Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ

Ақпан айының 14-17 аралығында оңтүстік астанамыз Алматы қаласында грек-рим күресінен 2002-2003жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Осы жарысқа Алматы облысы атынан Көксу ауданы БЖСМ-нің спортшысы Ерасыл Әбілқайыр қатысты. Жарысқа республикамыздың барлық облыстарынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының спортшылары қатысты. Жарысқа қатысушылар саны 280-нен асты. Тепсе темір үзетін жас жігіттер боз кілемнің шаңын қақты. Екі күнге созылған жарыс өз мәресіне жетіп, жарыс нәтижесі де анықталды. Осы жарыста 71кг салмақ дәрежесі бойынша белдескен дарынды палуанымыз Ерасыл Әбілқайыр ақтық сынға жолдама алар кезде жеңіліс тапты. Қалған Жуаныш белдесулерінің барлығын жеңіп, жүлделі ІІІ орынды иеленіп, қола жүлдегер атанды. Еркін күрестен Алматы облысының чемпионаты Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында ақпан айының 12-15 аралығында еркін күрестен 2002-2003 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Алматы облысының чемп...
Толығырақ... Оқылды: 508 Санат: СПОРТ Уақыты: 06.03.2019

Облыс чемпионы атанды

Жуырда Талдықорған қаласында облыс оқушыларының IX қысқы спартакиадалық бағдарламасы бойынша қыздар арасында футзалдан жарыс өткізілді. Осындай дәстүрлі жарысқа біздің ауданның құрама командасы қатысты. Ауданымыздың құрама командасының сапында, аудандық спартакиадалық жарыста ең үздік деп танылған Жетіжал, Н.Алдабергенов, Еңбекшіқазақ, Ж.Егінбаев атындағы орта мектептерінің және Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының оқушылары өнер көрсетті. Біздің команда топтық ойындарында өз қарсыластарын 12:0, 9:1, 7:0, 2:0 есебінде жеңіп, финалдық ойында Талғар қаласының командасын 8:2 есебімен ұтып, чемпион атанды. Осылайша біздің ауданның құрама командасы наурыз айының 1-7 аралығында Көкшетау қаласында өтетін оқушылардың республикалық жарысында Алматы облысының намысын қорғайтын болады. Қанат ӘБДІЛДАНОВ, білім бөлімінің әдіскері
Толығырақ... Оқылды: 453 Санат: СПОРТ Уақыты: 01.03.2019

Қысқы көпсайыс – 2019

«Спорт – денсаулық кепілі» демекші, әрбір адамның спортпен шұғылдануы денсаулығына өте маңызды. Ал, денсаулық –адамның ең басты байлығы. «Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала» -, деп Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау аясында, 2019 жылдың 16 ақпан күні Мұқыры ауылдық тау бөктерінде аудандық «Қысқы көпсайыс – 2019» бұқаралық – спорттық жарысы өтті. Бұл сайысқа аудан ішіндегі барлық мекеме-бөлімдер қатысты. Қысқы көпсайыс аудан әкімінің орынбасары Дәулет Халеловтың сөзінен бастау алды: “Елбасымыз Қазақстан xалқына арналған барлық Жолдауларында, еліміздің болашақ дамуының басты бағыттарының ішінде жастардың білім алуына, дене шынықтыру мен спорт саласына ерекше назар аударып, спортты өркендету, салауатты өмір салтын ұстану, адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы – денсаулық сақтау саласы мен күнделікті өмірдің негізгі бір бөлшегі. Дені сау ұлт бәсекеге қашанда қабілетті...
Толығырақ... Оқылды: 467 Санат: СПОРТ Уақыты: 22.02.2019

