Жаңалықтар
Реформы во имя будущего |
| Сегодня мы, казахстанцы, переживаем очень ответственный момент, который можно охарактеризовать как период смелых решений, обновления и реформ во многих сферах нашей жизни. То, что происходит у нас в стране, — это реальность, продиктованная самой жизнью. Лучше сегодня эволюционно, чем завтра революционно Смелая инициатива Президента Токаева, запущенные им реформы в политической и экономической сферах, конституционные преобразования, меры по изменению мышления и сознания людей направлены исключительно на преодоление депрессивного состояния общества, застоя, решение накопившихся за годы независимости серьезнейших проблем. Конечная же цель — укрепление государства и повышение жизненного уровня населения. Казалось бы, все это очевидно. Но, к сожалению, в социальных сетях много тех, кто, проявляя безответственность, отключив разум, руководствуясь эмоциями и амбициями, толком не вникая в суть происходящего, искажают действит... |
| Толығырақ... Оқылды: 72 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.02.2026 |
Маңызды кезең |
| Қазақстан Республикасында жаңа Конституция жобасының жариялануы – ел дамуының маңызды кезеңі. Бұл құжат қоғамдық талқылаудан өтуде. Талқылау барысында азаматтардан 2 мыңнан аса ұсыныс келіп түсті. Олардың бәрі арнайы құрылған Конституциялық комиссияның қарауына енгізілді. Комиссия құрамына 130 адам кіріп, олар Қазақстанның барлық аймағы мен әлеуметтік топтарын қамтыды. Жұмыс нәтижесінде қолданыстағы Конституцияның 77 бабы, яғни мәтіннің 84 пайызы қайта қаралды. Осыған байланысты Преамбуласы, 11 бөлімі және 95 бабы бар жаңа Конституция жобасын әзірлеу туралы шешім қабылданды. Жаңа Конституцияның басты бағыты – адам құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде бекіту. Халықтың мемлекеттік биліктің жалғыз көзі және егемендіктің иесі екені нақты айқындалды. Сонымен бірге құжатта Қазақстанның болашағы білім, ғылым, мәдениет және инновациямен тығыз байланысты екені көрсетілген. Азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау алғаш рет конституциялық де... |
| Толығырақ... Оқылды: 73 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.02.2026 |
Аса жауапты қадам |
| Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу – еліміз үшін аса жауапты әрі салмақты қадам. Өйткені Конституция – тек заң нормаларының жиынтығы емес, ол мемлекеттің саяси, құқықтық және рухани болмысының іргетасы, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің басты тірегі. Сондықтан мұндай ауқымды шешім жабық форматта немесе тар шеңберде қабылдануы мүмкін емес. Бұл – бүкіл халықтың тағдырына тікелей әсер ететін, ортақ жауапкершілікті талап ететін тарихи таңдау. Ұсынылып отырған конституциялық жаңғыру – уақыт талабынан және қоғамның пісіп-жетілген сұранысынан туындаған қажеттілік. Соңғы жылдары азаматтық белсенділік айтарлықтай артты, халықтың құқықтық санасы жаңа деңгейге көтерілді, мемлекетке деген талап та күшейді. Мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайту үшін құнды құжатты заман талабына сай қайта қарау – заңды әрі орынды қадам. Конституциялық комиссия Ата Заңның барлық негізгі нормаларын кешенді түрде зерделеп, нәтижесінде жаңа Конституц... |
| Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.02.2026 |
Тіл мәселесі мен халықтың саяси белсенділігі |
