Жаңалықтар

Корея Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапарымен келеді

Сәуірдің 21-23 күндері Қазақстанға Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин алғашқы мемлекеттік сапарымен келмек. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея басшысымен келіссөздер жүргізу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ, бірқатар аймақтық және халықаралық өзекті мәселелерді талқылайды. Сондай-ақ, сәуір айының 24 күні Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келетін Мажарстанның Премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөздер өткізеді. Екі жақты кездесудің бағдарламасы бойынша қазақ-мажар ынтымақтастығына және аймақтық, халықаралық ахуалға қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде.
Толығырақ... Оқылды: 401 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 19.04.2019

19 СӘУІР ҚАНДАЙ КҮН???

Қазақстанда ұлттық орман егу күні Бүкілқазақстандық экологиялық акция «Тұрақты даму» Жер қорының бастамасымен алғаш рет 2014 жылдың 19 сәуірінде өтті. Оның мақсаты - ормандарды сақтап, қалпына келтіру, қалаларды жасыл желекпен көркейту, орман байлығын сақтап, көбейту ісіне қоғамның қызығушылығын арттыру, Қазақстан ормандарын қалпына келтіру жобаларына ресурстар тарту.
Толығырақ... Оқылды: 568 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 19.04.2019

Көксу ауданында 50 пәтерлі тұрғын үй салынады

Көксу ауданы Балпық би ауылындағы "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша 50 пәтерлі жалгерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Аудан әкімі Алмас Әділдің айтуынша, құрылыс жұмыстарын жарты жыл ішінде аяқтау жоспарланып отыр екен. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. "Бүгінгі таңда көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. 50 пәтерлі үй салуға және инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысының объектілеріне жобалау-сметалық құжаттама дайындалды. Олардың барлығы сараптамадан өтті. Бұдан басқа, 20 пәтерглі тағы бір тұрғын үйдің ЖСҚ әзірленді.", - деді Алмас Әділ. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың ақпан айында "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуді тапсырған болатын. Жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жыл сайын 50 миллиард теңге бөлінеді. Тағы 50 миллиар...
Толығырақ... Оқылды: 412 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 19.04.2019

Многодетной семье из Текели подарили дом

В семье 37-летней обладательницы "Күміс алқа" Назгуль Кужикеевой 7 детей. Четверо из которых ученики средних школ, а трое дошкольного возраста. До сегодняшнего дня, многодетная мать-одиночка воспитывала детей одна, проживая на съемной квартире. При поддержке акима города Текели, Бахтияра Унербаева, местные предприниматели подарили ключи от 4-комнатного дома. Назгуль Амангельдиновна не скрывает радости за такой неожиданный подарок, преподнесенный представителями градообразующего предприятия ТОО «АСПМК-519», которые и ранее были замечены в благотворительной деятельности. Семья Назгуль Кужикеевой, переехала из села Бактыбай, Ескельдинского района в 2009 году. Последние 10 лет они проживают на съемном жилье в городе Текели. Самой младшей малышке семейства всего 8 месяцев, после того, как Инабат исполнится годик, матери присвоят почетный знак «Алтын белгі». В настоящие дни семья проживает на детские пособия, "Күміс алқа" и государственную ад...
Толығырақ... Оқылды: 351 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 18.04.2019

Президент мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтерді

15 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі заңнамалық актіге қол қойды. Мемлекет басшысы «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019-2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы»заңына өзгеріс енгізу туралы заңға қол қойылды. «Енді 1 миллионнан астам айлығы төмен ауылдық, аудандық, облыстық деңгейдегі бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2019 жылдың 1 маусымынан бастап өсетін болады», - деп жазды президент Twitter-де.
Толығырақ... Оқылды: 339 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 16.04.2019

Үй шашылмау үшін не істеу керек?

Үй ішіндегі әрбір зат, әр киім маңызды сияқты және әрқайсысы әйтеуір бір күні қажет болып қалардай көрінеді. Осылайша жинала берген заттар үйдің тез шашылуына, артық заттардың көп болуына әкеледі. Ал бұл өз кезегінде үй жинау процесін қиындатады. - Ешқашан «кәдесыйлар» сатып алмаңыз. Үйіңізде тым құрығанда бір жәшік бос тұруы қажет. Назар аударыңыз – тамақ ішетін үстелдің беті көріне ме? Сирек қолданатын асхана құралдарын тығып қойыңыз. Ескі газет пен журналдардан құтылыңыз, оларды екі айдан ұзақ сақтаудың қажеті жоқ, осы аралықта отбасыңыздың барлық мүшесі оларды оқып үлгереді. Үйіңізде әр зат үшін арнайы орын тағайындаңыз. Үй жинағанда артық зат көріп қалсаңыз, «Мына зат маған қандай пайда әкеледі?» деп өз-өзіңізден сұраңыз. Егер мардымды жауап таппасаңыз, аямай тастай салыңыз. Жатын бөлмедегі креслоны, ас үйдегі терезе алды тақтайды немесе ауыз бөлмедегі тумбочканы ескі-құсқы заттар жиналатын орын етпеңіз. Бөлмеден шыққанда жарықты...
Толығырақ... Оқылды: 526 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 16.04.2019

