ӘЛЕУМЕТ
Жайпақ ауылдық округінде 2376 гектарға егін егілген |
«Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы «Адал көмек» жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз-мәслихаты Жайпақ ауылдық округінің әкімі Ерік Табеевпен өткізілді, — деп хабарлайды «Jetisy media» ақпараттық алаңы. Өткен жылмен салыстырғанда жеке шаруа қожалықтарының саны 73 болса, биылғы жылы 4 жеке шаруа қожалықтарының саны бірнеше есеге артқан. Жалпы, суармалы жер игеру көлемі 61 гектарға ұлғайып, нәтижесінде 4 адам жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ, егін себілген жер көлемі 2376 гектарды құраған. Оның ішінде: мал азық даққылдары (көпжылдық шөп) 280 гектарға, дәнді дақылы 100 гектарға, майлы дақылы 1896 гектарға, бақша дақылы 63 гектарға, қант қызылшасы 10 гектарға ұлғайған. Ал, мал шаруашылығы бойынша ірі қара 1396 бас, сиыр 498 бас, қой ешкі 5800 бас, аналық 2145 бас, жылқы 1159 бас, бие 295 бас, құс 905 басқа жеткен. Сонымен қатар, білім беру саласы бойынша округте 1 орта мектеп жұмыс істеуде. Барлық оқушылар саны 258. 1-4 сын... |
Толығырақ... Оқылды: 206 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.09.2020 |
АЛИК ШПЕКБАЕВ АЛМАТЫ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН СӨЙЛЕСТІ |
Алик Шпекбаев Алматы қаласының үкіметтік емес ұйымдарымен дәстүрлі кездесу өткізді. Онда Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалары мен Агенттік қызметінің негізгі нәтижелері таныстырылды. Достық үйіне жиналған үкіметтік емес және еріктілер ұйымдарының танымал өкілдері, құқық қорғаушылар, журналистер, сарапшылар Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларының үш пакетімен; мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған трансформациялық үдерістермен; бюджет шығыстарын оңтайландыру жөніндегі алдын алу жұмысының нәтижелерімен; елде парасаттылық идеологиясын ілгерілету жөніндегі жаңа тәсілдермен жан-жақты танысты. «Белсенді азаматтық қоғамсыз жемқорлықты барынша азайту мен жою туралы айтудың өзі жөнсіз. Сондықтан біз қоғамдық серіктестерді таңдауда және оның санын арттыруда өзімізді шектемейміз. Бүгінгі таңда Агенттікті 80 мыңға жуық жемқорлыққа қарсы белсенділер мен еріктілер қолдап отыр. Олардың тегін қызметі азаматта... |
Толығырақ... Оқылды: 183 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.09.2020 |
АЛИК ШПЕКБАЕВ ТРАНСПАРЕНСИ ҚАЗАҚСТАН ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ |
25 қыркүйекте Алматы қаласының сервистік антикор-орталығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы «Транспаренси Қазақстан» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесін және бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдерін еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі новеллаларымен таныстырды. Кездесу барысында Алик Шпекбаев сарапшыларға Мемлекет басшысының сайлауалды тұғырнамасының ажырамас бөлігі болып табылатын жемқорлыққа қарсы реформалардың үш пакеті жөнінде жан-жақты айтып өтті. «Реформалардың бірінші пакеті биылдан бастап табысты іске асырылған бірінші басшылардың қол астындағыларының жемқорлығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылу мен отставкаға кету институттарына, сондай-ақ НҚА жобаларына жемқорлыққа қарсы сараптаманы қалпына келтіруге негізделді. Таяуда ғана Парламент мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйлықтар беруге толық тыйым салуды, сыбайлас жемқорлық қылмыстар субъектілерінің аясын кеңейтуді, квазимемлеке... |
Толығырақ... Оқылды: 247 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.09.2020 |
Қарасай ауданында денешынықтыру-сауықтыру кешені қолданысқа берілді |
