ӘЛЕУМЕТ
Бақытжан Бұқарбай Алматы облысындағы мектептерге 250 дана кітапты тарту етті |
Саясаттанушы, публицист, баспагер Бақытжан Бұқарбай Алматы облысындағы ауылды жерлерге 250 дана кітапты тегін таратты. Ауылды аймақтарға берілген «Күміс кітап» кітабы былтыр бестселлерге айналған. «Жастарымыздың мықты оқырманға айналып, жылына жүз кітап оқығанын қалаймын»,- дейді автор. Бақытжан Бұқарбай «Күміс кітап», «Күнкөрістен кет, байлыққа жет!», «Prezident» кітаптарының авторы. Баспагер жастар арасында кітап оқуды насихаттаумен белсенді айнлысуда. Былтыр бұл мақсатта 150 кітап орта білім ордаларына тегін таратылған болатын. Бақытжан Бұқарбайдың қайырымдылық және әлеуметтік жауапкершілік жолындағы осы бастамасы бұдан әрі де жалғасын таппақ. |
Толығырақ... Оқылды: 194 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.06.2020 |
Қыс шанаңды жаз сайла, немесе қаржы мәселесінде тәртіпті қалай ретке келтіруге болады? |
Тәртіп барлық жерде, әсіресе қаржы мәселесінде маңызды. Сондықтан қаржылық жоспарлау сияқты құралды елемеуге болмайды. Бюджет жүргізудің артықшылықтары туралы Fingramota.kz үнемі еске салып отырады. Есеп жүргізудің артықшылықтары даусыз нәрсе. Ең бастысы – өзіңнің қаржылық жағдайыңа уақытылы «диагностика» жүргізу. Сіз қанша табыс табасыз, қайда және неге жұмсайсыз, кредитті өтеуге қанша ақша жұмсайсыз, жинайсыз ба, инвестициялайсыз ба және т.б. – осы сұрақтарға берілетін жауаптарды талдау және сіз қазіргі уақытта немен айналысатыныңызды түсіну керек. Шартты түрде адамдарды белгілі бір қаржылық бағдарламамен төрт түрге бөлуге болады: Ақшаны жұмсағаннан гөрі көп табыс табады, ал қалған ақшаны кейінге қалдырады. Тапқан табысынан артық ақша жұмсайды. Қарызбен өмір сүру – бұл дәл осы кісі жайлы. Қаншалықты табыс тапса, оны соншалықты жұмсайды. Айлықтан айлыққа дейін күн көреді. Ақшаны жұмсағаннан гөрі көп табыс табады, ақшаны жинауға тырыса... |
Толығырақ... Оқылды: 227 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.06.2020 |
20 ЖЫЛ ЖӨНДЕУ КӨРМЕГЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖАҢАРУДА Жұмыспен қамту бағдарламасының шапағатын көргендердің қатарында Ескелді жұршылығы да бар. |
Биыл дәл осы ауданға қазынадан 3 млрд 22 млн 685 мың теңге бөлінген. Аталған қаражатқа аудан бойынша жоспарланған 59 жобаны іске асыру жоспарланған. Осы жобалардың ішінде ең ауқымдысы Бақтыбай ауылдық округінде орналасқан мәдениет үйінің күрделі жөндеуден өтуі. Өнер ошағының 20 жылдан кейін екінші тынсы ашылғалы тұр. Сән-салтанаты жарасқан ән мен күйдің ордасына көрерменнің келмегеніне біраз жылдың жүзі болған. «Ал, енді Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатта 864,6 млн.теңге бөлінген»,- дейді Ескелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Асхат Ғалымжанұлы. Ауыл тұрғындарының көптен күткен арманы орындалды. Алдағы уақытта ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізу мақсатында жаңарған мәдениет үйінде көптеген үйірмелер ұйымдастырылмақ. |
Толығырақ... Оқылды: 198 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.06.2020 |
Алматы облысының әкімдігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен меморандумға қол қойды |
«Білім саласындағы екіжақты ынтымақтастық Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен ҚазҰУ жаңа білім беру технологиялары институты арасында қол қойылған келісім аясында жүзеге аспақ»,- деп хабарлайды «JETISÝ MEDIA». Жыл басында Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры әл-Фараби Ғалымқайыр Мұтановпен іскерлік кездесу өткізіп, білім беру және қазіргі заманғы ғылыми технологиялардың өзара әрекеттестігі мәселелерін қарастырған. Ал осы күнгі келісім Қазақстандағы белді ЖОО жетекшілігімен қолға алынып отыр. «Бұл келісімшарт екі тараптың да мамандарына алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруға, қызметкерлердің біліктілік деңгейін арттыруға, сондай-ақ, адами капиталға үлес қосуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті жаңа білім беру технологиялары институтының директоры Әсел Мусинова. ҚазҰУ келісімде айтылған бағдарламалардың бірі – «Coursera» ауқымды онлайн білім беру платформасы.... |
Толығырақ... Оқылды: 210 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.06.2020 |
ӘМСҚ денсаулық сақтау ұйымдарын қаржылық қиындықтардан қалай қорғайды |
«ӘМСҚ» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы барысында ауруханалар мен емханалардың қаржылық көрсеткіштеріне валюта бағамының өзгеруі, іскерлік белсенділіктің құлдырауы, халық пен бизнестің кейбір санаттары үшін медициналық сақтандыру жарна/төлемдері бойынша шегерілулер қарастырылғандықтан және карантин тәртібінде медициналық көмектің кейбір түрлерінің қысқаруы әсер тигізгендігін мәлімдеді. Қор басшысы «Аталған себептердің барлығы Қор қызметіне айтарлықтай салмақ түсірді. Осыған қарамастан, Қор медициналық ұйымдарды тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында және азаматтардың медициналық қызметтерге қол жеткізу үшін дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырады. МӘМС жүйесіне түскен қосымша жүктеме жалпы 134 млрд-тан астам теңгені құрайды», – деп атап өтті. Қор медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығына талдау жасап, барлық медициналық қызмет жеткізушілерін шартты түрде төрт топқа жіктеді: I - топ &nd... |
Толығырақ... Оқылды: 198 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2020 |
