ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысында «қайырымды істер марафоны» іске қосылды

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Қайырымды істер марафоны» жалпы ұлттық жобасы бастау алған еді. Бұл істі алғаш болып қолға алғандардың бірі-Алматы облысы. Ұлттық жобаның бастауы басқосудан басталды. Аталмыш дөңгелек үстелге Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Али, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Елдар Қайсарұлы, кәсіпкерлер мен ҚМДБ өкілдері қатысты. Жетісу өлкесі тегеурінді істерді атқарудан тартынған емес. Оның ішінде еріктілер қозғалысының бұл реттегі еңбегі орасан зор екенін атап өткен абзал. Естеріңізге салайық, былтыр өңірде 434 қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Соның шеңберінде 26 мың отбасыға көмек қолы созылып, 4 мың ерікті сауапты іске жұмылдырылған болатын. Осы тектес жұмыстар биылғы жылы «Қайырымды істер» жалпы ұлттық марафонының негізінде атқарылатын болады. Бұл бастаманың аймақта іске қосылуына, облыс әкімінің орынбасары Руста...
Толығырақ... Оқылды: 1832 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.03.2021

«Сіздер сұлулық пен махабаттың символысыздар...»:Амандық Баталов әйелдерді мейрамдарымен құттықтады.

Талдықорған қаласының салтанат сарайында 8 наурызға орай облысымыздың әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен салтанатты шара өткізілді. Ауданымыздың әкімі медицина,әлеуметтік сала,білім беру,мәдениет және спорт саласына еңбек сіңірген нәзік жандыларды құттықтады. Осы аталаған мамандар арасында Жетісудың атақты да үздік әйелдері бар. Олардың бірі: Социалистік еңбек ері, Алтын жұлдыз, Ленин орденінің иегері -Күләш Айтжанова, ҚР халық әртісі, Б.Римова атындағы облыстық драма театрының әртісі -Алмахан Кенжебекова, Нурила Бөлекбаева - облыстағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығымен қоса басқа да аса маңызды салаларда көптеген жылдар бойы еңбек еткен аруларымызды атап өтті. Сонымен қатар, алда келе жатқан мейрамға қарсы Алматы облысының әкімі шын жүректен нәзік жандылардың барына, өмірдің мәні мен сәніне айналған аруларға арнайы алғысын білдірді. “Сіздердің әр біріңіз отбасыларымыздың ошағы,ұйытқысы,баға жетпес алтыны,сұлулық пен жылудың көзі бола тұрып,өңіріміздің әлеуметтік-экономика...
Толығырақ... Оқылды: 1810 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.03.2021

Қазақстан әйелдері мемлекеттік қызметтерді алуға аз жүгінеді

Қазақстан әйелдері мемлекеттік қызметтерді алуға аз жүгінеді Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерге қанша әйел жүгінетінін есептеп көрді. Белгілі болғандай, 2020 жылы мемлекеттік корпорацияға түрлі қызметтерді алу үшін 6,2 млн әйел жүгінген. Жалпы алғанда Азаматтарға арналған үкімет былтыр 13 млн мемлекеттік қызмет көрсеткенін ескерсек, олардың 45%-ы нәзік жандыларға көрсетілген. Электрондық цифрлық қолтаңба алуға өтініш білдірген әйелдердің саны ерлермен салыстырғанда бір пайызға ғана артық. Мысалы, өткен жылы ХҚО арқылы 4,7 млн ЭЦҚ рәсімделген болса (оның ішінде 300 мың ЭЦҚ заңды тұлғалар үшін), оның 2,2 млн-ға жуығын (51%) арулар алған. Автоқызметтер бойынша жүгінетін ханымдардың да саны аз болып шықты. 2020 жылы 173 мың әйел жүргізуші куәлігін ресімдеген, бұл жалпы берілген көлік жүргізушісі құжаттарының 21%. Сонымен қатар мемлекеттік корпорациядағылар түрлі жәрдемақы алушы қыз-келіншектер туралы да айтып берді. Мысалы, кө...
Толығырақ... Оқылды: 2085 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.03.2021

