Жаңалықтар
«Жетісу – адалдық алаңы» жолдағы жемқорлық тәуекелдеріне қарсы |
Облыстық көліктік бақылау инспекциясы қызметінің жылжымалы бекеттерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі бейім сала. Мәселен, соңғы үш жыл ішінде мұнда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін көліктік инспекцияның 9 қызметкері сотталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында айтылды. Өткен жылы Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті «Жетісу- адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында көлік құралдарының техникалық байқау саласында және ірі көлемді көлік құралдарының салмақтық бақылау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді. Алматы облысының ірі көлемді көлік құралдарының салмақтық бақылау саласында жүргізілген мониторинг көрсеткендей, бүгінгі таңда көліктік бақылау жүйесіндегі аталған сала сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне барынша бейім. Бұл саладағы негізгі мәселе - адами фактор, яғни «тікелей байланыстың» болуы. Сондықтан ірі көлемді... |
Толығырақ... Оқылды: 476 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.06.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 13 маусым |
Бүгін әлемде Халықаралық альбинизм туралы ақпарат тарату күні аталып өтеді. Бұл дата БҰҰ Бас ассамблеясының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы қарарымен бекітілген. 2015 жылдан бастап жыл сайын атап өту жайлы шешім қабылданды. Альбинизм – реңсіздік, яғни, организмнің өзіне тән түсінің жоғалуы. Ол рецессивті генге байланысты тұқым қуалайды. "Альбинизм" дертіне шалдыққандарды альбиностар деп айтады. Албинизмнің басты белгісі – адамның терісімен бірге шашы да сүттей ақ, ал көздері үнемі қызарып тұратындықтан өте нашар көреді. Сондай-ақ, бүгін – Кішігірім саяхат күні. Мерекені қалаған жеріңізде атап өтуге болады, тек бір сәтке айналаңызға көз жүгіртсеңіз болғаны. Барлығы сіздің көзқарасыңызға байланысты. Достарыңызбен бірге саябақта серуендеуге немесе табиғат аясына шығуға кеңес береміз. Сонымен қатар, бүгін – Түйреуіштің туған күні. Әдетте, үлкендер балаларды тіл-көзден сақтау үшін киімнің жиегіне көрсетпей, түйреуіш тағып қояды. Бұл аксессуардың тарихына... |
Толығырақ... Оқылды: 377 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 13.06.2019 |
Қазақстанда 1 шілдеден бастап кімдердің жәрдемақысы өседі? |
Қазақстанда 1 шілдеден бастап мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға тағайындалға жәрдемақы мен бала күнінен I топтағы мүгедектерге күтім көрсететіндерге берілетін жәрдемақы мөлшері өспек деп хабарлайды Азаматтарған арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасағанKAZ.NUR.KZ. Айта кетерлігі бүгінде мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар 31 183 теңге көлеміндегі жәрдемақы алып отыр екен. Ал 1 шілдеден бастап оның көлемі 10 395 теңгеге өсіп, 41 578 теңгені құрамақ.Аталған жәрдемақыға 95 мыңнан астам адам қол жеткізеді деп күтіліп отыр. Сонымен бірге Азаматтарған арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызмет таратқан хабарламада, корпорация бөлімдері мен еңбек комитетінің аймақтық департаменттері жәрдемақыны өсіру жұмысын автоматты түрде жүзеге асыратынын мәлімдеген. Сол себепті, аталмыш жәрдемақыны алу үшін, азаматтар қосымша құжат тапсырмайды. Еске салар жайт, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев"Нұр-Отан" партиясының X... |
Толығырақ... Оқылды: 348 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 13.06.2019 |
Елімізде 200 мың адамның әлеуметтік төлемі өседі: Кімдерге жеңілдік жасалады |
200 мың адамның әлеуметтік төлемі өседі Бүгін мәжілісте міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заң жобасын талқылау барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев 200 мыңнан астам қазақстандықтың әлеуметтік төлемі өсетінін айтты. Заң жобасында мемлекеттік сақтандыру қорынан төленетін үш түрлі әлеуметтік төлемдерді тағайындау параметрлерін қайта қарастыру көзделеді. Біріншіден, еңбек өтілі 5 жылдан асатын төлем алушылар үшін жүйеде қатысу өтінім коэффициентін қайта қарау ұсынылады. Бұл коэффициент үш әлеуметтік төлемді айқындау кезінде қолданылады. «Бүгінгі таңда 5 жыл және одан көп өтілі бара азаматтар үшін бір коэффициент қолданылып келеді. Осылайша жүйеге бес жылдан көп қатысқандарды ынталандыру тетігі қарастырылмаған. Жүйеге неғұрлым көп қатысуды ынталандыру үшін 5 жылдан артық қатысу өтілі бар азаматтарға әрбір еңбек еткен толық бір жылы үшін коэффициентті 2% арттыру ұсынылады», - деді министр. Екіншіден, мүгедектігі бар адамдар... |
Толығырақ... Оқылды: 324 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 13.06.2019 |
ЕЛ СЕНІМІН АҚТАР ПРЕЗИДЕНТ |
