ӘЛЕУМЕТ
маңызды ақпарат |
Төтенше жағдайлар кезінде Алматы облысындағы нысандар төмендегідей жұмыс істейтін болады: - ірі сауда, сауда-ойын сауық орталықтары сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін шектеулі уақыттарда жұмыс істейді (азық-түлік дүкендері мен супермаркеттерден басқалары); - азық-түлік дүкендері, азық-түлік супермаркеттері мен азық-түлік базарлары қалыпты режимде күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық шараларды атқара отырып жұмыс істейді; - киім-кешек базарлары сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін шектеулі уақыттарда күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық шараларды атқара отырып жұмыс істейді. Барлық сауда нысандарында санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар тұтақты ұйымдастырылады. Қоғамдық тамақтану орындарында, соның ішінде СОО-лардағы фуд-корттарда дезинфекция жасалатын болады; - азық-түлік қауіпсіздігі шараларын тиімді жүзеге асыру, соның ішінде әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын үздіксіз жеткізу мен оның бағасын тұрақтандыру қамтамасыз етіледі; - қоғамдық көлік соңғы аялдамалық пункттерде жә... |
Толығырақ... Оқылды: 417 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.03.2020 |
Алматы облысында «Жетісу идеологтарының» слеті өтті |
Алматы облысында «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жетісу идеологтарының III слеті өтті. Алқалы отырысты Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен облыстық «Талдау және болжау» орталығы ұйымдастырды. Аталған шараға аймақтағы ішкі саясат басқармаларының басшылары мен әр ауданның баспасөз-хатшылары арнайы шақырылған. Шақырту алған қонақтардың қатарында Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдар Қарбозұлы, Қазақстан халқы ассамблеясы филиалы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, Алматы облысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі Ғалиасқар Төлендіұлы да бар. Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын, қоғамдық келісімнің сақталуына атсалысып жүрген азаматтардың басын қосқан слетта Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Әлиұлы модератор қызметін атқарды. Жиын барысында билік басында жұмыс істеп жүрген тұлғалар сөз алды. Баяндамашылардың ішінде А... |
Толығырақ... Оқылды: 212 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.03.2020 |
Коронавирус |
Толығырақ... Оқылды: 335 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.03.2020 |
ҒАСЫРЛАР ӨТСЕ ДЕ, БАБА РУХЫ ӨШПЕЙДІ |
Биыл ауданымызға Ескелді би Жылкелдіұлының есімі берілгеніне 20 жыл толды. Кеңестік дәуірдің 1928 жылына дейін Қаратал, Көксу, Қоғалы, (Гавриловка) Қапал ауданының бірер елді мекендері Ескелді болысына біріктірілген болатын. Кейіннен ауданның орталығы Қарабұлақ кенті деп ауыстырылды. Сол тұста ауданымызды басқарған ел ағалары ауданымызға батыр бабамыздың есімін қайта қоюды жөн көреді. Олар Төле бидің қызы Ұланбикеден туылған Ескелді бидің тарихта алған салмақты орнын бағалап, Жоңғар шапқыншылығы жылдарындағы елі үшін сіңірген еңбегін ескеріп, аудан жұртшылығымен ақылдасып, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевқа ұсыныс хат жолдап, баба есімінің ауданға қайта берілуін сұраған болатын. Елбасы бұл ұсынысты қолдап, 2000 жылдың 10 наурызында жарлық шығарып, ауданымызға Ескелді бидің есімін қайта берді. 1991 жылы Мәскеудегі ГКЧП-ның меншігімен Кеңес үкіметі ыдырап, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізді. Кеңес идеологиясы ыдырағаннан кейін, ел басқарған қөсем В.Лениннің ескерткіштері құлатылған к... |
Толығырақ... Оқылды: 410 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.03.2020 |
Бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Бірінші басшылардың дербес жауапкершілігіне қатысты |
2019 жылдың 20 мамырында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен өткен кездесуде Мемлекет басшысы бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орнынан түсу институтын енгізудің маңыздылығын атап өткен болатын. Бұдан былай, саяси мемлекеттік қызметшілер – министрлер мен олардың орынбасарлары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудандар әкімдері олардың тікелей бағынышты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаса міндетті түрде отставкаға шығуға сұрану керек. «Заңның жаңа редакциясына сәйкес, бірінші басшы оның тікелей бағынышты тұлғасына қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуге міндетті». (ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңы 43-бабы 4-тармағы жә... |
Толығырақ... Оқылды: 304 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.03.2020 |
Балық ресурстары басты назарда |
