ӘЛЕУМЕТ
Жұмыс берушілер ТЖ кезінде еңбек ақыны қалай өтейді? |
Қазақстан Республикасының Пезидентінің жолдауымен 16 наурыздан бастап эпидемияға байланысты 1 ай төтенше жағдай жарияланған болатын. Осыған байланысты жұмыскерлердің режимі және де жалақы мөлшері өзгеруі ықтимал.Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. Жұмыс берушілер өз жұмыскерлері алдында әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, еңбек заңнамасы талаптарын сақтауға шақырады. Жұмыс берушілер жұмыскерлерді қашықтықтан жұмыс істеу процесіне көшіруге құқылы. Бұл жағдай да еңбек қатынасы еңбек кодексінің 138 бабымен реттеледі.Қашықтықта жұмыс істеу режиміне көшкен уақытта жұмыс беруші жұмыскерлерге барлық қажетті жағдай жасауға міндетті.Осыған орай жұмыскерлердің айлық жалақылары өзгертілмеу керек. Төтенше жағдайға байланысты кәсіпорындар мен мекемелерде шатат көлемі шектелген жағдайда жұмыс берушілер өзінің АКК пен яғни өзінің бұйрығыменен жұмыскерлерге қысқартылған жұмыс уақытының режимін қолдануға құқылы.Толық емес жұмыс... |
Толығырақ... Оқылды: 221 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2020 |
Коронавирус инфекциясы: Қытайдан келген жолаушылар жіті тексерілуде |
Қытайда тіркелген коронавирус инфекциясына байланысты Қазақстанның шекаралық және кедендік қызметі бақылауды күшейтті, деп хабарлайды «Jetisy Media» ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. Бас санитар дәрігердің тапсырмасымен жолаушыларға арнайы жадынамалар таратылып, аурудың алдын алу шаралары жүргізілуде. Әлемде бұрын-соңды болмаған бұл дерттің белгілері қандай? А типті пневмония ауруы Қытайдың Ухань қаласында өткен жылдың соңында тіркелген. Ал біздің елдегі қоғамдық денсаулық сақтау қызметкерлерінің сөзінше, бұрын-соңды болмаған вирустың белгілері қарапайым тұмауға ұқсайды. «Бұл ауру бұрын адамдарда тіркелмеген коронавирус. Бұны бөліп алып, лабораторияларда зерттеп жатыр. Бұл аурудың клиникалық көрінісі жалпы респираторлық синдром ауруларымен бірдей. Жеңіл ғана түшкіру жөтелуден басталады. Әрмен қарай дене қызуының көтерілуі, ауыр демалу, пневмония өте ауыр жағдайларда өлімге әкеледі», - дейді ҚР ҚДСО жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры... |
Толығырақ... Оқылды: 291 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2020 |
Коронавирусқа қарсы іс-шаралар қабылданды |
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-та Қытайда коронавирус індетінің таралуына байланысты дер кезінде алдын алу шараларын қабылдады. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Қытай арасында екі: №103/104 «Үрімші – Алматы-2» және №13-54/14-53 «Алматы-2 – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Үрімші» жолаушылар пойызы қатынайды, деп хабарлайды «Jetisy Media» Егемен Қазақстан газетінің сайтына сілтеме жасап. Ел аумағы бойынша вирустың таралуына жол бермеу мақсатында Достық және Алтынкөл стансаларына келген пойыз жолаушылары мен бригадалары қызметкерлерін қазақстандық санитарлық қызметі тексерістен өткізеді. Олар тепловизор арқылы жол жүрушілердің жағдайын тексереді және қалін сұрап-біледі. Содан кейін жолаушылар мен пойыз бригадасы қызметкерлеріне шекаралық және кедендік тексерістер жүргізіледі. Ұлттық тасымалдаушы жолсеріктермен тұрақты негізде нұсқаулықтар өткізіліп, ауырып қалған жолаушыны анықтау кезінде пойыз бастығының іс-әрекетін рег-ламенттейтін, жолаушыл... |
Толығырақ... Оқылды: 213 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2020 |
Алматы облысында 139 адам оқшауланды |
