ӘЛЕУМЕТ
Жыр Құлагері «ILIYAS» |
Алматы облысында Ілияс Жансүгіровтың өмірінен сыр шертетін фильмнің тұсау кесері өтті. Фильмді «Жетісу» телеарнасы мен Zhetisu Film кинокомпаниясы Алматы облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша түсірді. Туындының продюсері «Жетісу» телеарнасының директоры, белгілі журналист Бейсен Құранбек, ал фильмнің режиссері - Ерлан Ушакпаев. Фильм Мұратхан Иманғазинов, Қажет Андас, Елдос Тоқтарбай сынды тарихи кеңесшілердің көмегімен түсірілген. Фильм ұлы ақын, қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Жансүгіровке арналған. Ілияс қазақ қоғамындағы алғашқы мәдени сәулетшісі болды. Ілияс Жансүгіровтің өмірбаяны қазіргі жастарға үлгі болып, ой саларлық сара жолдың бірі. Тағдыры сын тезіне салса да шыдаған сері жігіттің өмір жолы оңай болған жоқ. Басы ноқтаға сыймаған атпалдай азаматтың өткені фильде бастан-аяқ көрініс тапқан. Фильмде авторлар Ілияс Жансүгіровтің ақын, жазушы, журналист, қоғам қайраткері ретіндегі тұлғасының жан-жақты сипатын ашуға, сол дәуірдің қайғылы өмірін кө... |
Толығырақ... Оқылды: 352 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2019 |
ПАРТИЯ ТӨРІНДЕ ЖАҢА БАСШЫ |
Желтоқсан айының 23-ші жұлдызында аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының төрағалық өтуімен жиын өтті. Шараға арнайы "Nur Otan" партиясы Алматы облысы бойынша бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев қатысты. Еске сала кетсек, Жанболат Әкебайұлы 10-шы желтоқсанда Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен өткен активте жаңа қызметке тағайындалған болатын. Жиында атаулы партияның алға қойған міндеттері мен алдағы сайлауалды бағдарламаның жобасы сөз етілді. Елбасының атап көрсеткен 7 серпін бағдарламасы да айтылды. Жанболат Жөргенбаев: "Қазақстанның Тұңғыш Президенті ұсынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – "Nur Otan" партиясының 7 серпіні" атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы партияның белсенді мүшелерін топтастыру, яғни партияның ядролық электоратын қалыптастыру мен бастауыш ұйымдардың ролін көтеру; жемқорлықпен күресті күшейту мен партиядан лайықты емес мүшелерді шығару үш... |
Толығырақ... Оқылды: 346 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2019 |
Жыл басынан бері Алматы облысында 180-нен астам сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық анықталды |
Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті әртүрлі салалардағы сыбайлас жемқорлық қауіпіне 17 сыртқы талдау жүргізді, оның ішінде Агенттік атынан 15 және бастамашыл талдаулар 2. Барлығы 189 салада сыбайлас жемқорлық қауіпі анықталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері «Jetisy media» алаңында өткен баспасөз-мәслихатында хабарлады. Бөлім сыртқы талдаудың арқасында ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтай алды. 189 құқық бұзушылықтың 21-ін Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кеден саласы арқылы жасаған. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлықтың 19 қатері анықталды, ал жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламаларда - 17. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын-алудың тиімді шараларының бірі - сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу. Сыртқы талдау сыбайлас... |
Толығырақ... Оқылды: 312 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.12.2019 |
Жұқа мұз, жарық-от: Қыстағы қауіп |
