Жаңалықтар
Жетісу облысында инклюзивті білім беру жобасы басталды |
Жетісу облысында әлеуметтік маңызы бар жоба - «Мүгедектігі бар адамдардың білім деңгейін арттыруға бағытталған ақпараттық-коммуникативтік технологиялар бойынша кешенді іс-шараларды ұйымдастыру» жобасы іске қосылды. Жоба осы санаттағы азаматтардың цифрлық, кәсіпкерлік және әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқыту Алакөл көлінің жағасында орналасқан «Алакөл Асар» демалыс орнында өткізіліп жатыр. Мұнда барлық қатысушылар үшін қолайлы әрі қолжетімді жағдайлар жасалған. Жоба аясында әрқайсысы 20 адамнан тұратын төрт оқу легін өткізу көзделген. Жалпы 80-нен астам бенефициар қамтылады, олардың 70%-ы - мүгедектігі бар адамдар. Оқу процесі қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, әр модульдің соңында міндетті түрде тестілеу қарастырылған. Әр курс кемінде 24 академиялық сағатқа есептелген. Оқу топтарының тақырыптары қазіргі заманғы сұранысқа ие бағыттарды қамтиды: алғашқы екі топ SMM және таргеттелген жарнама бойынша тренингтерге арналса, үшіншісі - ә... |
Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 17.06.2025 |
Президент Қытайды Қазақстанның тату көршісі және уақыт тезінен өткен сенімді стратегиялық серіктесі деп атады |
Мемлекет басшысының айтуынша, екі елдің қарым-қатынасы тұрақты сипатқа ие әрі оған геосаяси сын-қатерлер мен дүрбелеңдер, сондай-ақ халықаралық ахуал теріс әсер етпейді. – Қытай Қазақстанмен арадағы ынтымақтастығында қандай да бір саяси шарт қоймаған. Біздің егемендігіміз бен қауіпсіздігімізге көрсеткен қолдауыңызды бағалаймыз. Қытайдың бейбітшілік бастамаларын қолдаймыз. Еліңіздің әділ әлемдік тәртіп орнату әрекеттерін қуаттаймыз, – деді Қазақстан Президенті. Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК секілді халықаралық және өңірлік ұйымдар аясында, сондай-ақ БРИКС + және «Орталық Азия – Қытай» форматында жоғары деңгейдегі ықпалдастық орнатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы ҚХР-дың Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық серіктесі екенін еске салды. Былтырғы қорытынды бойынша екіжақты сауда-саттық көлемі 44 миллиард долларға жеткен. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Сонымен қатар Президент мәдени-гуманитарлық саладағы елеул... |
Толығырақ... Оқылды: 9 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 17.06.2025 |
Жетісу облысында балалар футболының дамуына жаңа серпінI |
2025 жылғы 16 маусымдағы №31-ө-ж/қ бұйрыққа сәйкес Буков Виктор Иванович Жетісу облысы әкімінің орынбасарының балалар футболын дамыту жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл тағайындау өңіріміздегі жасөспірімдер футболының дамуына оң әсерін тигізіп, жаңа бастамалар мен жобаларға жол ашады деп сенеміз! Құттықтаймыз |
Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.06.2025 |
Жетісу облысында кедендік бақылау күшейтілуде: 5 айда 91 тексеру жүргізілді |
Ағымдағы жылдың бес айында Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан 91 кедендік тексеру жүргізілді. Оның ішінде камералдық, құжаттық және көшпелі тексерулер бар. Кедендік тексеру - бұл тауарлар шығарылғаннан кейін жүргізілетін кедендік бақылаудың бір түрі. Ол Кеден кодексінде көзделген өзге де бақылау нысандары мен шараларын пайдалана отырып, Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының заңнамасын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қаншалықты сақтайтынын бағалау мақсатында жүзеге асырылады. Тексеруге Қазақстан Республикасында тіркелген немесе оның аумағында тұрақты тұратын заңды және жеке тұлғалар жатады. Олардың қатарында декларация жасаушылар, тасымалдаушылар, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, тауарлар шығарылғаннан кейін оларды иеленетін тұлғалар, уәкілетті экономикалық операторлар, сондай-ақ тауарларды шекара арқылы тасымалдауға тікелей немесе жанама қатысы бар тұлғалар бар. Сонымен қатар, ЕАЭО кеден шекарасы арқы... |
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.06.2025 |
Алкаголизмнің артериялық қан қысымына зияны |
Алкогольдік артериялық гипертензия–бұлалкгольдіішімдіктерді шамадан тыс және тұрақты тұтынудың нәтижесінде дамитын, артериялық қысымның тұрақты жоғарылауымен сипатталатын патологиялық жағдай. Қан қысымының жоғарылауы алкогольді қабылдау кезінде де, оның ағзадан шығарылуы кезеңінде де орын алуы мүмкін және бірнеше күн бойы сақталуы мүмкін. Қан қысымының жоғарылауының нақты ерекшеліктері алкоголь метаболизмі генотиптік ерекшеліктеріне, аурудың сатысына,қабылданғаналкогольдің мөлшеріне және оны қабылдаутүрінебайланысты болуы мүмкін. Қан қысымының 160-200/90-100 мм сын.бағ. дейін жоғарылауы, тыныштықта 100-110 соққы/минутына тұрақты тахикардия, бас ауруы, бас айналу, жүрек айну, құсу байқалады. Аурудыңерте кезеңдерінде артериальды гипертензия тұрақсыз болады, қан қысымының қалыпқа келуі әдетте дәрі-дәрмек қолданбай-ақ жүреді. Алкогольді ұзақ уақыт бойы асыра қолданған жағдайда артериальды гипертензия тұрақты болып,нысаналымүшелерге: жүрекке, бүйректерге, миға, көздің тамырларын... |
