ӘЛЕУМЕТ
ТЕХНИКА ТІЛІН ТҮСІНГЕН |
Техника сынбай, тозбай тұрмайды. Сапасыз жөндеген техниканың жарамдылығы да көпке бармайды. Осыны түсінген Балпық ауылының тұрғыны Мереке Мұқамедқалиев шағын «шиномонтаж» нысанын ашады. Ол мамандармен кеңесе келе, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы 5 жылға 1,5 млн. теңге несие рәсімдейді. Алдымен дөңгелек жөндеуге қажетті станок, компрессор жәнебасқа да қажетті құрылғыларды сатып алған. Ауыл орталығында орналасқан оның жұмыс орны әрі-бері жолаушы тасымалдайтын әрбір автокөлік иесіне қолжетімді. Машина ақаулы болған жағдайда дереу Мерекенің қызметіне жүгінуге болады. Әп-сәтте құрал-сайманын сайлаған шебер өз ісін сапалы жасайды. Қос кәсіпті қатар алып жүруге дағдыланған ол күніне 3-4 автокөлікті жөндесе, көліктің 10-15 доңғалағын қайта қалыпқа келтіреді екен. Көмекшісі Бауыржан Армия екеуі жасалған жұмыстың сапалы болуына мұқият зер салады. Еңлік ҚАБДЕШ Көксу ауданы |
Толығырақ... Оқылды: 398 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.09.2019 |
Ынтымағы жарасқан |
«Нұрбол» шаруа қожалығының негізін қалаушы – ағайынды Абақ пен Қайнар Рахимовтар. Атакәсіпті нәсіп еткен олар бірлестікті 2005 жылы құрған. Шаруашылық құрылған жылы Мұсабек ауылдық округінен 30 шақырым қашықтықта орналасқан 1200 гектар жерді қожалыққа тіркеді. Осылайша қолда бар 40 бас сиыры мен 20 шақты жылқысын және 100-ден аса қойын көбейтуге күш салды. Бірнеше жылдан кейін шаруашылықтың тасы өрге домалады. Өйткені, 1975 жылдан бері ағайынды Абақ пен Қайнар мал қасында жүріп, бағып-қағудың қыр-сырын үйренді. Шаруашылықтың есеп-қисабын Кемелхан Рахимова реттеп отырады. – «Нұрбол» деп шаруаны бастауымыздың басты себебі – ағайындылардың қатынасын нығайту. Отбасының ажырамауы мақсатында кәсібімізді бастадық. Басымыздан талай қиындық өтті. Бірақ, оған жасымадық. Жиған малымызды кейінгі ұрпақтың кәдесіне жараса екен деп өсірдік. Қазіргі уақытта кәсіпті балаларымыз жалғастыруда. Бүгінде мал басын көбейтіп, асылдандырудамыз, – дейді Абақ... |
Толығырақ... Оқылды: 333 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.09.2019 |
ТІРЛІГІ ТОЛЫМДЫ |
«Жұмыспен қамту– 2020 жол картасы» бағдарламасы – кәсіптің нәсібін көрем деген азаматтарға үлкен мүмкіндік. Бүгінде жоба аясында өз кәсібін ашып, шаруасын дөңгеленткендер қатарында Гүлсінай Ақбар да бар. Қолына ине-жіп ұстап, іс тігетін жанға да кәсіп баршылық. Гүлсінай Ақбар жастайынан тігінмен айналысып, үйдің тұрмысына қажетті көрпе, жастық, құрақ көрпешелерді өзі тігіп алатын. Қытайда тігінші мамандығында білім алды. Кейіннен арнайы оқыту курстары мен тренингтерге қатысып, білімін жетілдірді. Әуелі Амангелді ауылында жеңгесі екеуі шағын тапсырыстарды орындау арқылы нәпақасын тауып жүрді. Уақыт өте тігіншілік өнерін жеке кәсіпке айналдырып, кәсібін ашуды ойластырады. «Атамекен» ҰКП Көксу аудандық филиалына тиісті құжаттар тапсырып, 1,5 млн. теңге көлеміндегі қаражатқа қол жеткізді. Осылайша Балпық ауылындағы «Шаған» сауда кешенінде тігін цехы жұмысын бастайды. Алған несиеге 5 тігін машинасын, маталар, ине-жіп секілді қажетті... |
Толығырақ... Оқылды: 391 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.09.2019 |
Семинар өтті |
Ағымдағы жылдың 11 қыркүйек күні аудандық әкімшілікте «Алматы облысындағы ЖК «Каримов» фермасының тәжірибесін қолдана отырып, үлгілі сүт фермаларын тиімді басқару туралы семинар жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұрдаулет Кененбаев, «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми - зерттеу институты» ЖШС өкілдері, аудандық шаруалар қатысты. Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландырудың Жол картасын іске асыру аясында 2018 жылдан бастап олар республиканың әртүрлі аймақтарындағы әртүрлі ауылшаруашылық кәсіпорындарында жүзеге асырылды, онда «ақылды» сүт фермаларын құру жобалары енгізіліп отыр. Бағдарлама Ауыл шаруашылығы министрлігі бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Ахметов Еркебұлан Қаратайұлының қолдауымен іске асырылады. Сүт өндіру мақсатында сауынды сиыр тұқымын молайтуды қолға алу көп... |
