Жаңалықтар
ОЛЖАМЕН ОРАЛҒАН ЖЕРЛЕСІМІЗ |
Жүйріктерін орғытқан, Қиялардан қарғытқан, Қызыл болат кім екен? Атта жерде ойнаған, Көздері оттай жайнаған, Бұлар кімнің ұлы екен? Жасасын қызыл болаттар, Біздің темір қанаттар, Еңбегі мәңгі өлмейтін. «Спорт деген бекзада өнері екені анық. Бақ пен баптың сыналар шағында ел намысын жоғары ұстап жеңіс тұғырына көтерілгенде қуанбайтын жан жоқ шығар. Дәл осындай жұлдызды шақта, байра-ғымыз көкке өрлегенде күллі әлем алдында дәрежеміздің көтерілетіні сөзсіз. 17 қазан - Көксу ауданы үшін қуанышқа толы күн болды. Жақында Латвия Республикасының Даугавпилс қаласындағы ардагерлер арасында гір спортынан әлем чемпионаты болып өтті. Әлемнің 31 елінен 700 спортшы қатысқан жарыста жерлесіміз Жұмахан Күзбаев қазақ елінің намысын қорғап, байрағын көкке көтеріп, елге жеңіспен оралды. Жер шарының ең мықты гір көтерушілері жиналған Латвиядағы әлемдік чемпионатта көксулық тарланымыз қалың спортшылардың арасында топ жарды. 60-64 жас аралығында өнер көрсеткен Жұмахан ағамыз бойында рух пен... |
Толығырақ... Оқылды: 597 Санат: СПОРТ Уақыты: 18.10.2018 |
Қолды болған 7,7 млрд теңге мемлекет қазынасына қайтарылды |
Қолды болған 7,7 млрд теңге мемлекет қазынасына қайтарылды Ағымдағы жылдың 8 айының қорытынсыды бойынша 1394 пара беру және алу фактілері тіркеліп, мемлекет қазынасына 7,7 млрд теңге қайтарылды. Құқық бұзушылықтың басым бөлігі Қостанай мен Түркістан облыстарында болып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Равиль Тюлебаев баяндады. «Мемлекеттік қызмет институтын жетілдіру, оның ішінде, әрбір мемлекеттік қызметшінің бәсекеге қабілеттігін арттыру және құқықтары мен мүдделерін қорғау тетіктерін нығайту бұл Агенттіктің басты мақсаттарының бірі. Агенттікпен жүйелі түрде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуына бақылау жүзеге асырылып, Әдеп жөніндегі кеңестер мен уәкілдердің қызметін үйлестіру жүргізіліп келеді. 2018 жылдың 8 айында Агенттікпен және оның аумақтық департаменттерімен 728 тексеру жүргізілді. Бұ... |
Толығырақ... Оқылды: 505 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2018 |
Алматы облысы ІІД ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес өтті |
Жиналысқа Алматы облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюросының бөлім басшысының орынбасары Қ.К. Жиенбаев, Алматы облысы Ішкі істер департаменті басшысының орынбасары О. Океев және Талдықорған қаласының ІІД қызметкерлері қатысты. Жиын барысында Ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, Ішкі істер департаменті қызметкерлерінің арасында заң бұзушылықтардың алдын алу және нақты шаралар қабылдау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды. Алматы облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюросының бөлім басшысының орынбасары Қ.К. Жиенбаев өз сөзінде: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тек құқық қорғау функциясына ие болғанына қарамастан, заң бұзушылықты болдырмау үшін мемлекеттік органдарда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы насихаттауды жүзеге асырамыз. Мұндай жұмыстан кейін күтілетін нәтижелер жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру және басшылық тарапы... |
Толығырақ... Оқылды: 751 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.08.2018 |
«Хан тәңірі медиа экспедициясы» аяқталды. |
