Жаңалықтар

суицид барысы бойынша жастар арасында ақпараттық талдау

Қоғамнан көретін қысым, отбасылық кикілжің, күнделікті ата-анадан таяқ жеу сияқты іс – әрекеттер. Нәтижесінде бала өз өміріне балта шабу, аталған қиындықтардан құтылудың ең оңай жолы деп ойлайды. Суицидке апаратын бұданда басқа бірнеше негізгі себептері бар: Тұқым қуалау.Атадан балаға беріп кететін мұра секілді, суицидта тұқым арқылы, қан арқылы берілетіні дәлелденген. Отбасыңыздың, жақындарыңыздың арасында көп жылдар бұрын бұл нәрсе болған болса, кейін сіздің балаларыңыздан өз – өзіне қол жұмсау белгілерін байқасаңыз таң қалмаңыз. Алдын алып, өмірімен қоштасуына жол бермеңіз. Оқыс әрекет – психикалық жарақат.Тәрбие тал бесіктен басталады. Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі деген мақалдар бекер айтылмаса керек. Бала өзінің ұясында қанатын қатайтып, жылу мен мейірімге зәру болады. Ал қазіргі көптеген отбасылар керісінше баланың көзінше ұрысып, керісіп тіпті төбелесіп те жатады. Не болмаса балаға жекіп, «бәле болдың» деген сияқты ауыр сөздер айты...
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 04.11.2024

Нашақорлықсыз болашақ

Елімізде де, бүкіл әлемде де алаңдаушылық тудыратын өзекті мәселелердің бірі – нашақорлықтың таралуы. Бұл құбылыс жеке адамның ғана емес, жалпы ұлттың денсаулығына қауіп төндіреді. Нашақорлық – есірткіге немесе психотроптық затқа тәуелділіктен туындаған ауру. Есірткіні қолдану нәтижесінде психикалық және физикалық тәуелділік қалыптасады. Тәуелділіктің қалыптасу жылдамдығы және оның ауырлығы әр түрлі болуы мүмкін. Яғни жасына, қолдану жиілігіне, ағзаның ерекшеліктеріне әсер етеді. Психикалық тәуелділіктің жағдайы адамның есірткінің көмегімен ішкі тепе-теңдікке қол жеткізгісі келетіндігінде және есірткінің әсерін қайта-қайта сезінуге тырысатындығында көрінеді. Есірткіні сатумен айналысу – қылмыс. Есірткі заттарын қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Нашақорлық өте қорқынышты ауру. Себебі есірткіге әуес адам келесі дозаға ақша іздеп, ұрлыққа, алдауға баруы мүмкін. Осындай қысқа сәт үшін ол саналы түрде, өзін өмірдің барлық қуаныштарынан айырад...
Толығырақ... Оқылды: 53 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 04.11.2024

Демалыстағы демалыс

Ағымдағы жылдың 31 қазан күні Айнабұлақ ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушының Мереке Қырықбай және №12 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Бекмұрат Баяхметұлының ұйымдастырумен “Тазалық – денсаулық кепілі”атты баскетбол ойынынан оқуышлар арасында жарыс ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты: Жасөспірімдерді демалыс уақытында бос уақыттарын ұялы телефонда өткізбей, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында жоспарланды. — Оқушылардың белсенділігі өте жоғары. Спортқа деген ынта-жігерлері басым. Жалпы, жарыс жоғары дәрежеде өткізілді. Алдағы уақытта әлі де үлкен жарыстар болады деп үміттенеміз–дейді, №12 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Бекмұрат Баяхметұлы. Сонымен қатар, спорт пен тазалық денсалықтың басты кепілі болғандықтан тазалық пен спортты егіз ұғым ретінде қарастыруымыз керек. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар тапсырылды. Өз тілшіміз
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 31.10.2024

Жетісудағы Ақсу және Көксу қант зауыттарына бүгінге 352 мың тонна қант қызылшасы қабылданды

Биыл Жетісу облысында 13700 гектарға қант қызылшасы егілсе, одан жалпы 615 мың тонна қызылша жиналады деп күтілуде. Қазіргі уақытта 8 600 гектардан 403 мың тонна жиналды, бұл жалпы себілген көлемнің 63 %. Бүгінгі күнге соның 352 мың тоннасы Ақсу және Көксу қант зауыттарына өткізілді. Бұл туралы бүгін Талдықорғанда Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен брифинг барысында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев айтты, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Брифинг барысында Н. Кененбаев журналистерге облыстағы қант қызылшасын жинау және өнімді зауыттарға өткізу мәселелеріне қатысты кеңінен баяндап берді. Оның айтуынша, бүгінгі күні 13700 гектар қызылша алқабының қалған 5100 гектарында тәтті түбір жинау жұмыстары қарқынды жүруде. Гектар өнімділігі биыл 472 центнерден айналып отыр. Бұл – жақсы көрсеткіш. Облыстағы екі зауыттың қуаттылығы 700 мың тонна өнім өңдеуге жетеді. Бүгінгі күні бұл кәсіпорындарға облыс шаруашылықта...
Толығырақ... Оқылды: 57 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 31.10.2024

Жетісу облысында жасөспірімдер арасында 7 суицид жағдайы тіркелді

Бүгінде жасөспірім қыздар мен ұлдар көз жұмуының себептері арасында суицид әрдайым басты орындардың бірінде. Жыл басынан Жетісу облысында 101 суицид жағдайы тіркелді. Оның ішінде аяқталған суицидтің 7 фактісі, 6 әрекет жасау фактісі тіркелген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Мадина Турдашева мәлімдеді. Маманның айтуынша, кәмелетке толмаған жастардың психикалық денсаулығындағы мәселелерді тудырушы фактор ретінде депрессия, мазасыздық, буллинг, мінез-құлық мәселелері мен өз-өзіне зақым келтіру. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы екінші өзекті мәселе ерте жүктіліктің алдын алу. Талдықорған қаласында кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің 16 жағдайы тіркелді. Суицидтің алдын алу үшін дәрігерлер мен психологтар, соның ішінде суицидология және психиатрия мамандары суицидтік ойлар мен әрекеттерге тап болған жасөспірімдермен жұмыс жасайды. Жастар денсаулық орталығында жасөспірімдер әлеуметтік...
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.10.2024