Толығырақ... Оқылды: 370 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.09.2019 |
Алматы облысында Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды |
Қыркүйек айының 1-нен бастап президенттік жастар кадр резервіне тіркеу басталды. Бұл туралы облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев мәлімдеді. Ақпарынша тіркеу онлайн платформада жүргізіледі. Іріктеу бірнеше кезеңнен құралған. Үміткерлер алдымен тест тапсырып, кейін эссе жазады. Бұл арқылы қатысушылардың ой-өрісі, грамматикасы мен көшбасшылық қабілеті бағаланады. Онлайн сыннан сүрінбей өткендер бейнежазбалар арқылы өз жобаларын қорғайтын болады. Іріктеу соңында эксперттік комиссия әр үміткермен жеке кездесу өткізеді. Ең көп балл жинаған кандидаттар тізімі ҚР Президенті жанындағы жастар кадрлік резервін жасақтайтын ұлттық комиссия отырысында белгілі болады. Жастар кадр резерві - бұл қызметтік өсуге ынталы, кәсіби дағдылар мен басқару біліктіліктерінің жоғары деңгейіне ие, өзін-өзі кәсіби дамытуға, оқып-үйренуге бейім, сараптамалық ақыл-қабілеті айқын көрінетін көшбасшылық сипатқа ие жастарға арналған резерв. Президенттік кадр резерві алдағы... |
Толығырақ... Оқылды: 310 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.09.2019 |
Алматы облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы қолға алынды |
Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Қуаныш Асыловтың қатысуымен өткен актив жиынында Алматы облысы әкімі Амандық Баталов айтты. Талдықорғанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылау бойынша облыстық актив өтті. Жиынғааймақтағы әр мекеменің басшылары, аудан, қала әкімдері, кәсіпкерлер, жастар, БАҚ және партия өкілдері мен басқа да саланың жетекші-мамандары қатысты. Мемлекет басшысының Жолдауында берілеген тапсырмалар мен міндеттерді талқылап, жүзеге асыру жолдарын белгілеу мақсатында өткен жиында облыс басшысы Амандық Баталов баяндама жасады. Сондай-ақ, облыс әкімі аймақта атқарылып жатқан және де алдағы уақытта Жолдау аясында атқарылатын жұмыстарды нақтылады. Аймақта өнеркәсіпті өркендетіп, ауылшаруашылығын, орта және шағын бизнесті дамыту арқылы экономиканы жедел жаңғыртуға болатынын тілге тиек еткен Амандық Ғаббасұлы: -Ха... |
Толығырақ... Оқылды: 299 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.09.2019 |
Талғарда кішігірім арбат ашылды |
Ауыл тұрғындарының сұрауы бойынша, қоғамдастық мүшелерінің шешімімен ағымдағы жылдың мамыр айында Гүлдала ауылындағы Сейфуллин көшесінде саяжол құрылысы басталып, тамыз айының 23-ші күні қолданысқа берілді. Аталған саяжолға балалар ойнайтын алаң, спорт құрылғылары, тұрғындар дем алатын орындықтар және ерекше дизайнмен салынған заманауи электр диодты жарық шамдары орналастырылды. Сонымен қатар, саяжолға бірнеше ағаш түрлері отырғызылып, гүлдер егілді. Жүру аумағында заман талабына сәйкес түрлі түсті тас төсеніштер салынып, балалар ойнайтын аумаққа арнайы қауіпсіз қызыл түсті резеңке төсеніштер және жасанды шөп төселді. 18 орындық, 15 қоқыс жәшігі, 4 алтыбақан, балалар жасына қарай 2 ойын қалашығы, 1 сырғанақ, 5 тренажер бар. Ұзындығы 220 метрді құрайтын саяжолдың құрылысына жалпы 19 млн 555 мың теңге кетті. Барлық қаражат жергілікті ауыл әкімшілігінен бөлінген. Саяжолдың жобасы мен эскиздік суреттерін және сметалық есебін «Фламинго» ЖШС жасады. Құрылыс жұмыста... |
