ӘЛЕУМЕТ
Талдықорған қаласындағы ШЖҚ "Облыстық кардиологиялық орталық" МКК-да бірегей ота жасалды. |
МӘМС енгізілуімен жоғары технологиялық қымбат операцияларды жүргізуді қаржыландыруды едәуір ұлғайтуға мүмкіндік берді. Талдықорған қаласындағы ШЖҚ "Облыстық кардиологиялық орталық" МКК-да бірегей ота жасалды. 1994 жылы туған науқас М.Аукебаева аяқ-қол веналарының көптеген тромбоздарымен стационарға түсті. Бұл патологияның қауіптілігі мынада: қан ұйығыштарын резорбциялау үшін терапия жүргізген кезде олар бөлініп, жүрек ішінде өкпе артериясын жабуы мүмкін. Кардиоорталықтың, көпбейінді аурухананың дәрігерлерімен және АТ. Сызғановқа" Кава " сүзгісін орнату туралы шешім қабылданды. Операцияны ШЖҚ "Облыстық кардиологиялық орталық" МКК мен АШҒО мамандары жүргізді. Сызғанова. Бүгінгі күні науқастың жағдайы қанағаттанарлық, шығаруға дайындалуда. Облыс тұрғындарына МӘМС пакетіне кіретін операцияның құнына қарамастан, сақтандырылған азаматтар тегін алатынын еске саламыз. Пациент тіркелген жері бойынша емханада терапевтке жүгінеді, тексеруден өтеді, бейінд... |
Толығырақ... Оқылды: 1393 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2021 |
Арқарлы асуындағы петроглифтер мемлекет қорғауында |
Бес жыл бұрын табылған Алматы облысының Арқарлы асуындағы петроглифтерді ғалымдар мен архиологтар зерттеп, құжаттандырудан өткізуде, – деп хабарлайды Jetisý media. 2021 жылдың мамыр айынан бастап Ә.Х. Марғұлан атындағы Архиология институтынының мамандары мен Алматы облысынің мәдениет басқармасы Арқарлы петроглифтеріне зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Аталмыш зерттеу жұмыстары тамыз айына дейін жалғасып, нәтижесінде 3-4 мың жылдық тарихы бар петроглифтер құжаттандырылады. Ал, қыркүйек айынан бастап тарихи жердің картасы сызылып ресми түрде қорғауға алынбақ. Бір айдан астам зерттеу нәтижесінде тарихи аймақта қола, темір дәуірінде қашалған петроглифтердің 10 үйіндісін, 450 тас, екі мыңға жуық жануар мүсінін анықтаған. «Жергілікті басқармалардың қолдауымен біз еріктілер және архиологтар тобы мамыр айынан бастап Арқарлы асуында зерттеу жұмыстарын жүргізудеміз. Анықталған суреттердің ең көнесі 4 мың жыл бұрын салынған. Ондағы бейнелер көбіне мифтік жануарлар. Бірі молшылды... |
Толығырақ... Оқылды: 1460 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.06.2021 |
Алматы облысында 826 мың дана «Сиверс» алмасы отырғызылады |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырамсына сәйкес, мемелкеттік орман қоры аумағында 2 млрд. ағаш отырғызу жөніндегі жұмыстар Алматы облысында қарқынды жүзеге асуда. Осы мақсатта Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Алматы облысы әкімдігімен және табиғат қорғау мекемелерімен бірлесе 2021-2025 жылдар аралығындағы Алматы облысының ормандарын молайту және орман өсіру көлемін ұлғайту бойынша Кешенді жоспарын әзірледі. Аталған жоспарға сәйкес 5 жыл ішінде 83 млн. ағаштың 71 млн. данасын тұқым себу арқылы, 12 млн. данасын көшет отырғызу арқылы құру жобаланған. Тарқатып айтар болсақ, 3 млн. 193 мың дана шренк шыршасы, 308 мың қарағай, 237,3 мың терек, 95 мың қайың, 4 млн. 544 мың қарағаш, 621,4 мың жиде, 234,2 мың тал, 540,83 мың дана өрік пен қызыл кітапқа енген «Сиверс алмасынан 826 мың дана, сондай-ақ сексеуілдің 71 млн. данасы отырғызылады деп көзделген. «Облыс аумағында Мемлекет басшысының орман қоры жерінде 2 млрд... |
Толығырақ... Оқылды: 1442 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.06.2021 |
Алматы облысында Ұлттық халық санағы 2021 жылдың бірінші кезеңі басталды |
