Жаңалықтар
Атқұмар Владимир |
Алакөл ауданының Бұлақты ауылында туып-өскен Владимир Кочетков бүгінгі жас ұрпаққа үлгі болар азаматтың бірі. Ұлты орыс болғанымен өмір салты мен дүниетанымы қазақ халқына тән. Тілге, ділге, дәстүрге деген шынайы құрметі оның болмысынан анық сезіледі. Владимир қазақ тілін жетік меңгерген, тіпті тұрмыс-тіршілігінде қазақша сөйлейтін отбасылардың қатарында. Оның айтуынша, бала күнінен қазақы ортада өскендіктен бұл тіл оған жат болмаған. – Тілді білу – бір ұлттың жүрегін түсіну деген сөз. Қазақтың тілі арқылы оның болмысын, рухын, намысын таныдым. Мен үшін бұл тек қарым-қатынас құралы емес, өмір сүру тәсілі,– дейді ол. Владимирдің қазақ халқына жақындығы тек тілмен ғана шектелмейді. Ұлттық ойындар мен дәстүрлі өнерге де етене араласқан азамат. Әсіресе, жылқыға деген қызығушылығы мен құштарлығы бала күнінен басталған. Атқа мініп шапқан сайын өзін еркін сезінетінін айтады. Бұл оның табиғатпен етене байланыста екенін көрсетеді. Көкпар Владимирдің жүрегінің төрін... |
Толығырақ... Оқылды: 38 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.05.2025 |
Көксу аудан мәслихатының кезекті XL (40-шы) сессиясы өтті |
Сессияға аудан әкімінің орынбасары Қарбаев Мадий Мырзатайұлы, “AMANAT” партиясы Көксу аудандық филиалының төрағасы Бейсенов Мәлік Аманбайұлы, Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Мұхамеджанов Бақытжан Әбділдәұлы, сондай-ақ аудандық бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібіне енгізілген мәселелер: 1.Көксу ауданы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы «Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» №15-63 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 2.Көксу ауданының 2024 жылғы бюджеттерінің атқарылуы туралы есебін бекіту туралы. 3.Көксу ауданының ауылдық округтерінің 2024 жылғы бюджеттерінің атқарылуы туралы есебін бекіту туралы. 4. Көксу ауданы мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы «Көксу ауданының әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қо... |
Толығырақ... Оқылды: 9 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.05.2025 |
Оқушылардың ойлау қабілеті – білім берудің басты мақсаты |
Қазіргізаманғыбілімберужүйесіоқушыныңтекбілімалуынемес,соныменқатароныңойлауқабілетін,логикалықжәнешығармашылықой-өрісіндамытуғабағытталған.Себебіойлайбілетін,сыникөзқараспенқарайалатыноқушы–болашақтаөзжолынтабаалатын,шешімқабылдауғақабілеттітұлға. Ойлау–туабітетінқабілетемес,дамытылатынқасиет.Олкүнделіктібілімментәжірибенің,бақылаументалдаудыңнәтижесіндеқалыптасады.Оқушыдаойлаудағдысындамытуүшін: -Ашықсұрақтарқою; -Шығармашылықтапсырмаларберу; -Дәлелдеу,салыстыру,қорытындыжасауғабаулу; -Топтықжұмыспенпікіралмасуұйымдастырумаңызды. Мысалы, математикасабақтарындағылогикалықесептер,әдебиеттегікейіпкерлермінезінталдаунемесетарихтағыоқиғаларғабағаберу –бәріоқушыныңойлаукөкжиегінкеңейтеді. Мұғалім–ойлауғаүйретуші.Егерұстазтекақпаратберуменшектелмей,оқушынысұраққоюға,өзпікірінайтуға,дәлелдеуге,ізденугебағыттаса–солкездеғанашынайыойлаудамиды.Қазіргібілімберумоделінде«дайынжауап»емес, «ізденіс»маңызды. Ойлайбілет... |
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.05.2025 |
Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру — бұл жай ғана үрдіс емес, бұл уақыт пен азаматтардың үмітіне сай туындаған қажеттілік. «Smart City» тұжырымдамасы аясында 2022 жылдан бастап Жетісу облысында «Қызмет 109» Бірыңғай байланыс орталығы жобасы жүзеге асырыл |
