Жаңалықтар
Тоқаев көлікті мас күйінде жүргізгендерге жазаны қатаңдатуды тапсырды |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мас күйінде көлік жүргізгендерге берілетін жазаны қатаңдатуды тапсырды. Бұл туралы президентTwitterжелісінде жазды. «Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез-келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет», - деп тапсырды Тоқаев. Айта кетсек, Қазақстанда қаннан 0,5 промилле мөлшерінде алкогольді ішімдіктің табылуы жеңіл дәрежедегі мастық саналады. |
Толығырақ... Оқылды: 290 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 28.10.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 28 қазан |
Бүгін әлемде Әжелер мен Аталар күні атап өтіледі. Бұл мейрамды алғаш рет Канада тұрғындары тойлай бастады. 28 қазан – халықаралық анимация күні. Анимацияның кинодан 20 жыл бұрын пайда болғанын көп адам біле бермейді. 1892 жылы 28 қазанда суретші Эмиль Рейно париждік көрермендерге "жалтыраған пантомимдерді" – экранда қозғалған бейнелерді көрсетті. Кейін оларды мультфильмдер деп айта бастады. Қазір "суреттерді" компьютерлік анимация көмегімен жасайды, 3-D арқылы дайындалады. Бірақ көпшілік үшін мультфильм бала кезінен таныс шағын ертегі болып қала бермек, ересек адамдардың әлі күнге дейін оларды көретіні бекер емес, өйткені бұл ғажайыпқа сенудің ең қарапайым амалы. |
Толығырақ... Оқылды: 367 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 28.10.2019 |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Б.Б. Дембаевтың «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабы тәртібінде үндеуі |
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! Әлеуметтік желілерде сотпен экстремистік деп танылған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» ұйымы (ҚДТ) мен оның жақтастары 2019 жылғы 26 қазанда кезекті заңсыз акцияларды ұйымдастырып, қатысуға шақырулар таратуда. Аталған ұйымның мүшелері аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін шетелде сот төрелігінен жасырынып жүр. Олар тұрғындарды құқыққа қарсы іс-әрекеттерге айдап салып, адамдардың қауіпсіздігіне, олардың өмірі мен денсаулығына, мүлкіне залал келтіру, қоғамның қалыпты тіршілік әрекетін бұзу қауіпін туындатуда. Бұл тұлғалардың қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қатер төндіретін іс-әрекеттеріне жол берілмейді және олар шектеуге жатады, өйткені Конституцияның нормаларына және елдің заңдарына, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 19, 20, 21-баптарына қайшы келеді. «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 13-бабына сәйкес экстремистік ұйымдарды тарта отырып, бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пик... |
Толығырақ... Оқылды: 353 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.10.2019 |
Кербұлақ ауданының 59 елді мекені орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған |
Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихаты барысында Кербұлақ ауданының әкімі Махаббат Бигельдиев хабарлады. Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында оң серпін байқалды. Осы жылдың III-ші тоқсанында ауыл шаруашылық, өнеркәсіп және де басқа салалардың барлығында өсім сақталды,-деді аудан әкімі өз есебінде. Сонымен қатар, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2 млрд 969 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі 102,8 пайыз болды. Ауылшаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 2018 жылмен салыстырғанда 1 мың 118 гектарға артып, 111 мың 793 гектарға жеткен. Барлығы 88 мың 143 гектар дәнді дақылдан түсімділігі 20 центнерден 175 685 тонна астық орылды. Келесі жылдың есебіндегі 25 мың 748 гектар алқапқа күздік бидай себіліп, жоспар 100 пайызға орындалған. Картоп өндірісі 2 мың 640 гектарға себіліп, жоспар 100 пайызға аяқталды. Әр гектардан орташа түсім 208 центнерден айналып 54 мың 900 тонна өнім өндірілді. Сонымен қатар,... |