Жарыс өз мәресіне жетті

ҚАЗАҚ КҮРЕСІ Алматы облысының спорт басқармасы 2019 жылды қазақтың ұлттық ойын қазақ күресінен бастады. Қаңтар айының 11-14 күндері аралығында Талдықорған қаласында 2002-2003, 2004-2005 ж.т. ұлдар мен қыздар арасында Алматы облысының чемпионаты өз мәресіне жетті. Көксу ауданының БЖСМ командасы қатысып, ауданымыздың намысын қорғап, абыроймен оралды. Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында Аяжан Мұқтарғали 48 кг салмақ дәрежесі бойынша қарсыластарын таза жеңіп, чемпион атанды. Ал, Бағжан Ауданбек 70 кг, Кәусәр Мейрамбек 63 кг салмақ дәрежесі бойынша ІІ орынға ие болды. Ұлдар арасында Еркебұлан Тұрғанбай 46 кг, Алтынбек Қоғайбек 81 кг ІІІ орынды жеңіп алды. Жарысқа балуан ұл-қыздарды дайындаған БЖСМ жаттықтырушылары Алдаберген Сиражанов, Қазбек Нұртілеуов. ДЗЮДО Қаңтар айының 15-19 күндері аралығында Талдықорған қаласында 2004-2005 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дзюдо күресінен «Қысқы демалыс» атты дәстүрлі Республикалық ашық турнир өтті. Бұл жарысқа республи...
Толығырақ... Оқылды: 629 Санат: СПОРТ Уақыты: 08.02.2019

Әлеуметтік салада көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

Әлеуметтік салада қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту бойынша, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланып, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі шараларды одан әрі күшейту мемлекеттік мекемелердің негізгі міндетіне айналды. Ағымдағы жылдың 24 қаңтар күні Балпық би ауылының орталығында аудан тұрғындарына әдістемелік кеңес беру, көмек көрсету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алуды насихаттау мақсатында «Әлеуметтік салада көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі» өтті. Көксу ауданының білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі, жұмыспен қамту орталығы және аудандық орталық емхана мамандары мен басшылары іс-шараға белсенді түрде қатысып, аудан тұрғындарының сұрақтарына жауаптарын беріп, мемлекеттік қызмет алу бойынша тиісті кеңестерін берді. Жәрме...
Толығырақ... Оқылды: 429 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.02.2019

Спартакиада жалғасуда

Аудан оқушыларының IX спартакиадалық бағдарламасына сай, жуырда Ж.Егінбаев атындағы «Жастар» спорт кешенінде футзалдан ұлдар, қыздар арасында жарыс өтті. Алдымен 24 мектептің командалары 4 топта өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған командалар финалдық ойындарға жолдама алды. Ұлдар арасында аса тартысты өткен финалдық ойында Мұсабек атындағы орта мектептің командасы 5:4 есебімен Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының командасын ұтып, чемпион атанса, Алғабас орта мектебінің командасы 6:3 есебімен Қызыларық орта мектебінің командасын ұтып, қола жүлдеге ие болды. Қыздар арасында 1 орын үшін болған ойында Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп командасы 2:0 орын есебімен Ж.Егінбаев атындағы орта мектебінің командасын ұтып жеңімпаз атанса, Жетіжал орта мектебінің командасы Қ.Жапсарбаев атындағы орта мектебінің командасын 3:1 есебімен ұтып, 3-ші орынды жеңіп алды. Жарыс соңында жүлдегер командалар мен ең үздік ойыншылар аудандық білім бөлімінің мақтау грамоталарымен марапатталды....
Толығырақ... Оқылды: 495 Санат: СПОРТ Уақыты: 01.02.2019

Қол күрес шеберлері күш сынасты

Жуырда Алғабас орта мектебінің спорт залында аудандық білім бөлімі мен Алғабас ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен армрестлингтен аудан оқушылары арасында ауданның ашық біріншілігі өтті. Айтулы жарысқа ауданның 19 мектебінен және Талдықорған қаласынан 120-ға жуық ұлдар мен қыздар қатысып, өз шеберліктерін ортаға салды. Ұлдар 55,60,65,70,75,80+ кг , қыздар 45,50,55,60,65,70+ кг салмақ категориялары бойынша жарысқа қатысты. Жарыстың салтанатты ашылуында Алғабас ауылдық округінің әкімі Дәурен Молдағали, аудандық білім бөлімінің әдіскері Қанат Әбділданов жарысқа келген оқушыларға жылы лебіздерін білдірсе, армрестлингтен Азияның және Халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы, жарыстың бас төрешісі Абдуәли Тастанов жарысқа қатысушыларға жарыстың ережесімен таныстырып өтті. Жарыс ережесіне сай қарсыластар оң қол және сол қолдарымен күресіп, жеңімпаздарын анықтады. Барлық салмақ категорияларының қорытындысы бойынша Алғабас орта мектебінің командасы 97 ұпаймен 1-орынды, 2-орынды...
Толығырақ... Оқылды: 727 Санат: СПОРТ Уақыты: 01.02.2019