«Jetisy Media» ақпараттық алаңында "жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын және пиротехникалық заттарды пайдалану қағидаларын сақтау және "қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу"тақырыбында брифинг өтті. Жарық шамдар, әдемі кеш жаңа жылдық көңіл күйді бергенімен арты оқыс оқиғаға ұласып жатады. Сондай келеңсіз жайыттардың алдын алу үшін төтенше жағдайлар департаменті халыққа үндеу тастады. Қыс мезгілінде қауіптің артары анық. Жолдағы апаттар, мұзды жерлерде орын алатын жағдаяттар қахарлы қыстың қоғам қауіпсізгігіне ықпал ететінін аңғартады. Осы ретте Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздікті күшейту шараларын бастап кеткен. Мәселен, қар құрсауында қалып қойып зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 10 стационарлы жылыту пункті, 3 жылжымалы жылыту пункті және 1 стационарлы вагон қараша айынан бастап Алакөл ауданында Үшарал-Достық автожолында Ырғайты асуында қойылған. Зардап шеккендерді қаб... |
Толығырақ... Оқылды: 359 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.12.2019 |
2020 жылы медициналық көмек қалай көрсетіледі? |
Келесі жылдың маңызды жаңалықтардың бірі, ол медициналық сақтандырудың жаңа жүйесінің іске қосылуы. Жаңа медициналық сақтандыру моделі екі пакеттен тұрады. Олар, тегін медициналық көмек көрсету (ТМКК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС). Аталған жаңашылдық халықты медициналық көмекпен теңдей қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, медициналық көмекке негізсіз жұмсалатын артық шығындардан қорғайды. МӘМС жүйесі бойынша халықты медициналық көмекпен қамту 95%-дан жоғары деңгейде жоспарланады. ТМККК және МӘМС шеңберінде қызмет көрсетуден үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің саны 131. Олардың 56 мемлекеттік және 75 жеке меншік. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғам (КЕАҚ) Алматы облысы бойынша филиалымен 2019 жылы 80 медициналық мекеме келісім-шартқа отырды (мемлекеттік - 45 (60%), жеке меншік - 35 (40%)). Жеке меншік мекемелердің қосылуыменен, мемлекеттік мекемелерге медициналық қызмет көрсетуде бәсекелестік пайда болады.... |
Толығырақ... Оқылды: 353 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.12.2019 |
ТӘУЕЛСІЗДІК - ТЕҢДЕСІ ЖОҚ БАЙЛЫҒЫМ |
Тәуелсіздік! Ата бабам аңсаған, Қаншама жыр арнады екен жан саған. Көк байрағым желбіреген сәттерде Қадамыңа Қазақстан тамсанам! «Тәуелсіздік»... Осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде» мен қазақпын!» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды. Себебі, сонау алмағайып кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы болған осы тәуелсіздік еді. Біз бұл кезеңді көрмесек те, қазақтың таңғажайып тарихын, деректерін оқу арқылы білеміз. Бұл қол жетпес бақытқа жету жолында Алаш ардақтыларының басын бәйгеге тіккені, әсіресе 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына қатысқан қайсар аға-апаларымыздың ұмытылмас ерліктері көз алдымызға елестейді. Тәуелсіздік таңы – тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жаңғыртты. Егеменді елдігімнің айғағы – аспан түстес азат байрағым, Елтаңбам, Гимніміз дүниеге келді. Тәуелсіздік алған елдің айрықша белгілері ретінде ұлттық валюта, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеу,... |
Толығырақ... Оқылды: 512 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.12.2019 |
«Қайыңды» серіктестігі қамбаны толтырады |
Аудан экономикасының дамуының негізгі бағыттарының бірі - ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 11 айда 39 млрд. 50 млн.теңгені құрап, заттай көлем индексі 106,6 процентке жеткен. Жыл аяғына дейін жоспар 105,4 процентке артып, 41,1 млрд. теңгеге орындалатын болады. Ал алдымыздағы жылға барлық егіс көлемін 84700 гектарға игеру жоспарлануда. Оның ішінде дәнді дақылдарды - 33360 га, қант қызылшасын - 857 га, майлы дақылдарды – 36160 га, картопты – 1597 га, жеміс-жидек және бақша дақылдарын - 997 га, азықтық дақылдарды - 11729 га артырыу көзделуде. Сондай ақ, «Алакөл Агро» серіктестігінің құны 700 млн.теңгені құрайтын 5 000 басқа арналған ұсақ мал және 1,9 млрд. теңгені құрайтын «Қайыңды» серіктестігі 20 000 басқа арналған ірі қара малын бордақылау алаңын 2020 жылы қолданысқа беруді жоспарлап отыр. Ауданда ауыл шаруашылығы саласымен бірге өнеркәсіп саласы да қарқынды даму үстінде. 2020 жылы «Қайыңды» серіктестігіні... |
