Жаңалықтар

АЭС пен Ұлттық Мүдде

«АЭС құрылысы айқай-шусыз басталмайды». Түрік әріптесімнің пікірі осы төңіректе. Бұдан біраз жыл бұрын Анкарадағы билік атом стансасын салуды ұйғарды. Мердігер деп Батыс компанияларын емес, Росатомды (Ресей) таңдады. Сол-ақ екен, наразы ұйымдар мен топтардың жойқын қарсылығы Анадолыны астаң-кестең ете жаздады. Түрік үкіметі тежеліп, айылын тартқандай болды. Бірақ қос өкпеден қысқан энергия тапшылығы ақыры Мерсин уәлаятында құрылысты бастауға алып келді. Сол Аққұйу АЭС-і салынып жатыр. Жақында Мәскеуге салынған санкциядан «салқын сыбағасын» алғанына қарамастан… Алдағы айдың басында атом электр стансасын салу бойынша елімізде бүкілхалықтық референдум өтеді. Мемлекет басшысы бұл туралы халыққа арнаған Жолдауында жария етті. Президенттің пікірінше, отандық экономика барған сайын қуат көзін көптеп қажет етеді. Мұндай сұранысты атом энергиясы қамтамасыз ете алады. Қасым-Жомарт Тоқаев дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге АЭС жұмыс істеп отырғанын атап өтт...
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.09.2024

Дәурен Әбен: АЭС салу – энергетикалық тәуелсіздікке жеткізеді

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Халықаралық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Дәурен Әбен елімізде АЭС салу мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайдыEl.kzақпарат агенттігі. Оның айтуынша, Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі шынымен де біздің қоғамда көптеген пікірталас тудыруда. Талқылау энергетикалық тәуелсіздік, АЭС-тың жұмыс қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздік, экономикалық тиімділік, саяси негізділік және т.б. факторлардың төңірегінде өрбіп жатыр. Семей полигонындағы ядролық сынақтардың қасіретті мұрасын және Чернобыль АЭС-дағы апат салдарын жоюдың қайғылы тәжірибесін ескерсек, Қазақстан тұрғындарының алаңдаушылығын түсінуге болады. Атом энергетикасына қатысты пессимизм Жапониядағы «Фукусима-1» АЭС-та болған ауқымды табиғи және техногендік апаттан кейін күшейе түсті. Дегенмен, сол апаттың нәтижесінде халықаралық қауымдастық ядролық қауіпсіздікті барлық аспектілерде қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін қа...
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.09.2024

Көксу ауданының референдум учаскелерінің шекаралары

Көксу ауданының референдум учаскелерінің шекаралары № 231 референдум учаскесі. Орталығы: Айнабұлақ бекеті, Ағыбаев Бартай көшесі № 11, «Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «№12 орта мектебі» КММ. Шекарасы: Айнабұлақ бекеті, көшелер: Рамазанов № 1-ден 37-ге дейін, Центральная № 1-ден 11-ге дейін, Ағыбаев Бартай № 1-ден 19-ға дейін, Набережная № 1-ден 8-ге дейін, Кемертоған № 1-ден 31-ге дейін; Көпір, Тауарасы жол айрықтары. № 232 референдум учаскесі. Орталығы: «№ 45-ші теміржол бөлімі» ауылы, Рысқұлов көшесі № 8, «Көксу аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКМ-нің «№ 45-ші теміржол бөлімі» фельдшерлік-акушерлік пункті. Шекарасы: «№ 45-ші теміржол бөлімі» ауылы, көшелер: Рысқұлов № 1-ден 16-ға дейін, Теміржол № 1-ден 16-ға дейін, Байшапанов № 1-ден 13-ке дейін, Алдабергенов № 1-ден 13-ке дейін; Су мұнарасы, Жаман-Сарыбұлақ учаскелері. № 233 референду...
Толығырақ... Оқылды: 68 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.09.2024

Көксу аудандық аумақтық референдум комиссиясы учаскелік референдум комиссияларының құрамы мен олардың жұмыс уақыты жөнінде хабарлайды

Референдум комиссияларының жұмыс уақыты: сағат 09.00 ден – 18.30 дейін. Үзіліс уақыты: сағат 13.00 ден – 14.30 дейін. № 231 учаскелік референдум комиссиясы Орталығы: Айнабұлақ бекеті, Ағыбаев Бартай көшесі № 11, «Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «№12 орта мектебі» КММ, тел. 8 (72838) 32001. Комиссия төрайымы – Қосұмқұлова Шынар Ертанқызы Комиссия төрайымының орынбасары – Сартбаев Дидар Абзолұлы Комиссия хатшысы – Түменова Елмира Асқанқызы Комиссия мүшелері: Изгуттынов Бейбіт Отарбайұлы, Аманбаева Эльмира Қойшыбайқызы № 232 учаскелік референдум комиссиясы Орталығы: «№ 45-ші теміржол бөлімі» ауылы, Рысқұлов көшесі № 8, «Көксу аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКМ-нің «№ 45-ші теміржол бөлімі» фельдшерлік-акушерлік пункті, тел. 8 (72838) 32009. Комиссия төрағасы – Байшапанов Болатхан Нақысбекұлы Комиссия төрағ...
Толығырақ... Оқылды: 69 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.09.2024