Алматы облысында ішкі аудиторлық іс-шаралар қорытындыланып, қаржылық есептілікке аудит жүргізу өзгерістері туралы айтылды

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Азамат Мұсабек аталған департаменттің 2018 жылдың аудиторлық іс-шараларын қорытындылады. Баспасөз конференциясы барысында 356 аудиторлық іс – шаралар өткізілгенін, оның ішінде 336-ы жоспардан тыс тексеру болса, 20-ы жоспарлы түрде өткен. Азамат Мұсабектің айтуынша, өткен жылы тексеру нәтижесінде орын алған заң бұзушылықтардың жалпы сомасы 70 872 910,4 мың теңгені құраған, оның ішінде 19 713 275,4 мың теңгесі қаржылық бұзушылықтар және 51 159 635,0 мың теңге процедуралық бұзушылықтар болып шыққан. «Бюджетке қайтару, қалпына келтіру, есепке алу, қайтару бойынша анықталған 19 761 916,4 мың теңгенің, 19 666 294,8 мың теңге бюджетке қайтарылды және қалпына келтірілді (бұл 99,5 % құрайды)» -, дейді ол. Аудит жүргізілген мемлекеттік сатып алудың жалпы сомасы 49 913 768,6 мың теңгенің ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заң бұзу...
Толығырақ... Оқылды: 557 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.02.2019

Алматы облысының 3 мыңнан астам кәсіпкерлерлер 2018 жылда «Даму» Қорының қаржыландыруын алды

Алматы облысы бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиалы «Шағын және орта бизнестің дамуын қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру» тақырыбында баспасөз-конференциясына қатысты. Іс-шара барысында ағымдағы жылдың 11 (он бір) айдың қорытындылары талқыланды. Алматы облысында «Даму» Қорының бағдарламалары бойынша қолдау алған жобалардың жалпы сомасы 21,3 млрд. теңгені құрады – бұл 3 023 жоба. Екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдікті қаржыландыру бағдарламасы бойынша 2018 жылда жалпы несиелер сомасы 9,7 млрд теңге құрайтын 2 805 жобаға қолдау көрсетілді. 2018 жылы несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін қаражаттандыруды жалпы сомасы 8,7 млрд. теңге құрайтын 125 жоба пайдаланды. Алматы облысында ең танымал бағдарлама «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және бизнесті дамытудың бағдарламасы болып табылады. 2018 жылы несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін қаражаттандыруды жалпы сомасы 8,7 млрд. теңге болатын 125 жоба пайдаланды. Ке...
Толығырақ... Оқылды: 408 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2018

"Samǵaý-2018": Жетісудың үздік БАҚ өкілдері марапатталды

Талдықорғанда, «Самғау» - журналисттер жүлдесінің жеңімпаздары анықталды. Жылдың басты сыйлығы саналатын байқауда, 11 наминация бойынша 143 материал қабылданған. Салтанатты шара, мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған. Үздік деп танылған БАҚ өкілдерін облыс әкімі Амандық Баталов марапаттар алдында, барша кешке қатысушыларды келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап өтті – Құрметті журналистер! Баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жарқын жетістіктер мен толайым табыстар елім деген әрбір азаматтың көңіліне қуаныш сыйлайды. Ал сол жетістіктерге жетісулықтардың да қосқан үлесі зор. Біз мәдениет пен әдебиет, әлеумет, экономика сынды сан сала бойынша толымды көрсеткіш көрсетіп келеміз. Талдықорған шаһары көрсе көз тоймайтын сұлулыққа ие болды. Құрылыс саласы жанданып, зәулім де әсем ғимараттар сап түзеді. Бұл сіздер мен біздің ортақ жеңісіміз...
Толығырақ... Оқылды: 403 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.12.2018
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.