Жаңалықтар

Аудандағы секторлар жұмысын қайта бастады

Алматы облысында Талдықорған қаласының автоХҚО-ғы және аудандағы секторлар жұмысын қайта бастады Бүгін, 17 қаңтардан бастап Алматы облысының мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істей бастады. Жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (дүйсенбі-жұма аралығында). Мемлекеттік қызметтердің 80% -дан астамын онлайн алуға, сондай-ақ автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болатынын еске саламыз. АвтоХҚО-ларда кезек тудырмау үшін осы сервистерді пайдалануға кеңес береміз
Толығырақ... Оқылды: 5080 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.01.2022

Алматы облысының ХҚО-лары жұмыс істей бастады

Алматы облысының ХҚО-лары жұмыс істей бастады Алматы облысының ХҚО-лары 12 қаңтардан қызмет көрсете бастады. Клиенттерге барлық мемлекеттік қызмет қолжетімді. ХҚО-лардың жұмыс кестесі дүйсенбі жұма аралығында сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін үзіліссіз. Әзірге облыс бойынша барлық мамандандырылған ХҚО-лар жұмысы тоқтап тұр. Сонымен қатар автоқызметтердің қайта көрсетіле бастағаны туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.
Толығырақ... Оқылды: 5261 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.01.2022

Бала күтімі бойынша жәрдемақыны қалай онлайн алуға болады

Бала күтімі бойынша жәрдемақыны қалай онлайн алуға болады. Әрине, бала дүниеге келгеннен кейін аналардың бос уақыты болмайды. Мемлекет тарапынан бала күтімі үшін бір реттік жәрдемақы төленетінін ұмытпаңыз. Соңғысын Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бірнеше минут ішінде ресімдеуге болады. Төменде толық нұсқаулық көрсетілген:⠀ ⠀ 1. Egov.kz порталына кіріңіз⠀ 2. Іздеу батырмасы арқылы «Баланы бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындау» қызметін табыңыз⠀ 3. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз⠀ 4. Өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ-мен қол қойыңыз⠀ 5. Өтінімде жеке шот нөмірін (IBAN) көрсетіңіз⠀ ⠀ Ескерту: Дербес шот өтініш берушінің атына ашылуы тиіс.⠀ ⠀ 6. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) бала туғанда берілетін жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламамен танысыңыз.⠀ ⠀ Хабарлама 7 жұмыс күні ішінде келіп түседі.
Толығырақ... Оқылды: 7472 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.12.2021

ХҚО-ға бармай-ақ, ЭЦҚ қалай алуға болады?

ХҚО-ға бармай-ақ, ЭЦҚ қалай алуға болады? Оңай! Қандай да бір анықтамаларды алу үшін бұрын ХҚО-ға бару керек болатын. Бірақ қазір бұл қажет емес, барлығын ЭЦҚ көмегімен онлайн алуға болады. Бұл қысқа нұсқаулық сізге ЭЦҚ-ны бірнеше минут ішінде алуға көмектеседі: 1. eGov.kz-те «Сервистер» санатында «ЭЦҚ қашықтықтан алу» бөлімін таңдаңыз 2. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз 3. «Жеке куәлік» таңдаңыз 4. ЖСН енгізіңіз 5. телефон нөмірін көрсетіңіз және веб-камера арқылы жеке тұлғанызды сәйкестендіріңіз 6. ЭЦҚ сақтау үшін папканы таңдаңыз 7. Парольді орнатыңыз 8. ЭЦҚ қолдануға дайын Маңызды! Осы қадамдарды орындамас бұрын компьютерге NCALayer бағдарламасын орнатыңыз және веб-камераға қосылуын тексеріңіз.
Толығырақ... Оқылды: 7436 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.12.2021

Алматы облысында 205 сәбиге «Сүйінші» сыйқорабы табыс етілді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні дүниеге келген 2 мыңнан астам сәбиге тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай baby-бокстар сыйға тартылды. «Сүйінші» сыйқорабына бөбектерге қажетті заттардан басқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған ашық хат, "Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл" монетасы мен баланың тууы туралы куәлігі салынған. 16 және 17 желтоқсанда туған балаларға туу туралы куәлікті алу туралы өтінімдерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері қабылдап, әрі қарай Қазақстан азаматының алғашқы құжатын ресімдеу үшін АХАЖ органдарына жолданды. Айта кету керек, «Сүйінші» сыйқораптарын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі «Азаматтарға арналған үкіметпен бірге және ҚР Ұлттық банк, Центркредит банкі және «Қазпошта» АҚ қатысуымен ұйымдастырды.
Толығырақ... Оқылды: 7469 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.12.2021

