Жаңалықтар

ЖЕГЕНІ - ЖАНТАҚ, АРҚАЛАҒАНЫ - АЛТЫН

Журналист мамандығы – қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. Өз шығармашылығы арқылы қоғамға да, адамға да қызмет ететін, ешқашан қателесуге болмайтын, қашанда жаңаның, жаңалықтың жақтаушысы, қолдаушысы бола алатын осы бір кәсіп иелерінің қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді. Бұл әрине, қуантарлық жәйт. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 маусымды ақпарат қызметкерлері күні деп белгілеуі - қуанышымызды еселей түскендей. «Журналистің жегені - жантық, арқалағаны - алтын» дейді жазушы Шерхан Мұртаза. Халықтың тіршілігінен, әлеуметтік әл-ауқатынан, руханияты мен қоғам тынысынан хабар тарататын қалам иелері қашан да мақтауға лайықты. Осындай ойы ұшқыр қалам иелерін бір шаңырақ астына топтастырып отырған ауданымыздың газеті - «Нұрлы Көксу» редакциясы. Әлихан Бөкейхан айтқан төрт қағида бар. «Бірінші: газет – халықтың көзі, құлағы, тілі; екінші: газет — жұртқа қызмет ететін нәрсе; үшінші: газет &ndas...
Толығырақ... Оқылды: 523 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 28.06.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 28 маусым

Бүгін Қазақстанда Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні аталып өтеді. Әуелде бұл мейрам Журналистика күні деген атаумен тәуелсіз Қазақстанда 10 мамырда тойланатын. Себебі дәл осы күні алғашқы қазақ тілді "Түрікстан уәлаяты" газеті басылып шыға бастаған еді. Алайда 10 мамыр қазақстандық журналистика тарихына кәсіби мереке ретінде енбей қалды. Кейін Қазақ КСР-нің "Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңы қабылданған күнге орай журналистер мерекесі 28 маусымға ауыстырылды. Көп ұзамай мейрам Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні деген атау алды. 2019 жылдың 24 маусымында Қазақстан президентінің арнайы қаулысымен үкіметке журналистердің кәсіби мерекесін бекіту туралы тапсырма берілді. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын әділ шешім болмақ. Украина халқы мемлекеттік мереке – Конституция күнін атап өтеді. Бұл дата 1996 жылы 28 маусымда Украина Жоғары Радасының тәуелсіз мемлекеттің жаңа Конституц...
Толығырақ... Оқылды: 434 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 28.06.2019

Жетісулықтардың күнде су жаңа ұялы телефон ұтып алуға мүмкіндігі бар

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өтетін кезекті республикалық науқан өткізуде. Бұл шара азаматтық белсенділікті арттыру, тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Ұйымдастырушылардың сөзіне сүйінсек, Мемлекеттік кірістер комитеті ұйымдастырып отырған науқанға кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады. Бұл үшін оған тұтынған тауар немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің суретін Play Market-те немесе App Store-да «Таңдау» мобильді қосымшасын жүктеп,тіркеуіңіз шарт. Акцияның толық шарттары мен қосымшасымен жұмыс істеу нұсқаулығын www.trebui.kz акция сайтынан көруге болады. Қазақстан Республикасының барлық азаматтары «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал» акциясына қатыса алады. Акцияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрл...
Толығырақ... Оқылды: 420 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.06.2019

Токиодағы Олимпиада ойындарында Жетісу спортшылары Қазақстан атынан өнер көрсетеді