Байланыс орталығы — коммуналдық және әлеуметтік сипаттағы мәселелер бойынша азаматтардың өтініштерін қабылдауға, өңдеуге және сүйемелдеуге арналған тәулік бойғы ақпараттық-диспетчерлік платформа. Орталық бес негізгі байланыс арнасы арқылы жұмыс істейді: 109 қысқа нөмірі, ресми порталhttps://zhetysu.komek109.kz/submit, Zhetysu 109 мобильді қосымшасы, WhatsApp және Telegram мессенджерлері, сондай-ақ Instagram аккаунты. Осындай көпарналық байланыс әртүрлі санаттағы халық үшін сервистің қолжетімділігін барынша арттыруға мүмкіндік береді. 2025 жылы Zhetysu 109 мобильді қосымшасы ауқымды жаңғыртудан өтті. Жаңалықтардың қатарында өтініштерді бағалау жүйесі, коммуналдық және жедел қызметтердің рейтинг жүйесі, апаттық және жоспарлы жұмыстардың картасы, өтініш мәртебесінің толық ашылуы, SMS-хабарлама модулі және тұрғындарды ақпараттандыру үшін мақсатты жаңалықтар тарату механизмі енгізілді. Бүгінгі таңда байланыс орталығы 30-дан астам бағыт бойынша өтініштерді қабылдайды. Ең жиі к... |
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.04.2025 |
Қоғамға қажет болу үшін… |
Өкініштісі, жыл өткен сайын елімізде есірткі заттарын пайдаланушылар саны артып келе жатқанын нарколог дәрігерлер дабылдатып отыр. «Жаман әдет жұғымтал» демекші, денесіне есірткі егіп еліретіндер қарулы күштер қатарына да дендегені байқалады. Бұл дертпен қалай күресу керек? Оны жауынгерлер жолынан аластаудың амалы қайсы? Осы сауалдар төңірегенде Панфилов шекара басқармасының әскери құрамымен аудандық ауруханасының наркологі Дәурен Қойбағаровтың кездесуінде жан-жақты әңгіме қозғалды. «Есірткіге тәуелділіктің алдын алу және жауынгерлерді жаман әдеттен сақтандыру» деген тақырыпта өткізілген шарада шекарашылар мен нарколог арасында ашық әңгіме өрбіді. Дәурен Сәбитұлы шекарашыларға қоғамдық дертке айналған есірткіге тәуелділік пен оның салдарына байланысты туындайтын мәселелерді жіпке тізгендей жіліктеп жеткізді. Нарколог кез келген есірткінің адам ағзасына тигізетін зияннын, оларды қолданушылардың қоғамдық орта мен заң алдында жауаптылығын тәптіштеп жеткізді.... |
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.04.2025 |
Асылбек – алғыр азамат |
Темір жол қызметі көптеген түрлі мамандықтармен байланысты. Теміржолшылар арасында инженерлер, машинистер, диспетчерлер, вагон құраушылар, электромеханиктер, жолсеріктер, кезекшілер, қабылдап-жөнелту, тағы басқа толып жатқан кәсіп иелерін кездестіресіз. Солардың соңғыларының бірімен халықаралық «Алтынкөл» стансасында таныстық. Ол белгілі бағытқа вагондарды қабылдап-жөнелтуші Асылбек Сейдахмет болатын. Асылбектің айтуынша жүк тиелген вагондарды қабылдап алып, жолға аттандыру өте маңызды, күрделі жұмыс. Ол вагонға тиелген құрал-жабдықтардың қауіпсіздігі мен ерекшелігіне қарай орналастыру жағдайын да қадағалайды. – Бұл саналы, білікті, қарулы ер азаматтар ғана мүлтіксіз атқара алатын қиын да күрделі іс. Қабылдап алып, жөнелтіушілер вагон тиісті бағытқа белгіленген уақытта аттандырылуына және темір жол қатынасының бірқалыпты қауіпсіз діттеген жерге жетуіне жауап беретін маңызды мамандық. Терминалда немесе стансада жүк тиелген вагондарды қабылдап алып, жөнелтерде әр... |
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.04.2025 |
Тарам жолдар тамыршысы |
Еңбекқорлық ата-анасының бала кезден оның бойына сіңірген басты қасиеті. Бүгінде 18 жылдық еңбек өтілі бар шойын жол бекетінің диспетчері Әсел Нұрғалиева бала кезінде өмірін теміржол қызметімен байланыстырам деп ойламаған да шығар. Дегенмен біздің кейіпкеріміз балалық шағын негізгі тіршілігі теміржолмен байланысты кішкентай ғана қалада өткізіпті. Қала тұрғындарының көпшілігі теміржолда жұмыс істеп, көше балалары соларды күнделікті көріп, олардың жақсысы мен жайсаңына еліктеп өсті. Сондықтан болар мектепте оқып жүргенде Әсел теміржол қызметінің тарихы мен кәсіби ерекшеліктерін біле жүруге ден қойды. Орта мектепті аяқтағаннан кейін Әселді көптен қызықтырған әлем техникалық мамандықты таңдауға итермеледі. Таңдаған мамандығын меңгерген соң батыл қадам жасап, темір жол стансасына диспетчерлік жұмысқа орналасты. Еңбек жолының бастамасында кәсіптік жетілдіру курсына барып, таңдаған ісінің қыр-сырын түсініп, білімін тереңдете түсті. Пойыздардың қозғалысын біліктілікпен басқарып, тосы... |
