Жаңалықтар

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК ДАМУ КЕҢЕСІ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жетісу облыстық филиалында «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы жанындағы Өңірлік кеңесі кеңейтілген отырысы болып өтті. Отырысқа облыстық басқармалар басшылары, партия мүшелері, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының Жетісу облысы бойынша 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының 2026 жылға жоспарланған көрсеткіштерінің орындалуы туралы мәселелері қаралды. Кеңес барысында Жетісу облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы сондай-ақ Жетісу облысы құрылыс басқармасы басшылары, орынбасарларының есептері тыңдалды. Мәселен, Жетісу облысы құрылыс басқармасы басшысы орынбасары Айдос Кунесбаевтың айтуынша; «2025 жылы өңірде жалпы 240 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен бірге 69 нысанның құрылысы 2026 жылға ауысты. Жобалау жұмыстары бойынша 40 жобаға сараптама қорытындысы алынып, 19 жоба келесі жылға өткізіліп отыр. Биылғы жылы о...
Толығырақ... Оқылды: 75 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.02.2026

«Конституция – менің қорғаным» атты плакаттар байқауы өтті

М.Құрманов атындағы орта мектепте оқушылар арасында «Конституция – менің қорғаным» тақырыбында плакаттар байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа Ата Заңның маңызын кеңінен түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға деген құрмет сезімін қалыптастыру. Байқау барысында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытып, Конституцияның адам өміріндегі рөлін айқындайтын мазмұнды әрі көркем плакаттар ұсынды. Жұмыстарда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, заңның үстемдігі, әділ қоғам құру қағидаттары және бейбіт өмірдің кепілі ретіндегі Конституцияның маңызы жан-жақты көрініс тапты. Қатысушылар өз ойларын сурет арқылы шебер жеткізіп, Конституцияның әрбір азамат үшін сенімді қорған, тұрақтылық пен бірліктің негізі екенін көрсете білді. Қазылар алқасы оқушылардың идеялық мазмұнына, шығармашылық ізденісіне және көркемдік шешіміне ерекше назар аударды. Аталған шара оқушылардың құқықтық мәдениетін дамытуға, ел бол...
Толығырақ... Оқылды: 68 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.02.2026

«КОНСТИТУЦИЯНЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

2026 жылдың 6 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен «Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Басқосудың басты мақсаты Қазақстанда жарияланған жаңа Конституция жобасы аясында ғылым, білім, адами капитал және инновацияның мемлекет дамуының стратегиялық өзегіне айналуын талқылауға арналды. Жиын барысында ғалымдар мен сарапшылар конституциялық реформалардың мазмұнын ғылыми-эксперттік деңгейде қарастырып, Ата Заңда ұсынылып отырған өзгерістерді талқылады. Бұған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Конституциялық комиссия мүшелері, академиктер қатысты. Іс-шараны Академияның президенті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы жүргізіп, еліміздің дамуындағы тарихи кезең — Ата Заңға енгізілетін жаңа өзгерістердің мәні мен маңызына тоқталды. Ақылбек Қажығұлұлы өз сөзінде: «Қазір біз мемлекетіміздің дамуындағы тарихи кезеңді бастан өткізудеміз. Еліміздің жаңа Констит...
Толығырақ... Оқылды: 79 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.02.2026

«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы жанындағы Өңірлік кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы жанындағы Өңірлік кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста «AMANAT» партиясының Жетісу облысы бойынша 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалу барысы қаралды. Атап айтқанда, Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, облыстық құрылыс басқармасының, сондай-ақ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының есептері тыңдалды.
Толығырақ... Оқылды: 57 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.02.2026

Олжас Бектенов: Жаңа Конституция жобасы мемлекет пен бизнес арасындағы сенім мен ұзақмерзімді серіктестік орта қалыптастырады

Премьер-министр Олжас Бектенов «Атамекен» ҰКП алаңында мұнай-газ және энергетика саласы, тау-кен және металлургия өнеркәсібі, АӨК бизнес өкілдері, салалық қауымдастықтар мүшелері мен барлық өңір сарапшыларының қатысуымен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Салық реформалары, бизнесті қолдау, ақпараттық жүйелерді цифрландыру сынды басқа да өзекті мәселелерге назар аударылды. ▫️ Жиынды ашқан Премьер-министр кәсіпкерлікті дамыту Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттардың бірі екенін ерекше атап өтті. Бизнес – экономикалық реформалар жүргізуде басты серіктес, бұл жұмыста «Атамекен» ҰКП маңызды рөл атқарады. Біз бүгін сіздермен еліміз үшін өте маңызды, тарихи маңызы бар сәтте кездесіп отырмыз. Жарты жыл бойы қоғамда конституциялық реформаны белсенді талқылау жүріп жатыр. Ашық дискуссиялар болып жатыр. Азаматтардан мыңдаған ұсыныс келіп түсуде және олардың барлығы терең зерделеніп, ескеріліп жатыр. Бұл – еліміздегі д...
Толығырақ... Оқылды: 59 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.02.2026

