Жаңалықтар
Күйеуіңізге АНА емес, ӘЙЕЛ болыңыз! |
Қымбатты ХАНШАЙЫМДАР! Сіз өзіңіздің күйеуіңізге қандай рөлді ойнап жүргеніңізді анықтап алыңыз. Дәл қазір сіз анасыз немесе әйелсіз. Ана мен әйелдің айырмашылығы бар. Егер де олардың екеуі де бір міндетті атқаратын болса оларға бір ғана атау берілер еді. Ананың перзенттің болашағы жөніндегі алатын орны белгілі, бірақ, сіз күйеуіңіз үшін де ананың ролін алмаңыз. Отбасының жағдайы, берекесі, перзенттердің келешегі мен бақытты өмірі әйелдің өмірде өзіне еншілеп алған «ӘЙЕЛ» немесе «АНА» позицияларына тікелей байланысты. Әйел затына тиісті болған борыштар мен парыздар толығымен әйелге ғана тиісті. Бірақ, оның барлығы АНАға тиісті емес. Себебі, «АНА» болу еркектің әйелдің қамқорлығына мұқтаждығын білдіреді. Ер адамның мінезі басым әйелдер «АНА» роліне бейім болады. Себебі, ана- қорғаушы, қамқоршы, асырап-бағушы. Яғни, ол әйелдің сұлбасындағы «ер адам». Баласы үшін жанын беруге әзір, баласына қауіп-қатер төнгенде баласын құтқару... |
Толығырақ... Оқылды: 323 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 04.06.2019 |
ҰРЫСҚАҚ ӘЙЕЛ қайдан шығады? |
Сіз жұбыңызды «есеңгіретіп» ұстауды қалайсыз. Бәлкім, бұл сізге қызық көрінер, бәлкім сізге ойын секілді түйілер. Алдымен өзіңіз ұрысқа себеп іздейсіз де, соңынан «мен не істеп қойдым? Неге мені кінәлай бересің?» деп қайран қалып отырасыз. Отбасылық өмірдегі ең қиын сынақ - жақындарыңызбен жанжалдасып қалу. Мұндай кездерде әрине, ісіңізден де береке кетеді, ары қарай күресуге дәрменіңіз қалмағандай күй кешесіз. Ал, «отбасы болған жерде ыдыс-аяқ сылдырламай» да тұрмайды. Мұның да өзіндік пайдасы жоқ емес. Дегенмен, ұрыс - керістің өршіп кетпеуін қадағалау да маңызды. Ерлі-зайыптылардың ұрыспай өмір сүруінің нәтижесінде де жақсы өмір күтіп тұр деп ойлауға болмайды. Сондықтан, төмендегі тест нәтижесі жұбайлар арасындағы қарым-қатынастың қаншалықты дәрежеде екендігін байқауға болады. 1.Өмірлік серігіңіз сіздің ұсынысыңыздан бас тартты. Ал сіз ол барлығына дайын болуы керек деп ойлайсыз. Мұндай жағдайда сіз: А) Енеңізді екеуара қарым-қатынасқа а... |
Толығырақ... Оқылды: 423 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 04.06.2019 |
Баспалдақ басқанына қарап адамды тануға болады |
Күнделікті тұрмыста адам баласы түрлі әрекеттер жасайды. Бірі ақылға қонып жатса, бірі қонбайды. Адамның ішкі түйсігі немесе сегізінші сезім мүшесі оны түрлі жайттарға апарады. Мәселен іштей сөйлесу, өзін-өзі жегідей жеп, жауабы жоқ сұрақтарға жауап іздеуі секілді. Осылардың ішіне кіретін тағы бір қызық дүние бар. Психологтардың айтуына қарағанда адам баласы әрбір істеп жатқан ісіне кейде ақылмен, кейде санасыз түрде жауап беретін көрінеді. Сонымен баспалдақты қалай басасыз? Жоғары шыққан кезде және төмен түскен кезде араға бір баспалдақ тастап шықсаңыз, бұл сіздің асығып тұрғаныңызды білдерді. Бұл көбінесе ересектер жағынан білінеді. Ал жас балалардың бұлай жасауы тек қызық үшін. Ең қызығы араға бір немесе екі-үш баспалдақ тастап шығу адамның өмірдегі жетістікке жетуіне де байланысты. Себебі өзінің алдына қойған мақсатына тез жеткісі келетін адамдарда бұл жағдай жиі орын алады. Төменге түскен кезде баспалдақтың бәрін қалдырып секіру ол адамның қиындықты тез әрі оңай шеше алат... |
Толығырақ... Оқылды: 371 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 04.06.2019 |
Күнәміз таудан үлкен, тастан қатты... |
