Жаңалықтар

БАЙ БОЛУДЫҢ 2 ЖОЛЫ

Алла Тағала пенделерін кең мейірім, рақымымен сан-алуан нығметке бөлеген. Ішіп-жеу, киім-кешек, дүние-мүлік тәріздес нығметтердің барлығы Алла тағаланың құлына сыйлаған ерекше сыйы. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Сабырлылық, үнемділік және қажетсіз ысырапшылдыққа жол бермеушілік, пайғамбарлық сипатының жиырма төрт қасиетінің бірі. Ысырапшылдыққа жол бермеңіз», – деп ескертеді. Ал адамзатқа жүктелген міндет – сол берілген сансыз нығметтерді жөнімен қолданып, астамшылық көрсетпей, ысырапшылдыққа жол бермей, үнемшіл болу керек. Егер бай боламын десеңіз, онда оның екі жолы бар, бірі ысырыпқа жол бермеу, екіншісі үнемшіл болу. Осы орайда, ата-бабамыз «Тарта жесең тай қалар, тартпай жесең не қалар!?», — деп бекерге айтпаса керек-ті. Ысырап – Алла Тағаланың сыйлаған әрбір нығметін өз орнымен қолданбау, яғни ысырап деген: Алла Тағала сүймейтін іс, үлкен күнә, дүние-мүлкіңді орынсыз шашу, уақытыңды дұрыс қолданбау, берекені қашыратын жа...
Толығырақ... Оқылды: 431 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 14.06.2019

Үш адамнан ешуақытта ақыл сұрама

Сараңнан жақсылық жайлы, қорқақтан жорық хақында, ал жігіттен айттыратын қызың туралы ақыл сұрама. Бұл сахаба Убайдуллаұлы Талханың (р.а.) сөзі. Кеңесіп пішкен тон келте болмас дегендей маңызды мәселеде үнемі ақылдасып шешім қабылдаған жөн. Сахаба айтары бар, белгілі деңгейде тәжірибелі адаммен ақылдасып, кеңесу қажеттігін үйретеді. Үш түрлі адамды мысал ретінде келтірген. Олар: сараң, қорқақ және бойдақ жігіт. Кісі тұрмақ өз бала-шағасынан да аяйтын сараңнан қайырымдылық жасауға қатысты ой бөлісіп, ақылдасудан береке таппайсың. Сол сияқты, су жүрек қорқақтан шайқасу жөнінде кеңесу ақылдының ісі емес. Ал, бойдақ жігіттен қыз жайлы сұрау тіпті дұрыс емес екенін айтып отыр. «Бір кісінікі – мақұл, екі кісінікі – ақыл» демекші, кеңесу ақылдылықтың белгісі. Ақылшы дос, ниеттес ағайын, болмаса өмірлік тәжірибесі бар, өз ортасында ақылдылығы һәм парасаттылығымен танылған тұлғада ақыл сұраған жөн. Лұқман Хәкім баласына: «Өмір көргенмен кеңес. Ол саған өмірлік тәжі...
Толығырақ... Оқылды: 448 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 14.06.2019

Алла Тағала кімді сынайды?

Алла Тағала барлық пендесін түрлі жағдайларда сынайды. Отбасына қатысты, қызметімен байланысты немесе кенеттен келген олжамен, саудадан түскен пайдамен де сынауы әбден мүмкін. Алланың сынағынан аман қалған пенде жоқ. Барлық адам әйтеуір бір сынаққа ұшырап отырады. Алла тағала Құранда: «Әрине, сендерді қауіп-қатер, ашаршылық пен малдан, жаннан сондай-ақ, өнімнен кеміту арқылы сынаймыз (Мұхаммед (с.ғ.с.) сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр! Қашан оларға бір қайғы жетсе олар: «Шын мәнінде біз Алланыкіміз және Оған қайтушымыз» – дейді. Міне соларға, Раббылары жақтан жарылқау және мархамет бар әрі олар тура жолдағылар» (Бақара: 155-156). Егер адам осындай сынақтан өтсе, онда оған Алланың жарылқауы бұйырады. Өйткені ол басына түскен сынақ машақатын ерлікпен жеңе білді. Алдынан шыққан қиындықтарды Алладан келген уақытша сынақ деп түсініп, қарсы күресті. Сондай-ақ, Алла Тағала пендесін молшылықпен сынағаны сияқты, таршылық пен де сынайтынын естен шығармағ...
Толығырақ... Оқылды: 415 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 14.06.2019

36 жастағы министр Асхат Аймағамбетов туралы не білеміз?