Тұрғындар үшін көптен күттен баламасы жоқ спорт кешені есігін айқара ашты. Аталмыш ғимарат Қарасай ауданына қарасты Райымбек ауылында орналасқан.Ашылу салтанатына өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы арнайы келді. Кешен мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында салынған. Басты мердігер«СК «Элитстрой проект» ЖШС болып табылады. Нысанның аумағы 1,6 гектарды алып жатыр. Ғимараттың бой көтеруіне 1млрд. 782млн. 785мың теңге қаражат бөлінген. Көрсең көзің тоятын, сәулеті келіскен кешен 3 блоктан тұрады. Мұнда спорт сүйер қауымға керектінің бәрі бар. 1-блок күрес және бокс түрлерімен айналысуға, сондай-ақ жаттығу сабақтарына арналған әмбебап залдан құралған. Ал, 2-блок екі қабатты, сонымен бірге жертөлені қамтиды. Жертөледе техникалық, киім ауыстыру бөлмесі мен жуынатын жер орналасқан. Одан бөлек, би және сауықтыру гимнастикасының әртүрлері бойынша сабақтар өткізуге арналған зал да бар. Сондай-ақ, үстел теннисін үйренуге де жағдай жасалған. Кір жууға арналған орын... |
Толығырақ... Оқылды: 233 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.09.2020 |
Жанама ауылында 24 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс ітейді |
Бүгін «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы «Адал көмек» жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз-мәслихаты Жанама ауылдық округінің әкімі Асқар Балабатыровпен өткізілді, — деп хабарлайды «Jetisy media» ақпараттық алаңы. Ауыл шаруашылығы саласындағы аграрлық секторы бойынша Жанама ауылында биылғы жылы 2999 гектарға егістік алқабы игерілген. Оның ішінде: дәнді дақылдар 40 гектар, майлы дақылдар 2375 гектар, техникалық дақылдар 195 гектар, азықтық дақылдар 250 гектар және картоп, көкөніс, бақша 137 гектарды құраса, мал шаруашылығында ірі қара 3630 бас, жылқы 744 бас, қой-ешкі 9865 бас, құстар 4900-ді құраған. Кәсіпкерліктің де тасы өрге жүзіп отыр. Ауылдағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 24 бірлікті құрайды. Онда 132 адам жұмыс атқарады. Сонымен қатар, Жанама ауылдық округінде 1 пескоблок шығаратын цех ашылып, 3 адам жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда округ аумағында екі орта мектеп, 1 бастауыш ме... |
Толығырақ... Оқылды: 270 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.09.2020 |
Шамалған станциясындағы көпір құрылысы аяқталды |
ҚарасайауданындағыШамалғанстанциясыныңтеміржолөткеліндежаяужүргіншілеркөпірініңқұрылысымәресіне жетті. Естеріңзге саламыз, 2019 жылдың қыркүйек айының 15-ші жұлдызында Қарасай ауданы Жібек-жолы ауылындағы темір жол бекетінде жол-көлік апаты орын алған еді. Оқыс оқиғадан кейін нысанның құрылысы басталған еді. Көпірді қалпына келтіруге жергілікті бюджеттен 364млн.500 мың теңге бөлінді. Тапсырыс беруші Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Ал, жұмысқа жауапты мердігер «РУС-13»ЖШС болып табылады. Көпірдің ұзындығы 61,56 метрді құрайды. Нысан басына байланыс желілерінің инженерлік желілерін ауыстыру, іргетас плитасының астына топырақты тұрақтандыру, тірек іргетасының монолитті плиталары, баспалдақтардың металл бағаналары орнатылып, электр тартылып, жарық жүргізілген. Сондай-ақ, жаңа көпірде сәндік шағылыстырғыш панельдер бар және объектінің аумағы толығымен абаттандырылған. Ендігіде тұрғындар жаңа көпірдің игілігін көрмек. «Бір... |
Толығырақ... Оқылды: 225 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.09.2020 |
Жайлылық пен жылылық қатар сыйлады |
Талғардық кәсіпкер мұқтаж отбасына газ қазандығын сыйға тартты. Қайырымдылық жаса – қайырын өзің көресің! Алматы облысында мұқтаж жандарға көмек қолын созып, жәрдемдесушілер қатары күн санап артып келеді. Бірі - «Лидер НСК» ЖШС-нің директоры Нұрболат Кәрімов. Кәсіпкер бұл жолы Талғар қаласындағы тағы бір отбасын қуантты. Бакытгуль Масильбаеваның жанұясына көгілдір отынға тұтынатын басты қондырғына сатып алып берді. Бакытгуль Масильбаева – үш бала тәрбиелеп отыр. Біреуі - мүгедек. Бүгінге дейін үйін газға қосу үшін жалғыз басты ана күн – түн деп бір өзі қаржы жинап келді. Енді міне қайырымды жандардың арқасында көмір тасу от жағу машақанына құтылып отыр. - Менің қуанышымда шек жоқ, енді үйімізде газ болады. Балаларды жалғыз тәрбиелеп отырғандықтан, маған бәрін бір өзім жасау қиын болғаны рас. Әсіресе қыс кезінде. Кейде отын, көмір таусылып қалғанда қатты қиналатынмын. Газ тіпті жақсы болды. Көмірге тонналап алғанда қаржы көп кететін. Енді газда ақшаңда... |