Экспедиция мүшелері шыңға шыға алды ма? Қандай қиындықтарға кезікті? Осы сұрақтардың бәріне Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі жанындағы брифингте жауап берілді. Экспедиция Алматы облысы әкімдігімен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Естеріңізге сала кетсек, экспедиция құрамында қазақстандық актерлер Әнуар Нұрпейісов, Айсұлу Әзімбаева, National Geografic ұйымдастырған «Әлемнің 100 кереметі» атты халықаралық фотофестивальдің қатысушысы, фотограф Александр Кузнецов және Жетісу географиялық қауымдастығының басшысы Әнуар Демегенов тау шыңына бірнеше апта бойы шығуға талпынған. Әнуар Нұрппейісовтың айтуынша тауға шығу оңай емес. Шыңды бағындыру барысында бірнеше рет басын қатерге де тігіпті. - Хан тәңірін мен ешқашан ұмытпаймын. Себебі, бұл сапарды басқаларымен салыстыруға мүлде келмейді. «Таудан тек тау ғана күшті» деген сөзді мен толығымен растаймын. Өз басым 5500 метрлік биіктікті ғана бағындыра алды... |
Толығырақ... Оқылды: 1043 Санат: СПОРТ Уақыты: 07.08.2018 |
ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН |
Еліміз үшін ең басты құндылық – адам өмірі болса, олардың қауіпсіздігін сақтау аса маңызды жұмыс. Осы орайда, Елордамыздың 20 жылдығы қарсаңында, «100 нақты қадам - Ұлт жоспарының» 30-шы қадамы бойынша шілденің алғашқы аптасы үш бірдей ауылда учаскелік полиция пункті ашылды. Біріншісі Қабылиса, екіншісі Алғабас, үшіншісі Мұқыры ауылдық округінде. Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы, аудан әкімінің орынбасары Ұлан Досымбеков, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Рамиль Гимадиев, жергілікті полиция қызметінің басшысы Батырхан Имандосов, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қажым Әдетбеков және ауыл тұрғындары қатысты. Салтанатты жиын барысында сөз алған Алмас Қабдулұлы «Елімізде ішкі тұрақтылықтың, тыныштықтың сақталуы - полиция қызметкерлерінің жұмысына байланысты. Олар кез келген уақытта адам өмірі мен қауіпсіздігі үшін күреседі. Елбасымыз тәртіп сақшылары туралы «Полицейлер – бұл азаматтардың құқығын және бостандығын қорғ... |
Толығырақ... Оқылды: 608 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.07.2018 |
Антитеррористік комиссия |
Жуырда, іс-шара жоспарына сәйкес Көксу ауданы әкімдігі жанындағы аудандық антитеррористік комиссия мүшелері тұрғындар арасында ақпараттық түсіндіру іс-шарасын өткізді. Шара барысында қауіп-қатер немесе террористік акт жасау жағдайында халықтың әрекеттері туралы алгоритм жаднамасы таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аудандық ішкі саясат бөлімі. |
Толығырақ... Оқылды: 820 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.07.2018 |
ҰБТ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ? |
Тағы бір оқу жылы аяқталып, өз мәресіне жетті. 11 жылғы білімді сарапқа салу – оқушымен қатар, ұстаздар мен ата-аналарды да толқытары анық. Дөңгелектегі тағдыр биыл да түлектердің тағдырын шешіп, үлкен өмірге қанат қақтырды. Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы еліміздің білім беру жүйесіне 2004 жылдан бастап енгізіліп келеді. Одан бері де тестілеу сынағына бірқатар өзгеріс енген. Жалпы, Ұлттық тестілеу орталығы мемлекеттік тапсырыс төңірегінде тест тапсырмаларын жыл сайын 35 пайызға дейін жаңартып отырады. Ал, биыл ҰБТ сұрақтары 50 пайызға жаңартылды. Былтыр 80 мың сұрақ өзгертілсе, үстіміздегі жылы 120 мың сұрақ қайта жаңарудан өткен. Оның 11 пайызы функционалдық сауаттылықты анықтауға арналса, 37 пайызы тест тапсырмаларының жауабы бір немесе одан да көп нұсқамен белгіленген. Бұл сұрақтар оқушының ой-зерде қабілетіне, сондай-ақ таңдау пәнін жан-жақты түсінуге септігін тигізбек. Әлемдік стандартқа сай әзірленген. Бұл жайында баспасөз жиынында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рам... |