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ҚР Білім және ғылым министрі болып Асхат Аймағамбетов тағайындалды Асхат Аймағамбетов бұған дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған еді. Ол 2019 жылдың 25 ақпанында ғана тағайындалған Күләш Шәмшидинованың орнына келді. Білімі Асхат Аймағамбетов 1982 жылы 14 маусым күні Қарағанды облысында дүниеге келген. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін, Қарағанды "Болашақ" білім беру институтының заң факультетін, "саяси ғылымдар" мамандығы бойынша Еуразия ұлттық университетін тəмамдаған. Еңбек жолы Еңбек жолын 2002 жылы Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастайды. 2004–2005 - "Аңсар" жастар лигасы" ҚБ төрағасы; 2005–2006 - "Медиа СП" ЖШС директоры; 2006–2012 - Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті; 2012–2014 - Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынб...
Толығырақ... Оқылды: 334 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 14.06.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 маусым

Бүгін – Дүниежүзілік қан доноры күні. Бұл мерекені атап өту бастамасын бір мезетте бірнеше ұйым көтерген болатын. Атап айтқанда, Халықаралық қан құю қоғамы, Қызыл крест халықаралық федерациясы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. Бүкіләлемдік мерекенің датасы ретінде 14 маусымның таңдалуы кездейсоқтық емес, дәл осы күні әйгілі ғалым, австриялық дәрігер-иммунолог, адам қанының тобын алғаш ашқан Карл Ландштейнер дүниеге келген еді. 1930 жылы медицинадағы жетістігі үшін Нобель сыйлығын иеленді. Сондай-ақ, бүгін АҚШ тұрғындары Америка байрағы күнін атап өтеді. Жеті қызыл және алты ақ жолақты тудың бір жақ шетінде 50 бесбұрышты жұлдыз бар. Байрақтағы 13 жолақ тәуелсіз мемлекетті құрған 13 британиялық колонияны (Делавэр, Пенсильвания, Нью-Джерси, Джорджия, Коннектикут, Массачусетс, Мэриленд, Оңтүстік Каролина, Нью-Гэмпшир, Виргиния, Нью-Йорк, Солтүстік Каролина, Род-Айленд) білдіреді. Ал жұлдыздар саны штат санына сәйкес келеді. Қызыл түс төзімділік пен батырлықты, қара көк түс...
Толығырақ... Оқылды: 391 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 14.06.2019

Қай орынға отырасыз? (психологиялық тест)

Мәтінді оқымай тұрып, суретке зер салыңыз. Жаныңызға жақын, отырғыңыз келетін орындықты таңдаңыз. Таңдауыңызға сәйкес орындық сипаттамасын оқып, өзіңізді таныңыз. 1. «Кәсіпкер» орындығы. Сіз өте мықты және еңбекқор адамсыз. Таңертеңнен кешке дейін бір орында тапжылмай, қиын әрі күрделі жобамен айналыса аласыз. Бойыңызда тәуекелшілдік тұнып тұр. Қандай шешім шығарсаңыз да, тек жақсылығын көруге тырысасыз. Бір көрген кісі сізді еңбексүйгіш деп бағалайды, олар қателеспейді де. Бірақ сіз жұмысыңызға деген шексіз махаббатыңыз арқылы өзге еңбекқор жандардан ерекшеленіп тұрасыз. Ойға алған ісіңізді соңына дейін жеткізбей тынбайсыз. 2. «Рухани тәлімгер» отырғышы. Сіз сабырлы әрі жанашыр жансыз. Бір күніңізді толығымен жәрдеміңізге мұқтаж адамға арнай аласыз. Жаныңыз қайырымдылық пен мейірімділікке бай. Сіз үшін нағыз адам – өзгелерге қол ұшын соза алған жан. «Адам аласы ішінде» деген тіркес сізге сай емес екенін бір көріп білуге болады. Себебі...
Толығырақ... Оқылды: 391 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 13.06.2019

Білегіңізде неше сызық бар? Тексеріңіз де, мағынасын оқыңыз!

Жүздеген жылдар бұрын үнділіктер қолға қарап жорамалдар жасай бастаған. Ол алғашында Азияда, кейіннен Еуропада танымал бола бастайды. Қазір технологияның дамығанына қарамастан, хиромантия ғылымына деген сұраныс мол.Соның ішінде ең қызықты жорамалдардың бірі — білектегі сызықтарға байланысты.Мамандардың айтуынша, сызық қанша көп болса, сонша ұзақ ғұмыр сүретініңіздің белгісі. Білезік тұсында негізінен 2-3 сызық болады, кейде 4 сызық та кездеседі. Әр сызықтың өзіне тән белгілері болады әрі ол сіздің денсаулығыңыз бен тағдырыңыз туралы сөйлей алады… Сонымен ол сызықтар нені меңзейді? Бірінші сызықең маңыздысы. Себебі ол адамның денсаулығынан хабар береді. Егер ол сызық анық, әрі үзілген жері болмаса барлығы жақсы. Ал білінер-білінбес болса, әлсіздігіңіз бар деген сөз. Екінші сызықбайлықтың белгісі. Түзу және анық көрініп тұрған сызық адамның бай, бақуатты болатынының белгісі. Үшінші сызықтыңбилікке, қызметке әсері бар. Бұл жерде де сызықтың ан...
Толығырақ... Оқылды: 436 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 13.06.2019

Неге суды екі рет қайнату өмірімізге аса қауіпті?

