққа баға жетпес үлгі болуға шақыру болды. #ҰлыОтанСоғысы #Жеңіс #Ардагерлер #Панфиловшылар #Патриотизм #ҰлттықТарих #Менторлық |
Толығырақ... Оқылды: 142 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.04.2025 |
Әскери тарих пен қызметті зерделеу арқылы жастардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру тақырыбында кездесу өтті |
Жеңістің 80 жылдығынаорай Талдықорған қаласында облыстық қорғаныс істер жөніндегі департаменттің ұйымдастыруыменК.Ушинский атындағы №7 орта мектебінің9-10 сынып оқушыларынаарналғанЖетісу облыстық жинақтау пунктінде «Әскери тарих пен қызметті зерделеу арқылы жастардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру»тақырыбындакездесу өтті. Оқушылармен кездесу барысындажинақтау пунктініңөкілдері әскери қызметшілердің күнделікті өмірі, әскери кәсіптің ерекшеліктері туралы айтып,жоғарғы сыныпоқушыларына Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орындарына түсу тәртібін түсіндіріп, әскери мансаптың келешегі туралы айтып берді. Оқушылар үшін жауынгерлік даярлық сыныптарында экскурсия өткізілді, оларға армиядағы күнделікті өмір туралы жақынырақ түсінуге және қызметке деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік берді. Әскерилер балаларға әскери құрал-жабдықтарды қалай кию керектігін көрсетіп, барлық ниет білдірушілерге атыс қаруының әртүрлі үлгілерін құру және бөлшектеу, жалпы әскери қ... |
Толығырақ... Оқылды: 141 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.04.2025 |
27 миллиардов тенге позволил сэкономить пилотный проект ваучерного финансирования детсадов |
На совещании в Администрации Президента под председательством Помощника Президента РК Тамары Дуйсеновой рассмотрен ход реализации Послания Главы государства (от 2 сентября 2024 года) в части внедрения механизма ваучерного финансирования в дошкольном образовании. Полное внедрение проекта запланировано к 1 августа текущего года. В настоящее время в проекте участвуют более 2,3 тысяч дошкольных организаций и ваучеры реализованы в отношении 276,5 тысяч детей. В прошлом году апробация проведена в 4 городах (Тараз, Шымкент, Туркестан и Уральск), с начала текущего года подключились дошкольные организации города Астана, а с марта проектом охвачены детские сады городов Караганда, Семей, Усть-Каменогорск, Жезказган и 2-х районов: Байзакского района Жамбылской области и Сарыагашского района Туркестанской области. Ваучерная система обеспечит: во-первых, доступность дошкольных организаций. Управления образования регионов не отбирают на конкурсной основе как ранее, а формируют Переч... |
Толығырақ... Оқылды: 124 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.04.2025 |
Мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру пилоттық жобасы 27 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде Президент көмекшісі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру барысы, оның ішінде мектепке дейінгі білім беруде ваучерлік қаржыландыру механизмін енгізу мәселесі қаралды. Жобаны толық енгізу осы жылдың 1 тамызына жоспарланған. Қазіргі таңда жобаға 2,3 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым қатысуда және 276,5 мың балаға ваучерлер берілді. Өткен жылы жоба Тараз, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларында сынақтан өтті, ал ағымдағы жылдың басынан бастап Астана қаласының балабақшалары, наурыз айынан бастап Қарағанды, Семей, Өскемен, Жезқазған қалалары және Жамбыл облысының Байзақ, Түркістан облысының Сарыағаш аудандарының балабақшалары жобаға қосылды. Ваучерлік жүйе артықшылықтары: Біріншіден, мектепке дейінгі ұйымдардың қолжетімділігі. Бұрынғыдай конкурс негізінде емес, білім басқармалары мемлекеттік тапсырысқа өтінім беріп, белгіленген талаптарға сай келетін балабақшалар... |
Толығырақ... Оқылды: 119 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.04.2025 |
В КАЗАХСТАНЕ НАЧАТО ВНЕДРЕНИЕ ЕДИНОЙ СИСТЕМЫ ОПЛАТЫ МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ (ЕСОМП) |
В рамках поручения Главы государства о повышении эффективности системы обязательного социального медицинского страхования в сфере здравоохранения начато внедрение Единой системы оплаты медицинской помощи (ЕСОМП). ✅На совещании под председательством помощника Главы государства Тамары Дуйсеновой были рассмотрены вопросы исполнения данного поручения. Новый цифровой инструмент обеспечит контроль качества и финансирования предоставляемых медицинских услуг в рамках ГОБМП и ОСМС. ????В марте текущего года пилотная реализация единой платежной системы начата в медицинских организациях Акмолинской области. С 1 июля новая система будет внедрена во всех медицинских организациях страны. ➡️Новая цифровая система позволит обеспечить: ????прозрачность предоставления медицинских услуг на основе персонифицированного учета и сквозного контроля обоснованности оказанной медицинской помощи; ????исключить необоснованные списания средств и улучшить контроль за качеством м... |
Толығырақ... Оқылды: 109 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.04.2025 |
ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУДІҢ БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕСІН (МКАБЖ) ЕНГІЗУ БАСТАЛДЫ |
Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру туралы тапсырмасы шеңберінде Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесін (МКАБЖ) енгізу басталды. ✅Мемлекет басшысының көмекшісі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте осы тапсырманы орындау мәселелері қаралды. Saqtandyrý ақпараттық жүйесіне интеграцияланған жаңа цифрлық құрал ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерді қаржыландырудың ашықтығын, сапасын бақылауды және автоматтандыруды қамтамасыз етеді. ????Ағымдағы жылдың наурыз айында Бірыңғай төлем жүйесін пилоттық іске асыру Ақмола облысының медициналық ұйымдарында басталды. 1 шілдеден бастап жаңа жүйе еліміздің барлық медициналық ұйымдарында енгізілетін болады. ➡️Жаңа цифрлық жүйе мыналарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді: ????көрсетілген медициналық көмектің дұрыстығын дербестендірілген есепке алу және түпкілікті бақылау негізінд... |
Толығырақ... Оқылды: 57 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.04.2025 |
Маңызы бар инфрақұрылымдық жоба |
Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін жаңа көпір – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдық жоба. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып, өңір тұрғындарының көпжылдық көлік қатынасы мәселесін түбегейлі шешті. Көпірдің ашылуы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, өңірдің экономикалық дамуына да үлкен серпін берді. Бұрынғыдай ұзақ айналма жол жүріп, уақыт пен қаражат жоғалтудың қажеттілігі жоқ. Енді көлік қатынасы үздіксіз әрі қауіпсіз болып, тауар айналымы мен кәсіпкерлік қызмет жандана түсті. Бұл – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадам. Жобаның жоғары инженерлік стандарттарға сай жүзеге асырылуы – еліміздің инфрақұрылымдық дамудағы жаңа деңгейге көтерілгенінің айқын дәлелі. Бұқтырма көпірі – жай ғана көлік дәлізі емес, ол – қауіпсіздіктің, тиімділіктің және өңірлік дамудың символы. Осындай ауқымды жобалардың жүзеге асырылуы – еліміздің әлеуметтік-экономика... |
Толығырақ... Оқылды: 110 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.02.2025 |
Мерзімді баспасөз маңызды ақпарат көзі болып қала береді – Тоқаев |
Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатынан https://anatili.kazgazeta.kz/news/63674 – Сұхбат бергеніңіз үшін ризашылық білдіремін. Бірақ айналып өте алмайтын тағы бір сұрағым бар. Сіз неге сұхбатты басқа ақпарат құралдарына емес, баспасөзге бергенді жөн көресіз? – Газет-журнал оқу – жас кезімнен қалыптасқан дағды. «Аna tili» газетін де тұрақты оқып тұрамын. Мен мәліметті телевидение, интернет, әлеуметтік желі сияқты сан алуан ақпарат көздерінен аламын. Бұдан бөлек, күн сайын түрлі мекемеден материалдар келіп түседі. Мен ақпарат кеңістігіндегі үрдістерді жіті қадағалап отырамын. Жазбаша мәтіндердің мән-маңызын төмендетуге болмайды. Мерзімді баспасөз бәрібір мемлекеттік саясаттан хабар беретін маңызды ақпарат көзі болып қала береді. Менің болмыс-бітімім талдау жасауға бейім. Сөйлейтін сөздерімнің, мәлімдемелерімнің, тіпті жолдайтын хаттарым мен жеделхаттарымның мәтінін де өзім мұқият қараймын. Мен редакциялағаннан ке... |
Толығырақ... Оқылды: 200 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.01.2025 |
Президент: Қазақстан деген брендті әлемге таныту да – маңызды миссияның бірі |
Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатынан https://anatili.kazgazeta.kz/news/63674 – Жастарымыздың білім қуып немесе жұмыс іздеп шетелге шығуына қалай қарайсыз? – Рас, бүгінде жастардың көбі білім алу немесе қызметте өсу үшін шетелге шыққысы келеді. Бұл – жаһандану үдерісінің бір ерекшелігі. Оған түсіністікпен қараған жөн. Біздің жастарымыз әлемдегі беделді университеттерде жақсы білім алып, тәжірибе жинап, дүниетаным көкжиегін кеңейте алады. Сондықтан мемлекет, әрине, шетелде оқуға кедергі жасамайды, керісінше, ондай бастамаларға қолдау көрсетеді. Халықаралық «Болашақ» стипендиясы баршаға белгілі. Жас ғалымдардың шетелдегі ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өтуіне жағдай жасалған. Бірқатар елмен студент алмасып тұрамыз. Жастардың кәсіби біліктілігін көтеру немесе көбірек табыс табу үшін шетелге шығуы қалыпты нәрсе деп ойлаймын. Олар үйреншікті мекенін тастап, өмірін күрт өзгертуден қорықпауы керек. Тіршілікке бейі... |
Толығырақ... Оқылды: 160 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.01.2025 |
Қазақстан ядролық энергетикасы дамыған елге айналуы қажет – Тоқаев |
Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатынан https://anatili.kazgazeta.kz/news/63674 – Сіз Атом энергетикасына қатысты референдум кезінде ақпарат құралдарының алдында сөз сөйлеп, атом электр стансасын салуға озық технологиясы бар шетел компаниялары тартылады дедіңіз. Халықаралық консорциум құрылатын болды. Үкімет қай компанияларға басымдық беретінін айқындады ма? – Владимир Путиннің Астанаға сапары кезінде бұл мәселе де талқыланды. Жобаға тапсырыс беруші ретінде Қазақстан жағы Консорциумда бас оператор болады деп уағдаластық. Атом стансаларын салуға байланысты шетелдерде тәжірибесі мол, білігі жоғары «Росатом» компаниясының жобаға қатысуы мүмкін екені айтылды. Сондай-ақ Қытайдың азаматтық мақсатта қолданылатын ядролық нысандар салу ісіндегі зор жетістіктері ескеріле отырып, осы елдің компаниясымен де келіссөз жүргізіліп жатыр. Жобаға басқа да мемлекеттердің, оның ішінде Батыс елдерінің корпорациялары қызығушылық танытып... |
Толығырақ... Оқылды: 160 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.01.2025 |