Үй жинағанда ұмытылатын 20 орын

Біз пәтеріміздегі терезе, есік пен еденді жиі жуамыз, тоңазытқыштың ішін реттейміз, ноутбук немесе планшеттің бетін сүртеміз, киімдерімізді жуамыз. Алайда, анда-санда сүртуді талап ететін орындар мен заттарды ұмытып кетіп жатамыз. Бұл орындарды да аптасына, айына немесе маусымда бір жуып, жинап тұруды ұмытпайық. 1. Кілемнің ішкі жағы. Кілемге терең сіңіп қалған шаңды кетіру үшін оны аударып, екінші жағын шаңсорғышпен тазалаңыз. 2. Жалюзи. Оларды материалына қарап тазалау қажет. Металл жалюзилерді жуғыш заттар қосып, сулы ысқышпен сүртуге болады. Ағаш жалюзилерді сулы ысқышпен сүртсеңіз жарайды. Мата жалюзилеріндегі шаңды микрофибрадан жасалған құрғақ майлықпен сүрткен жақсы. 3. Кір шуғыш машинаның есігі. Кір жуғыш машинаның қызметін қуана пайдалансақ та, оның өзіне көп көңіл бөле бермейміз. Ұзақ уақыт сүртілмеген кір жуғыш машинаның есігінде шаң баттасып, тіпті сүртуге де қиындық тудыруы мүмкін. 4. Кір жуғыш машинаның ұнтақ салатын қоймасы. Иә-иә, бұл жерді де ара-тұра сүрт...
Толығырақ... Оқылды: 426 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 16.04.2019

Бір күні Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)Айша анамыздың(Оған Алла разы болсын)қолынан күміс жүзіктерді көріп: Бұлар не? – деп ұнатпаған кейіп танытады. Оларды сіз үшін сәнденейін деп тақтым. Ал бұлардың зекетін төлеп пе едің? Айша анамыз(Оған Алла разы болсын)жауап қата алмай тұрып қалады. Өйткені аз мөлшердегі бұл жүзіктердің зекеті болмайтынын білетін. Сондай-ақ одан: «Мөрсіз бес күміс ақшадан аз нәрсенің зекеті берілмейді»1дегенді де естіген. Ал саусағындағы бұл жүзіктердің зекеті одан төмен еді. Дереу бойын жиып: Жоқ, - деп жауап берді. Жақындығын білдіріп, қасындағылардың да өзі секілді қарапайым өмір сүргенін қалаған Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірлік жолдасына: Тозақ ретінде бұл саған жеткілікті болар еді!2– деген сөздерді нәзік жүрегін тітіркендіріп, естен тандыра жаздады. Айша анамыз(Оған Алла разы болсын)сол күннен бастап аз да болса дүниелік нәрсені ертеңгі күніме керек б...
Толығырақ... Оқылды: 362 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 16.04.2019

«Адамдарға қажетті өмір сабақтары қандай?»,- деген сұраққа бір Данышпан адам төмендегідей жауап берген екен: *Адамдар біліп жүрсін, ешкімді өздерін жақсы көруге мәжбүрлей алмайды, қолдарынан бар келетіні өзін басқалар үшін сүйікті ету. *Адамдар өздерін басқалармен салыстырмауды үйренсін. *Төзімділік танытып, кешіруді үйренсін. Бар болғаны бірнеше минуттың ішінде жақын адамдарының жанына ауыр жара салатындарын білсін, ал содан кейін оны жазуға көптеген жылдар қажет. *Ең бай адам дүние-мүлкі көп адам емес, азға қанағат еткен адам екенін білсін. *Адамдар өздерін қатты жақсы көретін адамдар бар екенін білсін, бірақ олар өз сезімдерін қалай жеткізуді білмейді. *Екі адам бір затты көре алатынын білсін, бірақ олар оны әр түрлі пішінде көреді. *Адамдардың бірі басқаны кешіре алатынын білсін, ол уақытта оның өзі басқаның кешіріміне мұқтаж. *Адамдарды балалық шақ ығыр етеді, олар есеюге асығады, кейін қайтадан балалық шағын сағынады. *Адамдар дүние байлығын...
Толығырақ... Оқылды: 473 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 16.04.2019

ҚАЗАҚТЫҢ ҮШ БИІНІҢ АЙТҚАНДАРЫ

Қара сөздің парқын білген қазақ нақыл сөзге кенде емес. Тарихтың тарам-тарам жолдарында өткеннен із болып сақталған ұлы сөздер бүгіндері әр қазақтың жүрегінде болуға тиіс. Шешендік пен даналық - жұмыр басты пенденің бәрінің бірдей бойына дари бермейтін дарын. Осындай ғажайып дарын иелері ел басына күн туған шақта шашыраған қазақты бір тудың астына жинап, есігі мен бесігін түзейтін ерлеріне ерен сөз айтты. Қасиетті сөздің қадірін ұғынған жан үшін олар тек сөз ғана айтпады. Олар алтыннан да құны жоғары, оты сөнбес ғұмырлық нақыл айтты. Шешендер мен билердің ішінде үш жүздің үш биін бөле жарып алуды көздеп отырмыз. Олар қаны да, жаны да бір қазақтың басын қоспақ болды. Ендеше, бабаларымыздың артына қандай ұлы сөз қалдырғанын біле жүрейік. Төле бидің айтқандары: Бір үйдің баласы болма, Көп үйдің санасы бол. Бір елдің атасы болма, Бар елдің данасы бол. Бір тонның жағасы болма, Көп қолдың ағасы бол. Ақты ақ деп бағала, Қараны қара деп қарала, Өзегің талса, өзен...
Толығырақ... Оқылды: 2288 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 16.04.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.