ӘЛЕУМЕТ

Тәрбие – тал бесіктен

Тектілігі тереңге тамырланған қазақ халқы бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұлтымыз қашан да баласының рухани жағынан бай болуына көп көңіл бөлген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне баса назар аударғандығы белгілі. Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген нақыл бар. Кішкентай бала бойында адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруде халықтық педагогиканың маңызы зор. Үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылы баланы жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулуды да кішкене кезінен бастаған дұрыс. Балаға сөйлей бастағанынан-ақ ата-баба өсиеттерін сіңіріп, салт-дәстүрлерді біліп, ел қамын ойлайтын, тілін, дінін құрметтейтін, өз ұлтымен қатар өзгелерді сыйлай алатындай етіп шығару ата-ананың басты мақсаты болуға тиіс. Қазіргі қоғамның алдында тұрған мәселенің бірі – бүгінгі жас жеткіншектің бойына бәсекеге қабілетті құндылықты қалып...
Толығырақ... Оқылды: 1253 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.02.2021

Мұғалімдердің кәсіби біліктілігі

«Қазақстанның бүгіні мен болашағы – халқымыздың ынтымақ-бірлігінде, ырыс-құтты тірлігінде». Н.Назарбаев. Алматы облысы бойынша Өрлеу АОПҚБАИ филиалының аға оқытушысы, тренер Жайна Саметованың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» идеялары негізінде мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамыту мәселелері» тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинарға Алматы облысы бойынша 20 -ға жуық педагог мамандар қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Вебинар барысында бағдарламаның негізгі принциптеріне тоқталдық. Олар: Бәсекелестік қабілет. Ғаламданудың жаһандық жүйесіне еніп, ХХІ ғасырдың талаптарына дағдыланудың қамына кірісу сапалы табыстың кілті екенін атап айттық. Прагматизм. Ұлан ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып, қорғау, бір мақсатпен межелеген межеге жету арқылы түрлі саяси радикалды идеологияларға тосқауыл болудың бағдарын ұсындық. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Елбасымыз үшінші қағидасында ұлттық код, яғни халқымызға тән салт-санамыз, асыл мәдениетімі...
Толығырақ... Оқылды: 1218 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.02.2021

Қазақ қонақжай халық

Депортацияға ұшырау әрбір ұлт, әрбір тұлға үшін қиынға соққандығы жасырын емес. Қиын-қыстау кезеңінде қазақ халқының қол ұшын созып, соңғы нанымен бөліскендігі бәрімізге белгілі. Өздерінде болмаса да, өзгеде болсын деген ниеттегі қазақ халқына алғысым шексіз. Мен өзге ұлт өкілдерінің жастарының атынан барша қазақ халқына басымды иіп алғысымды білдіремін. Барша қазақстандықтарды шын жүрекпен Алғыс айту мерекесімен құттықтаймын. Өмірлеріңіз көктемдей жарқын, аспандарыңыз ашық, дендеріңіз сау болсын! Александр СОН, Балпық би ауылы.
Толығырақ... Оқылды: 1203 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.02.2021

АЛҒЫС АЙТУ –ДӘСТҮРІМІЗ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыз – «Алғыс айту» күні деп белгілеуінде үлкен негіз бар. «Баталы ел –арымас, батасыз ел жарымас» деген халқымыздың қашан да бір-біріне тілеулес болуы – ықылым заманнан қалыптасқан ұлттық құндылығымыз. Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың қоғамға бейімделіп, тұлға болып қалыптасуында ұстаздардың ролі зор. Ұстаз болу аса маңызды және өте қиын мамандық, өйткені ұстаз білім ғана беріп қоймайды. Ұстаз баланы болашақ үлкен өмірге дайындап қажетті кеңестермен сусындатады. «Ұстаздық еткен, жалықпас үйретуден балаға» дегендей болашақтың басшысын да, данасын да ғалымын да, еңбекқор егіншісін де тәрбиелейтін – ол ұстаз. Ұстаз – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік қасиеттерін баланың бойына дарытуға бар саналы ғұмырын арнайтын жан. Биылғ...
Толығырақ... Оқылды: 1211 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.02.2021

АУДАН ӘКІМІ ӘДІЛ АЛМАС ҚАБДУЛҰЛЫНЫҢ 1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті аудан тұрғындары! Ардақты ағайын, құрметті жерлестер! Сіздерді келіп жеткен 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Алғыс айту күні ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл мереке тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқына деген терең тағзымның белгісі болса керек. 1 наурыз – Алғыс айту күні түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Сондай-ақ бұл күн ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейді. Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Кең пейілді қазақ халқы қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған. Осындай құнд...
Толығырақ... Оқылды: 1177 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.02.2021