ОҢ ЖОЛҒА БАСТАЙТЫН ЖОБА |
Ел Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасының инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыру басталды. Жол картасы келесі жұмыс түрлері мен нысандар бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды көздейді: елді мекендерді яғни, аулаларды абаттандыру, көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру және көгалдандыру, иесіз нысандарды бұзу, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын және спорт алаңдарын жайластыру, абаттандыру және тағы сол сияқты көптеген жұмыстар атқарылады. Осы орайда ҚР Премьер-Министрінің 26 наурыздағы 55 өкіміне сәйкес дағдарысқа қарсы шаралар аясында Көксу ауданы бойынша 3037487 мың теңгеге 26 жоба ұсынылды. Атап айтсақ, Жамбыл орта мектебінің стадионын аббаттандыру, Ақтекше ауылындағы Қабанжырау орта мектебінің спорттық алаңының ағымдағы жөндеу, 20 адамға арналған медициналық пункттің құрылысы, Көксу өзеніндегі Көксу платинасын қайта жаңарту, Алғабас ауылындағы дәрігерлік амбулато... |
Толығырақ... Оқылды: 183 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.06.2020 |
ҚАНАҒАТ ҚАРЫН ТОЙДЫРАДЫ |
Биыл әлем үшін ауыр жыл болды. Пандемия жарияланып, коронавируспен алысып, жұмыр жер әбігерге түсіп жатыр. Соған қарамастан, халықтың денсаулығын сақтау, әлеуеті мен тұрмыс жағдайын жолға қою мақсатында қыруар жұмыс атқарылуда. Елбасы мен Президентіміз көптеген іс-шараны іске асырып келеді. Күнделікті ақпараттардан көріп отырғанымыздай, халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына 42500 теңге көлемінде қаржылай көмек, 1 миллиондай адамға азық-түлік пен тұрмыстық заттар таратылған. Коммуналдық төлемдердің тарифтері төмендетіліп, аса мұқтаж адамдарға 15 мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілуде. Несие төлеу мерзімі де кейінге шегерілді. Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі ұлғайтылды. Зейнеткерлердің де зейнетақысы өсті. Оның сыртында атымтай жомарт азаматтар тонналап азық-түлік таратып жатыр. Тіпті, ыңғайы келген жерде баспана мәселесін де шешіп беріп жатқандар бар. Талай адам осындай қиын қыстау кезеңде көмек қолын созып жатқан Елбасына, Президентімізге, ел азаматт... |
Толығырақ... Оқылды: 327 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.06.2020 |
«Н.Ә. Назарбаев және Қазақстанның халықаралық бастамалары: тәжірибе және басымдылықтар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы өтті |
29 мамыр күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Ақмола облысының әкімдігімен, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен бірлесе ұйымдастырған, «Н.Ә.Назарбаев және Қазақстанның халықаралық бастамалары: тәжірибе және басымдылықтар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті. Конференцияның негізгі бағыттары: - Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жаһандық бастамалары; - Қазақстан және мега аймақтық қауіпсіздік: қауіп-қатерлер мен тәуекелдер; - Ядролық қарусыз әлемге жол: Елбасы бастамалары; - «Бейбітшілік. ХХІ ғасыр»: жаһандық ынтымақтастық жаңа дәуірінің манифесі; - Қазақстанның бітімгершілік миссиясы. Іс-шараны конференция модераторы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов ашты. Сонымен қатар, конференция жұмысына Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше жә... |
Толығырақ... Оқылды: 226 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.06.2020 |
Халыққа қызмет көрсетудегі жаңа формат – жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ |
Алматы облысында төтенше жағдай режимі жеңілдеп, әлеуметтік және басқа да қызмет көрсету нысандары кезең-кезеңімен ашыла бастады. Солардың қатарында халыққа қызмет көрсету орталықтары да 14 мамырдан бастап өз жұмысын жалғастырды. Алайда, енді мемлекеттік қызметтер жаңа форматта ұсынылмақ. Бұл жайында, «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы облысы бойынша директоры Ермек Құралбекұлы Бекжүнісов сұхбат берді. – Ермек Құралбекұлы, алдымен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жаңа форматтағы жұмысы туралы айтып берсеңіз? Әлемдік пандемия COVID-19 қоғамның барлық салаларына өз әсерін тигізді. Карантин азаматтарға шектеу қойды, бірақ жаңа мүмкіндіктер берді. Елдегі вирустың таралу қауіпі әлі де сақталуына байланысты қоғамдық және жеке ұйымдар жұмыс тәсілдерін өзгертті. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі де жаңа форматқа көшті. Жаңа формат азаматтардың кезекке тұрып, шоғырла... |
Толығырақ... Оқылды: 234 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.06.2020 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі |
Құрметті отандастар! ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін осы нәубеттің құрбандарын мәңгі есте қалдыру үшін мемлекеттік деңгейдегі тиісті шараларды жүзеге асыра бастады. 1993 жылы «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды. 1997 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленді. Кеңес заманында өмір сүрген халықтарға «үлкен террордың» орасан зор қасірет әкелгені есімізде. Зұлмат жылдарда Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды. 100 мыңға жуық азаматымыз қуғын-сүргінге ұшырап, соның 20 мыңнан астамы атылды. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сияқты к... |
Толығырақ... Оқылды: 201 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.06.2020 |