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.06.2025 |
Синтетикалық есірткілерге тәуелділіктің зияны |
Синтетикалықесірткілергетәуелділік–бұлұзақуақытбойықолданудыңнәтижесіндепайдаболатын,есірткінітұтынудыбақылауқабілетініңбұзылуыменсипатталатынсиндром. Тәуелділіксиндромыныңбастыерекшелігі–есірткініқабылдауғадегенкүштіұмтылыс(патологиялыққұштарлық),олтексаналыойларментілектүріндеғанаемес,сондай-ақесірткініқолданудыбақылауқабілетініңтөмендеуімен,синтетикалықесірткінібасқаәрекеттерденартыққоюменжәнезияннемесежағымсызсалдарғақарамастанонытұрақтытүрдеқолдануменкөрінеді. Синтетикалықесірткігедегенқұштарлықұйқысыздықпенжәнемінез-құлықтыңөзгеруімен–мазасыздық,агрессивтілік,көңіл-күйдіңтөмендеуінемесеенжарлықпенқатаржүреді. Соныменқатар,организмгесинтетикалықесірткініңәсерінетөзімділіктіңартуыжәнеонықолданудытоқтатқанданемесеазайтқандапайдаболатынабстиненттікбелгілерсияқтыфизиологиялықтәуелділікбелгілерідебайқалуымүмкін. Физикалықтәуелділіктіңбелгілері: •Синтетикалықесірткініқолдануғадегенобсессивтіойлар(құштарлық,тәбет); •Шамадантысашуланшақтық... |
Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.06.2025 |
Жыл басынан бері облыста 215 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді |
Жетісу облысында биылғы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 215 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Тергеу өндірісінде 130 қылмыстық іс аяқталып, оның 122-сі сотқа жолданды. 2024 жылдан бастап енгізілген «Anti-fraud» жүйесі аясында облыс аумағында барлығы 2 431 инцидент тіркелді, оның ішінде 1 620-сы – алаяқтық фактілері бойынша. Қабылданған үйлестіру шараларының нәтижесінде жалпы сомасы 117,1 миллион теңге бұғатталды, оның ішінде 12,2 миллион теңге интернет-алаяқтық бойынша, және бұл қаражат толық көлемде жәбірленушілерге қайтарылды. Халық арасында алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында Киберқылмыспен күрес басқармасы Департамент аппараты және қалалық полиция бөлімшелерімен бірлесіп апта сайын түсіндіру шараларын өткізуде. Бұл жұмыстарға «Жас қыран» студенттік жасағы, «Lider KZ» еріктілері және «Қос Қанат Жетісу» қоғамдық бірлестігі белсенді қатысып келеді. QR-код арқылы бейнематериалдарға қол жеткізу м... |
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.06.2025 |
Жетісу облысында 117 мыңнан астам тұрғын МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған |
Жетісу облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне тарту жұмыстары жалғасуда. Қор филиалының ресми мәліметіне сәйкес, өңірде тіркелген 656 мың тұрғынның 82,1%-ы ғана сақтандырылған мәртебесіне ие. Ал 117 555 адамның (17,9%) бұл мәртебесі жоқ. Мәселені шешу мақсатында облыс әкімінің орынбасары төрағалық ететін өңірлік штаб белсенді жұмыс жүргізуде. Штабтың бастамасымен соңғы айларда 25 мыңнан астам азамат сақтандырылғандар қатарына қосылды. 2025 жылдың алғашқы бес айында облыс тұрғындары МӘМС аясында 15 млрд теңгеге медициналық қызмет алған. Бұл ретте жарналар мен аударымдар көлемі небәрі 7,8 млрд теңгені құраған. Яғни көрсетілген қызмет шығындары түсімдерден едәуір көп. Сонымен қатар, жыл басынан бері жоғары технологиялық 171 ота жасалып, оған 800 млн теңге бөлінді. Оның ішінде, тек кардиологиялық орталықта 116 ота жасалған. Бір операцияның құны 3 млн теңгеден 9 млн теңгеге дейін жетеді. Қор тарапынан медициналық ұйымдарға төлем жасамас бұрын қызмет сап... |
Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.06.2025 |
Талдықорғанда кәсіпкерлікті дамытуға 30 адамға грант берілді |
2024 жылы Талдықорған қаласы бойынша 30 азаматқа кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекеттік грант берілді. Мансап орталығы тарапынан жүргізілген мониторинг нәтижесінде грант иегерлерінің жеке құжаттары мен комиссия отырыстарының хаттамалары толықтай тексерілді. Алайда, мониторинг барысында бірқатар келеңсіз жайттар анықталды. Атап айтқанда, 5 грант иегері мүлдем есеп тапсырмаған, ал 8 адамның зейнетақы қорына жарна аудармағаны белгілі болды. Сонымен қатар, 6 азаматтың порталға құжаттарын жүктемегені және есептерін жолдамағаны анықталды. Қалған 24 грант иегері есептерін уақтылы тапсырып отыр. Айта кетейік, 2025 жылға арналған гранттарды бірінші легі бойынша өтінімдер 21 мамыр мен 3 маусым аралығында қабылданды. Бүгінгі күнге дейін 69 өтінім тіркелген. 2025 жылдың есептік кезеңінде 78 жас маман жастар тәжірибесіне жолданған. Оның ішінде 6 маман түрлі себептермен жұмыстан шығарылған. Қазіргі уақытта 72 жас 48 мекемеде қызметін жалғастырып жатыр. Маусым-шілде айларында 70%-дық көрс... |
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.06.2025 |
Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Құлагер» байқауы жарияланды, барлықтарыңыз қатысыңыздар |
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 13.06.2025 |