Көбінесе қайнатқан суымыз суып кеткенде қайтадан қайнатып аламыз. Ал бірақ қайта қайнатқанда судың құрамында қандай өзгерістер болатынын білмейміз. Бұл тақырып маңызды болғанымен, ол мектептегі химия және биология сабақтарында айтылмайды. Ал расында су қайнаған кезде оның құрамы өзгереді. Су екінші рет қайнағанда, оның химиялық құрамы зиянды жаққа өзгереді.Осылайша, зиянды заттар ұшып кетпей, жинала бастайды. Мұндай зиянды заттарға мышьяк, нитраттар мен фторид жатады. Оған қоса басында пайдалы болған заттар шамасынан көп жиналған жағадай да қауіп төндіруі мүмкін. Мысалы кальций тұзының жиналуының нәтижесінде бүйрек тастарының пайда болуы ықтимал. Бірнеше рет қайнатылған судың ағзаға зияны: 1. Күшәла (мышьяк) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұжырымынша «ауыз су құрамында күшәла болғандықтан халыққа қауіп төндіреді». Күшәланың ағзаға әсері интоксикацияға әкелуі мүмкін. Интоксикацияның потенциалды зардаптары асқазан ауруларына, диабет, перефири...
Толығырақ... Оқылды: 386 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 13.06.2019

Жүгірудің пайдасы қандай?

Жүгіру – спорттың бір түрі. Бірақ оны спорт ретінде емес, күнделікті іс ретінде қарауға да болады. Себебі оның да өзіне тән ерекшелігі мен пайдасы бар. 1. Жүгіру жүрек қағысының соғысын реттейді. Ол жүрек бұлшық еттерін қалпына келтіріп, тұрақтандырушы. Бұл дегеніміз жүрек қатты әрі берік болады. 2. Қандағы кислород көбейеді. Жүгіру кезінде денеден қан көп бөлінеді. Бұл қан айналымының дұрыстығына жауап береді. 3. Күйзеліске таптырмас спорт түрі. Күйзеліс және шаршау адам денесіндегі көптеген мүшелердің зақымдалуына алып келеді. Сондықтан әрдайым сергек әрі жадыраңқы жүру үшін жүгірудің пайдасы зор. 4. Жүгіру кезінде қанда эндрофин гормоны жиілейді. Бұл гормон медицина тілінде «бақыт гормоны» деп аталады. Бұл бекер емес. Қанда бұл гормон қалыпты әрі жиі қалыптасқан сайын күйзеліс жоғалады. 5. Ақылдың белсенділігі артады. Жүгіру кезінде адам өзімен-өзі қалып түрлі ойға барады. Бұл оның тез әрі нақты шешімдер қабылдауына көмектеседі. Жүйке тамырлары...
Толығырақ... Оқылды: 494 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 13.06.2019

НЕГЕ АДАМДАР ҚИЫНДЫҚ КӨРЕДІ?

Қиындықтан қамығып жаны жүдеген, жалғыз қалып, жақсылықтан күдер үзген бауырым! Өмірге деген құлшынысың құлдырып, жабығып жүрсең, мынаны оқы! Құран Кәрімнің «Әнкабут» сүресінде мынадай аят бар:«Адамдар «Иманға келдік» деп айтумен ғана сынаққа алынбай қалдырыламыз деп ойлай ма?» Тәпсір ғалымы Ибн Кәсир бұл аятты түсіндіріп былай дейді: «Алла Тағала Өзінің мүмін құлын оның иманының деңгейіне қарай сынайды. Иманы күшейе түскен сайын сынақ күрделене береді, ал иманы әлсіз кісі сеніміне қарай сыналады». Бұл аяттың талдауын Пайғамбарымыздың (ﷺ) мына хадисімен де түсіндіруге болады:«Адамдар арасында ең қиын сынаққа түсетіні – пайғамбарлар. Содан кейін салих ізгі құлдар, сосын сол секілді адамдар. Кісі өз дініне (иманына) қарай сыналады. Егер діні (иманы) қатты болса, сынағы арта түседі» Сондай-ақ, атақты тәбиғиндердің бірі, ғалым Мужахид: «Бұл аяттың түсу себебі, мүмін пендесін сынау – Алланың дәстүрі, заң...
Толығырақ... Оқылды: 453 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 13.06.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.