Жаңалықтар

Жаңа министр "әнұран", "сынып" деген сөздер қолданыстан алынатынын айтты

Ақтоты Райымқұлова үш мыңнан астам термин қайта бекітілгенін атап өтті Министрдің айтуынша, халықаралық терминдерді қазақ тіліне қайтару үшін терминологиялық қорға мониторинг жүргізілді. Осыған орай бұрын қазақ тіліне аударылған 3 300-нан астам жалпыға бірдей қабылданған термин мен ұғым қайта қаралып бекітілді. "Олардың 300-ге жуығы – халықаралық терминдер. Мысалы, "мұражай" деген сөз "музей" болатын болды. Мұрағат – архив, тағы сондай-сондай нәрселер", – деді Райымқұлова бүгінгі есеп беру кездесуінде. Бұдан бөлек, азатжол – абзац, пайыз – процент, сынып – класс, құрсым – шина, теңгерім – баланс, әнұран – гимн, мұқаммал – инвентарь, ақау – дефект, шегендеу – демаркация, мейрамхана – ресторан, қимыл – анимация, ал "әлеует" деген сөз "потенциал" болып қайта өзгертілді. "Бүгінде "Termincom.kz" сайтының негізінде терминологияны...
Толығырақ... Оқылды: 396 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 21.06.2019

Суретке түсудің алты әдісі

Жалпы әрбір кәсіби фотограф адамның өмірдегі бейнесі мен суреттегі бейнесі бірдей болмайтынын баса айтады. Суреттің дұрыс түсірілуі көптеген факторларға байланысты: адамның жеке сұлулығы, киімі, көңіл-күйі, тіпті иісі де! “Өмір – қозғалыс” деп алсақ, сол қозғалыстың бір ғана сәтінде адамның сұлулығын да, көңіл-күйін де, басқасын да білу үлкен өнерді талап етеді. Ендеше, суретке түсудің ережелерін біліп алыңыз: 1. Камера обьективіне фотографтың бұйрығынсыз қарамаңыз. Себебі сіз обьективке қарасаңыз, сіздің дайындығыңыз, киіміңіз, шаш үлгіңіз, дене бітіміңіз, аксессуарларыңыздың маңызы екінші қатарға түсіп қалуы мүмкін. Суретте тек көзіңізге назар аударылатын болса, фото сәтсіз шығады. Психологияның айтары да сол, егер адам суретте тіке сізге қарап тұрса, көрермен суретті бағалай алмайды. Мысал: көшеде кетіп бара жатқан адамның көзі басқа жақта болса, сіз оған ден салып қарай аласыз… 2. Суретке түскенде, басты тік ұстау да қате. Егер ер адамның суретінен...
Толығырақ... Оқылды: 430 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 21.06.2019

Экстремалды спорт қарқынды дамуда

22-30 маусым аралығында Алматы облысының Жоңғар Алатауы, Ескелді ауданының Екпінді ауылы сияқты табиғаты көркем жерлерінде үш ірі халықаралық спорт шарасы өтеді. Бұл жайлы өңірлік экстремалды жарыс өкілдері федерациясы өңірлік комуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді. Жарыс бағдарламасы бойынша алдымен Азия біріншілігі жалауын желбіретеді. Артынша Қабанбай батырға арналған Қазақстан кубогы ұйымдастырылмақ. Паропланшылар бәсекесін әлем кезегі қорытындылайды. Эскстремалдық спорттық додаға Дүниежүзінің 24 елінен 124 адам қатысады деп жоспарланған. Бұл тізімде 10-нан аса әлем чемпиондары мен жүлдегерлері бар. Қазақстандықтар өз жарыс алаңында және жанкүйерлер алдында аянып қалмайды дейді мамандар. Ұйымдастырушылардың пікірінше мұндағы басты мақсат паропландық спортты өткізу арқылы елдегі туризмді дамыту. Әзірге әлем кубогінде жерлестеріміздің үздік көрсеткіші 8 орын болып отыр. Қазақстандағы жарыста жергілікті саңлақтардың жүлдегер болуына толық мүмкіндігі...
Толығырақ... Оқылды: 356 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.06.2019