Көксу аудандық аумақтық референдум комиссиясы учаскелік референдум комиссияларының құрамы мен олардың жұмыс уақыты жөнінде хабарлайды

Референдум комиссияларының жұмыс уақыты: сағат 09.00 ден – 18.30 дейін. Үзіліс уақыты: сағат 13.00 ден – 14.30 дейін. Көксу аудандық аумақтық референдум комиссиясы Орталығы: Балпық би ауылы, Мырзабекова көшесі 42, «Көксу ауданы әкімінің аппараты» ММ ғимараты , тел. 8 (72838) 20109. Комиссия төрағасы – Байгабулов Нұрлан Сейлханұлы; Комиссия төрайымының орынбасары – Ғабиденов Ерсын Қамбарұлы; Комиссия хатшысы – Жамбылқызы Марал; Комиссия мүшелері: Тулекенов Мұратбек Баянұлы, Құлжанова Әлия Қазыбекқызы, Бидайбекова Индира Алтынбекқызы, Молдағали Дәурен Сәбитұлы.
Толығырақ... Оқылды: 84 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.09.2024

2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткiзу туралы

2024 жылғы 02 қыркүйек Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкесҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. 2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізілсін. 2. Республикалық референдумға: «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сауал шығарылсын. 3. Осы Жарлық 2024 жылғы 3 қыркүйекте бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын. 4. Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметін атқаратын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн. 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдарымен және жергілікті...
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.09.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Құрметті депутаттар! Баршаңызды кезекті сессияның ашылуымен құттықтаймын! Ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріңізге табыс тілеймін. Өткен сессияда жемісті жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда, Парламенттің екінші сессиясында 102 заң қабылданды. Оның ішінде қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске қатысты заңдар бар. Сондай-ақ ғылым және технология саясатын, жылу энергетикасын, басқа да мәселелерді реттейтін заңдар күшіне енді. Әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінді. Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаржы аударуға қатысты заң қабылданды. Балаларды құмар ойынға тартқандар әкімшілік заң бойынша жазаға тартылатын болды. Кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін берілетін жаза қатаңдады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстың алдын алуға арналған заң қабылданды. Қазір көптеген азаматтың мойнында бірнеше несие бар екені жасырын емес. Бұл – өте өзекті мәселе, қоғамды...
Толығырақ... Оқылды: 77 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.09.2024

Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу кезінде сіз не білуіңіз керек!

Электр энергиясы адамның өмірі мен қызметінде үлкен пайда мен ыңғайлылықты береді. Бүгінде электр энергиясы пайдаланылмайтын бірде-бір өнеркәсіп саласы немесе өзге сала жоқ. Бизнес-құрылымдар үшін электрмен жабдықтау желілеріне қосылу өзекті. Электрмен жабдықтауды қалай ұйымдастыруға болады? Барлық қажетті құжаттар мен келісім-шарт қалай рәсімдеуге болады? Осы және басқа да сұрақтарға «ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаменті» РММ басшы міндетін атқарушы Берик Сатыбалдинович Онгарбаев сұхбат барысында жауап береді. — Қайырлы күн, Берик Сатыбалдинович, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне электрмен жабдықтау желілеріне қосу рәсімі бойынша қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді? Энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясының тұтынушылары арасындағы көтерме және бөлшек сауда нарығында туындайтын қарым-қатынастар Қазақс...
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.09.2024

«Жетісу Әкелер мектебі» әлеуметтік жобасы іске асырылуда

Облыс аумағында маусымнан қарашаға дейін мектеп өміріне әкелер қауымын тарту, белсенділіктерін арттыру және ер азаматтардың тәрбиедегі рөлін арттыруға бағытталған «Әкелер мектебі» жобасы іске асырылуда. Жоба әкелік институтын нығайтуға және дамытуға бағытталған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында және жобадағы негізгі іс-шаралармен қамтамасыз етіледі. Оған кемінде 50 жалпы білім беретін мекеме қатысады. Онда өз балаларының өмірі мен тәрбиесіне белсенді қатысуға дайын, жауапты және белсенді әкелерді қалыптастыруға ықпал ететін түрлі іс-шаралар мен тренингтер өткізілетін болады.
Толығырақ... Оқылды: 45 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.09.2024

Жетісуда шекарашылардың жарысы өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің біріншілігіне «Үздік іздеу тобы» мен «Үздік арнайы иттер маманы» сайысы өтті. ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Үздік арнайы иттер маманы» жарысының жалпы қорытындысы бойынша І орынды Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департементінің құрама командасы, ІІ орынды Жетісу облысы бойынша департементінің құрама командасы, ІІІ орынды ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департементінің құрама командасы ие болды. ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Үздік іздеу тобы» жарыс нәтижесінде І орынды Алматы облысы бойынша департементінің құрамасы, ІІ орынды Жетісу облысы бойынша департементінің құрама командасы, ІІІ орынды Жамбыл облысы бойынша департементінің құрама командасы жеңіп алды. «Үздік іздеу тобы» наминациялары бойынша, «Үздік кинолог маманы» номинациясын ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынш...
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.08.2024
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.