Жаңалықтар

Асуан Сиябеков: АЭС елдің ғылыми-техникалық және кадрлық әлеуетін өсіреді

Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын аясында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев АЭС құрылысы бойынша референдум өткізілетінін мәлімдеді. Референдум биылғы жылдың 6 қазанында өтпек. Осыған орай "Қазақ үні" ақпарат агенттігі "Қазақстан атом электростанциялары" ЖШС атом энергетикасы бөлімінің жетекші инженері Асуан Сиябековпен тілдесіп, АЭС қатысты бірқатар сұрақтар қойған еді. - Қазақстанға АЭС салу қаншалықты қажет? Экономика, энергетика екеуі егіз ұғым. Бұл салалар бір-біріне тәуелді. Бірінсіз бірін елестетуге келмейді. Яғни, энергетика дамымаса, сәйкесінше, экономикада да ілгерілеу болмайды. Бір күн емес бір сағатқа қуат көзі өшсе, жағдайдың қалай болатынын білесіз. Демек, адамға да өндірісіке де қажетті басты ресурс ол – энергия. Қысқасы, ел экономикасында тоқырау емес өсім болсын десек, бірінші кезекте энергетика саласын дамыту керек. Ал, әлемдік ғалымдардың «алда энергия жетіспеушілі болады» деп дабыл қаққаны кеше емес. Бұл өзекті мәселе күн тәрті...
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.09.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Құрметті депутаттар! Баршаңызды кезекті сессияның ашылуымен құттықтаймын! Ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріңізге табыс тілеймін. Өткен сессияда жемісті жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда, Парламенттің екінші сессиясында 102 заң қабылданды. Оның ішінде қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске қатысты заңдар бар. Сондай-ақ ғылым және технология саясатын, жылу энергетикасын, басқа да мәселелерді реттейтін заңдар күшіне енді. Әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінді. Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаржы аударуға қатысты заң қабылданды. Балаларды құмар ойынға тартқандар әкімшілік заң бойынша жазаға тартылатын болды. Кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін берілетін жаза қатаңдады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстың алдын алуға арналған заң қабылданды. Қазір көптеген азаматтың мойнында бірнеше несие бар екені жасырын емес. Бұл – өте өзекті мәселе, қоғамды...
Толығырақ... Оқылды: 59 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 06.09.2024

Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады 2024 жылғы 05 қыркүйек Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің биылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп берілді және алдағы жоспары таныстырылды. Президентке 2024 жылдың қаңтар-шілде айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 112,4 пайызды құрағаны баяндалды. Облысқа 188,2 миллиард теңге инвестиция тартылды, соның ішінде жеке инвестицияның мөлшері 136,7 миллиард теңгеге жетті. Бейбіт Исабаевтың айтуынша, аймақ экономикасының аграрлық салаға негізделгенін ескере отырып, пайдаланылмаған жерлерді қайтару және айналымға енгізу шараларына, «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру, қант өндірісін дамыту мәселелеріне баса мән берілген. Мемлекет басшысына өнеркәсіп өндірісін өркендету, өңірге инвестиция тарту жайында мәлімет берілді. Атап айтқанда, бірқатар перспективті инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Олардың қатарында Кербұлақ ауданындағы металл...
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.09.2024