Алматы облысында коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Бірақ өңір аталған індеттің таралуы ықтимал қауіпті аумаққа жатады. Себебі, бір жағында Қытай Халық Республикасымен екінші жақта алып шаһар Алматы қаласымен шектесіп жатыр. Елге шет мемлекеттен әуе көлігі және отарбалармен келген азаматтар бар. Олардың басым бөлігі кесел тараған мекеннен оралғандар. Жеке тұлғалардың қатарында індеттің ілмегіне іліккендер кездеседі. Коронавирус пандемиясын жұқтырған адамдармен араласқан жандардың аты-жөнінің тізімі басшылық қолына түссе кез келген жерде оларды тауып алып, карантинге жабады. Бүгінгі күні 139 адам оқшауланды. Олардың 123 стационарлық карантинде, 16-сы медицина қызметкерлерінің бақылауымен үйде жатыр. Егерде, үйде 5 жасқа дейінгі бөбектер болса, 65 жастан асқан қариялар мен аяғы ауыр әйелдер болған жағдай да ол адамды медициналық ұйымға жатқызады. Карантиндік жағдай да тәртіпті бұзса, алғашқы да ескертпе беріледі, екінші рет қайталанса 10 АЕК айыппұл салынады. Үшінші мәрте тәртіп... |
Толығырақ... Оқылды: 272 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.03.2020 |
Облыста жұмыссыздықпен күрес қарқынды |
Елдегі соңғы жаңалықтарға байланысты 16 наурыздан бастап карантин қабылданған болатын. Алайда, мемлекеттік органдарда жаппай жұмыстан босату орын алып жатқан жоқ. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз -мәслихатында белгілі болды. Алматы облысында жыл басынан 103 азаматты жұмыстан қысқартқан. Бүгінгі таңда 103 адамның 23 і тұрақты жұмысқа орналасқан, қалған 71 адам жұмыссыздар қатарына қосылып, құзырлы мекемеде тіркелген. Бірақ та қызметтен қол үзген жандарға арнайы жәрдемақы тағайындалған. Қысқартуға ұшыраған адамдарға барынша көмек көрсетілуде. Жұмыссыздардың санын арттырмау үшін Алматы облысында жұмыс орындары біртіндеп ашылуда. Ағымдағы жылы жұмыссыз жүрген адамдарға 46 000 тұрақты және уақытша жұмыспен қамту қарастырылуда. «Жұмыссыздардың санын кемітуге бағытталған шараларды іске асыруда әлеуметтік серіктестік жөніндегі аймақтық комиссия, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің қолға алған іс- шара маңызды рөл атқарады. Осы комиссиялрд... |
Толығырақ... Оқылды: 230 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.03.2020 |
"Демеу " психологиялық орталығы сын сағатта сынбауға шақырады |
Талдықорган қаласында халықтың психологиялық денсаулығын жақсартуға арналған "Демеу " психологиялық түзету дамыту орталығы ашылған. Орталықта өз өміріне бейжәй қарамайтын әрбір жеке тұлға үшін психологиялық денсаулықты нығайту бойынша консультациялық және психотерапиялық көмек көрсетіледі. Онда жеке және топтық консультация, ата-аналарға консультация, психологиялық диагностика, психологиялық коррекция, тренингтер, семинарлар өткізіледі. Еріктілер жылына орай ауылды жерде тұратын көп балалы аналарға мамыр айында еліміздегі карантин аяқталғанда тегін консультация және диагностика жүргізетін боламыз,-деп атап өтті «Демеу » орталығының басшысы Мөлдір Болатқызы. Бүгінде жеке бастың мәселесіне қатысты психологтардың көмегіне жүгінетіндер жетерлік. Десе де, жаһанды жаулаған індет көпшіліктің көңіл – күйіне әсер етпей қоймайды. Осы орайда кәсіби мамандардың кеңесі керек. Елімізде болып жатқан соңғы жаңалықтарға байланысты психологиялық тұрғыдан айта к... |
Толығырақ... Оқылды: 272 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.03.2020 |
Нұр-Сұлтанда жұмыс аптасын қысқартуға кеңес берілді |
Нұр-Сұлтанда жұмыс аптасын қысқарту ұсынылды. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік инспекторы Ерлан Ысмағұлов айтты, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі. "Коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында әкімдіктегілер барлық жұмыс берушіге қызметкерлерін үй жағдайында жұмыс істеу тәртібіне көшіруге кеңес береді. Ал қашықтан жұмыс істеу мүмкін болмайтын жағдайда жұмыс күнін қысқартып немесе жұмыс аптасын қысқартуға кеңес беріледі", - деді Ысмағұлов онлайн-брифингте. Оның айтуынша, бұл жағдайда жалақы атқарылған жұмыс уақытына байланысты төленеді. |