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ НОРМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Ағымдағы жылдың 24 ақпанында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының, сондай-ақ Алматы облысы бойынша дене шынықтыру және спорт басқармасының және оның бағыныстағы мекемелердің қызметкерлерінің қатысуымен спорт саласында сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алуға бағытталған семинар-кездесу өткізілді. Аталған іс-шараға Агенттіктің Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев, облыс әкімінің орынбасары, Жетісу-адалдық алаңы жобалық кеңсенің кураторы Рустам Әли және облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев қатысты. Жиын барысында Жандос Жұмабаев спорт саласының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерді түсіндіріп, 2020 жылы Департаментпен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүргізілген жұмыс нәтижелерімен таныстырды. Сонымен қатар, Департамент басшысының бірінші орынбасары қатысушыларға облыс аумағында ISO—37001, комплаенс-қызме...
Толығырақ... Оқылды: 1189 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.02.2021

Елбасы медалі

14 пен 29 жас аралығындағы қазақстандықтарды “Елбасы медалі” байқауына қатысуға шақырамыз! Жобаға қатысу үшін medal.elbasyacademy.kz сайтында тіркеуден өтіп, өтініш қалдыру қажет. «Елбасы Медалі» - жоба талаптарын ойдағыдай орындаған, патриотизм мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін жеңімпаздарға берілетін ерекше белгі. Қатысушылар дағдыларын жеті бағыт бойынша: спорт, өнер, кітап оқу, туристік саяхаттар, ұлттық мұра мен еңбек тәжірибесі арқылы дамыта алады. Жоба, сондай-ақ болашақ мамандығыңды таңдауға, өзіңді және өз еліңді саяхат арқылы тануға көмектеседі.
Толығырақ... Оқылды: 1235 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.02.2021

Сіздің жеке менеджеріңіз

Қайырлы күн, оқырман! Бүгінгі #oqy&toqy айдарында мемлекеттік қызметтерді ХҚО-ға бармай-ақ алуға көмектесетін жеке менеджер туралы айтамыз. Ең алдымен ХҚО-ға барып жеке менеджермен келісімшартқа отырыңыз Қажетті қызметтер тізімін ұсынып, қызмет құнын төлеңіз Келісім-шартқа отырған сәттен бастап сіз: Уақытыңызды үнемдейсіз; Құжаттарды рәсімдеу машақатынан құтыласыз; Халық көп шоғырланатын жерге бармайсыз; Қызмет нәтижесін сіз айтқан жерге дейін әкеліп береді; Келісім шартты 1 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге жасасуға болады. Есіңізде болсын Қызмет құны сізге қажет қызметтер тізімі мен қызметтің күрделілігіне қарай бағалар прейскурантына сәйкес тағайындалады. Егер сіз жеке тұлға болсаңыз, төлемді бірден жүзеге асыруыңыз керек. Егер сіз заңды тұлға болсаңыз, қызмет ақысын атқарылған жұмыс актісіне сәйкес төлейсіз.
Толығырақ... Оқылды: 1216 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.02.2021

QR-төлемдер ХҚО-дағы қызмет көрсету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді

«Азаматтарға арналған үкімет» QR-код арқылы баж салығын төлеуге болатын мемлекеттік қызметтер қатарын ұлғайтты. Енді қазақстандықтар смартфондары арқылы елдегі ХҚО-да кез келген мемлекеттік қызметтің төлемін бірнеше секундтың ішінде жолдай алады. QR-код арқылы, мысалы, жер учаскесіне актілерді дайындау және беру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, банктік қарызға алу шарты бойынша талаптар құқығын беруді, кондоминиум объектісін, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ жер қатынастары, жылжымайтын және жылжымалы мүліктер саласындағы басқа да мемлекеттік қызметтер үшін төлем жасауға болады. «Пандемия кезінде ұзын-сонар кезектің алдын алу керектігін түсінеміз, сондықтан процестерді барынша автоматтандырып, қызметалушыларға ыңғайлы етуге тырысып жатырмыз. Мемлекеттік қызметтер үшін QR-төлем жасау жобасы бірнеше ай бұрын іске қосылды және осы уақыттың ішінде біз тиісті құрылғыны барлық 339 халыққа қызмет көрсету орталығына орнаттық», - деді мемлекеттік корпор...
Толығырақ... Оқылды: 1165 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.02.2021

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СУДЬЯЛАРЫМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін Алматы облыстық сотында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының, сондай-ақ Алматы облыстық сотының судьяларының, аудандық, оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының және азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алуға бағытталған кеңейтілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу аясында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары судьяларды облыс аумағында қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларымен таныстырды, сондай-ақ соңғы 3 жылда судьялардың қатысуымен республика бойынша сыбайлас жемқорлық істерінің статистикасын келтірді. Жандос Жұмабаев өз сөзінде: «Бүгінгі таңда судьялар корпусы арасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі туралы айтылғанда және жалпы сот жүйесінде жемқорлық фактілердің анықталғаны бұл өте қорқынышты құбылыс. Себебі сот жүйесінде сыбайлас жемқорлық а...
Толығырақ... Оқылды: 1174 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.02.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.