ӘЛЕУМЕТ
Ауылда жаңа салон |
Алғабас ауылдық округінде Жаңа жыл қарсаңында «Асыл» сән салоны ашылды. Сұлулық салонының ашылуына Алғабас ауылының әкімі Дәурен Молдағали және ауыл тұрғындары қатысты. Айта кету керек, жаңадан ашылған сән салонында кәсіби білікті мамандар жұмыс жасайды. Олар бет әрлеу, шаш сәндеу, қас-кірпікті әсемдеу секілді қызметтерді көрсетеді. |
Толығырақ... Оқылды: 330 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.01.2020 |
Көксу ауданында 50 үй пайдалануға берілді |
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Көксу ауданында 50 пәтерлі үй пайдалануға берілді. Береке шағын ауданында өткен салтанатты шараға аудан басшысы Алма Әділ қатысып, шаңырақ иелерін қуаныштарымен құттықтады. «Халықтың әл-ауқатын арттырар бағдарламалар көптеп қабылданды. Соның бірі халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудегі «Нұрлы жер» бағдарламасы. Жыл басынан осы бағдарлама аясында 41 отбасы баспаналы болып, тағы 7 отбасыға жаны жомарт жандар баспана сыйлады. Бүгінгі күні пәтерлі болу кез келген адамның арманы. Жылдан-жылға көркейіп келе жатқан аудан орталығында бүгінгідей жаңа көп қабатты үйлер көптеп бой көтеріп, қоныс тойын тойлайтын тұрғындар қатарының көбейе түсетіндігіне сенім мол. Биылғы жылдың өзінде ауданда 2917 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді», - деді Алмас Қабдулұлы құттықтау сөзінде. Айта кетейік 50 пәтерлі үйдің 10 үйі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, 12 үйі көпбалалы аналарға, ардақты ана, алтын алқа иегерлеріне 5 үй, дәрі... |
Толығырақ... Оқылды: 246 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.01.2020 |
Талғарда 20 көпбалалы отбасы үйлі болды |
Бүгін Талғар қаласында аудан әкімі Жолан Омаров салтанатты түрде ауданның 20 көпбалалы отбасына тұрғын үй кілттерін тапсырды. Облыс әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен тұрғын үйге мұқтаж, тұрмысы төмен 20 көпбалалы отбасыларына екінші (вторичное) тұрғын үй немесе пәтер сатып алу жұмыстарына ағымдағы жылы – 243,9 млн.теңге қаражат бөлініп, кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын жеке тұлғалардан 20 тұрғын үй сатып алынған болатын. Сатып алынған тұрғын үй немесе пәтерлер Талғар ауданында орналасқан (Талғар қаласы, Талдыбұлақ ауылы, Кеңдала ауылы, Рысқулов ауылы). Жалпы ауданы – 58,1 шаршы метрден 120,0 шаршы метрді құрайды. Сатып алынған - 20 екінші (вторичное) тұрғын үйлердің – 4-і көпқабатты тұрғын үйде орналасқан пәтерлер, 16-сы жер үйлер. Тұрғын үйлер мен пәтерлер кілттері «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, кезекте тұрған тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға берілді. |
Толығырақ... Оқылды: 279 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.01.2020 |
Алакөлде жаңа нысан қолданысқа берілді |
Алакөл ауданының орталығы Үшарал қаласында әлемдегі белгілі ғимараттардың бірі Биг-бен тәріздес сағаттың ашылу салтанаты өтті. Шара барысында аудан әкімі Ә. Жақанбаев пен келген қонақтар сағатты тамашалап, естелік суретке түсті. Айта кетсек, жалпы құны 7,5 млн теңгені құрайтын бұл нысанның биіктігі 8,5 метр, сағат диаметрі 1 метр. Куртинск гранитінен дайындалған нысан Ресей мемлекетінің Санкт-Петербург қаласында жасалған. Бүгінгі күні аудан орталығында халық қажеттілігі үшін түрлі ғимараттар көптеп бой көтеруде. Сондай-ақ, бүгінгі ашылған нысан да Үшарал қаласының көрікті жерлерінің біріне айналары сөзсіз. |
Толығырақ... Оқылды: 347 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.12.2019 |
Жаңарған шағын орталық қолданысқа берілді |
Бүгін Ескелді ауданының Мелькомбинат елді мекенінде мектепке дейінгі шағын орталық қолданысқа берілді. Жаңа жылдың қарсаңында есігін бүлдіршіндерге ашып отырған орталыққа 5 ай көлемінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының аясында жүзеге асты. Шағын орталықтың ашылу барысында аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметов жиналған қауымды құттықтап, толымды табыстар тіледі. Айта кетсек, шағын орталықтың ішкі бөлмелерінің қабырғасы, едені жаңарып, жаңадан есік-терезелер орнатылды. Сонымен қатар орталықтың маңына балалар ойнайтын алаң салынды. Мұндай қуаныш Мелькомбинат елді мекенінің бүлдіршіндері мен ата-аналар үшін көптен күткен тосын сый болды. Алдағы уақытта «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы әлі талай елді мекендердің ажары ашылып, көптеген ғимараттар бой көтерері анық. |
Толығырақ... Оқылды: 279 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.12.2019 |
«СК-Фармация» ЖШС қызметінің ашықтығы |