Күнә істеу пендеге жараспаса да, Жаратушы иеге әрдайым кешірім ету жарасқан. Күнәлары үшін құлдардың Алла Тағаладан жалбарына кешірім тілеуі араб тілінде «истиғфар» деп аталады. «Астағфируллаһ» (астапыралла) деген сөз осыдан туындап, Алладан өзіме кешірім тілеймін дегенді білдіреді. Сөз арасындағы «Құдай өзі кешірсін» деген де осы мағыналас. Құран мен хадистерде кешірім тілеуге ынталандыратын сөздер көп кездеседі. Айталық,«Раббыларыңнан кешірім тілеңдер, Ол көп кешірім етуші»; «Ағаттығыңа кешірім тіле! Раббыңды ертелі-кеш мақтап, ұлықта»; «Мінсіздігіңді айтып Сені ұлықтаймыз. Мен өзіме кесір қылдым, кешіріміңді тілеймін»деген аяттар осының айғағы. Ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да (күнәдан пәк бола тұра) үнемі аузынан истиғфарын тастамай жүруді өзіне әдет еткен. Бір ерекшелігі – оны үзбей, белгілі бір саннан аз айтпағандығы. Әбу Хұрайрадан (р.а.) риуаят етілген хадисте«Ант етейін, мен күн... |
Толығырақ... Оқылды: 445 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 04.06.2019 |
ӨТІРІК АЙТУҒА БОЛАДЫ... |
Иә, өтірік айтуға болады. Бірақ, тек зәру жағдайларда ғана. Ол қандай жағдайлар? Төменде айтатын боламыз. Ислам – туралық діні. Туралық – адамның сөзі мен ісінің, ішкі жан дүниесі мен сыртқы келбетінің жасанды қылықтар мен негізі болмаған сөздерден тазарып, табиғилық шеңберінде өмір сүруін білдіреді. Ал, жалған сөйлеу Алла Тағаланың әміріне қарсы келу болып табылады. Себебі, Алла Тағала: «Өтіріксөзденсақтаныңдар», – деген. Фақиһ ғалымдар: «Зәрулік жағдайда жалған сөйлеуге рұқсат бар» деп, бүлікке бастайтын ұрыс-керісті тоқтату мәселесінде рұқсат берген. Алайда зәрулік шегінен шықпау керектігіне баса мән берсе, кейбір ғалымдар зәрулік себепті айтылған жалған сөздің өтірікке жатпайтынын айтқан. Исламда өтірік айтуға болатын зәрулік жағдайлар: Ренжіскен адамдарды татуластыру. Ұрыс-керістің алдын алу немесе тоқтату үшін ерлі-зайыпты адамдардың бірі екіншісіне өтірік сөйлеуі. Соғыс майданында дұшпанды айласына түсіру. Ибн Шиһ... |
Толығырақ... Оқылды: 403 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 04.06.2019 |
ӨЗІҢІЗГЕ ЖАҚСЫЛЫҚ ҚАЛАСАҢЫЗ... |
Алла Тағала қасиетті Құранда «Қаф» сүресінің 18-аятында:«Ол қандай сөз айтпасын, оның жанында дайын тұрған бақылаушы бар», - дейді. Сонымен қатар, аз сөйлеу дінімізде әмір етілген:«Садақа беру, жақсылықты әмір ету және адамдарды татуластырудан басқа сөйлеуде, сыбырласуда қайыр жоқ" Алла Елшісі (с.ғ.с.) Миғраж түні өте кішкентай шұңқырдан шыққан үлкен бұқаны көреді. Бірақ ол шыққан жеріне қайта кіре алмай қиналып жатады. Сонда Жәбірейілден (ғ.с.):«Бұл кім?»– деп сұрайды. Ол: «Бұл – адамның айтқан сөзі, ол сөзін қайтадан қайтарғысы келді, бірақ жасай алмады», – деген екен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):«Ақиқатында, құл өзі байқамастан Алла Тағалаға ұнамды нәрсе айтуы мүмкін, осы үшін Алла Тағала оның дәрежесін көтереді. Ақиқатында, құл байқаусызда Алла Тағаланың ашуын тудыратын сөз айтып қоюы мүмкін, осы үшін Алла Тағала оны Тозаққа тастайды–дейді.Осы хадис есіме түссе, расында, адам баласынаөз тіліне... |
Толығырақ... Оқылды: 454 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 04.06.2019 |
“Кока-коланың” құрамында не бар? |
Түрлі той-жиындар мен басқосулардағы дастарқанның көркін келтіретін “Кока-кола” сусыны жайлы не білеміз? Кішкентай балалардан бастап, ересек адамдарға дейінгілердің сүйіп ішетін сусынына айналған тәтті сумендүниежүзінде миллиондаған адам шөлін басады. Ата-аналарымыз “Кока-коланы” ішпе деп ұрысқанның өзінде де, бұл тіс пен асқазанға зиянды сусыннан бас тарта алмаймыз. Сонымен, дүниежүзін жаулап алған сусын жайлы білгіңіз келсе, біздің мақалаға көз жүгіртіңіз. “Кока-коланы” 1866 жылы доктор-фармацевт Джон Пемертон ойлап тапқан болатын. Джон Пемертон дәрілік тұнбаны ойлап таптым деп ойлап, оны асқазан аруларына қарсы емдік қасиеті бар деген тұжырымды алға тартқан. Бұл тұжырымдамада бір шындыққа ұқсас негіз бар сияқты. Өйткені, “кока-коланың” алғашқы ингредиенттерінде кокаин өсімдігінің құрамындағы заттар болды. Қазіргі таңда бұл сусында ондай зат жоқ. Бір литр сусынды жасау үшін 2 литр су қажет. Үндістан еліндегі ауыз су тапшылығы 2... |