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.04.2025 |
Жаңа бағыттар енгізілуде |
Биылғы жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» ретінде жариялануы жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға, сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталуда.Бұл реттекәсіби білім беру жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасын табуда.Техникалық және кәсіби білім беру мекемелері мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастық күшейтіліп, еңбек нарығының сұранысына сай мамандықтарды меңгеруге мүмкіндік беру мақсатында оқу орындарында жаңа бағыттар мен мамандықтар енгізілуде. Ел Президентінің бастамасы аясында Жетісу облысында техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұнын жаңарту, сапасын арттыру, жұмысшы мамандықтарының иммиджін көтеру бағытында жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспары бекітілген болатын. Сондай-ақ, «Жаңа мамандықтардың өңірлік атласы» әзірленді. Облыс экономикасында басымдық берілетін 5 салаға талдау жүргізіліп, жаңадан пайда болған, өзгерген, жойылып бара жатқан және... |
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.04.2025 |
«Наурыз жұмыскер» бағдарламасы іске қосылды |
Биыл жұмысшы мамандықтары жылы. Сондықтан оларға қолдау көрсетіп, ыңғайлы жағдай жасау басты міндет. Әсіресе, еңбек адамдарының баспаналы болуына көмектесу кезек күттірмейтін мәселе. Бұл туралы «Отбасы банк» облыстық филиалының директоры Жасұлан Құрманғалиев пен аталған банктегі бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Мұрат Булегенов айтып берді. Сондай-ақ, тілшілер сұрағына да жауап қайтарды. Белгілі болғандай, отбасы банк 17 наурызда «Наурыз жұмыскер» бағдарламасын іске қосып, өтінім қабылдауды бастайды. Ол банк бөлімшелерінде өтеді. Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін банк 72 миллиард теңге қаражат бөлмек. Нәтижесінде 2 440 жұмысшы мамандық иелері тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік алады. Банк қызметкерлері қолжетімді несие шарттарын жан-жақты түсіндіру үшін жыл басынан 350-ге жуық кәсіпорын еңбеккерлерімен кездесу өткізген. ШАРТТАРЫ Пайыздық мөлшерлеме. «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы бойынша ипотека 9%-бен (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 9,4%-д... |
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.04.2025 |
Колледж бітіргендер жұмыссыз қалмайды |
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өңірде жоспарланып жатқан іс көп. Осы ретте колледждер мен облыстағы жетекші кәсіпорындар арасында 10 меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум жұмысшы мамандықта оқып жатқан студенттердің жұмыссыз қалмайтынын аңғартады. Облыс орталығында ұйымдастырылған «Жұмысшы мамандықтар: жаңа кезең, жаңа мүмкіндіктер» атты форумға жұмыс беруші кәсіпорындар, білім беру мекемелерінің өкілдері мен студенттер қатысты. Шара шымылдығын облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев түрді. Айтуынша, бұл форумның басты мақсаты – жастарды жұмысшы мамандыққа тарту. – Қазіргі жастардың көбісі бірден жоғары білімге жүгіреді де арнайы орта білімге аса көңіл бөлмейді. Бірақ негізгі жұмысшы мамандықтар – қазіргі ел экономикасының негізгі драйвері. Адамның күнделікті өмірі негізі жұмысшы мамандықтан басталады,– деді ол. Форум аясында аспаз, сантехник, электрик, құрылысшы, тігінші, орманшы мамандықтарында оқып жатқан 27 колле... |
Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.04.2025 |