Жетісу жерінде карантиндік шаралар жеңілдетілді

Алматы облысында коронавирустық инфекция жұқтырған адам саны 11028-ге жетіп отыр. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі 1451 бала індетке шалдыққан. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен кезекті баспасөз-мәслихатында мәлім болды. Баршаға аян, аталған кеселдің алдын алу, тұрғындардың иммундық жүйесін қалыптастыру мақсатында, 1 ақпаннан бастап егу жұмыстары басталған еді. Бүгінгі таңда облыста вакцина алудың екінші кезеңі басталып, 847 адам екпе қабылдап үлгерді. Оның ішінде 367 медицина қызметкерлері мен 13 мұғалім екпе алғандар қатарында бар. Айта кетерлігі, күні кеше, 2 наурызда өңірге қажетті вакцинаның 9900 дозасы жеткізілді. Естеріңізге саламыз, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы облысы «жасыл» аймақта орналасқан. Соған байланысты, 9 наурыздан бастап бірқатар карантиндік жеңілдету шаралары жүргізілетін болады. Мәселен, бассейндердің, цирктердің, бильярд клубтарының, балалар ойын-сауық орта...
Толығырақ... Оқылды: 2152 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.03.2021

Алматы облысында 220 учаскелік полиция пункті салынады

Учаскелік полиция қызметкерлерінің сапасы мен жұмыс жағдайларын жақсарту мақсатында Алматы облысында бүгінгі күнге дейін 300-ге жуық учаскелік полиция пункті салынды, оның 182-сі тұрғын үймен біріктірілді. Барлығы осындай 220 УПП салу жоспарланған, оның 38-і 2021 жылы салынып, пайдалануға беріледі. Бұл туралы Алматы облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Бағдат Әшімов "JETISÝ MEDIA"ақпараттық алаңында хабарлады. Осылайша, іске асырылып жатқан жоба облыстың барлық аудандары мен қалаларын қамтиды. Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторының мәртебесін арттыру бойынша жұмыстар атқарылуда. "Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында учаскелік полиция инспекторының мәртебесін арттыру, оған нәтижелі жұмыс істеу үшін, оның ішінде "полиция қадамдық қолжетімділікте"қағидаты бойынша беру қажеттігін атап өтті. Осы мақсатта штатты нығайту, материалдық-техникал...
Толығырақ... Оқылды: 2000 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.03.2021

Алматы облысындағы «Alacem» зауытына 400-ге тарта адам жұмысқа тұрады

Өндірісі өркендеген өлкенің әлеуеті әрі қарай арта түспек. Аймақ қазынасына түсер түсімнің ендігі үлесі аймақтағы , ең алғашқы «Alacem» цемент зауытына тиесілі болмақ. Алматы облысы, Кербұлақ ауданына қарасты Қызылжар ауылдық округінде орын тепкен бұл нысанның ірге тасы 2018 жылы қаланып басталды. Қызылжардағы цемент зауытының құрылысына 40 га жер бөлінген. Аталған аумақты компания басшылығы жалға алған. Зауыт жылына 1,2 млн тонна цемент шығаруды жоспарлап отыр. Зауыт өнімінің 80% – ын Қазақстанның ішкі нарығында, бірінші кезекте Алматы облысының өзінде, 20% - ын Орталық Азия, Моңғолия және Қытай елдерінде сатпақ. Жауаптылардың айтуынша, жоспарланған салық түсімдері жылына 2 млрд теңгеден астам соманы құрауы тиіс, сондай-ақ, жергілікті мамандар үшін 386 жұмыс орны құрылады. Зауыттың іске қосылуына 47 млрд. теңге инвестиция тартылған. Инвестор қазақстандық-сингапурлық "Alacem" компаниясы болып табылады, оның құрылтайшысы ірі қазақстандық б...
Толығырақ... Оқылды: 2009 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.03.2021