Толығырақ... Оқылды: 291 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.09.2020 |
«Үміт» үміт сыйлауда |
Қоғамға жат адамдай өмір сүру, әсіресе жас жеткіншектерге қиын. Бүгінде сондай балалардың құқығын шектемеу үшін түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Олардың мүмкіндігі шектеулі болғанмен, арман-мұраттары шектеусіз. Лайықты білім алу, көшеде жүріп-тұру, өз бетінше қалаған жеріне барып - келу деген мұндай балалар үшін тек арман ғана секілді. Расында, көшеге шыға қалса, көпшіліктің назарын өзіне аудару, сондай-ақ көшедегі көздердің өзіне мүсіркей қарауы кемтар балалардың қоғамдық ортаға бейімделіп кету ынтасына бөгет жасайтыны сөзсіз. Арнайы балалар арбасымен кедергісіз қатынап, білім алып, өздері сынды жеткіншектермен қатар мектепке барып, қоғамда ешқандай алалау көрмейтін күн туар ма екен, соларға? Бұл кейбір балалар үшін мүмкін емес нәрсе болып көрінгенімен, біздің елде осындай армандарды жалғап, үміттерді оятатын орталықтар ашылуда. Мүмкіндігі шектеулі баланы аяққа тұрғызу бірінші, ата-анасының парызы болса, екіншіден, әлеуметтік жағдай жасау – мемлекет саясатының басым б... |
Толығырақ... Оқылды: 287 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.09.2020 |
Полицейлер кәсібі аса қиын және қауіпті |
Адамдарға алаңсыз жұмыс істеуде, бейбіт өмір сүруде, тұрмыс сапасын жақсартуға қажетті қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз етіп, заңсыз әрекеттерден қорғауда алдымен қол ұшын беретін құрылым – полиция. Сала қызметкерлері халықтың басына қиын жағдайлар туғанда олардың қасынан табылып, көмегін көрсетеді. Полиция жұмысы сырттай салмақты, жайбарақат көрінгенімен, ішкі иірімдері шытырманға толы болады. Құқық қорғаушылардың жұмысы таңғы сағат тоғыз бен кешкі сағат алтының аралығында шектелмейді. Тәртіп сақшылары халықтың тыныштығын күні-түні күзетіп, әлеуметтік тәртіпті бақылайды. Қауіп-қатердің алдын алады, төнген қауіпті ауыздықтауда басын бәйгеге тігетін кездері де аз емес. Елдің қалай болмағы ел басқарғандардан дейтін пәлсапаға салар болсақ, ауданымыздың бүгінгі тыныштығы, полиция қызметкерлерінің іс-қимылына, шешім, қарекетіне байланысты екені анық. Жалпы, полиция туралы әңгімені бекер бастап отырғанымыз жоқ. Бүгін аудандық полиция бөлімінің ел тыныштығын сақтаудағы халыққа жаса... |
Толығырақ... Оқылды: 358 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.09.2020 |
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі |
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 75-сессиясында өткен жалпысаяси дебаттарында бейнебайланыс форматында сөз сөйледі. Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының 75-жылдығы аумалы-төкпелі әрі күрделі сын-қатерлерге толы кезеңде өтіп жатқанын атап өтті. Президенттің пікірінше, қазіргі кезеңдегі ең басты проблема – жаһандық экономикаға орасан зор зиянын тигізген COVID-19 пандемиясы. Бұл індеттің ауыртпалығынан әлем халқы зардап шегуде. – Адамзат тарихындағы осындай нәубетке қарсы тұрып, бізді ауыр індеттен қорғау үшін алғы шепте болған дәрігерлерге барша отандастарымның атынан шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті сауда протекционизмі мен саяси ұлтшылдықтың белең алуы халықаралық ынтымақтастыққа кері әсер етіп, «жаһандық тоқыраудың» күшейе түсуіне алып келді деп санайды. Бұл жағдай орнықты дамудың келешегіне нұқсан келтіріп, миллиардтаған адамның жарқын әлемге деген үмітін үзді. Қасым-Жомарт То... |
Толығырақ... Оқылды: 155 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.09.2020 |