Ақпараттық топ мүшелері халыққа түсіндірме жұмыс жасады

Бүгін ақпараттық топ мүшелері «Көксу қант зауыты» ЖШС әкімшілігімен «Конституциялық реформа: қоғамдық диалог» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, ел дамуына ықпалы және қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ашық форматта сұрақ-жауап алмасты. Мұндай кездесулер – билік пен қоғам арасындағы өзара түсіністікті нығайтып, ашық диалог алаңын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Толығырақ... Оқылды: 58 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.02.2026

Дүниежүзілік сайлау күні

5 ақпан – Дүниежүзілік сайлау күніне орай Көксу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының және Лабасы ауылдық округі сайлау комиссияларының ұйымдастыруымен «Сайлау комиссияларының тиімді жұмысының негізгі қағидаттары ретінде кәсібилік пен алқалылық» тақырыбында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды. Аталған спорттық шараның басты мақсаты – сайлау комиссиялары мүшелері арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, командалық рухты қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ кәсіби тәжірибе алмасуға қолайлы орта қалыптастыру болды. Сонымен қатар, бұл турнир сайлау комиссияларының қызметіндегі бірлік, жауапкершілік пен өзара қолдау секілді маңызды құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Турнирге аудан аумағындағы бірқатар учаскелік сайлау комиссияларының командалары қатысып, жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен белсенділікті көрсетті. Жарыс барысында командалар тартысты әрі қызықты ойын өрнегін ұсынып, өзара...
Толығырақ... Оқылды: 69 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.02.2026

Автокөлік жолдарын қысқы күтіп-ұстауға биыл 554 млн теңге бөлінді

Жетісу облысында қысқы кезеңде автомобиль жолдарының қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде атқарылуда. Облыс аумағындағы автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 4 019 шақырым. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 1 034 км, жергілікті маңызы бар жолдар – 2 985 км. Ал облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 2 758 шақырым. 2025-2026 жылдарға облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстауға жалпы 554 млн теңге қарастырылған. Атап айтқанда, 2025 жылға – 290 млн теңге, 2026 жылға – 264 млн теңге бөлінді. Қысқы күтіп-ұстау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын 5 мердігер мекеме жүзеге асыруда. Тайғаққа қарсы материалдарға қажеттілік 4 900 тонна болса, жанар-жағар май қоры 205 тонна. Сонымен қатар, қыс мезгілінде қар тазалау жұмыстарына 150 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Қысқы кезеңдегі жедел әрекет ету мақсатында облыстық әкімшілік полиция басқармасы, төтенше жағда...
Толығырақ... Оқылды: 94 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.02.2026

«Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесі Пленумының мәлемдемесі

2026жылдың4 ақпаны, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі 1.«Ақ жол» демократиялық партиясы Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Конституциялық комиссия әзірлеген Жаңа Конституция жобасын қолдайды. 2.Аталған жоба Мемлекет басшысының өз өкілеттігіне сайланған алғашқы жылдан бастаған бірқатар реформаларының қисынды жалғасы болып табылатынын атап өткен жөн деп санаймыз. Бұл бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – Президенттің 2019 жылдың желтоқсанында «Парламенттік оппозиция туралы» заңды қабылдау жөніндегі тапсырмасы болды. Осы бастаманың нәтижесінде 2020 жылы «Ақ жол» демократиялық партиясы 2012 жылы әзірлеген аттас заң жобасын қабылдау мүмкін болды, бұл парламенттік қызметті реформалаудың, ашық көппартиялық пікірталасты қамтамасыз етудің бастауына айналды. Бүгінде «Ақ жол» фракциясы көптеген мәселелер, соның ішінде Үкімет Есебі бойынша баламалы түрде сөз сөй...
Толығырақ... Оқылды: 68 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.02.2026

Қазақстан халықаралық міндеттемелерді қолданыстағы құқық негізінде, заң талаптарына сәйкес қолданады – Үнзила Шапақ

Үнзила Шапақ:Конституция мен халықаралық құқықтың арақатынасын белгілеу – еліміздіңтұтас құқықтық жүйесінің іргетасын нығайтады Мемлекет өз Конституциясы мәтініне халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын, жалпыадамзаттық құндылықтарды және халықаралық құжаттарда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтарын енгізеді. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Мәжіліс депутаты, заң ғылымдарының докторыҮнзила Шапақ осылай деп мәлімдеді. Оныңтүсіндіруінше,халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасы үстемдік пен бағыныштылыққа емес, өзара әрекеттесу,толықтыру жәнеүйлестіру қағидаттарына негізделеді.Осыған орай, ұсынылып отырғанКонституция жобасындахалықаралық шарттарға қатысты негізгі ережелеркөзделді. «Осылайша, 5-баптың 1-тармағытуралы қысқашатұжырымдап айтсам, ҚазақстанРеспубликасыхалықаралық міндеттемелерден бас тартпайды, керісінше онықолданылатынқұқықтың, яғни қоғамдық қатынастарды реттейтін маңызды құрамдас бөлігі ретіндемойынд...
Толығырақ... Оқылды: 69 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.02.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.