ӘЛЕУМЕТ

АТҚАРЫЛҒАН ШАРУА АЗ ЕМЕС, АЛДАҒЫ ЖОСПАР АУҚЫМДЫ

Елбасының тапсырмасына сай елімізде барлық деңгейдегі әкімдердің жыл басында халықпен кездесіп, ел-жұртпен бірге өткенді ой елегінен өткізіп, болашаққа бағдар жасау, елдің айтқан арыз-талап, ұсыныс-тілектерінен хаттама жасау, олардың кезең-кезеңмен орындалуын қамти отырып, бақылауда ұстау, атқарылған істері мен алдағы күннің міндеттері жайлы халыққа есеп беруі қалыптасқан дәстүрге айналды. Осынау игі дәстүр сәрсенбінің сәтті күні Айнабұлақ және Алғабас округтерінде жалғасын тапты. Алдыменен, Түрксіб құрылысының солтүстік және оңтүстік бөліктері түйіскен , қазақы қылық пен жақсылықтың иісі аңқыған ауылдардың бірі – Айнабұлақ округіне ат басын тіредік. Округ әкімі Мәулен Бәзілов өткен жылдың ауыл үшін жағымды жаңалықтар мен толағай табыстарға толы болғанын айтып, өз қорытынды есебін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Жолдауымен бастады: - Халқымы...
Толығырақ... Оқылды: 244 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.01.2020

Ақтық сапарды атқару- ақылы

Бүгінгі күні марқұмды ақтық сапарға шығарып салуды табыс көзіне айналдырып отырғандар баршылық. Құзырлы органдардың айтуынша, бұл сала - бір шеңберде жұмыс істейтін бизнес: аталған шеңберге мәйіт қызметкерлері, полиция органдары, жедел жәрдем, ауруханалар кіреді. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Сағындықұлы мәлімдеді. Осы саламен айналысатын сарапшылар мен мамандардың айтуынша салттық бизнес – бұл көлеңкелі бизнесттің бірі болып табылады. Жерлеу рәсімдерін атқарушы бизнес өкілдері сыбайлас жемқорлыққа жол береді деседі. Олар зираттардағы орындар мен қайтыс болғандар туралы мәліметті сатуға дейін барады екен. Осыған байланысты, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департам...
Толығырақ... Оқылды: 278 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.01.2020

Талдықорғанда «TALDYQORGAN –ADALDYQ ALAṄY» жобалық кеңсесі ашылды

Талдықорған қаласының әкімдігі жанынан TALDYQORGAN –ADALDYQ ALAṄY жобалық кеңсесі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің ғимаратында «Open Taldykorgan» кеңсесі ашылды. Енді қала тұрғындары әкімдіктің бірінші қабатында орналасқан алаңға келіп, шенеуніктерге өтініштерін қалдыра алады, сондай-ақ олармен жеке кездесіп, туындаған мәселелерді талқылайды. Сонымен қатар, хатты adal_taldyqorgan@mail.ru электронды мекен-жайына жіберуге немесе +7 747 246 91 45 нөміріне хабарласуға болады. Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Данияр Тұрғанбаевтің айтуынша, бұл кеңсені ашудағы басты мақсат — сыбайлас жемқорлыққа жалпыға бірдей төзбеушілік қағидасын қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, және тиісті ұсыныстар мен ұсынымдарды жіберуге қолайлы жағдай жасау арқылы қала тұрғындарын жан-жақты ақпараттандыру. Ал, Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбді...
Толығырақ... Оқылды: 290 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.01.2020

Бүгін Қабылиса ауылдық округі мен аудан әкімінің есеп беру жиыны өтті.

Қабылиса округінде ауылшаруашылықпен шұғылданатын 97 шаруа қожалық,32 жеке кәсіпкер бар. Инфрақұрылым бойынша округте ұзындығы 21 км болатын 4 көшеге асфальт төселінген. Спорт және білім саласында да жағдай тұрақты. Бір сөзбен айтсақ,табиғаты тұмса мекеннің жағдайы жақсы. Артынша аудан басшысы ауданның ахуалымен таныстырды. Ауыл тұрғындары өз тарапынан сұрақтарын қойып,есептік кездесуге қанағаттанарлық деген баға берді.
Толығырақ... Оқылды: 266 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.01.2020

ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ - ТӘЛІМ ТАБАЛДЫРЫҒЫ

Білімді жастың білігін арттыруға керегі тәжірбие. Осы тұрғысында мемлекет жас түлектердің танымын кеңейтуге бағытталған кезекті бағдарламаны іске асырғанына 10 жылға жуық уақыт болды. Ол-«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы. Қазіргі таңда жұмыссыздықпен күрес жүргізу жаппай белең алуда. «Екі қолға - бір күрек» табылмаудың сыры жемқорлықта деседі. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) "Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесімен бірлесе Алматы облысында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасын жүзеге асыру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізген. Аталған зерттеу шараларының қорытындысымен «Jetisy Media» ақпараттық алаңында сала мамандары бөлісті. Ресми деректерге сәйкес, 2018 жылы Алматы облысында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының сомасы 459,3 млн. тең...
Толығырақ... Оқылды: 269 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.01.2020

