ӘЛЕУМЕТ
Мұсабек ауылының егіз тұрғындары алғаш рет сайлауға келіп, өз таңдауларын жасады |
20 қараша Қазақстан Республикасының Президент сайлауы қарсаңында кәмілеттік жасқа толып отырған Мұсабек ауылының егіз тұрғындары алғаш рет сайлауға келіп, өз таңдауларын жасады. |
Толығырақ... Оқылды: 1947 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2022 |
Сайлау күні дауыс беруге асыққандардың бірі Ақжол мен Гүлім Асқарбековтар |
18 жастағы қос сайлаушы бір сыныпта оқыған, жақында отбасын құрған. Екеуіде студент. Ақжол Алматы қаласындағы Дінмұхамед Қонаев атындағы университетте заңгер мамандығы бойынша білім алады. Ал, жары Гүлім Әмірғали Талдықорған қаласындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінде аудармашы мамандығын меңгеруде. «Біздің кәмелет жасқа толып, отбасын көтерген жылымыз, елдегі сайлаумен тұспа-тұс келгені біз үшін өте қуанышты жайт болды. Бүгіннен бастап, біз өз дауысымызды беріп, еліміздің дамуына үлес қоса аламыз. «Ел болашағы – жастардың қолында» деп Президентіміз айтқандай, әрбір жастың дауыс беруі маңызды. Сол себепті Алматы қаласынан арнайы дауыс беруге ауылыма келдім»,-деді жас сайлаушы Ақжол Асқарбек. Айта кетейік, Көксу ауданында 26 146 сайлаушы бар. Оның 51-мүмкіндігі шектеулі азаматтар болса, 311 сайлаушы алғаш дауыс беру құқығына ие болып отырған жастар. |
Толығырақ... Оқылды: 730 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2022 |
Айнабұлақ ауылының белсенді азаматтары дауыс беруде |
Елімізде өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына Айнабұлақ ауылының белсенді азаматтары дауыс беруде. |
Толығырақ... Оқылды: 724 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2022 |
Көксу ауданы мәслихатының депуттары дауыс беруде |
Бүгін тарихи маңыз зор күнде Еліміз бойынша өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына Көксу ауданы мәслихатының депуттары дауыс беруде. "Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!" дегендей. Әр азамат осы қоғамның бір-бір кірпіші десек, сайлауға барып, дауыс беруге міндетті. Қазақстанның болашағы үшін өз таңдауын жасау әркімнің ел тағдыры үшін маңызды саяси кезеңде дауысы маңызды! |
Толығырақ... Оқылды: 721 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2022 |
Aқсақалдар алқасының төрағасы Нұрпеисов Аманжол Найманұлы өз таңдауын жасады |
Жарлыөзек ауылдық округінің тұрғыны, ақсақалдар алқасының төрағасы Нұрпеисов Аманжол Найманұлы өз таңдауын жасады. |
Толығырақ... Оқылды: 720 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2022 |
Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі Бәзілов Мәулен Сайлаубайұлы дауыс берді |
Бүгін Еліміз бойынша өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі Бәзілов Мәулен Сайлаубайұлы, Еліміздің болашағы үшін өз таңдауын жасап, дауыс берді. |
Толығырақ... Оқылды: 737 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2022 |
Көксу ауданы мәслихатының хатшысы Досымбеков Әлдибек Рғайбекұлы дауыс берді |
Бүгін Еліміз бойынша өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына Көксу ауданы мәслихатының хатшысы Досымбеков Әлдибек Рғайбекұлы, Еліміздің болашағы үшін өз таңдауын жасап, дауыс берді. |
Толығырақ... Оқылды: 720 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2022 |
Көксу ауданының ең қарт тұрғыны сайлауда дауыс берді |
Злиха Тамшыбай ауылының тұрғыны Тесебаева Мануар Батыршақызы сайлау науқанында дауыс беріп, белсенділік танытты. Мануар апа 1924 жылы туған. Қазір 98 жаста. 10 сынып бітірген соң, 1940 жылы Қарағанды қаласында әскери военкоматқа шақыртылып, 8 ай қару-жарақты қолдануды, алғашқы медициналық санитарлық курсты үйренген. Соғыс жылдарында жер астында моторист-бурильщик болып еңбек еткен. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін елге оралып, жолдасы Доспай Тесебаевпен қызылша егіп, «Еңбекші» колхозында еңбек еткен. Жасы ұлғайған сайлаушыға арнайы комиссия өкілдері тұрғылықты жеріне қажетті бюллетень мен шыны жәшікті алып барды. «Ғасырға жуық жасаған жасыма қарамастан денсаулығым жақсы. Елдегі тыныштық пен бірлік, бақуатты тұрмыс жайы үшін өз таңдауымды жасадым»,-деді Мануар апа. Өмір бойы ауыр жұмыста еңбек еткен әжеміздің 9 баласы, 28 немересі, 25 шөбересі бар. |
Толығырақ... Оқылды: 727 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2022 |
Алакөлдіктер сайлауда тегін қоғамдық көлікпен қамтылған |
Алакөл ауданында сайлаушылардың белсенділіктері өте жоғары болуына байланысты ауылдар арасында қоғамдық көлік қызметі сайлаушы азаматтарды тегін тасу ниеттерін білдірді. Бұл қадам қызметшілерінің саяси сауаттылығын көрсетеді. Аталған қызмет түрі Алакөл ауданының Әлемді, Бұдыр елді мекендерінен Көлбай ауылындағы сайлау учаскесіне, Жамбыл елді мекенінен Қабанбай ауылындағы №76 сайлау учаскесіне, Қаратұма ауылынан Бұлақты ауылындағы №62 сайлау учаскесіне, Достық ауылының 7-8,10 шағын аудандарынан № 1049 сайлау учаскесіне және Үшарал қаласының МТФ – 3 елді мекені, 20-60 пәтерлі тұрғын үйлерден тағы да басқа учаскелерге қатынайтын тұрғындарды тасымалдайды. Айта кетсек, Алакөл ауданында 24 ауылдық округ, 56 елді мекен бар. Онда халықтың саны 73 мыңға жуық болса, сайлаушыларды саны 44696 адамды құрайды. Алакөл ауданында 54 сайлау учаскесі бар. Оның 5-уі жабық. |
Толығырақ... Оқылды: 719 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2022 |
Жаркенттік 100 жастағы қария алғашқылардың бірі болып дауыс берді. |
Жетісу облысы Жаркент қаласында алғашқылардың бірі болып, қала тұрғыны, 100 жастағы қария Зейнелхан Оспанова дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 12 құрсақ көтерген «Алтын алқа» иегері саналы ғұмырында барлық саяси науқанға белсенді қатысқанын айтады. Жаңа Қазақстанды құрамыз дегенді естіп жатырмыз. Оны үкімет қана емес біз бәріміз құруымыз керек. Ешкім тыс қалмай өз дауысын берсе, атсалысқаны сол болады. Еліміз тыныш, бала-шағамыз аман болып, Қазақстанымыз көркейе берсін, - деді кейуана. Таңғы сағат 7-ден өткенде алғашқылардың бірі болып дауыс берген қарияға №739 сайлау учаскесі дәстүр бойынша естелік сыйлық табыстап, құрмет көрсетті. |
Толығырақ... Оқылды: 728 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2022 |