Емханаға тіркеу науқаны басталды

Емханаға тіркеу науқаны басталды 1-ші қыркүйектен бастап елімізде емханаға тіркелу науқаны басталады. Тұрғындар медициналық қызмет алу үшін емхананы өз еркімен таңдауға мүмкіндігі бар. Науқан 1-ші қарашаға дейін жалғаспақ. Азаматтар өз аумағындағы медициналық мекемеден бөлек, өзі қалаған мемлекеттік және жекеменшік емханаларға да тіркеле алады. Тіркелу екі әдіспен жүзеге асады: Бірінші, азаматтар жеке электрондық цифрлық қолтаңбасымен Egov электронды веб-порталы арқылы тіркеле алады. Ал екінші әдіс бойынша кез-келген азамат өзі таңдаған емханаға барып тіркеледі. Бұл ретте, облыстағы барлық мед-ұйым азаматтарды қабылдауға әзір. Атап айтсақ, облыста жалпы саны 354 денсаулық сақтау мекемесі бар. Оның 307-сі – мемлекеттік, 47-сі жеке. Талдықорған қаласы бойынша халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмекті облыс аудандарында 2 мемлекеттік және 2 жеке емхана көрсетеді. Айта кетейік, науқан кезінде барлығына бірдей емхана ауыстыру міндетті емес. Азаматтар өз клиникасының қызметі...
Толығырақ... Оқылды: 50 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.09.2024

Қазақстанда МИКС зерттеуі төртінші рет өткізілмек

2 қыркүйектен бастап ЮНИСЕФ әзірлеген Халықаралық мульти-индикаторлық кластерлік зерттеу басталады. Ол еліміз бойынша 24 мың үй шаруашылығын қамтиды. Бұл зерттеу осымен төртінші рет жүргізіліп отыр. Бұған дейін 2006, 2010 және 2015 жылдары өткізілген. Жалпы мақсат – балалар мен әйелдердің жағдайын бағалау үшін қажет негізгі көрсеткіштерді жинау. МИКС-қа еліміздің 20 өңірі қамтылатын болады. 2 қыркүйек пен 29 қараша аралығында еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 24 мың үй шаруашылығында сауалнама жүргізіледі. Айта кетейік, Жетісу облысы бойынша 42 кластердегі 1008 үй шаруашылығына зерттеу жүргізіледі. Оның ішінде қалалық жерде 528 үй шаруашылығы, ауылды мекенде 480 үй шаруашылығы бар. Сауалнамадан алынған мәліметтер базалық көрсеткіштерді белгілеуге, мақсатты анықтауға, ұлттық және халықаралық міндеттемелерді орындаудағы прогресті бақылауға мүмкіндік береді.
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.09.2024

Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды тасымалдау мәселесі талқыланды

Ел аумағында әскери және арнайы тауарлардың қозғалысы Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. Ол Мемлекеттік кірістер органдарының бақылауына алынып, тауарлардың өтуі қадағаланады. Кедендік тексеруден бекітілген тізіммен ғана өтетін өзіндік ерекшелігі бар тауарлар бар. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларға әскери мақсатты қолданылатын бақылау тізімінде көрсетілген заттар жатады. Яғни, қару-жарақ, әскери техника, технологиялар, бағдарламалық қамтылым, техникалық және арнайы құралдар, материалдар, өндіруге және сынауға арналған жабдық, олардың жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектері сынды тауарлар. Мұны мемлекеттік шекарадан алып өтпекші болған кәсіпкердің міндетті түрде қолында құзырлы органдардан алған лицензиясы болуы керек. Арнайы құжат болмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.09.2024

Жыл басынан бері Жетісу облысында 245 өрт тіркелді

Жылыту маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары және өрт қауіпсіздігі Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте талқыланды. ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Сергей Огай аймақтағы статистикамен бөлісті. Облыстық ТЖД мамандарының дерегіне сүйенсек, жыл басынан бері облыста 245 өрт тіркелді. Ал өткен жылыту кезеңінде 137 өрт тіркеліп, 3 адам қаз тауып, 1 адам жарақаттанған болатын. Осыған байланысты өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төтенше жағдайлар қызметкерлері алдын ала іс-шаралар жүргізді. Департаментпен «Көмек қолы» акциясы өткізілді. Онда әлеуметтік осал топтағы отбасыларына пешті жылытуды жөндеуге, түтін мұржасын тазартуға және от жағу алдындағы парақтарды орнатуға көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта алдағы 2024-2025 жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдын алу шаралары дайындалуда.
Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.09.2024

Жолдау һәм сарапшылар сөзі: АЭС Қазақстан үшін бөтен ұғым емес,!