| Қазақстан үшін Конституция – жай ғана заң емес. Ол – халықтың тағдыры, мемлекеттің бағыты, ұлттың ертеңі. Сондықтан Ата Заңның жаңа жобасы қоғамда үміт пен күдікті қатар оятқаны заңды. Көпшілікті ойландырған негізгі мәселелердің бірі – 9-баптың 2-тармағы. Онда «мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі қазақ тілімен тең қолданылады» деп көрсетілген. Бұл норма «ана тіліміздің қолданысына кері әсер етуі мүмкін» деген пікір туғызып отыр. Қоғамда тілге қатысты кейбір келеңсіз жағдайлардың да осы тармақпен байланысты айтылуы тегін емес. Сонымен қатар, Ата Заңның 43-бабында болашақта ел Президентінің қазақ тілін еркін меңгеруі міндеттелсе, 22-баптың 2-тармағында әр азаматтың ана тілін, ұлттық мәдениетін пайдалануға және кез келген тілді еркін таңдауға құқығы бар екені нақты көрсетілген. Демек, Конституция ешкімнің құқығын шектемейді, елімізде әр адам қысымсыз өмір сүруіне толық мүмк... |
| Толығырақ... Оқылды: 74 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.02.2026 |
Тәуелсіздіктің түп-тамыры |
| Жаңа заң жобасының мәтіні мен мазмұнына, мақсат-мүдде ақиқатына ерекше мән беріп талқылауы – жаңа заман талабы, адамгершілік қасиеті, азаматтық жауапкершілігі және өскелең ұрпақтың өрендік жолына берер әсерімен құнды деп түсінеміз. Жаңа Ата Заңымыздың жобасы өз мақсат-мүддесін ашықтығы арқылы жан-жақты қамтығаны, ең бастысы – адами құндылықтарды, байырғы қазақ жеріндегі Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталатынын, келешек ұрпақ алдындағы аса жоғары жауапкершілікті басты мақсат тұтқаны – халықтың үніне құлақ асатын мемлекет екенінің айқын куәсі дер едік. «Біз, біртұтас Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтап, мемлекеттің унитарлы сипатын, оның шекарасы мен аумағының тұтастығына қол сұғуға болмайтынын нақтылап, Әділетті Қазақстан идеясын және Заң мен Тәртіп қағидатын ұстанып, азаматтардың құқықтары мен бостанд... |
| Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.02.2026 |
Әділеттілік пен құқық үстемдігінің жаңа дәуірі |
| Конституциялық реформаның түпкі мәні – құқықтық сабақтастықты сақтай отырып, қоғамның жаңа талаптарына жауап беретін орнықты әрі өміршең жүйе қалыптастыру. Тұрақтылық пен жаңару өзара үйлесім тапқанда, мемлекет дамуының берік құқықтық негізі қаланады. Реформа – елдің жаңару жолындағы, әділдік пен құқық үстемдігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Өйткені адам құқықтары мен бостандықтары – Ата Заңның негізгі басымдығы. Осы бағыттағы өзгерістер қоғамдағы әділеттілікті нығайтып, халық пен билік арасындағы байланысты күшейтеді. Конституциялық реформаның өзегі де осы. Яғни, мемлекеттің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру. Сондай-ақ, ел дамуын адами капиталмен және азаматтардың жетістіктерімен өлшеу. Осылайша білім мен ғылымға, мәдениет пен инновацияға басымдық беріледі. Оң өзгерістер қоғамның дамуына жаңа серпін береді. Бастаманың ел болашағы үшін берері көп. Айта кетерлігі, жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің басты басымды... |
| Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.02.2026 |
Шетелдік қызығушылық 60%-ға артты: Жетісу туристік картадағы орнын нығайтуда |
| Жетісу облысында туризм саласы тұрақты дамуда: өңірге келген саяхатшылар саны 2 млн адамға жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық туризм басқармасының басшысы Сәкен Тұқибаев хабарлады. Оның айтуынша, соңғы үш жылда өңірде туризмді дамытуға мемлекеттік бюджеттен 58,5 млрд теңге бөлінген. Атап айтқанда, 2025 жылы ғана бұл мақсатқа 30,2 млрд теңге бағытталып, жалпы қаржыландыру көлемінің шамамен 30%-ын құрады. Туристік инфрақұрылымды жақсарту нәтижесінде көрсетілген қызметтер көлемі 13%-ға артты. Шетелдік туристер ерекше қызығушылық танытуда - олардың саны бір жыл ішінде 60%-ға көбейді. Салалық басқаруды күшейту мақсатында облыста дербес туризм басқармасы құрылып, бес ауданда тиісті бөлімдер ашылды. Елдегі ең биік сарқырама - Бұрхан-Бұлаққа апаратын жолды реконструкциялау келесі жылдың соңында аяқталады. Облыста экологиялық туризмді дамытуға ерекше назар аударылуда. Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауларында тазалықты қамтама... |
| Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.02.2026 |
Еңбек еріне тағзым: Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығына арналған гастрольдік сапар |
| Бикен Римова атындағы академиялық драма театры өзінің кезекті гастрольдік сапарын Жетісудың аяулы перзенті, Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдық мерейтойына арнады. Өнер ұжымы аңыз адамның есімін иеленген ауылда болып, халыққа рухани тарту жасады. Мерейтой аясында сахналанған Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтың «Беу, қыздар-ай!» музыкалық комедиясы ауыл тұрғындары үшін нағыз мерекеге айналды. Былтыр «Жұмысшы мамандықтар жылында» тұсауы кесілген бұл туынды биыл Зылиха Тамшыбаеваның мерейтойына орай жаңа мазмұн мен терең мәнге ие болды. «Зылиха Тамшыбаева – еңбек пен қажырлылықтың символы. Оның 90 жылдығында өзі негізін қалаған ауылда өнер көрсету – біз үшін үлкен мәртебе әрі перзенттік парыз», – деп атап өтті театр ұжымы. Қойылымның режиссері Ержан Қауланов туынды арқылы тек жастардың махаббатын емес, адал еңбектің қоғамдағы орнын шебер жеткізе білді. Көркемдік шешім: Қоюшы-суретші Д.Қыдырқожа мен костюм суретшіс... |
| Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.02.2026 |
Әділеттілік пен құқық үстемдігінің жаңа дәуірі |
| Қазақстан үшін Конституция – жай ғана заң емес. Ол – халықтың тағдыры, мемлекеттің бағыты, ұлттың ертеңі. Сондықтан Ата Заңның жаңа жобасы қоғамда үміт пен күдікті қатар оятқаны заңды. Көпшілікті ойландырған негізгі мәселелердің бірі – 9-баптың 2-тармағы. Онда «мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі қазақ тілімен тең қолданылады» деп көрсетілген. Бұл норма «ана тіліміздің қолданысына кері әсер етуі мүмкін» деген пікір туғызып отыр. Қоғамда тілге қатысты кейбір келеңсіз жағдайлардың да осы тармақпен байланысты айтылуы тегін емес. Сонымен қатар, Ата Заңның 43-бабында болашақта ел Президентінің қазақ тілін еркін меңгеруі міндеттелсе, 22-баптың 2-тармағында әр азаматтың ана тілін, ұлттық мәдениетін пайдалануға және кез келген тілді еркін таңдауға құқығы бар екені нақты көрсетілген. Демек, Конституция ешкімнің құқығын шектемейді, елімізде әр адам қысымсыз өмір сүруіне толық мүмк... |
| Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.02.2026 |
"Заң мен жастар" тақырыбында түсіндірме жұмысы өтті |
| Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң мен жастар» тақырыбында түсіндірме жұмысы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қолданыстағы заңнамалар туралы ақпарат беріліп, жастардың құқықтары мен міндеттері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі және әкімшілік жауапкершілік мәселелері талқыланды. Кездесу барысында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. ???? Шара соңында қатысушылардың белсенділігін арттыру мақсатында арнайы тренинг ойыны ойнатылды. Ойын барысында жастар құқықтық жағдаяттарды талдап, өз пікірлерін білдіріп, заң аясында дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығын түсінді. Шара заңға деген құрметті арттырып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды. |
| Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 14.02.2026 |