«СК-Фармация» ЖШС атынан Бірыңғай дистрибьютор жүйесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласының тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру жолымен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мақсатында құрылған. Серіктестік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты толығымен қолдайды және өз қызметіне енгізеді. 2019 жылдың қараша айында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бірыңғай дистрибьюторы базасында «СҚ-Фармация – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды. «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» (Адалдық алаңы) жобалары шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша елорда тәжірибесін тарату идеясы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру&raqu... |
Толығырақ... Оқылды: 334 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.12.2019 |
Алматы облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шаралары жұмысын бастады |
«2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық сақтандырудың екі пакеті енгізілетін болады. Бұл жаңа модельдегі тегін медициналық көмек көрсету (ТМКК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттері»,- деп « Jetisy Media» алаңында Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ тарқатып айтты. Басқарма басшысы Бауыржан Ербозымұлының айтуынша, қазіргі таңда МӘМС жүйесін енгізу үшін келесі нормативті құқықты актілерге қажетті өзгерістер енгізілген: жоспарлау, тарифтік саясат, медициналық қызмет көрсетуді сатып алу мен төлеу. 2017 жылдан бастап жиналған жарналарды ескере отырып 2020 жылға бюджет жоспарланған. Нәтижесінде, облыс кескінінде ТМКК және МӘМС бойынша қаржыландыру көлемі 2020 жылы 105 млрд.теңгені құрап, соның ішінде 73 млрд.теңге үлесіне тиіп отыр. Ал, МӘМС жүйесі бойынша 32 млрд. теңгеге қаржыландырылады. Қаржыландыру өсімі 2019 жылмен салыстырғанда 37% құрайды. Келер жылдың 1-ші қаңтарына орай міндетті әлеу... |
Толығырақ... Оқылды: 318 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.12.2019 |
Мемлекеттік қызметкерлер бозкілемге шықты |
Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлері арасында GRAPPLING GI (UWW) күресінен Мемлекеттік қызметкерлер арнасында турнир өтті. Аталған сайысты ұйымдастырушылар Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы. Мемлекеттік қызметтегі сайып қырандардың білек күшін сынайтын сайыстар бұған дейінде өткізілген болатын. Джу-житсу-дан өткен аталмыш дода Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастырған 8-ші іс-шарасы. Жарыстың мақсаты- мемлекеттік қызметкерлер арасында грэпплинг ги күресін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен жүйелі айналысуына ықпал ету, бұқаралық спорт түрлерін дамыту болып табылады. Сайысқа қатысушы «Жастар мен кадет»-тер «геплинг» бойынша, ал, мемлекеттік қызметкерлер «греплинг ги» түрінен бақ сынады. Спорттың ең бір қарулы түрі, ерлердің күш-қуатын анықтайтын джу-житсудан өткен турн... |
Толығырақ... Оқылды: 337 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.12.2019 |
ЖЫЛ ҮЗДІГІ -2019 |
Қазақ халқының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев өз өлеңінде: Сендердікі қоғам, өмір, заманда, Сен түзеген қалаңменен далаңда, Болашақта барлығыда сендердікі, жасұрпақ, Сендерге аманат етіп табыстаймыз, қабылалыңдар! - деп атап өткен болатын. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздіңжарқын болашағы білімдіде, білгір жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де солардың мойнында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар екені даусыз. Елбасымыз халыққа Жолдауында: "Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті тұр",- деп жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын ету, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек. Кез-келген ел өзінің болашағын өскелең ұрпағымен байланыстырады. Демек, елімізді өркендетіп, мемлекетімізді көркейту үшін сапалы білім мен саналы тәрбие алу – жастард... |
Толығырақ... Оқылды: 519 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.12.2019 |
ЖАҢАЛЫҚ ЖАРШЫСЫ - ЖАҢА ЖЫЛ |
Жаңа жыл – жаңару мен жақсылықтың, тазалық пен әдеміліктің мерекесі. Жаңа жыл ғажайыптарға толы мереке. Есігімізден еніп, төрімізден орын алатын жаңа жыл мерекесі жер бетіндегі барша адамдар үшін ортақ мереке, әсіресе, оның балалар өмірінде алар орны айрықша. Жылдағы дәстүр бойынша әсерлі қойылыммен өріліп, түрлі сый-сияпаттармен толығатын балалардың дәстүрлі той-думаны Қадырғали Жалайыри атындағы мектеп-гимназиясында өтті. Сән-салтанатқа толы мерекенің қонақтары алдымен театрландырылған бағдарламаны тамашалады. Кейін барлығы Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алып, ойын-сауық әсем шыршаның маңында жалғасты. Көздері бал-бұл жанып тұрған оқушыларды мерекелерімен аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы құттықтады: – Біз аз күндерден кейін 2019 жылды шығарып салып, 2020 жылды қарсы аламыз. Бұл – адам өміріндегі үлкен бір белес. Бір жылдан екінші жылға өткен кезде алдағы уақыттан жақсылықтар күтіп, жаңа жылға үмітпен қарайды. Өткен жылы біраз игі жұмыстарды бітіріп, жақсы нәти... |
Толығырақ... Оқылды: 435 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.12.2019 |