Баламалы энергия-заман талабы

Жетісу өңірінің шалғай ауылдары күннен қуат алатын электр станциялармен толық қамтылуы тиіс. Бұл әсіресе шаруа қожалықпен айналысатын тұрғындар үшін тиімді. Себебі, таулы аймақтарға арнайы жарық жүйесі жүргізілмеген. Сол себепті шағын күн электр станциясын орнатылуы керек. Бұл жөнінде «Азия жүрегі» мәдениет және экологияны қолдау қорының президенті Вадим Ханифович журналистер үйінде өткен жиында айтты. Басқосуда «Көмірсутекті электр энергия генераторларын пайдаланудан бас тарту және жаңартылатын энергия көздеріне көшу бағдарламасын» түсіндірді. Бұл - біріншіден энергия үнемдеуге, екіншіден экологияның ластануын алдын алады, - дейді мұндағылар. Осы орайда сарапшылар, шаруа қожалық қызметкерлері мен кәсіпкерлерге күн электр станциясын арнайы Ғаламдық экологиялық қордың қаржылық қолдауымен ала алатынын айтты. «Қазіргі таңда жасыл экономиканы қалыптастырып, энергия көздерінің баламалы түрлерін қарастыру, жұмсалатын энергияны үнемдеу мәселесі алдыңғы шепте. Б...
Толығырақ... Оқылды: 425 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.06.2019

Мемлекеттік қызметшілер арасында пейнтболдан жарыс өтті

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай пейнтболдан облыстық жарыс өтті. Оған Жетісу өңірінен 12 команда қатысты. Пейтбол бәсекесі облыстық мемлекеттік қызметшілер арасында тұңғыш рет өтіп отыр.Қатысушылар қатары да көп. Әрқайсысы 5 адамнан құралған 12 команда өзара екі топқа бөлінген. Ұйымдастырушылардың айтуынша жарысты өткізудегі басты мақсат халық арасында сала өкілдерінің беделін арттырып, бірлігін нығайту. Ертеңнен кешке дейін қазіргі заманның қаржы саласы бар, қаржыны жинау, оны орналастыру, осы саланың барлық жұмыстарын игеріп отыру мемлекеттік қызметшілердің мойнында. Сондықтанда мемлекетшілердің жұмысқа деген көзқарасы, жұмыс істеу деңгейі өте жоғары болуы керек. Соған байланысты ұйымдастырылып отырған іс-шара, -деді облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев. Пейнтбол бастапқыда арнайы мақсаттағы әскери жасақтың жаттығуы болған. Кейіннен халық арасында үлкен қызығушылыққа ие болып, жылдам тарап кетті. Бұл...
Толығырақ... Оқылды: 353 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.06.2019

Өмір сүруге 20 қулық

Күнделікті тұрмысқа қажетті 20 қулық. Сіз де біле отырсын деген ниетпен. Жаңа туфли қысатын болып шықты ма? Үш пар шұлықпен киіп, 10 минут фен ағысының астына қойыңыз. Пинг-понгка арналған шардың ішке майысқан бөлігін қалып келтіру оңай, ол үшін ыстығы ұрған оттықтың үстіне қою қажет (аралық жақын болып кетпесін). Шар ішіндегі газ жылылықтың әсерінен үлкейіп, нәтижесінде шар бастапқы қалпына қайта келмек. Жүгіру кезінде бір бүйірдің ауырмасы үшін, әр жолы сол аяқ жерге түскенде дем алыңыз. YouTube-тан видео жүктеп алу үшін,www. және youtube аралығындаURL орнына«ss» қойыңыз және «enter» батырмасын басыңыз. YouTube-тегі ән қайта-қайта орындалуы үшін,www. және youtube аралығындаURL орнына«repeat» сөзінқойыңыз және «enter» батырмасын басыңыз. Түнде алма шырынын ішіңіз – оның құрамында түсті жарқын әсерге бөлейтін құрам бар. Егер мобильді қондырғыға “ұшақтамын” режимін қояр болсаңыз, онда жалықтыратын жар...
Толығырақ... Оқылды: 324 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 20.06.2019