Толығырақ... Оқылды: 521 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 04.06.2019 |
Көпбалалы аналар қуанышқа кенелді |
Рамазан айында еліміздің түкпір-түкпірінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созғандардың саны күннен-күнге өсіп келеді. Сондай игі іс Алматы облысының Райымбек ауданында да жүзеге асты. Райымбек ауданында 423 аз қамтылған және 829 көпбалалы отбасы бар. Солардың бірі Сарыжаз ауылындағы көпбалалы Исаевтар әулеті. Ұзақ жылдар бойы жалдамалы пәтер жалдап келген жанұяға алты бөлмелі баспананың кілтін сол ауылдың О.Атеев, Т.Төлемісов, Н.Чубанов, Б.Кейкеев, Е.Жүнісбеков, О.Әбдіразақов, ағайынды Ғалым, Нарын сынды кәсіпкер азаматтары демеушілік жасап, сыйға тартты. Исаевтар әулеті 7 баланы тәрбиелеп отыр. Үлкені 2002 жылғы, Талғар қаласындағы педагогикалық коллеждің білімгері болса, үйдің кенжесі 2016 жылы дүниеге келген. Ақ кимешек киген әжелер үйлері құт-берекеге толы болсын деп шашу шашса, жасы үлкен ақсақалдар бата беріп, аудан әкімі Жолан Омаров жылы лебізін білдірді. «Елбасы «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде «көп балалы және тұрмысы... |
Толығырақ... Оқылды: 545 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2019 |
ЖАМАНДЫҚ ҚЫЛСАҢ ӨЗІҢЕ, ЖАҚСЫЛЫҚ ҚЫЛСАҢ ӨЗІҢЕ… |
Бір келіншек күнде екі таба нан пісіріп, біреуін өзі талғажау етіп, біреуін терезесінің алдына қояды. Ол таба нанды көшеде өтіп бара жатқан кез келген адам алып кете алады екен. Нанды күнде терезе алдына қойғанда, басқа қалаға кетіп, содан бері еш xабар-ошарсыз жоқ боп кеткен баласының аман келуін тілейді екен. Бірде нанды аяғын сылтып басатын қаңғыбас шалдың алып бара жатқанын байқап қалады. Алайда, шал алғыс айтудың орнына, «Жамандық қылсаң өзіңе, жақсылық қылсаң өзіңе!» деп кетеді. Байқаса, нанды күнде осы шал алады екен. Таң ата терезені бағып тұрады. Нанды көре сала дорбасына салып алып, манағы сөзді айтып кетеді. Бұл әйелдің ашуына тие бастайды. Қаңғыбас шал «алғыстан» гөрі, «қарғыс» айтып кететіндей әсер қалдырып жүрді. Және ол дәндеген шалдан оңайлықпен құтылмасын біліп, ашуланып, сол күнгі таба нанға у қосып қояды. Бірақ, жеме-жемге келгенде у қосылған нанды терезе алдына қоюға әйелдің қолы бармайды. Ол сол бойда істегеніне өкініп, нанды жал... |
Толығырақ... Оқылды: 794 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 03.06.2019 |
БІР ҚҰЛАШ АРҚАН |
Өлгенде қабірге түсетіндігінен қатты қорыққан бір бай қайтыс боларының алдында былай деп өсиет қалдырыпты: «Кім де кім мен өлгенде қабіріме бір түн қонып шықса, сол адамға байлығымның тең жартысын қалдырамын!» Айтқандай-ақ көп уақыт өтпей бай қайтыс болыпты. Байды қабірге қоярда оның өсиеті бойынша жақындары қабірге бірге қонып шығатын адам іздестіріпті. Бірақ онымен бірге барып қонуға ел ішінен ешкімнің жүрегі дауаламаса керек. Бұған елдің жүгін тасып күнелтіп жүрген, бір құлаш арқанынан басқа түгі жоқ сіңірі шыққан бір кедей ғана көніпті. Әлгі кедей баймен бірге қабірге түсіп жатады. Кеш бата ел аяғы саябырсығанда екі періште келіпті. Келген періштелер қабірдегі екеуге қарап: «Мына жерде екі адам жатыр екен. Біреуі – өлі, екіншісі – тірі екен. Өлісі қайда қашар дейсің, кел, тірісінен жауап алайық» деп кедей байғұсты бүкіл өмір бойғы істеген тірліктері үшін жауапқа тартса керек. «Мына арқанды қайдан алдың? Онымен не істедің? Қашан, қай жерге н... |
Толығырақ... Оқылды: 558 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 03.06.2019 |