Толығырақ... Оқылды: 285 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.12.2019 |
Өнеркәсібі өркендеген аудан |
Әлеуметтің әлеуетін көтеретін бірден бірі бағыт ол-өнеркәсіп. Өткен жылды ойдағыдай қорытындылаған Кеген ауданы, келер жылдың жоспарын «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында жариялады. Өнеркәсіп саласында 2019 жылдың 10 айында 7 млрд. 890 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріп, жылдың аяғында өнімінің көлемін 10 млрд. 98 млн. теңге жетізген ауданның ауыз толтырып айтар жетістігі аз емес. Аудан экономикасын көтеріп отырған өнеркәсіпті өркендету жалғасын таппақ. 2020 жылы өнеркәсіп саласын дамытуға бағытталған бірнеше жобалар жолға қойылған. Солардың бірі 2020 жылы өнеркәсіп саласын дамытуға байланысты «Alko Enerji», («Новотекс», «Восток ветерь») ЖШС-і арқылы жобалық құны 3 млрд. 300 млн. теңге, қуаттылығы 15 мВт болатын жел электр станциясының құрылысын салуды жоспарлауда. Ол үшін Кеген ауылы маңынан 50 га жер телімі бөлінген. Бүгінде жобалар мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жоба іске қосылған жағдайда 13 адам т... |
Толығырақ... Оқылды: 244 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.12.2019 |
«Бір түп алма ағашы» - Өмірдің өзі |
20 желтоқсан күні, 19:00-де Бикен Римова атындағы облыстық драма театрында атымтай жомарт азаматтың атынан «Бір түп алма ағашы» атты қайырымдылық спектаклі көрерменге ұсынылмақ. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихатында баяндалды. Облыстық театрдың репертуарындағы аталған қойылым 10 жыл бойы сахна төрінен түспеген. Спектаклдің авторы Әлімбек Оразбеков болса, қоюшы режиссері Мұрат Ахманов. «Бұл спектакльде отбасында кездесетін жағдаяттар көрсетіледі. Ананың тағдыры, бауырлар арасындағы қарым-қатынас барлы осында айтылады. Көзі қарақты көрермен ішінен өзіне керекгін іліп алады деп ойлаймын. Осы уақытқа дейін ел назарына ұсынып жүрген шығарманың көпке берері мол, тағылымы терең»,- дейді Бикен Римова атныдағы облыстық драма театрының директоры Ғалия Темербаева . Туынды да баяндалған оқиға шынайы өмірде орын алған. Шағын мемлекеттің керегесінің кең, шаңырағының биік болуы өзара ынтымақтастықта екенін көпке түсіндіру үшін атал... |
Толығырақ... Оқылды: 329 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.12.2019 |
ОБЛЫСЫМЫЗДА «АҚЫННЫҢ ҚАЛАМЫ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ (ӘДІЛДІК. ПАРАСТТЫЛЫҚ. СЕНІМ.)» АТТЫ АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ! |
Жастар бойында адалдық пен сенімділікті, парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, отансүйгіштікті кеңінен насихаттау, жас ақындар шығармашылығын қолдау мақсатында «Ақынның қаламы – адалдық алаңы (Әділдік. Парасттылық. Сенім.)» атты жастар арасында ақындар мүшәйрасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы облысы жастар ресурстық орталығымен бірлесе ұйымдастыруымен өтті. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының Бірінші орынбасары Жұмабаев Жандос Сағындықұлы осындай шараларды жастар арасында өткізудің маңыздылығы туралы айтып, жас ақындар адалдықты насихаттап өлең жолдарын жазуы өте қажет екенін атап өтті. Ақындар додасына облысымыздың 14 пен 21 жас аралығындағы шығармашыл, жазба ақындар өнерлерін көрсетті. Қатысушылардың арнау өлеңдері бұрын жарияланбаған,... |
Толығырақ... Оқылды: 299 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.12.2019 |