2021 жылдың 1-ші қыркүйегі мен 30-шы қазан аралығында Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағы өтеді. 2021 жылғы халық санағының басты жаңалығы – заманауи цифрлық технологияларды еңгізу және процесті автоматтандыру. Енді Қазақстан тұрғындары туралы деректерді жинау екі жолмен жүргізіледі: онлайн және офлайн форматтарында. Биыл 1-30-шы маусым аралығында Ұлттық халық санағының бірінші кезеңі басталды. Бұл кезеңде аудандарға бөлу жұмыстары жүргізіледі, тұрғын үйлерді және тұрғын емес үй-жайларды аралау және тұратын халық санын нақтылау. Дайындық жұмыстарына облыс бойынша 821 адам жұмылдырылды. Интервьюерлердің өздерімен бірге арнайы куәлігі, халық санағы логотипі белгісімен портфель және планшеттері бар. Сонымен қатар, 2021 жылдың 1-ші қыркүйек айынан арнайы мамандырылған sanag.gov.kz. платформасы іске қосылады. 15-ші қазан айына дейін қазақстандықтар өзін және отбасы мүшелері үшін онлайн форматта сауалнама беттерін толтырып, санаққа өз бетінше осы платформада қатыса а... |
Толығырақ... Оқылды: 1486 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.06.2021 |
Алматы облысында медициналық-әлеуметтік мекемелердің жұмысы тексерілді |
Сапалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты. Стационар жағдайында қызмет алушылардың жеке басына қол сұғылмаушылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар, қоғамда өзара әрекеттесу кезінде барлық жағынан қолдау сақталуы керек.Дәл осы міндеттердің мінсіз атқарылуын бақылау мақсатында мониторингтік топ құрылды. Аталған тексеру шаралары, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен ағымдағы жылдың 26 ақпанында «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты NurOtan партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасын жүзеге асыруда «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының шеңберінде жүзеге асырлды. Сәйкесінше, медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарт адамдардың жағдайына мониторинг жүргізілді. Ағымдағы жылдың 17-21 мамыр аралығында Текелі қаласындағы «Шапағат» және «Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ мемлекеттік органдардың ма... |
Толығырақ... Оқылды: 1455 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.06.2021 |
«Мемлекеттік рәміздер – елдігімнің белгісі» |
Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман - мақсатын, басқалармен байланыс-мұратын білдіретін белгі. Елдің елдігін танытып тұратын айрықша мәнді белгілері – Ту, Елтаңба, Әнұран. Қазақстан Республикасының №988-2007 мемлекеттік стандарты. Жалпы техникалық шарты атты құжат қабылданған болатын, бұл стандарт Мемлекеттік тудың дайындалуына, жалпы техникалық шарттарын белгілейді және мемлекеттік тудың символикасы элементтерінің бейнесі түсірілген материалдық объектіге таралады. Бұл стандарт Мемлекеттік туды дайындау және қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға арналған. Мемлекеттiк Ту оның көлемiне қарамастан мемлекеттiк стандартқа сәйкес келуге тиiс. Аталмыш стандартқа сәйкес келмеген жағдайда ол Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен ауыстырылып, жойылады. Елтаңбаға қатысты да техникалық шарттары атты №989-2014 мемлекеттік стандартының жаңа редакциясы қабылдады. Мұнда, мемлекеттік Ел... |
Толығырақ... Оқылды: 1571 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.06.2021 |
Панфилов ауданында Ту тұғыр орнатылды. |
ҚР Мемлекеттік Рәміздер күні және ҚР Тәуелсіздігің 30 жылдығы қарсаңында Панфилов ауданының Тұрпан ауылында биіктігі 13 метрлік ту тұғыр орнатылды. Бұл аудан бойынша алғаш рет орнатылған ту тұғыр. Мемлекеттік Рәміздер күні қарсаңында ту тұғырды ауылдың белді азаматтары өз қаражаттарымен орнатқан. Сондай-ақ, іскер азаматтар ту тұғырдың дәл жанынан ауыл балаларына арнап, спорт залын салдыруда. "Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Әркім өз туған ауылын көркейтуі керек. Біз ауыл азаматтарымен бірлесіп, осы спорттық залды салып жатырмыз"-дейді жергілікті кәсіпкер Жалғас Алтынбеков." Бүгін Рәміздер күні қарсаңында осы ту тұғырды орнаттық. Спорт залдың жанында әдейі орнаттық.Себебі көк байрағымызды спортшыларымыз да желбіретеді. Көк байрағымыз әрқашан осылай желбіреуі тиіс. Әр ауылдың балалары елімен, байрағымен мақтануы керек"-деді қайырымды азамат. Көк байрақты ілу рәсімін жергілікті спортшы, грек-рим күресінен жасөспірімдер арасынан әлем және азия чемпионы Сабаз Бағдат жасап, ауыл ақсақ... |
