ӘЛЕУМЕТ
2020 жылдың мамыр айында медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар 19 млрд теңгені құрады |
2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 31 мамырына дейінгі кезеңде ел бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 338,6 млрд.теңгені құрады. Республика бойынша мамыр айында түскен жарналар сомасы (2020 жылғы 01-31 мамыр аралығында) 19 млрд.теңгені құрады. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев атап өткендей, мамыр айында Алматы облысы бойынша 638,4 млн.теңге жұмыс берушілердің аударымдары және 363,4 млн. теңге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен тұлғалардың жарнасы болып саналады. МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі. |
Толығырақ... Оқылды: 165 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.06.2020 |
Алматы облысында 441 адам індет жұқтырған |
Алматы облысында коронавирус инфекциясының ахуалы тұрақты емес. Бұл туралы «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында өткен баспасөз –мәслихатында облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері мәлімдеді. Бүгінгі күні статистикалық деректер вирус санының өсуін 5,5% құрайды деп көрсетуде. Қазіргі таңда облыста індет жұқтырғандар саны 441-ге жетсе, Талдықорған қаласында бұл көрсеткіш 106-ны құрап отыр. Өңірдегі коронавирус инфекциясына шалдыққандар санының күрт өсуін облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Қажыманұлы халықтың санитарлық талаптарды қатаң сақтамауымен байланыстырады. Оның айтуынша, скринингтен 61 мың адам өткен. Тексеруден өтушілердің ішінде Әскери борышын өтеушілер, медицина және әскери, мемлекеттік қызметкерлер де бар. Қазіргі таңда тұрғындар күннің жылынуына байланысты су жағалауларын паналауда. Сондықтан Қапшағай су қоймаларына апарар көлік жолдары мен Іле ауданы, жетіген ауылына мобильді топ тексеріс жүргізетін болады. Бір ескертеті... |
Толығырақ... Оқылды: 215 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.06.2020 |
2020 жылдың мамыр айында медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар 19 млрд теңгені құрады |
2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 31 мамырына дейінгі кезеңде ел бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 338,6 млрд.теңгені құрады. Республика бойынша мамыр айында түскен жарналар сомасы (2020 жылғы 01-31 мамыр аралығында) 19 млрд.теңгені құрады. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев атап өткендей, мамыр айында Алматы облысы бойынша 638,4 млн.теңге жұмыс берушілердің аударымдары және 363,4 млн. теңге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен тұлғалардың жарнасы болып саналады. МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі. |
Толығырақ... Оқылды: 174 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.06.2020 |
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕНІҢ ТАРАЛУЫ 76 МЫҢ ГЕКТАРҒА АЗАЙҒАН. |
Облыс әкімі тапсырмасымен бұл жұмыстар биыл ерте қолға алынды. Бүгінгі күні 3 мың 300 гектар алқап зиянкестерден тазаланды. Қазіргі таңда облыста қауіпті жәндіктің қос түрі кең тараған. Ол азиялық шегіртке мен италияндық прус. Ауылшаруашылық аймақ үшін екеуінен де қауіп зор. Көк желек пен астық дақылдарының ата жауы саналады. Егіс алқабын олардан тазарту авиациалық және жер үсті техникаларымен жүргізілуде. Әсіресе, өзен –сулы, қамыс-құрақты Балқаш аймағы азиялық шегірткенің ошағы. Зиянкестің 60 пайыздан астамы осы маңда. Жер үсті техникаларымен өңдеу жұмыстарын 27,3 мың гектар жерде атқаруға Түркістан облысынан жеке кәсіпкер «Ақкөзов Б» бөлініп, Ақсу, Алакөл, Сарқан, Қаратал аудандарында жалғастырып жатыр. Ал, авиациялық тәсілімен жоспарланған 99,6 мың гектар жерге қызмет көрсетуші «AVIASILA» ЖШС. Жалпы, Алматы облысында шегірткемен күреске биыл 152,7 млн қаржы бөлінген. 2019 жылмен салыстырғанда өңдеу жұмыстарының көлемі 76,0мың гектарға азайған |
Толығырақ... Оқылды: 183 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.06.2020 |
Ескелді ауданында 180 орындық спорт кешені салынуда |