Толығырақ... Оқылды: 339 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.10.2019 |
Беларусь елі Панфилов ауданы арқылы Қытайға өз тауарын шығармақ |
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Беларусь елінің тауарлары сатылатын арнайы сауда орталығы ашылды. Қазірдің өзінде бұл еркін экономикалық сауда аймағында 20-дан астам түрлі компаниялардың өнімдері қойылған. Беларусь Республикасының Премьер-министрінің бірінші орынбасары Александр Турчиннің айтуынша жаңадан ашылған сауда павилоны арқылы Қытай нарығына қандай тауар керектігін зерттейміз. Егер біздің өнімдерге сұраныс артып жатса Алматы обысында Беларусь елінің өнімдерін өндіретін боламыз,-деді. Беларусь Республикасы Қытай еліне өз өнімдерін мұхит арқылы бір айдан астам тасымалдаса, «Құрғақ порт» арқылы 15 күнге тасымалдау мүмкіндігі бар. Осы орайда, облыс әкімі Амандық Баталов А.Турчинға «Nur joly» және «Құрғақ порт» бекеттерінің жұмыстарын таныстырды. Айта кету керек, өткен жылы Қазақстан мен Беларусь арасында 1 млрд теңге сауда-саттық жасалынған. Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметі. |
Толығырақ... Оқылды: 310 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.10.2019 |
Қазақстанда алдағы қыс қандай болады |
«Қазгидромет» синоптиктері алдағы қыс қандай болатынын айтты. Мамандардың болжамынша, қыстың алғашқы екі айында еліміздің басым бөлігінде ауа райы салыстырмалы түрде жылы болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Қазақстанда алдағы қыс қандай болады «Алдын ала болжам бойынша қараша айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1°С жоғары, тек еліміздің батыс және шығысында норма шамасында болады деп күтіледі. Жауын-шашын мөлшері республикамыздың басым бөлігінде норма шамасында, тек қиыр оңтүстікте және солтүстік-шығыс аудандардың кей жерлерінде нормадан көп, республикамыздың оңтүстік-батысында нормадан аз болады деп болжанады», - дейді гидрометорталықтың директоры Марина Шмидт. Оның сөзінше, қыстың алғашқы екі айында республикамыздың басым бөлігінде салыстырмалы жылы ауа райы болады деп болжанып отыр. Сонымен қатар ауа температурасы климаттық нормадан 3-5°С-қа төмен күндер де болуы мүмкін. «Қазақстан аумағы бойынш... |
Толығырақ... Оқылды: 399 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 25.10.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 25 қазан |
25 қазан күні Беларусь халқы Диірменшілер күнін атап өтеді. Диірменшілердің еңбегі әрдайым жоғары бағаланатын. Өйткені күз келіп, барлық дәнді дақыл жиналған кезде, ұнның сапалы, тиісінше жейтін нанның дәмді болуына жауап беретін солар. Заманға қарай нан пісірудің әдіс-тәсілдері өзгергенмен, Беларусьте әлі күнге дейін жел және су диірмендерін кездестіруге болады. Бұрынғы заманда диірменмен байланысты мистикалық әңгімелер мен наным-сенімдер көп болған. Мәселен, желсіз, тымық күні диірменнің қалағын мыстан кемпірлер айналдырады деген наным бар. Бұған қоса, олар диірменшілерге бидай салынған ауыр қаптарды тасуға көмектеседі-міс. Ал диірменшілер алғыс ретінде өздерінің "қамқоршыларына" диірменнің бір түкпірінен орын береді екен деседі. Сондай-ақ, бүгін Ресейде Кеденшілер күні. Ресейде алғашқы кеден жарғысы 359 жыл бұрын пайда болғанын көбісі біле бермейді. Сол кезден бері 25 қазан ресейлік кеден тарихында айтулы дата болып қалды. Үш жарым ғасыр бұрын дәл осы күні патша Алексей... |