Толығырақ... Оқылды: 232 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.03.2020 |
ІРІ САУДА НЫСАНДАРЫ САЛЫҚТАН БОСАТЫЛАДЫ |
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кәсіпкерлікті және отандық өндірісті қолдау шаралары туралы баяндады. Ұлттық экономика министрінің айтуынша, Мемлекет басшысының бизнесті қолдау және еңбек нарығында тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты тапсырмасын орындау үшін 7 негізгі бағыттан тұратын жедел шаралар топтамасы әзірленуде. Бұл қолжетімді қаржыландыру, кепілдіктер беру, салықтық ынталандыру және бизнесті тексерулерді азайту, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтамасыз ету. Бірінші бағыт бойынша «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын синхрондау шеңберінде кәсіпкерлер үшін теңгелік қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру көзделетін болады. Біріншіден, несиелендіру 1 трлн теңгеге дейін 400 млрд теңгеге ұлғаятын болады. Қаражат, ең алдымен, импортқа тәуелділікті төмендету және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін отандық өнім өндірушілерг... |
Толығырақ... Оқылды: 237 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.03.2020 |
ҮКІМЕТ КРЕДИТ БОЙЫНША ЖЕҢІЛДІК ЖАСАЙТЫН БОЛДЫ |
Бүгінгі Үкімет отырысында коронавирустың тарауына байланысты қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерге қандай мүмкіндік жасалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ⠀ Жеке тұлғалардың тұтыну қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзім өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салынады. ⠀ "ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 24 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген кепілсіз тұтыну несиелеудің шамадан тыс өсуіне жол бермеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде төтенше жағдай кезеңінде және одан әрі заңнамалық деңгейде жеке тұлғалардың барлық кепілсіз қарызы бойынша 90 күннен астам мерзімін өткізіп алған кезде сыйақы есептеуге тыйым салынады", - дейді Әбілқасымова. ⠀ Сонымен қатар, ол қазақстандықтардың несие тарихын түзеуге мүмкіндігі болатынын айтты. ⠀ "Жеке тұлғалардың кредиттік тарихын қалпына келтіру үшін қарыз алушы үшін 12 ай ішінде мерзімі өткен берешектің 50 пайы... |
Толығырақ... Оқылды: 236 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.03.2020 |
Алматы облысында коронавирусқа шалдыққандар жоқ |
Шеттен келген індеттің құрсауынан құтылуға жауаптылар барын салуда. Осы орайда барлық медициналық ұйымдарда сақтық шаралары жүргізіліп, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Қауіп –қатер айтып келмесі анық. Осындай да састыратыны тағы бар. Жер жүзін жаулаған эпидемия халықтың сабырлығын сынаса, биліктің біліктілігін сын садағына ілетіні бар-ды. Қас-қағым сәтте қасымыздан табылған кеселдің жолын кесу үшін Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы қолдарынан келгенін істеп бағуда. Соған байланысты облыс аумағындағы барлық ауруханалар басшылықтың жіті бақылауында. 13 наурыздағы есепке жүгінсек, бүгінгі таңда облыс бойынша жұқпалы ауруға арналған 550 адамдық төсек-орын бар. Оның ішінде 237 балаларға, 313 ересек адамдарға лайықталған. Медициналық ұйымдарда қосымша жұқпалы ауруға 479, провизорлық 517 және 1161 карантиндік орындар ашылған. Ауру алқымыңнан алғанда ақ халаттылардың көмегі ауадай қажет емес пе? Еліміздің кей аймағында дәрігерлер тапшы болса, мұндай мәселе Ал... |
Толығырақ... Оқылды: 260 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.03.2020 |