Токиода өткен Олимпиада ойындарында «Қазақстан» садақ ату командасы үш лицензияны жеңіп алды. Бұл нәтиже маңызды көрсеткіштердің бірі болды, өйткені 20 жылдан кейін, 2000 жылы Сиднейде өтетін Олимпиада ойындарынан кейін Қазақстан Олимпиада ойындарында командалық жарыстарда қатысатын болады. 9 маусым мен 16 маусым аралығында Голландияда Дүниежүзілік садақ ату лигасы бойынша чемпионат өткізілді, онда командалық жарыстарда 8 лицензия және командалық жарыстарда төрт жеке лицензиясы болды. 1/8 есебімен финалда ерлердің классикалық садақ ату командасы АҚШ-тан қарсыластарын жеңіп, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері атанды. «Мен командама және жаттықтырушымызға ризамын. Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Құрама Штаттардың қарсыластарын 6:0 есебімен жеңді. Біздің басты мақсатымыз алдағы Олимпиада ойындарында алтын медаль алу. Оған дейін біз әлем кубоктарында және халықаралық жарыстарда өзімізді сынап көрмекпіз», - деді Азия кубогінің қола жүлдегері Санж...
Толығырақ... Оқылды: 428 Санат: СПОРТ Уақыты: 24.06.2019

«Nur Otan»-НЫҢ НҰРЛЫ ОТЫРЫСЫ

Сәрсенбінің сәтті күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалының саяси кеңес отырысы өтті. Бұл жиынға ҚР Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Талдықорған өңірлік кәсіподақ комитетінің төрағасы, облыстық саяси кеңес мүшесі Садық Әбдіқадыров, аудандық мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов, саяси кеңес мүшелері, округ әкімдері мен мәслихат депутаттар, жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Сәрсенбінің сәтті күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалының саяси кеңес отырысы өтті. Бұл жиынға ҚР Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Талдықорған өңірлік кәсіподақ комитетінің төрағасы, облыстық саяси кеңес мүшесі Садық Әбдіқадыров, аудандық мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов, саяси...
Толығырақ... Оқылды: 454 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.06.2019

ҰШЫРСА ҰЯМЫЗ, ҚАЛАЙША ҚИЯМЫЗ

Мектептегі өмір енді өткеніміз, Алаңсыз шақ, балалық көктеміміз. Қуантады, біресе қорқытады, Бір-ақ күнде есейіп кеткеніміз. Үзілмесін тіршілік тынбас әні, Үлкен өмір есігін кімге ашады. Алыстағы армандар шақырғанмен, Қоштасарда көңілді мұң басады. Иә, мектеп – сіз бен біздің біліммен сусындаған, тәлім алған алтын ордамыз. Мектеп – қасиетті шаңырақ, киелі мекен. Көптен күткен салтанатты сәт те келіп жеткен сияқты. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын аттаған ұл- қыздарымыздың, ойы толып, білім нәрімен сусындап, кәмелеттік аттестат алуға, алтын ұя мектебімен қоштасатын уақыты да келді. 12 маусым – республикамыздың барлық аймақтарында мектеп бітіру кештері аталып өтті. Осы айтулы күннің кереметін көру биылғы жылы Мұқыры ауылдық округі Қ.Жапсарбаев атындағы орта мектепке бұйырыпты. Аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы, аудан әкімінің орынбасары Ұлан Досымбеков пен аудандық білім бөлімінің басшысы Тлеумұрат Сейтниязов арнайы қатысы...
Толығырақ... Оқылды: 661 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.06.2019

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР МЕРЕКЕСІ

Денсаулық – адам үшін баға жетпес байлық. Бұл мереке құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі. Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деп, денсаулықты дүниедегі байлық атаулының барлығынан жоғары қойса, Ата заңымызда «Мемлекеттің ең басты қазынасы – халық және оның денсаулығы» деп айқын көрсетілген. Азаматтардың рухани дүниесі мен денінің саулығы – мемлекетіміздің басымдық беріп отырған маңызды міндеттерінің бірі. Дені сау ұлт қана бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруді мақсат еткен мәңгілік елімізді дамытуға қабілетті бола алады. Адам өміріндегі, өлшеусіз еңбектің ерен жандары, ол – дәрігерлер. Олар – науқас жандардың жабырқаулы жүздеріне үміт отын ұялатып, үлкен сенімге жетелеп, өмір өзен арнасының әлі де ағысында талай өмір сүру керектігін ескертіп, бойға қуат бітіретін абзал жандар! Осы айтулы к...
Толығырақ... Оқылды: 787 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.06.2019