Толығырақ... Оқылды: 357 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 25.10.2019 |
Алматы облысы спортшылары Токиодағы жазғы олимпиадаға жолдама ұтып алды |
Jetisy media» мекемесінің ұйымдастыруымен «2020 жылы Токио қаласында өтетін ХХХII жазғы Олимпиада ойындары» тақырыбына брифинг өтіп, оған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен жас спортшылар қатысты. «Қазіргі таңда Алматы облысының споршылары келер жылы Токио қаласында өтетін ХХХII жазғы Олимпиада ойындарына садақ атудан және грек-рим күресінен 5 жолдама ұтып алды. 2019 жылдың маусым айында Голландия мемлекетінің Хертогенбос қаласында садақ атудан өткен әлем чемпионатында облыс спортшылары Санжар Мұсаев, Денис Ганькин, Ильфат Абдуллин сынды спортшыларымыз 3 жолдаманы жекелей ұтып алса, 1 жолдаманы командалық есепте иеленді»,- деді облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Нұркен Нұратов. Ал тағы бір спикер грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Асхат Ділмұхамедов жеңіске жету жолы турасында баяндады. Баршаға белгілі, үстіміздегі жылдың 14-22 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында грек-рим күресіне... |
Толығырақ... Оқылды: 370 Санат: СПОРТ Уақыты: 24.10.2019 |
Алматы облысы бойынша МКД баспасөз-мәслихатын өткізді |
Jetisy` media алаңында Мемлекеттік кірістер Департаментінің ұйымдастыруымен «2019 жылдың 9 айындағы кедендік әкімшілендіру жұмысының негізгі бағыттары жөнінде Алматы облысы бойынша МКД қызметінің қорытындысы» тақырыбында баспасөз-мәслихатын өткізді. Спикерлер Алматы облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Д.Н.Маулетов және кедендік әкімшілендіру басқарма басшысы Р.О. Қалиаждаров кедендік әкімшілендіру жұмысының негізгі бағыттары және осы жылдың 9 ай ішінде орын алған құқық бұзушылықтар жөнінде баяндады. Бүгінде Департамент құрылымы 20 аумақтық басқармалардан, «Достық» кеденінен, бес «Алтынкөл-жол», «Қорғас-ШЫХО», «Қалжат», «Нұр жолы» және «Талдықорған» кеден бекеттерінен тұрады. Жалпы, Департамент кеден ісі саласында 9 ай көлемінде 672 құқық бұзушылық анықтады, 87 628 125 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, 78 096 750 теңгеге айыппұл өндірілді. Оның ішінде тек қана ҚР ӘҚБтК 551-бабы бойынша &la... |
Толығырақ... Оқылды: 351 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.10.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 24 қазан |
Бүгін – Біріккен Ұлттар ұйымы күні. БҰҰ биыл 70 жылдығын атап өтіп жатыр. Бүгінде ұйым құрамында 193 мемлекет бар. БҰҰ – бітімгер ұйым, осы ұйымның жұмысының арқасында елдер арасындағы дау-жанжал, текетірестің алдын алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, ол қиын жағдайда қалған мемлекеттерге қол ұшын созады. БҰҰ эмблемасы – бидай масақтарымен қоршалған жер шары. Сондай-ақ, бүгін Ұлттық жүйкеге тию күні аталып өтеді. "Жүйкеге тию" тіркесін ежелгі заманның дәрігерлері ойлап тапқан екен. Өйткені ақхалаттылар жүйкені музыкалық аспаптардың ішегіне ұқсатқан. Тағы бір қызықты мерекенің бірі – Мейірімді әрі жомарт бастықтар күні. Бұл күні жұмыстан ерте кетуге бола ма, болмай ма, басшылық сыйақы бере ме, бермей ме, – ол жағын біз білмейміз. Десе де бастығыңызды төл мерекесімен құттықтаған абзал, бәлкім, жолыңыз болып қалар. Бүгін, сондай-ақ, Бүкіләлемдік дәретхана күні. Бұл мерекенің қалай тойланатыны бізге беймәлім. Тек осы маңызды дата туралы біліп жүр... |
Толығырақ... Оқылды: 358 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 24.10.2019 |