Елімізде Президент сайлауы өтті. Қалай болғанда да бұл сайлаудан бірінші кезекте ұтатын – халық. Себебі халықтың тұрмысы түзеліп, әл-ауқатының жақсы болуы биліктің тұрақтылығына байланысты екені сөзсіз. Сондықтан Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешімін бірауыздан қолдады. Халық ел үшін ерінбей еңбек ететін Президентті таңдады жеп ойлаймын. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел тағдыры, болашақ, мемлекет үшін барын салады деп сенемін. Айдана Абдыкалыкова, "Нұрлы Көксу" газетінің тілшісі. |
Толығырақ... Оқылды: 378 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.06.2019 |
ХАЛЫҚ САЙЛАҒАН ПРЕЗИДЕНТ |
Мен Бәзілов Сайлау Бәзілұлы еліміздің әрбір азаматы өз дауысын беріп, республикамыздың қандай бағытта дамитынын анықтауға өз септігін тигізуі өте маңызды деп ойлаймын. Халық сайлаған Президент ел дамуының бағытын анықтап қана қоймай, елімізді халықаралық деңгейге көтереді. Президент өз сөзінде «Сайлаудың таза, әрі әділ өтуіне кепілдік беремін»,-деп айтты. Бұл халықтың өздері дауыс берген үміткердің сайлануына деген сенімін оятады. Сондықтан халық сайлауда өздерінің қалаған адамына дауыс берді деп ойлаймын. Ел таңдаған Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың үмітін ақтайды деп ойлаймын. Сайлау Бәзілов, Көксу ауданының Құрметті азаматы. |
Толығырақ... Оқылды: 408 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.06.2019 |
БОЛАШАҚ ҮШІН НАҚТЫ ҚАДАМ |
Күні кешегі сайлауда біз өз таңдауымызды жасадық. Ол - Қасым-Жомарт Тоқаев. Еліміздің, жеріміздің дамуы үшін дұрыс таңдау жасадық деп ойлаймыз. Көзіміз көріп, көңілге түйгеніміз - Қасым-Жомарт Кемелұлы қарапайым, білімді азамат. Болашағымыздың тұрақтылық нышаны болады деген үміттеміз. Ол өзінің "Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" атты бағдарламасы арқылы халыққа кемеңгерлігі мен парасаттылығын дәлелдеді. "Ұлт көшбасшысы іс жүзінде тәуелсіз елдегі саяси басқару мен сабақтастықтың мүлде жаңа, озық үлгісін жасап берді. Менің де Президент ретіндегі негізгі ұстанымым мен өмірлік көзқарасым осы бағыттан ауытқымайды. Жоғарыда айтып өткенімдей, елдің өркендеу кепілдігі мемлекетшілдік пен дәстүр сабақтастығында және оған деген құрмет пен адалдықта жатыр. Онсыз ешқашан тұрақтылық та, даму да болмайды. Екінші ұстанымым – әділеттілік. Бұл жалпыадамзаттық әрі дала демократиясынан бастауын алатын, ата-бабамыздан дарыған, ежелден қанымызға сіңген құндылық болатын. Оны жоғалтып... |
Толығырақ... Оқылды: 475 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.06.2019 |
КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КІЛТІ |
Әрбір азамат еліміздің болашағы үшін өз таңдауын жасауы тиіс. Мен де конституциялық құқығымды пайдаланып, сайлауға дауыс беруге бардым. Орталық сайлау комиссиясының шешімімен, Қасым-Жомарт Кемелұлы басымдықпен алға шықты. Бұл жалпы жеңіс деп есептеймін. Кемел келешек үшін дұрыс таңдау жасалды деп ойлаймын. Маман Қаблисанов, аудандық мәслихат депутаты |
Толығырақ... Оқылды: 532 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.06.2019 |
ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛІ - ТОҚАЕV |
Бәрімізге белгілі, 9 маусым күні еліміз үшін өте маңызды әрі жауапты кезең - кезектен тыс президенттік сайлауы өтті. Бұл сайлау - біздің жарқын болашағымыздың кепілі. Сол себепті де, біз - жастар, өз дауысымызды ҚР-ның президенті болуға әбден лайықты деген үміткерге дауыс бердік. Ол - Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Және сол кісінің жеңіске жеткеніне қуаныштымыз. Қасым-Жомарт Кемелұлы - осы уақытқа дейін еліміз үшін елеулі еңбек етіп келді. Премьер министр болған жылдары ел экономикасы айтарлықтай жақсарды. Шет мемлекеттермен де байланысымыз тұрақты түрде орнады. Алғаш президенттік қызметке тағайындалған уақытта өзінің білімділігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Халықпен кері байланысты орнату мақсатында әкімдер мен министрлерге әлеуметтік желіде аккаунт ашуды тапсырды. Себебі, қазіргі жаһандық заманда интернет - таптырмас құрал. Тіліміздің мәртебесін де назардан тыс қалдырмады. «Бұл— өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс... |
Толығырақ... Оқылды: 413 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.06.2019 |
Ұйым жұмысы қорытындыланды |
Кезектен тыс сайлау кезінде Алматы облысы бойынша төрт құқық бұзушылық анықталды. Оның екеуі ұйымдастқан түрде өткен. Бұл туралы облыстық «Аманат» платформасының жетекшісі Қайрат Жаңабаев айтты. Баспасөз мәслихаты барысында алда атқарылатын жұмыс барысы да баяндалды. Сонымен қатар маңызды кезеннің әділ өтуін қамтамасыз еткен. Ұйымның мақсаты сайлау үдерісіне мониторинг жүргізіп, ашықтықты қадағалау. Жалпы бірлестікте штаб бірлестіктермен қатар, сарапшылар мен жастар да бар. Айта кетсек, «Аманат» платформасы 15 мамырдан бері 5 басты бағыт бойынша өз жұмысын жүргізді. «Болашақта платформамыздың үлкен жоспарлары бар. Оның біріншісі әлеумет жағынан үлкен проектіні қолға алмақпыз. Жастарға көмек көрсету, жұмыспен қамту. Бизнес центрлерді ашу сияқты жобалар жүзеге асырылады»,-деді облыстық «Аманат» платформасының жетекшісі Қайрат Жаңабаев. |
Толығырақ... Оқылды: 353 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.06.2019 |