АЙЫПТАУҒА АСЫҚПАЙЫҚ

Бір әйел алыс сапарға аттанбақ болып әуежайға келді. Ұшуға әлі ертелеу еді. Ол бір қорап печенье сатып алды. Сонсоң оңашалау бір орындыққа отырып кітап оқи бастады. Сәлден соң көрші орындыққа бір кісі келіп жайғасты да, ол да кітабын шығарып, оқуға кірісті. Әйел қасында тұрған қораптан бір түйір печеньені ала бергенде жаңа келіп отырған көршісінің де қорапқа қол созғанын байқап қалды. Бейтаныс кісінің әдепсіздігіне ашуланып, ұрсып тастағысы келді де, өзін әзер тежеді. Қорапқа қолын созған сайын ол кісі де бір түйірден алуын тоқтатпады. Үндемеген сайын басынған көршінің бейәдеп тірлігі ашуын шегіне жеткізді. Осылай іштей арпалыста отырғанда қорапта бір-ақ дана печенье қалды. Енді не істер екен деп отырғанда әлгі кісі еппен оны екіге бөлді де, жартысын қорапта қалдырып, әйелді одан сайын таңқалдырды. Арсыз әрекет әйелді әбден ашуға булықтырды. Ол орнынан тұрды да, кітабын қолтықтап ұшаққа беттеді. Әлгінде болған жайтты санасына әлі де сиғыза алмаған күйі ұшақтағы орнына жайғасты. Артынша...
Толығырақ... Оқылды: 398 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 21.06.2019

Жаңа министр "әнұран", "сынып" деген сөздер қолданыстан алынатынын айтты

Ақтоты Райымқұлова үш мыңнан астам термин қайта бекітілгенін атап өтті Министрдің айтуынша, халықаралық терминдерді қазақ тіліне қайтару үшін терминологиялық қорға мониторинг жүргізілді. Осыған орай бұрын қазақ тіліне аударылған 3 300-нан астам жалпыға бірдей қабылданған термин мен ұғым қайта қаралып бекітілді. "Олардың 300-ге жуығы – халықаралық терминдер. Мысалы, "мұражай" деген сөз "музей" болатын болды. Мұрағат – архив, тағы сондай-сондай нәрселер", – деді Райымқұлова бүгінгі есеп беру кездесуінде. Бұдан бөлек, азатжол – абзац, пайыз – процент, сынып – класс, құрсым – шина, теңгерім – баланс, әнұран – гимн, мұқаммал – инвентарь, ақау – дефект, шегендеу – демаркация, мейрамхана – ресторан, қимыл – анимация, ал "әлеует" деген сөз "потенциал" болып қайта өзгертілді. "Бүгінде "Termincom.kz" сайтының негізінде терминологияны...
Толығырақ... Оқылды: 409 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 21.06.2019

Суретке түсудің алты әдісі

Жалпы әрбір кәсіби фотограф адамның өмірдегі бейнесі мен суреттегі бейнесі бірдей болмайтынын баса айтады. Суреттің дұрыс түсірілуі көптеген факторларға байланысты: адамның жеке сұлулығы, киімі, көңіл-күйі, тіпті иісі де! “Өмір – қозғалыс” деп алсақ, сол қозғалыстың бір ғана сәтінде адамның сұлулығын да, көңіл-күйін де, басқасын да білу үлкен өнерді талап етеді. Ендеше, суретке түсудің ережелерін біліп алыңыз: 1. Камера обьективіне фотографтың бұйрығынсыз қарамаңыз. Себебі сіз обьективке қарасаңыз, сіздің дайындығыңыз, киіміңіз, шаш үлгіңіз, дене бітіміңіз, аксессуарларыңыздың маңызы екінші қатарға түсіп қалуы мүмкін. Суретте тек көзіңізге назар аударылатын болса, фото сәтсіз шығады. Психологияның айтары да сол, егер адам суретте тіке сізге қарап тұрса, көрермен суретті бағалай алмайды. Мысал: көшеде кетіп бара жатқан адамның көзі басқа жақта болса, сіз оған ден салып қарай аласыз… 2. Суретке түскенде, басты тік ұстау да қате. Егер ер адамның суретінен...
Толығырақ... Оқылды: 449 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 21.06.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.