Толығырақ... Оқылды: 603 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.07.2018 |
Құқық бұзушылыққа жол бермеу |
Бас прокуратурамен әлеуметтік желіде «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының арандату хабарламалары мен бейнероликтерінің тарағаны анықталды. Онда аталған ұйымның басшысы Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластары Қазақстан азаматтарын 2018 жылғы 23 маусымда митингтерге шығуға шақырады. «ДВК-ның» идеялары мен митингтерді үгіттеу үшін Әбілязовқа шетелде қазақстандық сот төрелігінен жасырынып жүрген Жанар Ахметова, Бота Джардемали және басқа адамдар көмектесуде. Олардың іс жүзіндегі мақсаты – қылмыстық қудалауды саясаттандырып, Қазақстанда ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін жауаптылықтан жалтару. Жарияланған бейнероликтерді түсіру үшін Әбілязовтың ақшасына Киев қаласында жарнамалық агенттік және азияттық келбеті бар кәсіби актерлар мен модельдер жалға алынған. Негізінде олар Қазақстан Республикасының азаматтары емес. Бейнероликтердің мазмұны шындыққа жанаспайды және қазақстандық қоғамда әлеуметтік алауыздық пен араздықты тудыруға б... |
Толығырақ... Оқылды: 554 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.06.2018 |
Халық үшін маңызды бастама |
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған Үндеуі миллиондаған қарапайым адамның көкейінде жүрген өзекті мәселелердің оң шешімін табуға мүмкіндік беріп отыр. Елбасы айтқандай, «Қазақстан – ортақ үйіміз» идеясы жаңаша мағынаға ие болуы тиіс. Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан игі істердің бәрі Қазақстан халқына арналады. Сондықтан, Мемлекет басшысы Парламентте жаңа әлеуметтік бастамаларын таныстырды. Бұл – әлеуметтік жаңғыруға арналған ауқымды бастама. Олар тұрғын үй алу, салықты азайту, жоғары білімнің сапасы мен қолжетімділігі, шағын несиелеу және елді газдандыру. Осы орайда Елбасының Үндеуін насихаттау барысында З.Тамшыбай ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Халық үшін жасалған маңызды бастама» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға Еңбекші ауылдық округінің әкімі Асқар Алпысбаев, әкімшілік қызметкерлері, ауыл жастары және кітапхана оқырмандары қатысты. Кітапханашы бастаманың басты бағы... |
Толығырақ... Оқылды: 545 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.06.2018 |
Оқырмандармен кездесу |
Тарихы тереңнен бастау алатын облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» газеттері биыл ғасыр тойын тойлағалы отыр. Қос газеттің мерейтойы қарсаңында аудан әкімдігі кіші мәжіліс залында оқырмандармен кездесу өтті. Аталмыш шараға «Өлке тынысы» ЖШС директоры Мейрам Жанәділов, облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Әміреев, «Огни Алатау» газетінің бөлім меңгерушісі Хасан Еспанов, Көксу ауданы әкімінің орынбасары Ұлан Досымбеков және ауданның тұрақты оқырмандары қатысты. Жиынды ашып, алғашқы сөзді алған Ұлан Әлдибекұлы 100 жасаған газеттердің тарихына көз жүгіртті. - «Облысымыздағы бұқаралық ақпарат құралдарының көшбасшысы болып тұрған қос газеттің тарихы сонау 1918 жылдан бастау алады. Үлкен өзгерістерді, қоғамдағы түбегейлі бетбұрыстарды бастан өткеріп жатқан алмағайып жыл еді, бұл «Огни Алатау» газеті 8 наурызда «Заря Свободы» болып, маусымда «Жетісу» газеті «Жетісу... |
Толығырақ... Оқылды: 832 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.06.2018 |