Жолдау һәм сарапшылар сөзі: АЭС Қазақстан үшін бөтен ұғым емес,! Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауына қатысты саясаттанушылар не дейді? (Сурет Ақорда сайтынан алынды) Саясаттанушы Қанат Байұзақов: «Елімізде атом энергетикалық станциясы тақырыбы 2019 жылдан бері қозғалып келеді. Тек 2023 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында АЭС-тың салынуы жайлы шешім халық дауысы арқылы анықталатынын мәлімдеді. Ал 2024 жылы 2 қыркүйектегі Жолдауда референдум 6 қазанда өтетіндігі белгілі болды. Әрине, бұл еліміз үшін өте өзекті мәселе. Бірі оңтүстік өңірдегі электр қуатының жетіспеушілігін айтып, Ресейден энергияны сатып алуға тура келетіндігін келтірсе, енді бір тарап Украина, Жапониядағы үлкен апатты мысалға келтіреді. Десе де, АЭС Қазақстан үшін бөтен ұғым емес. 1973-1999 жылдары Ақтау қаласында АЭС типтес құрылым жұмыс істеп, тек КСРО дәуірі өткен соң, ескіргеніне және т.б себепт...
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.09.2024

Чернобыль мен Фукусима АЭС құрылысын қалай өзгертті?

Қазіргі таңда әлемнің 30-дан астам елінде АЭС бар. Бүкілі 415 ядролық реактор жұмыс істеп тұр. Бүгінде 61 реактордық құрылысы жүріп жатыр. АЭС-тің тарихы неден басталады? Оның қауіпсіздігі қалай сақталады? Болашақта қандай реакторлардың түрі пайда болады? BAQ.KZ АЭС тарихына шолу жасады. АЭС неден басталды? 1930-1940 жылдары ядролық физика дами бастады. 1938 жылы неміс ғалымдары Отто Ган және Фриц Штрассман уран ядросы бөлінген кезде энергия пайда болатынын білді. Бұл жаңалық ядролық энергияның болашақта пайдаланылу мүмкіндіктеріне жол ашты. Алайда, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бұл зерттеулер негізінен атом бомбасы жасауға бағытталды. 1940 жылдардың басында АҚШ-тың Манхэттен жобасы аясында ядролық қару жасау үшін үлкен ғылыми зерттеулер жүргізілді. Нәтижесінде 1945 жылы атом бомбалары Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларына тасталды. Соғыстан кейін ядролық технологияның бейбіт мақсатта қолданылуы маңызды мәселе ретінде қаралды. Екінші дүнижүзілік соғыс аяқталғаннан к...
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.09.2024

Бейбіт атом – таза энергияның қауіпсіз көзі

«Байтақ» жасылдар партиясы қазіргі қазақ еліне ұсынылып отырған АЭС қондырғысын «бейбіт атом» – таза энергияның қауіпсіз көзі» деп таныды. Бейбіт атомның экологиялық артықшылықтары: «Байтақ» партиясы халықтың ішінен шыққан саяси партия болғандықтан, халықтың көкейінде жүрген АЭС-тің қауіпсіздігінен басқа, үш мәселе, ол – болашақ ұрпаққа таза ауа, таза жер және таза су қалдыру. Атмосфераға шығарындылардың ең төмен деңгейі: 1. Парниктік газдар шығарындыларының болмауы. АЭС жаһандық жылыну мен климаттың өзгеруінің негізгі себептері болып табылатын көмірқышқыл газын, метанды және басқа парниктік газдарды шығармайды. Бұл олардың шығарындыларын азайту және декарбонизациялауға қол жеткізетін маңызды құралы. 2. Көмір электр станцияларынан айырмашылығы, атом электр станциялары күкірт пен азот оксидтерін, қатты қалдық бөлшектерді, сонымен қатар, адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс әсер ететін басқа ластаушы заттарды іс жүзін...
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.09.2024
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.