Толығырақ... Оқылды: 1594 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.06.2021 |
Жетісулықтар ҚР Мемлекеттік рәміздеріне деген сүйіспеншілігін шығармашылық тұрғыда ерекше білдірді |
Алматы облысында мемлекеттік рәміздер күніне орай 150-ден астам іс-шара өткізілді. Өңір тұрғындары түрлі акцияларда, флешмобтар мен байқауларда мемлекеттік рәміздерге деген құрметін білдіреді. Алматы облыстық басқармаларының қызметкерлері ҚР Мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсетіп, әнұранды орындады. Акцияға ересек қатысушылардан басқа балабақшалар мен мектеп қабырғасындағы бүлдіршіндер қатысты. Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетовтің айтуынша, мұндай патриоттық акцияны әсіресе жастар үшін өткізу өте маңызды. - Бұл іс-шара жас ұрпақтың Отанға, еліміздің мемлекеттік рәміздеріне деген сүйіспеншілігі мен құрметін оятады. Ту, Елтаңба, Әнұран-біздің ортақ игілігіміз, болашаққа сенім ұялатады. Олар-қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың қайнар көздері. Біз мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеп, өскелең ұрпақты өз елінің тарихын, оның жеңістерін құрметтеуге және оларды мақтан етуге үйретуіміз керек, - деді өз сөзінде. Содан кейін облыстық басқармалардың бір... |
Толығырақ... Оқылды: 1544 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.06.2021 |
«Өркен» спорт мектебінде 800 жеткіншек жаттығады |
1983 жылы іргетасы қаланған «Өркен» спорт мектебінде 37 жаттықтырушы еңбек етеді. Олардың 7-і жоғары дәрежелі, 2- I дәрежелі, 17-II санаттағы бапкерлер. Тағы екеуі ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Білікті мамандардың қол астында жаттығатын бала саны 800-ден асады. Салауатты өмір салтын ұстанған ұрпақ, аталған мекемеде спорттың 10 түрімен шұғылданады. Мектепте спорттық гимнастика, ауыр атлетика, бокс, дзюдо, грек-рим күресімен шұғылдануға арналған арнайы залдар жасақталған. Сондай-ақ, ұзындығы 25 метр болатын 6 жолаққа бөлінген бассейн де жұмыс жасайды. Жаттығудан кейін, ретке келу үшін барлық залдарда себезгі қондырғылары және массаж, дәрігерлік бақылау кабинеті бар. «Залдар тегістей спорттық жабдықтармен, құрал-саймандармен жабдықталған және спорт залдарына кварц шамдары орнатылған, бұл оқу процесіне спорттың сан алуан түрі бойынша оқу бағдарламаларын игеруге мүмкіндік береді», - дейді ««Өркен» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры Рамиль Мұратов. Осы жылд... |
Толығырақ... Оқылды: 1518 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.06.2021 |
ЖАЗҒЫ МЕКТЕПКЕ КЕЛУ - ОҚУШЫНЫҢ ӨЗ ЕРКІ |
Білім және ғылым министрлігі ата-аналардың өтініштері бойынша оқушылар 26 мамырдан 19 маусымға дейін жазғы мектептерде сабақ оқи алатынын мәлім етті. Бұл, әсіресе үлгерімі нашар оқушыларға жақсы мүмкіндік. Мамырдың 26 күні жазғы мектептер осылайша қашықтан оқыту кезінде оқу үлгерімі нашарлағандарға олқылықтың орнын толтыруға мүмкіндік беруде. Жазғы мектеп оқушыларға білім берудегі олқылықтың орнын толтыруға, сондай-ақ, балалардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Баланы жазғы мектепке қабылдау үшін ата-ана алдымен өтініш жазуы керек. Сабақ оқуға ниет білдірген барлық бала қатыса алады. Тегін оқуда үлгерімі төмен балаларға басты назар аударылады. Жазғы мектепте сабақтар санитарлық талаптарға сай өтеді. Оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді. Олар мектепке еркін киініп келе алады. «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жетіжал орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ата-аналар өтініші негі... |
Толығырақ... Оқылды: 1725 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |