ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысында 105 гидробекет орнатылды

Жетісу жерінде су тасқыны кездеріндегі дайындық жұмыстарын жалғастыруда. Облыстық «Қазгидромет» РММ мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылдың ай аралығында жауын-шашын мөлшері 11-55 мм нормаға жуық болады деп күтілуде. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында мәлім болды. Есік, Іле, Қаскелең, Қырғауылды, Тентек,Сарқан, Бурахудзир, Басқан өзендеріндегі су деңгейлері қар еріген және қатты жаңбыр жауған жағдайда көтерілуі ықтимал. Салдарынан жақын маңайдағы елді мекендерді қызыл су басу қаупі жоғары болмақ. Айта кету керек, су тасқыны қаупі бар аймақтарда облыс аумағында 39 мыңнан аса халық орналасқан. 2020 жылғы мәліметтерге сәйкес, былтыр су астына қалуы мүмкін елді мекендер саны 48 болса, бүгінгі күні ол көрсеткіш 6-ға кеміген. «Облыстың су тасқыны қаупі бар өзендерінде гидрометеорологиялық жағдайды тұрақты мониторингілеуді және уақтылы болжауды жүзеге асыру үшін "Қазгидромет" РМК және "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК АҚ-мен гидрометеоро...
Толығырақ... Оқылды: 1377 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.02.2021

Ауған соғысы ардагеріне құрмет

Кез-келген адамның өмірі қуанышпен қатар, сын-қатерлер мен кедергілерге толы. Басына түскен қиындықтарға төтеп бергендер ғана тұлға болып қалыптасып, елінің ертеңгі ұрпағына үлгі бола алады. Аптаның сәрсенбісінде Ауған соғысының ардагері, соғысты көзімен көрген қатардағы солдат Бақыт Шәбденұлымен кездесу өтті. Мұқаншы ауылдық округіне қарасты Жетіжал орта мектебінде ауған соғысы ардагерімен өткен мерекелік шараға мектеп ұжымы мен оқушылар қатысты. - Ауған соғысы өмірімнің өліммен бетпе-бет келген ең ауыр кезеңі болды. Өкінішке орай, соғыста көргендеріңнің бәрі көз алдыңда тұрады екен,- деп күрсінді Бақыт Шәбденұлы. Біраз үнсіздіктен кейін: - Туған жерім Көксу ауданы, Мәмбет ауылы. Ауған соғысына қатысты айтар болсам, 1985 әскер қатарына шақырылдым. Алдымен, әскерге шақырылдым деген ойда болдым. Ауғанстанның Кандагар аймағы Шахджой провинциясына барғанда білдім соғысуға келгенімді. Бұл ауған соғысының оты лаулаған шағы болатын. Небәрі 18 жаста болған қазақ солдаты едім. Мұндағы мінде...
Толығырақ... Оқылды: 1416 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.02.2021

Алматы облысындағы тұңғыш «Мобильді ауыл -Айдарлы»

Алматы облысында «Жетісу Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі өңір басшысының тапсырамасының аясында ашылып, қызмет атқаруда. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, таза қоғамды қалыптастыруды көздеген кеңсе жұмысы ауылдық жерлерде де жүйелі атқарылуда. Оның айшықты дәлелі, «Мобильді ауыл» жобасы. Аталмыш бастама Панфилов ауданы, Айдарлы ауылы және Іле ауданына қарасты Қараой ауылында бастау алып отыр. Аталған жобаның мақсаты, Перзидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың « Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын» іске асыру болып табылады. Заман ағымына тоқтау жоқ. XXI ғасыр өзінің технологиялық өзгерістермен бірге дүниетанымымен таң қалдыруда. Әсіресе, қазіргі уақытта әлеуметтік желіні жоғары сұранысқа ие. Осы ретте, аудан басшылары бүтіндей ауылды вацап желісіне қосып, сол арқылы елді мекенде болып жатқан барлық жағдайды өз бақылауларына алып отыр. Соған сәйкес, интернет жүйесін де дамытып, Билайн 4G желісін іске қосқан. «Мобильді ауыл – Айдарлы...
Толығырақ... Оқылды: 1399 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.02.2021

Жыр алыбының мерейтойын өткізу жоспары таныстырылды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Алматы облысына жұмыс сапарымен келді. Мемлекеттік хатшы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірде жүзеге асырылу және жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеуге дайындық барысымен танысты. Сапарда Мемлекеттік хатшымен бірге Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет бірге жүріп, Қарасай және Жамбыл аудандарындағы бірқатар әлеуметтік-мәдени нысандарда болды. Атап айтсақ, ресми өкілдер Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығындағы музейлік экспозициялармен танысты. Аталмыш мәдени орталық Шамалған ауданында бой көтерген. 2017 жылы бұқара үшін есігін айқара ашқан еді. Нысанның жалпы ауданы, 3,500 га, ал музейдің орналасқан жері 1249,5 шаршы метірді құрайды. Елбасының «Атамекен»...
Толығырақ... Оқылды: 1365 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.02.2021

ЖЕТІСУ-АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ КЕҢСЕСІ АЯСЫНДА «МОБИЛДІ АУЫЛ 24/7» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫУН БАСТАДЫ

«Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің негізгі бағыттарының бірі халыққа қолайлы жағдай жасау. Сол мақсатта жобалық кеңсе аясында Алматы облысының Панфилов ауданында және Іле ауданының Айдарлы мен Қараой ауылдық округтерінде «Мобилді ауыл» жобасы жүзеге асырылуда. «Мобилді ауыл» жобасы жергілікті елді мекендерде, WhatsApp, Telegram мессенджерлері аясында, мемлекеттік билікті жүзеге асыратын мекемелер, жергілікті полиция қызметкерлері, салық қызметкерлері, аурухана қызметкерлері, білім беру мекемелерінің басшылары және тағы басқа мекеме қызметкерлері онлайн форматта халықпен тікелей байланыс орнатып, мазалағын сұрақтарын, туындаған мәселелерін тікелей жауап беруге арналған жоба. Сонымен қатар, "Мобилді ауыл" жобасы - 24/7 режимінде "ашық диалог" орнату арқылы халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыратын жобалардың бірі. Бұған қоса, жоба тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың туындау себептерін жоюға мүмкіндік...
Толығырақ... Оқылды: 1216 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.02.2021

Саяси бюро отырысы

Бүгін, «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалында аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы А.Әділдің қатысуымен Саяси Кеңес Бюро отырысы өтті. Күн тәртібінде ауданның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» талқыланып бекітілді. Отырысқа Саяси Кеңес Бюросының мүшелері, аудандық мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында әзірленген бұл «Жол Картасы» өңір дамуына жаңа серпіліс беріп, ауданымыздың әл-ауқатын көтеру жолында орасан зор септігін тигізбек. Әділет АЙТҚАЗЫ, «NUR OTAN» партиясы Көксу аудандық филиалының эксперті.
Толығырақ... Оқылды: 1159 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.02.2021

«Самұрық-Қазынада» «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды»

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы Алик Шпекбаев пен Қордың төрағасы Ахметжан Есімовтің қатысуымен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ашылуы өтті. Жобалық кеңсе сыбайлас жемқорлық алғышарттарын жою, парасаттылық идеологиясын ілгерілету және Қор компаниялары тобының корпоративтік басқаруындағы қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында құрылған. Мемлекет басшысы «Samruk Business Forum» отандық кәсіпкерлерді қолдау форумы барысында Қор нысандарын 2025 жылға дейін тиімді және ашық жекешелендірудің міндетті құралы ретінде қоғамдық бақылауды атап өтті. Бірлескен іс-шараларды талқылау барысында А.Есімов Қор мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға белсенді қатысып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын барлық бизнес процестерге егжей-тегжейлі талдау жүргізетінін атап өтті. Холдинг осы салада үлкен тәжірибе жинақтады. Қор басшысы атап өткендей, сатып алулар әрқашан ең сыба...
Толығырақ... Оқылды: 1309 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.02.2021

МӘМС бойынша ЭКҰ: 6,2 млрд теңгеге 7 мың циклды қаржыландыру жоспарланған

2021 жылы медициналық сақтандыру қоры алдын ала сомасы 6,2 млрд теңгеге 7000 ЭКҰ циклын қаржыландыруды жоспарлап отыр. Жасанды ұрықтандыру рәсімін жүргізуге квота саны 2020 жылмен салыстырғанда 7 есе өсті, өткен жылы 960 млн теңгеге 1105 ЭКҰ қызметі көрсетілді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында тегін ЭКҰ-ға кім өтініш бере алады, қайда жүгіну керек және процедураға арналған көрсеткіштер туралы айтылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2021 жылдан Қазақстанда «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы басталды, оның мақсаты - қосалқы репродуктивтік технологиялардың (ҚРТ) көмегімен отбасылық-демографиялық проблемаларды шешуге жәрдемдесу. Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ЭКҰ бағдарламасы аясында 2018 жылы ТМККК шеңберінде 902 циклды және 2019 жылы да дәл осы көлемді қаржыландырған. ДДСҰ мәліметтері бойынша, репродуктивті технологияны жүргізу нәтижесі 45-60% жетеді. ЭКҰ жүргізу тиімділігі біздің елімізде орта есеппен...
Толығырақ... Оқылды: 1245 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.02.2021

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ АҒАРТУШЫСЫ ТУРАЛЫ АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы ғалым, ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсаринге арналды. Қазақ даласында білімнің шырағын жаққан Ыбырай Алтынсарин бар ғұмырын қазақ балаларын оқыту жолында өткізген. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, ана тілімізде оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын «Қазақ христоматиясының» алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған. Қазақ жастары арасында білім беруді дамытудың маңыздылығын Алтынсарин өзінің басқа да көптеген шығармаларында сипаттаған. Олардың қатарына «Өсиет өлеңдер», «Әй, жігіттер» сияқты тағы да басқа туындыларын жатқызуға болады. Бұл өлеңдерінд...
Толығырақ... Оқылды: 1208 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.02.2021

Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру және (немесе) барлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін талап қою мерзімін айқындауға қатысты

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) 3 тармақ 48 бапқа сәйкес талап қоюдың ескіру мерзімі осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріліп, салық төлеушілердің мынадай: 1) осы Кодекске сәйкес салықтық мониторингке жататын; 2) қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратындар. Салық кодексінің 1 бабы 2 тармағының 22 тармақшасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт – Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген құзыретке сәйкес құзыретті орган немесе жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке және (немесе) заңды тұлға арасындағы пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге не барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылысжайларын салуға және (немесе) пайдалануға...
Толығырақ... Оқылды: 1084 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.02.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.