ӘЛЕУМЕТ
Жетісу облысы құрылғаннан бері 43 жаңа өндіріс іске қосылды |
Жетісу облысы құрылғаннан бері 43 жаңа өндіріс іске қосылып, жұмыс істеп тұрған 9 өндіріс кеңейтілді. Соның нәтижесінде бір мыңнан астам адам жаңа жұмыспен қамтылды. Бұл жайында бүгін Астанада өткен брифинг кезінде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыс басшысының мәліметінше, күнбағыс майын өңдейтін, кейінгі кезде тоқтап тұрған «Агрокомплекс Жетісу Мажико» зауыты жұмысын қайта бастады, оның жылдық қуаты - 500 тонна. Талдықорғанда өнеркәсіп аккумуляторларын өндіретін «Asma Industrial» заманауи зауыты іске қосылды. Сол сияқты тау-кен секторын дамыту аясында құны 1,3 трлн. теңге болатын, 2 мыңнан астам жұмыс орнын құратын, қуаттылығы жылына 860 мың тонналық мыс концентратын құрайтын металлургия комбинатын салу бойынша ірі жобаны іске асыру басталды. - Мемлекет басшысының Жолдауында атап көрсетілгендей, біз еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдауымыз қа... |
Толығырақ... Оқылды: 61 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2024 |
Қорғас желісі мен «Достық» станциясы – Жетісудың экономикалық өсу нүктелері |
Бүгінгі күнге дейін «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында және «Қорғас» ШЫХО-да құны 63,3 млрд. теңге болатын, екі мың жұмыс орны бар 27 жоба іске асырылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. - Облыстағы экономикалық өсу, әрі инвестиция тарту нүктелері - Қорғас желісі мен «Достық» станциясы. Қытаймен шекаралас бұл аймақтардың көлік-логистикалық әлеуеті зор. Осы орайда инвестиция тарту, жүк легі мен транзитті ұлғайту, өткізу пункттерін жаңғырту бағытында тұрақты жұмыстар жүргізіліп келеді, - деді Б. Исабаев. 2027 жылдың соңына дейін 1,1 трлн-ға 79 жобаны іске асыру жоспарлануда, оларда 9 мыңнан астам жұмыс орны құрылады, соның ішінде «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-да жүк және жолаушылар әуежайын салу бойынша Қазақстан-Германия бірлескен жобасы іске асырылуда. Өңір басшысының айтуынша, «Достық... |
Толығырақ... Оқылды: 62 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2024 |
Жетісуға биыл 2 миллионнан астам турист келді |
Жетісу облысында туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылған белсенді жұмыстар туристер санының өсуіне ықпал еткен. Соның нәтижесінде биыл өңірге 2,0 миллионнан астам турист келді. Бұл жайында бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. - Өздеріңізге белгілі, жер жәннаты Жетісуда көптеген туристік орындар бар. Солардың ішінде Алакөл өңірдің інжу-маржаны саналады. Сондықтан көл жағалауындағы инженерлік инфрақұрылымды дамытуды қолға алдық. Кәріз тазарту жүйесінің, «Бескөл-Ақши» электр желілерінің құрылысы басталды. Бүгінде Үшарал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағы, «Талдықорған-Үшарал» автожолы қайта жаңартылып, «Тальго» жүрдек пойызы іске қосылды. Жыл сайын туристер санының артуына байланысты Үшарал әуежайының өткізу қабілетін сағатына 50-ден 125 жолаушыға дейін ұлғайту үшін қосымша терминал салудың жобалық-сметалы... |
Толығырақ... Оқылды: 66 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2024 |
Биыл Жетісуда 2708 пәтер салынды және сатып алынды |
Жетісу облысында биыл тұрғын үй құрылысына 7,6 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржы 56 көп қабатты мен 214 жеке тұрғын үй салуға бағытталды. Бұдан бөлек, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 866 пәтер сатып алынды, оған 15,9 млрд. теңге көзделген. Бұл жөнінде бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшысы апатты тұрғын үй мәселелерін шешуге ерекше назар аударылатынын атап өтті. Оның айтуынша, 2023 жылдың басында облыста 348 пәтер апатты деп танылып, өткен жылы 1,3 млрд. теңгеге 137 пәтер сатып алынған. Ал биыл жергілікті бюджеттен бөлінген 2,4 млрд. теңгеге 155 жаңа пәтер, атап айтқанда, Кербұлақ ауданында, Текелі және Талдықорған қалаларында сатып алынды. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ демеушілерінің есебінен 560 пәтерлік 9 үй салынуда. - Жалпы биыл 2 708 пәтер салынды және сатып алынды, оның 1113 пәтерлік 129 үйі бюджет есебінен, 469 пә... |