Жетісулық нұротандықтар 2020 жылдың қорытындысын шығарды

«Жетісу медиа» алаңында бүгін «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының 2020 жылғы жұмыс қорытындылары, 2021 жылға жоспары және гендерлік саясат туралы» тақырыбында брифинг өтті. Спикер «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тойлыбаева Гүлнәр Қожағұлқызы негізгі қорытындыларды шығарып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Спикер өз сөзінде: «Елбасының бастауымен, Ел Президентінің қолдауымен «Біз біргеміз» акциясы ұйымдастырылды. Республика бойынша бұл үрдіс жоғары ұйымдастырылып, Алматы облысы акция аясында жоғарғы ұйымдастырушылық қабілетін көрсетті. Облыстар ішіндегі алғашқы үштіктің қатарынан көріне білді. «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Жастар Отанға» жобалары негізінде «BIZ BIRGEMIZ» атты республикалық акция аясында Алматы облысы бойынша 318 889 601 теңг...
Толығырақ... Оқылды: 1975 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.03.2021

Алматы облысында «Елбасы медалі» жобасына қатысушылар марапатталды

Алматы облысында еліміздің ең ірі челленджінің қатысушыларына "Елбасы медалі" табысталды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша жобада республика деңгейінде Алматы облысы бойынша үздік көрсеткіштер анықталып, 384 жеңімпаз анықталды. Марапаттау рәсімі Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың қатысуымен өтті. «"Елбасы медалі" - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Оған қатыса отырып, жастар өз уақыттарын басқаруға, мақсаттар қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді. 2020 жылы "Елбасы медалі" бағдарламасы 11 мыңнан астам қатысушыны қамтыды. Жас таланттардың басым бөлігі Жетісу өңірінен шыққаны қуантады. 2021 жылы аталған жобаны жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 118 млн теңге бөлінді. Алматы облысында ең өршіл, мақсатшыл, жасампаз жастар бар екенін атап өткім келеді және біз өз тарапымыздан сіздерді қолдауға әрқашан дайынбыз. "...
Толығырақ... Оқылды: 2011 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.03.2021

2021 жылы Алматы облысында 16 спорт кешені жұмыс істейтін болады

Алматы облысында спортты дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Соңғы 5 жылда өңірде 11 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды, ал биыл тағы бесеуі салынады. Сондай-ақ ауылдарда 8-ден астам шағын спорт кенедерін ашу жоспарлануда. Бұл туралы жақында спорт саласындағы 2020 жылдың қорытындысын шығаруға арналған салтанатты шара барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлім етті. Іс-шара барысында Алматы облысы әкімінің алғыс хаттарымен және ақшалай сертификаттармен 37 миллион теңге сомасына 54 адам марапатталды. Олардың арасында халықаралық аренада қала мен елдің намысын қорғайтын спортшылар, еңбек сіңірген жаттықтырушылар, спорт мектептерінің басшылары, сондай-ақ спорттық өмірді белсенді насихаттайтын журналистер бар. Сондай-ақ, өңір басшысы Облыстың балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне арналған шағын автобустар мен жеңіл автомобильдердің 22 кілтін табыс етті. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов құттықтау сөзінде дене шынықтыру және спорт саласын қолдау, салауатты өмір...
Толығырақ... Оқылды: 1719 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.03.2021

Алматы облысында улы газдан 16 адам зардап шекті

2020-2021 жылдың жылыту кезеңінің басынан бастап облыс аумағында 357 өрт оқиғасы орын алған. Салдарынан 26 адам қаза тауып, 7 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Ал, улы газбен уланудан 16 адам зардап шекті. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында мәлімделді. Қызыл жалыннан келетін залалдың алдын алу мақсатында ТЖ департаменті мамандарының қатысуымен 15 024 үйі тексерістен өтіп, арнайы нұсқау берілді. Халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінен басқа, есепке алынған үйлер араланып, жалпы саны 345 807 тұрғын үй профилактикалық шаралармен қамтамасыз етілді. Айта кетейік, улы газбен уланудан немесе жану өнімдерінен болған қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында өткен жылыту кезеңінде жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен 24 мың улы газ датчиктері орнатылды. Жылыту маусымында өрттен қатер төнсе, күннің көзі жылынған сәтте, су басу ықтималдығы жоғарлайтындығы тағы бар. Мамандар, Жамбыл, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарын су басу қау...
Толығырақ... Оқылды: 1624 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.03.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.