Мектептерде қауіпсіз тамақтануды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Жыл басынан аудандық, қалалық басқармалары прокуратура органдарымен бірлесіп 187 мектеп асханаларына жоспардан тыс тексеру жүргізіп, барлығынан бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов мәлімдеді. Тексеру барысында асханаларда ас блогы қызметкерлерінде медициналық кітапша болмаған. Азық-түлікті сақтау шарттары бұзылған, шикізаттың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болмаған, қоймадағы бақылау-өлшеу аспаптары жоқ, рұқсат етілмеген өнімдер: дәмдеуіштер, қоспалар, қуырылған бәліш қолданылған. Нәтижесінде прокуратура органдарының ұсыныстары бойынша 50 әкімшілік айыппұл жазылып, 2 жарым миллион теңгеге жуық қаражат салынды. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болмауына байланысты 7 материал сотқа жіберілді. Мектеп асханаларында күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты адам тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе...
Толығырақ... Оқылды: 38 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.10.2024

БАЛПЫҚ БИ АУЫЛЫНЫҢ КЕЗЕГІ КЕЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАҒЫ, КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖАҢАДАН САЛЫНҒАН 13 ТҰРҒЫН ҮЙ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, оларды баспанамен қамту – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі. Осы орайда, 25 қазан-Республика күні мерекесі қарсаңында және ауданның 80 жылдық мерейтойына орай, аудан көлемінде 13отбасы жаңа баспанаға ие болды. Бүгін аудан әкімі Дәулет Кенжеханұлының бастауымен Балпық би ауылының кезегі келген әлеуметтік осал топтағы, көп балалы отбасыларға жаңадан салынған 13 баспана кілті салтанатты түрде табысталып, қоныс тойы тойланды. «Міне, мереке қарсаңында қоныстанған баспаналарыңыз құтты болсын. Мемлекеттің осындай игі істері алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын, іші шаттыққа толсын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!»,- деді аудан әкімі Дәулет Халелов құттықтау сөзінде. Айта кетейік, бүгінде Балпық би ауылында 23 жеке тұрғын үй құрылысын «Smart Taldykorgan» ЖШС, 7 жеке тұрғын үй «Kazakhstan grand Construction» ЖШС жүргізу...
Толығырақ... Оқылды: 48 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.10.2024

Жетісу облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықпен ақпараттық-ағарту жұмыстарының қорытындысы шығарылды

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі бойынша жүргізілген сараптамалық жұмыстың нәтижелері туралы халықты ақпараттандыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде еліміздің барлық аймағында «Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі осы бағытта жұмыс жүргізді. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жетісу облысы бойынша осы жұмыстың қорытындылары туралы жоғарыда аталған қоғамдық ұйымның өкілдері, сондай-ақ ҚР СИМ Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшылығы хабардар етті. Қоғамдық ұйым өкілдері Ажар Қыдыралина мен Жанна Биятан хабарлағандай, жобаның міндеті осы ұйымдарға аккредиттелген әрбір өңірде кемінде 15 өнім (тауар) бірлігін зерттеу (сынау) нәтижелері туралы объективті және анық мәліметтерді БАҚ арқылы тарату арқылы Қазақстан тұтынушыларына сатылуы жүзеге асырылатын өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету бол...
Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.10.2024

Мемлекет басшысы Республика күніне орай өткен салтанатты жиында сөз сөйледі

Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиында қазақстандықтарды ұлтымыздың ең ұлық мерекесімен құттықтап, бұл азаттықтың алтын қазығын қаққан күн екенін атап өтті. Президент еліміздің Егемендігі туралы декларация қабылданған күнді қасиетті Тәуелсіздігіміздің бастауына балады. Мемлекет басшысы өз сөзінде болашаққа сеніммен қарайтын ұлт қана табысқа жете алатынына назар аударып, өмір болған соң түрлі қиындық та кездесетініне тоқталды. – Еліміз таңдаған даму жолынан ешқашан айнымайды. Мұны биылғы табиғи апат кезінде тағы да дәлелдедік. Алапат тасқын, шын мәнінде, еліміз үшін зор сынақ болды. Қаншама елді мекенді қарғын су басты. Қазақстанның 10 аймағында төтенше жағдай жарияланды. Мыңдаған адам баспанасыз қалды, мал-мүлкін жоғалтты. Күрделі сәтте менің халыққа арнайы үндеу жариялағанымды білесіздер. Онда бір де бір адам ескерусіз қалмайтынын нақты айттым. Мемлекет сол уәдесін орындады. Қысқа мерзім ішінде 2700-ге жуық үй салынды. Баспанасын қалпына келтіру үшін 9 мыңнан астам от...
Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 23.10.2024

25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Мен Сайлаубай Қуаныш Мүслімұлы @koksu.jastary филиалының жетекшісі болып қызмет атқарамын. Жастар қай заманда, қай елде болмасын, асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы болған. Сол себепті, осы сала да қызмет ету үлкен жауапкершілікті талап етеді. Үлкен жауапкершілікті талап еткен ортаны дамыту барысында бар күш-жігерімді салуға дайынмын. Сіздерді 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата - бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін! Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын!
Толығырақ... Оқылды: 75 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.10.2024
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.