Толығырақ... Оқылды: 58 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2024 |
Жетісу облысында газдандыру деңгейі биыл 56,5%-ға жетті |
В области Жетісу из 192 населенных пунктов, подлежащих газификации, в настоящее время газифицировано 63, в том числе из них с начала года доступ к газу получили 30 населенных пунктов. Благодаря чему уровень газификации достиг 56,5%, доступ к голубому топливу получили 394,9 тыс. жителей. Об этом стало известно в ходе брифинга акима области Бейбита Исабаева, состоявшегося сегодня на площадке СЦК при Президенте РК, - сообщает пресс-служба акима области Жетісу. По словам главы региона, в следующем году продолжится строительство 21 объекта и начнется строительство еще 42. Так, к концу 2025 года газифицируются все 126 населенных пунктов от Кербулакского района до Талдыкоргана. В результате доступ к газу получат свыше 500 тыс. жителей или 71,4% всего населения. Как было отмечено, 19 августа было начато строительство магистрального газопровода «Талдыкорган-Ушарал». Ожидается, что проект будет завершен в следующем году. Параллельно начата разработка проекта газораспределительн... |
Толығырақ... Оқылды: 40 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2024 |
Жетісуда әлеуметтік объектілерді жаңарту деңгейі 50%-ға жетті |
Жетісу облысы құрылғаннан бері жөндеу мен жаңа құрылыс жүргізудің арқасында объектілерді жаңарту 50%-ға жетті. Мысалы, білім беру саласында 5310 орынды 15 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, 19 нысан күрделі жөндеуден өтті. Ал денсаулық сақтау саласында 98 нысан іске қосылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бейбіт Исабаев өз баяндамасында әлеуметтік инфрақұрылымдарды жақсартудың жай-күйіне тоқталды. Оның айтуынша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында 2023 жылы басталған 1800 орынды 2 мектептің біреуі биыл қолданысқа берілсе, екіншісінің құрылысы келесі жылы да жалғасады. Жалпы 2025 жылы 7 мектеп салу жоспарланған. Соның нәтижесінде жөндеуге жататын 95 мектептің 38-і немесе 40%-ы жаңартылады. Ал денсаулық сақтау саласында соңғы үш жылда 98 нысан пайдалануға берілсе, соның 31-і жаңадан салынған,... |
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2024 |
ЕҢБЕКШІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ, КЕҢАРАЛ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛ |
Ауылды көркейту, халықтың әл-ауқатын арттыру, ауылға көңiл бөлу және жағдайын жақсарту басты міндетіміз. Осы орайда, бүгін аудан әкімі Дәулет Кенжеханұлының бастауымен Еңбекші ауылдық округі тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында жаңа медициналық пункт халық игілігіне пайдалануға берілді. «Тұрғындарымыздың денсаулығы мен амандығы әрдайым бірінші орынға қойылып, бұл мекеме өз жұмысын абыроймен атқаратынына, алдағы уақытта денсаулық сақтау саласының мамандары жаңа ғимаратта жемісті еңбек етеді деген сенімдемін. Жаңа нысан ауыл тұрғындарының дертіне шипа табатын орынға айналуына шын жүректен тілектеспін. Жаңа нысан құтты болсын!», - деді аудан басшысы Д.Халелов. Мединалық мекеме құрылысы тамыз айында басталып, бүгінде қолданысқа беріліп отыр. Барлық қажет бөлмелермен, медициналық жабдықтары мен қамтылған. Атап айтқанда, қабылдау бөлмесі, медициналық қалдықтарды сақтау бөлмесі, сүзгі бөлмесі, егу, екпе бөлмелері бар. Кеңарал ауылында 313 тұрғ... |
Толығырақ... Оқылды: 49 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2024 |
Жетісу облысында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жаңарту 50 пайызға жетті |
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.12.2024 |
Жетісу облысында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жаңарту 50 пайызға жетті |
Жалпы халықтың 1 мың адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі – 64,0%, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын халықтың үлесі облыс халқының жалпы санының 42%-ын құрайды. |
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.12.2024 |