Жаңалықтар
Дабыл 2018 |
БАҚ үшін ақпарат 2018 жылғы 4 маусымда «Дабыл-2018» командалық-штабтық оқу-жаттығу жиындары басталды. Оның мақсаты – төтенше жағдайларда күштік құрылымдар мен жергілікті атқарушы органдардың арасындағы үйлестіруді арттыру. Оқу-жаттығудың барысында қабылданған бірлескен бұйрықтарға сәйкес күштік органдардың іс-қимылдарын пысықтау жоспарланған. Күштер мен құралдардың қызметтік-жауынгерлік дайындығы тексерілетін болады. Сондай-ақ, олардың бірлескен іс-қимылдарының үйлесімділігі мен реттілігі, басқару мен өзара іс-әрекеттердің ұйымдастырылу деңгейі де сыналады. Мұндай оқу-жаттығулар жоспарлы негізде жыл сайын өткізіледі. Биылғы оқу-жаттығу жиынының ерекшелігі – бірнеше күнге созылады және еліміздің барлық өңірін қамтиды. Оған автотехника мен көліктік авиация қатысады. Күштік құрылымдар әрекетінің тиімділігін Қауіпсіздік Кеңесінің инспекциясы бағалайтын болады. ПРЕСС-РЕЛИЗ 4 июня 2018 года началось командно-штабное учение «Дабыл-2018&ra... |
Толығырақ... Оқылды: 502 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.06.2018 |
Бас инспектормен басқосу |
Жуырда Алматы облыстық әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторы бөлімінің бас инспекторы Айжан Оралбекова ауданға келіп, мекеме, бөлім басшыларымен жиналыс өткізіп, ауданның бірнеше құрылыс нысандарын аралады. Ең алдымен ауданның кіші мәжіліс залында мекеме,бөлім басшыларымен басқосқан Айжан Тұрсынқызы олардың жұмыс жоспарымен танысты. Облыстан арнайы келген бас инспектор өзінің ауданға келгендегі негізгі мақсаты проблемалық мәселелердің шешімін қарастырып, облыстық басшыларға жеткізу екенін айтты. Ал, жиналған бірнеше бөлім басшылары өз салаларының күрделі мәселелерін жеткізді. Олардың қатарында ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мәди Карбаев Алматы-Өскемен республикалық трассаның ауданға қарасты бөлігінің құрылысын қозғады. 2013 жылы басталған аталмыш жолдың құрылысы әлі күнге дейін бітпеген, бұған қоса, құрылысқа жауапты компания басшылығы жоспар бойынша былтырғы жылы аяқталуы тиіс болатын. Осылайша, Мәди Мырзатайұлы 5 жылға созылған республикалық... |
Толығырақ... Оқылды: 672 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.05.2018 |
«АДАЛ ЖОЛ» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА |
Бүгінде төрткүл дүниені толғандырып, бүкіл әлемнің назарын аударып отырған басты мәселенің бірі – жең ұшынан жалғасқан жемқорлық екені белгілі. Адамзат қауымы көне дәуірден бері арыла алмай келе жатқан бұл жағымсыз құбылыстың қоғамға тигізер қаупі қай кезеңде де қомақты болған. Көп ғасырлық күрделі шежіреге ой жүгіртсек, осы індеттің кесірінен көптеген айбынды хандықтар мен алып мемлекеттердің іргесі сөгіліп, шаңырағы шайқалған. Бектері азып, бірлігі тозып, бейбіт қоғамының берекесі қашқан. Бұл әрине, біз үшін өткен заманнан жеткен тарихтың ащы сабағы болуы тиіс. «Билігі мықты елдің – тірлігі құтты болады», - дейді бабалар нақылы. Осынау ұлы қағиданы қашан да қаперінде мықты ұстаған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген басшылығының арқасында егемендіктің алғашқы күнінен бастап елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты жолға қойылып, жүйелі түрде жүргізіліп, жүзеге асып келеді. Әсіресе, соңғы жылдары елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті к... |
Толығырақ... Оқылды: 608 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.05.2018 |
Әріптесіміздің жеңісі |