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы

2020 жылғы15 қаңтарда бүкіл ел бойынша «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы басталады. Акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Акцияны өткізудің орны және кезеңі: республиканың өңірлерінде, 2020 жылғы 15 қаңтардан бастап 15ақпанға дейін. Қатысушылардың сапалық құрамы: мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, мүдделі мемлекеттік органдардың, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың, ата-аналар қауымдастығының, мекемелердің, еңбек ұжымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, жергілікті полиция қызметтерінің өкілдері және т.б. Акцияның мазмұны және форматы: Ұраны - «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін». Акция аясында жоспарланған: Мектептіктасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқа...
Толығырақ... Оқылды: 307 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.01.2020

Журналистердің 3 сұрағына жауап

1. Алтын Орда маңындағыжол мен жолайрықтарыныңқұрылысықашанбасталады? Алтын ОРДА Асыл АРМАН Құрылыс-монтаждаужұмыстарынбастауғарұқсат Алматы облысы МАСК жергіліктіатқарушыорганынаналынды. Мердігерқұрылысалаңындамытуғадайындықжұмыстарынбастады, оныңішіндетехника мен персонал жұмылдырылды. 2. Құрылыс аяқтауқашанғажоспарланған? Алтын Орда Құрылыстыңбасталуы - 2017 жылғыжелтоқсан (33 ай / 2 жыл 9 ай). Құрылыстың аяқталуы - 2020 жылдың соңы. Асыл Арман Құрылыстың басталуы - 2020 жылдың қаңтары (14 ай / 1 жыл 2 ай) Құрылыстың аяқталуы - 2021 жылдың 1 жартыжылдығында 3. Құрылыстың бас мердігері кім? Құрылысты кім қадағалайды? Мердігер: «Дәулет-Дорстрой» ЖШС («AYTEI GROUP Holding Company» ЖШС компаниялар тобы https://aytei.kz/) Куратор - тапсырыс беруші - «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы Сәулеттік қадағалау - «АстанаСтройПроектСервис-М» ​​ЖШС Инженерлік қы...
Толығырақ... Оқылды: 327 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.01.2020

«Jetisy ART» тарихи- танымдық жобасы таныстырылды

Тарихын танып, тау тұлғаларын ұлықтаған текті елдің ұландары кезекті істі қолдарына алды. Баршамызға белгілі биыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтің 175 жылдығы мен әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фарабидің 1150 жылдығы тойланады. Атаулы күннің кең көлемде аталып өтуіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырма берген болатын. Торқалы тойдың әлқисасы ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты танымдық мақала жазып, халық назарына ұсынды. Бұл бастаманың өзі кемеңгер тұлғаның қазақ қоғамындағы алар орнының айшықты екенін көрсетеді. Тек Абай ғана емес, Әл-Фарабидің да ел руханияты үшін қосқан үлесі өлшеусіз. Қос бірдей «бәйтерек» ағартушылық жолында аянбай тер төккен ғұлама ретінде ел есінде мәңгі қалып, есімдері тарих бетінде алтын әріптермен қашалып жазылғаны сөзсіз. Бір ауыз сөзбен «Ұлттық болмыстың үлгісі» деп айтуға болады. Олардың өшпес өнегелерін бүгінгі таңда жас буын барынша дәріптеуде. Осыған орай Алматы об...
Толығырақ... Оқылды: 320 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.01.2020

«Tarihi Jol»:Туризмнің заманауи жаңғыруы

Алматы облысында тарихи маңызы бар мекендер мен ескерткіштерді цифрландыру мақсатында жасалған «Tarihi Jol» атты мабильдік қосымшасы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында таныстырылды. Бұған дейін Алматы облысында «Tarihi Jol» -Қазақстан тарихын жандандыру жобасы»тақырыбында презентация ұсынылған болатын. Жоба авторлары бір жыл ішінде облыстағы 15 нысанды ұялы телефон қосымшасына енгізген болатын, жыл соңына дейін 25-тен астам нысанды жобаға кіріктіру жоспарланып отыр. «Бүгінгі таңда біз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарын өзіміз шығарған жобаға кіргіздік. Еліміз бойынша 135 нысанды қамтып отырмыз. Алматы облысы бойынша атлған қосымшада 15 аймақ көрсетілген»,- деді өз сөзінде «AV-Software» ЖШС директоры Арман Маратұлы. Бұл өнім елдің туристік секторын үйлестіруге және жақсарту үшін қазақстандық жас мамандардың ойлап тапқан жобасы. «Tarihi Jol»-ды қолданудың бірегейлі- бұл жаңа техно...
Толығырақ... Оқылды: 247 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.01.2020

Алматы облысында еріктілер жылының салтанатты ашылуы өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жарияланған болатын. Осыған орай, Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында «Біз бергеміз» атты еріктілер жылы салтанатты ашылды. Шараның шымылдығы қазақ елінің тарихынан сыр шертетін және жалынды жастардың қарым-қабілетін танытатын бейнеүзіктер көрсетілімінен және заманауи бимен ашылды. Ашылу салтанатында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Қылышбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Зағипа Балиева, Омархан Өксібаев, Ерсұлтан Бектұрғанов, Марат Бопазовтар сөз алып, салтанатты шараның ашылуын құттықтап, қазақ елінің жастарына деген сенімдерін білдірді. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін айтты.Бүгін, міне, жер жаннаты Жетісуда көңілден шыққан істің басында жиналып отырмыз. Мен әрқашанда еріктілердің жұмысына ризашылығымды білдіріп келемін. Бүгінде облысымызда 1043 ері...
Толығырақ... Оқылды: 290 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.01.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.