Толығырақ... Оқылды: 308 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.08.2019 |
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ |
Жаңа оқу жылының қарсаңында өтетiн «Мектепке жол» дәстүрлi акциясы биыл да көпбалалы, әлеуметтiк жағынан аз қамтылған отбасы балаларына қуаныш сыйламақ. Бұл үрдістің бастауына Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Бүгінгі таңдағы ауыртпашылықтар — біздің үлесімізге тиген алғашқы сынақ емес, барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-аухатын жақсарту аса маңызды міндет болып қала береді. Сондықтан қазақстандықтарды аталған іс-шараларды жүзеге асыруға, еңбексүйгіштікке және қайсарлық танытуға, көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесуге және қамқорлық көретуге шақырамын», - деп баса айтқан болатын. Елордадан бастау алып, елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнде жалғасын тапқан бұл шара ауданымызда шілде айының 5-нен басталып, бүгінгі күнге 200-ге жуық балаға көмек көрсетілді. Жыл сайын өтетін қайырымдылық шарасы биыл Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен көмекке мұқтаж балаларды барынша қамтуға басымдық беруде. Ос... |
Толығырақ... Оқылды: 413 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2019 |
«Bіlіm jáne Ǵylym!» |
Білім және ғылым. Биылғы тамыз конференциясы дәл осындай ұранмен өтті. Оған қатысу үшін 2 мыңнан астам ұстаз келген. Тамыз кеңесінде олар өздерін толғандырған мәселелерін атап, сауалдарына жауап алғысы келді. Республикалық маңызды шараға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты. Шара басында еліміздің түкпір-түкпірінен келген ұстаздар сөз сөйледі. Олар оқушыларға қосымша білім беру, үйірмелерге қатыстыру, ата-аналар қауымдастығын құруды ұсынды. Ел Президенті білім саласындағы басты түйткілді мәселелерге тоқталды. Қадірлі ұстаздар! Құрметті әріптестер! Дәстүрге айналған Тамыз конференциясы – ұстаздар қауымы бас қосатын ауқымды әрі маңызды жиын. Әр адам қандай жетістікке жетсе де, білім берген ұстаздарын ерекше қадірлейді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мәртебелі мамандық иелеріне деген ықыласы ерекше екенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Мен де бүгін Сіздермен кездесу үшін осы жиынға арнайы келіп отырмын. Ең алдымен, білім және ғылым саласының барлық қызметкер... |
Толығырақ... Оқылды: 390 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2019 |
Балаларға үй тапсырмасы керек пе? |
Үй тапсырмасын беру – көптеген елдерде мектеп өмірінің қалыпты жағдайына айналғанымен, кейбір елдерде оның көп болуы балалардың оқуға деген ынтасын төмендетеді деп есептейді. «Қазір көбірек күш салсаңдар, болашақта өздеріңе жеңіл болады» - бала кезімізде бәріміз осы сөзді естіп өстік. Ол ешбір ойшылдың қанатты сөзі болмаса да, ақиқаты үлкендер үшін айқын болғанымен, балалар үшін қиынның қиыны. Қай бала күні бойы сабақ оқығысы келеді? Мектепке барады, кейбіреулері мектептен тыс үйірмелерге қатысады. Мектептен келіп тағы да оқулыққа шұқшияды. Осыдан келіп, балаларға үй тапсырмасын беру керек пе деген заңды сұрақ туындайды. Бүкіл әлемде мектептегі білім баланың қабілетіне қарауға және еркін ойлылыққа көбірек бағыт алып барады. Бірақ жалпы, үй тапсырмасының болмауы тиімді ме? Былтыр Украина мектептерінде үй тапсырмасын бермей оқыту тәжірибесін қолданып көрді. 2017 жылғы білім беру реформасының аясында 4 мектеп Білім министрлігінің сынамалы жоспарының қатысушылары болды... |
Толығырақ... Оқылды: 481 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2019 |