Егер сіз жұмыстан шығып қалсаңыз

Егер сіз жұмыстан шығып қалсаңыз, көп уайымдамаңыз. «Әрекет түбі - берекет» деген халық даналығын еске түсіріп, алдағы бағыттарыңызды бағамдам алыңыз. Жаңа жұмыс іздеуді бастамас бұрын сіз жұмыссыз ретінде әлеуметтік төлем алуға өтініш бере аласыз. Оны онлайн жасауға болады: 1. Egov.kz порталында авторизациядан өтіңіз; 2. «Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу» қызметін таңдап, онлайн сұрным жіберіңіз; 3. өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз. Қызмет нәтижесін 1 жұмыс күні ішінде жеке кабинетіңізден біле аласыз. Маңызды! «Қандас» мәртебесі бар адамдар онлайн өтініш бере алмайды.
Толығырақ... Оқылды: 8338 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021

Шағын кәсіп ашу

Шағын кәсіп ашуды қолға алсаңыз, онда біз сізге жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қалтаңыз бен жүйкеңізге зияны жоқ ең оңай жолын айтамыз. Бұл жұмысты тез, тегін және үйден шықпай-ақ Halyk Bank немесе Kaspi.kz арқылы жасауға болады. Сізге керегі тек смартфон. Егер Halyk Bank арқылы тіркегіңіз келсе, алдымен Onlinebank мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз немесе openaccount.halykbank.kz сілтемесі бойынша өтіңіз. Ал Kaspi.kz-те мемлекеттік қызметтер бөліміне өтсеңіз болды. Ары қарай өзіңіз туралы және сіздің болашақ бизнесіңіз туралы ақпаратты толтырасыз. Құттықтаймыз, сіз жеке кәсіпкер болып тіркелдіңіз. Тіркеу құжаттарын жүктеп алу ғана қалды.
Толығырақ... Оқылды: 8434 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021

Автокөліктің техникалық паспорты

Көпшілігіміз өмірімізде бір рет болса да құжат жоғалтып көрдік. Жоғалған құжаттарды сүйіншіге қайтарып беруі де мүмкін, бірақ оған сеніп отырудың қажеті жоқ. Ең жиі жоғалатын құжаттардың бірі - автокөліктің техникалық паспорты. Бүгін біз оны тез қалпына келтірудің оңай жолын айтамыз. Ол үшін жеке куәлігіңізді алып, тезірек авто ХҚО-ға барғаныңыз жөн. Мұнда 1,25 АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлейсіз және құжатыңызды қалпына келтіру бойынша өтініш жазасыз. Осымен шаруа бітті. Бірер сағат ішінде сізге көлік құралын тіркеу туралы жаңа куәлік беріледі. Сондай-ақ, техпаспортты аты-жөніңізді өзгерткен кезде, құжаттар жарамсыз болып қалғанда немесе көлігіңіздің түсін өзгерткенде де ауыстыру қажет екенін естеріңізге саламыз.
Толығырақ... Оқылды: 5371 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021

Онлайн түрде басшыны өзгерту

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 14-2 бабына сәйкес, басшы өзгерген (басшы тағайындалған, басшының міндетін атқарушы тағайындалған, заңды тұлғаның мүлкін және қызметін басқарушы тағайындалған, басшы лауазымынан шеттетілген) жағдайда заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар электрондық хабарлама негізінде автоматты режимде енгізіледі. 2021 жылы электрондық үкімет порталы арқылы басшыны өзгерту (басшыны тағайындау, басшының міндетін атқарушыны тағайындау, заңды тұлғаның мүлкі мен қызметін басқарушыны тағайындау) рәсімі бойынша қызмет әзірленді. Арыз тағайындалған басшымен (мұраға тағайындалған сенімгерлік басқарушысымен немесе сенімгерлік басқарушыны тағайындау туралы куәлік рәсімдеген нотариуспен; бас мекеменің басшысымен; заңды тұлғаның өкілімен) негіз болып табылатын құжаттың (бұйрық, шешім) pdf пішімінде сканерленген көшірмесін қоса отырып, ЭҮП арқылы беріле...
Толығырақ... Оқылды: 5377 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021

Болашақ аналарға жақсы жаңалық

Енді бала тууына байланысты және бір жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақыны алуға Halyk Homebank пен Kaspi.kz қосымшалары арқылы өтініш бере аласыз. Жәрдемақыны рәсімдеу үшін осы банктердің бірінің мобильді қосымшасында «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөліміне өтіп, тиісті қызметті таңдайсыз. Ары қарай дербес деректердің дұрыс жазылғанын тексеріп, өтінішті растау қажет. Өтінімді жібергеннен кейін сізге көрсетілетін қызметтің нәтижесі және тағайындалған төлем сомасы туралы PUSH-хабарлама және SMS жіберіледі. Қызмет тегін және оған бала туылғаннан кейін 1 жыл ішінде кез келген уақытта тапсырыс бере аласыз. Бұған дейін жәрдемақыға өтінішті ХҚО, eGov.kz порталы немесе 1414 нөмірі бо¬йынша SMS сервисі арқылы беруге болатын. Жаңа қызметпен жәрдемақыны рәсімдеу бұрынғыдан да оңай!
Толығырақ... Оқылды: 4369 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.