Күнә – иесін қорлайды

Халықтың болашағы кейінгі жастарына байланысты. Ақыл-есі дұрыс жұрт ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән береді. Ұрпақ тәрбиесі – мемлекеттің ұстыны, ұлттың тұғыры. Қазақта: «Ұяда не көрсең, ұшқан­­­да соны ілерсің» деген мақал бар. Демек, балаңызға қандай тәрбие бересіз, өскенде соның жемісін жейсіз. Ислам шари­ғатында, өзі жамандыққа үйір адам, баласына «жат қылық істеме» деп айтқанымен пайда жоқ. Себебі ол – жалғаншыл, өтірікші пенде санатында. Мысалы, өзі арақ ішеді, бірақ баласына «арақ ішпе» деп айтқан адамның сөзі қабыл емес. Ерте заманда халқымыздың мазхаб ата­сы Әбу Ханифаға бір әйел келіп: «Ұстаз, мына балам балды көп жейді, содан бет-аузы ісініп кетті. Дұға оқып, дем салып беріңізші» дейді. Ғұлама ұстаз: «Бұл қолдан келетін шаруа екен, 40 күннен кейін алып кел баланы» деп оны қайтарады. Арада 40 күн өткен соң әйел баласын алып келеді. Әбу Ханифа жарықтық баланың басынан сипап тұрып: &...
Толығырақ... Оқылды: 455 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 20.06.2019

Елімізде көлік салығын төлеу мерзімі өзгереді

Елімізде көлік салығын төлеу мерзімі өзгереді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Салық төлеушілердің әкімшілік және уақытша шығындарын азайту мақсатында салықты және әлеуметтік төлемдер төлеуді жеңілдету жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде көпқабатты үйлердің тұрғындары мүлік және жер салығын төлеуге мәжбүр. Бұл ретте салық сомасы аз, ал әкімшілік шығын едәуір. Жеке тұлғалардың мүлік және жер салығын біріктіру ұсынылуда. Бұл ретте көппәтерлі тұрғын үй иелерінің жер салығы алынып тасталады. Қазір салықты жыл соңына дейін төлеу қажет. 2020 жылдан бастап салықты келесі жылғы 1 сәуірге дейін төлеу жоспарланып отыр. Бұл автомобиль иелері үшін қолайлы. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты — адал салық төлеушінің мүддесін қорғау», — делінген хабарламада.
Толығырақ... Оқылды: 333 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 20.06.2019

Жемқорлық үшін бірінші басшы жазаланады – мәжіліс заң жобасын мақұлдады

Заң жобасына сәйкес қол астындағы қызметкер жемқорлық жасаса, бірінші басшы да жауапқа тартылады Парламент мәжілісінің депутаттары жемқорлық үшін бірінші басшының жауапкершілігі туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайдыSputnik Қазақстантілшісі. Бұл норма "Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында қарастырылған. Соның аясында қол астындағы қызметкері жемқорлық жасап ұсталса, бірінші басшының жауапқа тартылатыны да қаралады. "Бұл өзгерістер қызметкерлерінің жемқорлық әрекеті үшін бірінші басшылардың жеке жауапкершілігін арттыруды көздейді", - дейді депутат Михаил Чирков. Заң жобасы бойынша мемлекеттік қызметтен теріс әрекетіне байланысты кетпеген адамдар бір айдың ішінде конкурсқа қатыса алады. Ондайда тест тапсырудың қажеті жоқ. Бұдан бөлек, ауыс-түйіс институтына саяси мемлекеттік қызметшілерді де қосу жоспарланып отыр. Ал қызметт...
Толығырақ... Оқылды: 278 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 20.06.2019

ҚР мәжіліс депутаттары"Зейнет жасын төмендету керек": депутаттар тың ұсыныс жасады

Депутаттар мүгедек бала асырап отырған ата-ананың біреуін жұмыстан ерте босату керек деп санайды "Халық коммунистері" фракциясының депутаттары мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-ананың зейнет жасын төмендетуді ұсынды. Осыған орай, олар үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықоваға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайдыSputnik Қазақстантілшісі. Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, осы санаттағы отбасыларға арнайы мәртебе беру керек. Сөйтіп, зейнет жасын төмендетіп, жұмыс істейтін ата-аналарға тағы бірқатар жеңілдік берген дұрыс. "Біз мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-ананың зейнет жасын төмендетуді ұсынамыз. Сондай-ақ, ата-ананың біреуін жұмыстан ерте жіберу мәселесін қарастырған жөн. Себебі мүгедек балаға тәулік бойы қарау қажет. Оған біраз күш-жігер кетеді. Психологиялық жүктеме де аз емес", - деді Магеррамов мәжілістің жалпы отырысында. Мүгедек балаларға қандай көмек керек? Фракция депутаттары қамқоршылықты рәсімдеу тәртібін де же...
Толығырақ... Оқылды: 308 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 20.06.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.