"JETISÝ media" ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында Алматы облысының су айдындарында уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынғаны мәлім болды. Су асты тіршілік иелеріне залал келтірілген жағдайда, балық аулауды әдетке айналдырған тұлғаларға заң тұрғысында бір қатар шаралар қолданылатын болады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383-бабына сәйкес уылдырық шашу кезеңінде балық аулағаны үшін құқық бұзушы жеке тұлғаға10 АЕК, шағын бизнес субъектілеріне 30 АЕК, орта бизнес өкілдеріне 50 АЕК және ірі бизнес иелеріне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. «Егер аталған қылмыс бір жыл ішінде қайталанса, жеке тұлғалар екі есе мөлшерде айыппұл төлесе, бизнес субъектілерінің 10 - нан 50 АЕК-ке дейін қалталары жұқарады» - деп атап өтті Аян Бахиянов. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігіне сәйкес балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею к... |
Толығырақ... Оқылды: 295 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.03.2020 |
«eGov mobile» қосымшасын пайдаланып үлгердіңіз бе? ... |
Халыққа қызмет көрсету орталығының көмегіне күндігіне жүздеген адамдар жүгінеді. Сансыз кезектер, сырғып жатқан сағаттар мұның барлығы бір ғана анықтаманы алуға кеткен уақыт өлшемі. Енді бұл мәселе өз шешімін тапты. «eGov mobile» жаңа мобильді қосымшасы арқылы есепсіз қағаздарды әп сәтте қолға түсіре аласыз. Еріктілер жылы аясында облыстың жастары «eGov mobile» жүйесін насихаттау, оның қолданушыларының санын арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастыру үстінде. Алматы облысы, жастарға қызмет көрсету орталығы ХҚО қызметкерлерімен бірлесе отырып, түсіндіру жұмыстарын бастап кетті. Дәлірек айтсақ, аптасына бір рет, әр сейсенбі сайын арнайы мамандармен семинар-тренинг өткізіледі. Халықты ақпаратпен толық қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін жастарға қызмет көрсету орталығында «Egov-сынып» ашылған. Мұндағы мақсат - Елбасының цифрлы Қазақстан жобасын насихаттау және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру. Бүгінгі таңда ХҚО-да 634 мемлекеттік қы... |
Толығырақ... Оқылды: 247 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.03.2020 |
Біртанов коронавирустан қорғану жолын айтты |
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус жоқ екенін қайталап айтып, қарапайым кеңестерімен бөлісті, – деп хабарлайды « Jetisy Media», aikyn.kz –ке сілтеме жасап. Оның айтуынша, елімізде инфекция диагнозы ешкімге қойылмаған. Бүгін Қазақстанда короновирус жоқ, мен оны тағы да қайталап айтамын. Ондай диагноз қойылған жоқ. Сондықтан, біз, әдеттегі вирустық инфекция сияқты, алдын-алу шараларын ұсынамыз: денсаулығыңызды күтіп, жеке гигиенаны ережелерін мұқият сақтау керек, өйткені инфекция ауа, сонымен қатар қол мен көздің шырышты қабықтары арқылы өтеді. Демек бет пен қолды сабындап жуу – қорғанудың ең тиімді тәсілі. Одан кейін сырқаттанып тұрған, қызуы көтерілген адамнан бойыңызды аулақ ұстаңыз, коронавирус инфекциясы тіркелген елдерге бармасаңыз – бұл сіздің ауырып қалмауыңыздың үлкен мүмкіндігі, – деді министр. Біртанов қазіргі уақытта жаңа инфекцияға қарсы вакцина жоқ екенін еске салды. Сондықтан біз науқас... |
Толығырақ... Оқылды: 235 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.03.2020 |
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті |
Кездесу барысында 18 наурызда өтетін партияның Саяси кеңесі отырысының күн тәртібі талқыланды,- деп хабарлайды « Jetisy Media», Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті -Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтына сілтеме жасап. Бюро отырысын ашқан Елбасы партия жұмысын жандандыру бағдарламасы мен «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» атты әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуына оң баға берді. Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев партияның өңірлердегі жұмысына назар аударды. – Партия басшылығы, Мәжіліс пен мәслихат депутаттары жергілікті жерлерді аралауға тиіс, соның ішінде, шалғай аудандарға баруы керек. Адамдармен кездесіп, проблемаларды жан-жақты зерделеу, оларды шешу маңызды. Бұл мәселелердің барлығы өңірлік партия бағдарламаларында көрініс табуы қажет, – деді партия Төрағасы. Сонымен қатар, Бюро отырысында осы жылдың 30 наурызы мен 16 мамыры аралығында елдің барлық өңірлерінде жаңа фо... |
Толығырақ... Оқылды: 218 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.03.2020 |
Әр Қазақстандық өз тағдырының еңбекқор қожайыны |
Ұлт болып ұйысып, ұлан ғайыр атыраптың иесі болған ел, азулы елдерді аузына қаратып отырған жайы бар. Тәртіпке бағынып еңбекті серік еткен халықтың қапыда қалып қоюына еш негіз жоқ. Алдыңғы қатарлы елдермен иық тірестіріп келе жатқан Қазақстанның бүгінгі жетістігі халқының атқарған есепсіз есіл еңбегінің арқасы. Ұлыларымыздың ұлы сөздеріне құлақ ассақ, «еңбегі аздың өнбегі аз» дейді. Шынын да, көктен тілегенің жерден табылсын десең тынымсыз тер төгу қажет. Онсыз болмас. Осы тұрғысында тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы: «Тәртіп пен еңбек сапасы - өте маңызды. Осы қарапайым ережелерсіз табысты әлеуметтік жаңғырту жайында айту қиын. Егер әр қазақстандық өз тағдырының еңбекқор қожайыны болмаса, елдегі бар жақсыны арттыруға үлес қоспаса немесе оны бағаламаса, онда мемлекет қаншалықты халықтың әл-ауқатын арттыруға күш салса да ол өспейді», - деген еді. Мемлекет халқының бар жағдайын жасауға тырсықанымен, елде етек-жеңін жиып, білек сыбана еңбекке кіріспесе әл-а... |
Толығырақ... Оқылды: 233 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.03.2020 |