Бүгінде жер-жерде құрлыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл қатарда Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ елді-мекені де бар. Аталған аумақта дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу нысаны бойынша құрылыс – монтаж жұмыстары жүргізілуде. Ауқымды жоба «Ауыл-ел бесігі» атты бағдарлама аясында іске асуда. Айта кету керек, бұл кешеннің салынуына мұрындық болған Алматы облыстық құрлыс басқармасы. Спорт сарайының құрылысы 2019 жылдың шілде айында басталған. Нысанның жалпы сметалық құны 1091,2 млн.теңгені құрайды. Ғимараттың құрылысына 964,2 млн.теңге бөлінген. Оның ішінде облыстық қазынадан 2019 жылға 600,2 млн.теңге, 2020 жылға 364,0 млн.теңге қарастырылған. Бүгінгі күні жалпы бөлінген соманың 712,0 млн.теңгесі игерілді. Келісім-шарт бойынша аяқталу мерзімі 2020 жылдың 12 қазан айы. Спорт кешені 180 орынға лайықталған. « Бұл құрлыстың бой көтеруі ауданның көркін ашатыны сөзсіз. Біз тек қана облыс орталығын ғана көркейтіп қоймай, жан-жақтағы елді-мекендерге де көңіл... |
Толығырақ... Оқылды: 186 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.06.2020 |
1179 алакөлдік ағайын жұмыспен қамтылмақ |
1179 алакөлдік ағайын жұмыспен қамтылмақ |
Толығырақ... Оқылды: 208 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.06.2020 |
ПРЕСС-АНОНС! |
Құрметті әріптестер! 5 маусым күні, сағат 11:00-де «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында «Дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік сатып алу тәртібі» тақырыбында баспасөз - мәслихаты өтеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі дағдарыстық жағдайлар (төтенше жағдай) кезеңінде әрекет етеді және өзге де тәртіпті көздейді. Спикер: Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит басшысының орынбасары-Мұсабек Азамат Мұсабекұлы; |
Толығырақ... Оқылды: 287 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.06.2020 |
Алматы облысында 720 карантиндік тәртіп бұзушылық анықталды |
Эпидемия басталғаннан бері Алматы облысында да 413 КВИ жағдайы тіркелген. Соңғы аптада аурудың өсімі 4,5% - ды құрап отыр. Карантиндік шаралар босағанға дейін бұл көрсеткіш 2,5% - дан аспағанын еске салған жөн. Облыста карантиннің босаңсуына байланысты санэпид қызмет мамандары әкімдіктермен бірлесіп, сауда нысандарына карантиндік режимдердің сақталуын бақылау бойынша жұмысты күшейтті. Облыс бойынша мониторинг тобымен 3690 нысан тексеріліп, 720 карантиндік тәртіп бұзушылық анықталды. «Қазіргі уақытта біз облыстық Прокуратурамен бірлесе отырып, карантин режимін бақылауды күшейту, және аудандық мониторингтік топтарының жұмыстары тиімділігін тексеру үшін облыстық мониторингтік топ құрдық»,-деді Алматы облысы бойынша бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов. Егер, карантин режимін бұзу жалғаса берсе, облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері карантиндік режимді қайта күшейтуге мәжбүр боламын деуде. Аудандар мен қала арасындағы бекеттердің жұмысын... |
Толығырақ... Оқылды: 208 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.06.2020 |
Бақытжан Бұқарбай Алматы облысындағы мектептерге 250 дана кітапты тарту етті |
Саясаттанушы, публицист, баспагер Бақытжан Бұқарбай Алматы облысындағы ауылды жерлерге 250 дана кітапты тегін таратты. Ауылды аймақтарға берілген «Күміс кітап» кітабы былтыр бестселлерге айналған. «Жастарымыздың мықты оқырманға айналып, жылына жүз кітап оқығанын қалаймын»,- дейді автор. Бақытжан Бұқарбай «Күміс кітап», «Күнкөрістен кет, байлыққа жет!», «Prezident» кітаптарының авторы. Баспагер жастар арасында кітап оқуды насихаттаумен белсенді айнлысуда. Былтыр бұл мақсатта 150 кітап орта білім ордаларына тегін таратылған болатын. Бақытжан Бұқарбайдың қайырымдылық және әлеуметтік жауапкершілік жолындағы осы бастамасы бұдан әрі де жалғасын таппақ. |
Толығырақ... Оқылды: 212 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.06.2020 |
Соттағы татуластыру |
Сіздердің назарларыңызға Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановтың үндеуін жариялаймын. «Жау мен дау – егіз», - дейді халқымыз. Дауласу кез-келген, тіпті дамыған елдерге де тән құбылыс. Бірақ, сол дау-жанжалды ушықтырмай шеше аламыз ба? Сол дауды шешу мәдениетіміз қандай? Бізде кез-келген дауды сот шешеді деген көзқарас қалыптасқан. Дегенмен, мынаны білген жөн. Біріншіден, істі қарау ұзаққа созылуы мүмкін. Ол аяқталғанша, бір емес, біраз сот отырысы өтеді. Аппеляция, тіпті кассация шешімі де көңілден шықпауы мүмкін. Екіншіден, бұл үлкен шығын. Мемлекеттік баж төлейсіз, сот шығынын өтейсіз, заңгер жалдайсыз. Жолға, қонақ үйге шашыласыз. Үшіншіден, ашуға ерік беріп, жүйкеңіз жұқарады. Неге десеңіз, сот – дау алаңы. Онда айтысып, тартысуға мәжбүрсіз. Отбасы, достар, жұмыс, бизнес – бәрі шетте қалады. Бұл бер жағы. Кейде тараптар ашуға беріліп, бір-біріне ауыр сөздер де айтып жатады. Егер дауласушылар бір әулеттен болса, онда сол шаңырақтан береке қашады. Ал, дос,... |
Толығырақ... Оқылды: 194 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.06.2020 |