Талдықорғанда «Жастар» спорт сарайында облыс әкімдігі мен ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің 100 жылдық мерейтойына орай журналистер арасында спартакиада ойындары өтті. Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін: - «Қазақстан журналистикасының ең көне басылымдары болып табылатын «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің 100 жылдық тойы бүкіл елдің тойына ұласып отыр. Соның жарқын дәлелі шағын футболдан өтетін республикалық жарыс пен спартакиада. Осындай доданы ұйымдастыруға үлкен көмек көрсеткен облыс әкімдігі мен ішкі саясат басқармасына алғыс айтамыз. Бүгінгі сайыс Ұлы Даланың төрт бұрышына жайылған жарыс. Ғасырлық той, ғасырлық дода құтты болсын, – дей келе спортшыларға табыс тіледі. Дүбірлі дода облыстық және ауданнан келген БАҚ өкілдері спорттың бильярд, волейбол, үстел теннисі, кіші футбол т... |
Толығырақ... Оқылды: 621 Санат: СПОРТ Уақыты: 04.05.2018 |
ЕГІН ЕККЕННІҢ ЕҢБЕГІ АҚТАЛАДЫ |
Қант қызылшасы – Жетісу өлкесінің төл дақылы. Республика бойынша өндірілетін тәтті түбірдің едәуір көлемі біздің облысқа тиесілі. Бұл ретте елімізде тәтті түбір ең алғаш рет Талдықорған өңірінде өсірілгенін айта кету керек. Ауданымыздың шаруашылық субъектілері қант қызылшасының тұқымын себуді жалғастыруда. Биыл аудан диқандары 2 мыңға жуық гектарға тәтті түбір егуді жоспарлап отыр. Оған күн райы да қарайласып тұр дейді, алқаптарды аралаған аудан әкімі Алмас Қабдулұлы. Қазіргі таңда «Балпық», «Қыдырәлі» және «Қайнар-Көксу» сынды ірі шаруашылықтар қант қызылшасын себу жұмыстарын толығымен аяқтады. Аудан бойынша жалпы бүгінгі күнге дейін 1880 га жерге қант қызылшасы себілді. Өнімді өндіруге дейінгі тұқым алу, арзандатылған бағамен жанар-жағармай алу, техникамен қамту, қызылша себу мен оны күтіп-баптап, өнімді зауытқа өткізуге дейінгі жұмыстар үнемі бақылауда болады. Жалпы Алматы облысында өткен жылы қант қызылшасының алқабы 9 мың гектарға жеткізі... |
Толығырақ... Оқылды: 654 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.05.2018 |
БЕРЕКЕ БАСТАУЫ - БІРЛІК, ЕЛ ІШІ - ТАТУ ТІРЛІК |
Дана халқымыз ықылым заманнан-ақ, «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген. Берекені көздеген ел — мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Сондықтан болса керек, мызғымас болашағы бар мемлекетіміз 23 жылдан бері ынтымақ, ауызбіршілік күнін айрықша арқа-жарқа, жұмыла атап өтеді. Қуантарлығы — бір атаның баласындай, татулығын ту еткен жерлестеріміз мамыр айының алғашқы күнінде әдеттегідей аудан орталығындағы аудандық Мәдениет үйінің алаңына жиналып, мерекенің мерейін асырды. Бұл күні сіркірей жауған жаңбыр жерлестеріміздің көңіл-күйін түсірген жоқ. Тиісінше, мұны кездейсоқ емес, Алланың нұры, талай еңбек ерлерін тәрбиелеген Жер-Анамыздың диқандарына танытқан ықыласы деп қабылдады олар. Татулық пен бейбітшілікті басты орынға қойып, бақытты бағалай білген ағайын, жүздері бал-бұл жайнаған жұртшылық қазақ халқына деген ризашылығын білдіріп, мәре-сәре құттықтап жатты. Алғыстарын айтып, ақ тілектерін жолдады. Сахна төріне де әдеттегідей бір-бірлеп емес, бұл жолы жұмыла көтері... |
Толығырақ... Оқылды: 1025 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.05.2018 |
Аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының аудан тұрғындарын 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күнімен құттықтауы |
Құрметті Отан қорғаушылар! Біздер, күллі қазақстандықтар үшін мамыр айы мерекелі ай. Қаһармандық дәстүрдің жарасымды жалғасы іспетті еліміздің бейбіт болашағы үшін жарияланған 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі құтты болсын! 7 мамыр – егемен еліміздің Қарулы күштерінің мерейін асқақтататын, Отан үшін отқа түскен ата-бабаларымыздың, болашақ ел қорғайтын асыл азаматтарымыздың мейрамы. Бұл күннің мемлекетіміздің болашағы үшін маңыздылығы жоғары, себебі әрбір қазақстандықтың ұлы да, құрметті міндеті – Отан қорғау. Отандастарымыз үшін бұл мереке батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келеді. Қазақстан әскерлері қатарында қызмет атқарып жүрген барлық азаматтарды, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, жауынгер – интернационалистерді, кез келген уақытта Отан қорғауға даяр азаматтарымызды осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызды атаулы мереке... |
Толығырақ... Оқылды: 2560 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.05.2018 |
Саяси бюро отырысы |
Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының саяси кеңес бюросы отырысы өтіп, саяси бюро отырысына аудандық мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков, саяси бюро мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері қатысып, үш мәселе қаралды: 1. Көксу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылы атқарылған жұмысы жайлы және 2018 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес атқарылатын жұмысы туралы баяндамасы тыңдалды. 2. Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының Көксу аудандық филиалының «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылы атқарылған жұмысы жайлы және 2018 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес атқарылатын жұмысы туралы баяндамасы тыңдалды. 3. Көксу аудандық кәсіпкерлер бөлімінің «Нәтижелі жұмыспен қам... |
Толығырақ... Оқылды: 621 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.04.2018 |
Сом білек жігіттер сайысы |
Таяуда Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің, балалар және спорт мектебінің ұйымдастыруымен бірнеше жылдан бері дәстүрге айналған аудан әкімінің жүлдесі үшін қазақ күресінен өткен «Көксу бөрісі» турнирі спортсүйер қауым үшін үлкен спорттық мерекеге айналып, залдағы жанкүйер жарыстың басталуын тағатсыздана күтті. Зал төрінде екі киіз үй тігіліп, есік алдындағы сұсты батырлардай төрт жігіт найзаларын айқастырып, балуандарға алдағы додада күш-жігер беріп тұр. Жарыстың ашылу салтанатында турнир ашық деп жарияланып, Гимн ойналды, сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Нұрдәулет Кененбаев ауданымызда дене шынықтыру және спортқа көп көңіл бөлініп отырғанын атап өтіп, таяуда Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназияда оқушылардың Атланта Олимпиадасының (1996 жыл) қола жүлдегері, жерлесіміз Мәулен Мамыровпен кездесу өткенін, даңқты балуан жас спортшыларға шеберлік сағатын өткізгенін айтып өтті. Содан соң «Тақиялы періште&raqu... |
Толығырақ... Оқылды: 1055 Санат: СПОРТ Уақыты: 27.04.2018 |
Жас келсе - іске |
«Әкім бол, халқыңа жақын бол»,- деген аталы сөз тегін айтылмаса керек-ті. Қарапайым халықпен тығыз байланыс орнатып, ақсақалдарынан жөн сұрайтын, өлкенің өркендеуі мен өрлеуі үшін аянбай тер төгетін әкім қашан да халық тарапынан қолдау көретіні анық. Жергілікті тұрғындар арасында «Батырлар ауылы» атанып кеткен Еңбекші ауылдық округі - Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбай және еңбекқор халқымен аты шыққан, сәні мен салтанаты жарасқан құтты мекен. «Әркімнің туған жері Мысыр шаһары» дегендей, бұл ауылдан бір жылдары 78 мың тонна қант қызылшасы жиналып, бір аудан орындай алмайтын мөлшерді осы ауыл азаматтары орындағаны жайында ел аузында әлі күнге дейін зор мақтанышпен және абыроймен айтылып жүр. Аптаның дүйсенбісінде аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы Зылиха Тамшыбай ауылында болып, жаңадан Еңбекші ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалған Асқар Алпысбаевты тұрғындарға таныстырды. Бұл таныстыру рәсіміне аудандық мәслихат хатшысы Әлди... |
Толығырақ... Оқылды: 606 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.04.2018 |