Жаңалықтар

Өңірлік коалиция құрылды

Талдықорғанда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты өңірлік коалицияның ресми ашылуы өтті. Шара халықты Конституция төңірегіндегі қоғамдық талқылауға кеңінен қатыстыруды көздейді. Салтанатты жиынға «AMANAT» партиясының облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын, облыстық мәслихаттың төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Гүлнар Тойлыбаева, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт қатысты. Жиынды ашқан «AMANAT» партиясының облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын: Бүгін Жетісу жерінде коалиция жұмысының басталуы – аймақ тұрғындарының ел тағдырына бейжай қарамайтынын көрсетті. Алдағы уақытта түсіндіру кездесулері, ашық пікірталастар мен қоғамдық талқылаулар ұйымдастырылады. Әр азаматтың дауысы маңызды, – деді. Облыстық мәслихатының төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Гүлнар Тойлыбаева өз сөзінде конституциялық өзгерістердің м...
Толығырақ... Оқылды: 48 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.02.2026

В Жетісу начала свою работу региональная коалиция

Ее основная цель — консолидация общественно-политических сил области и формирование открытой диалоговой площадки для обсуждения вопросов конституционного развития страны, укрепления принципов справедливости и повышения гражданской активности. Сегодня в Талдыкоргане начала свою работу региональная коалиция «За Народную Конституцию справедливого и прогрессивного Казахстана». Официальная церемония открытия прошла в Тіл сарайы и объединила представителей политических партий, общественных объединений, ветеранских организаций и активистов региона, передает корреспондентVestnik19.kz Ключевые цели коалиции – консолидация общественно-политических сил области Жетісу и формирование открытой диалоговой площадки для обсуждения вопросов конституционного развития страны, укрепления принципов справедливости и повышения гражданской активности. В мероприятии приняли участие председатель областного филиала партии «AMANAT» Арыстангали Арын, председатель масли...
Толығырақ... Оқылды: 51 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.02.2026

Динара Шукижанова: Новая Конституция создает прочную основу для развития бизнеса

Казахстанский бизнес сегодня работает в условиях высокой глобальной конкуренции, технологических изменений и внешних вызовов. По словам Президента АО «АгромашХолдинг KZ» Динары Шукижановой, в таких реалиях решающими становятся устойчивость правил, защита собственности и предсказуемость государственной политики. «Для бизнеса самое важное – стабильность регулирования и защита вложенных усилий. Мы планируем развитие на годы вперед, и нам необходима понятная и надежная институциональная среда», - отметила она. Предприниматели, особенно в капиталоемких отраслях, выстраивают стратегию на 7–10 лет вперед. Проект новой Конституции формирует правовую основу, которая закрепляет свободу предпринимательства и право распоряжаться своим имуществом. Монополистическая деятельность ограничивается законом, недобросовестная конкуренция запрещается, что создает равные условия для рынка. «Сильный бизнес формирует производственный и предпринимательский поте...
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.02.2026

Мади Мырзағараев: Әділдікке деген сенім қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асады

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының алғашқы жиынында Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мади Мырзағараев сөз сөйлеп, жаңа Конституциядағы «Заң мен Тәртіп» қағидасының мәнін және адвокаттық институттың қоғамдағы орнын туралы айтты. Адвокаттар алқасы төрағасының айтуынша, адвокаттар күн сайын адамдардың тағдырымен, әділдікке деген үмітімен бетпе-бет келеді. «Қағаздағы заң нормаларының артында әрдайым адам өмірі, құқығы мен бостандығы, атақ-абыройы, отбасы мен болашағы тұрады. Жаңа Конституцияда «Заң мен Тәртіп» қағидасы айқындалды. Бұл – еліміздің барлық құқықтық жүйесін қамтитын құндылықтарды жиындығы. Әрине «Заң мен Тәртіп» ұғымы қысымды күшейту немесе ережелерді қатаңдату деген мығына бермейді. Бұл – ең әуелі, заңды құрметтеу, заң алдындағы теңдік деген сөз», – деді ол. Мади Мырзағараев бұл қағиданың азаматтардың құқықтарын қ...
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.02.2026

Ерлан Саиров: Жаңа Конституция жобасында мемлекеттің саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін тетіктер қарастырылды

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының алғашқы жиынында мәлімдеді. Депутаттың айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келген күннен бастап елімізді одан әрі демократияландыру ісін айқындағанын атап өтті. «Президент плюрализмді дамытуға ықпал етуді өз міндеті санайтынын айтқан еді. Бұл саяси ұстаным бүгінге дейін дәйекті түрде жүзеге асырылып келеді. Еліміздегі саяси жүйені жетілдірудің салмақты әрі эволюциялық жолы нақты нәтиже беріп отыр. Бұл құжатта биліктің халық алдындағы жауапкершілігі айқын көрініс тапты», – деді Ерлан Саиров. Депутат саяси даму мен экономикалық серпін тұрақтылықпен тікелей байланысты екенін атап өтті. Оның пікірінше, геосаяси тұрақсыздық жағдайында мұндай конституциялық негіз ерекше маңызға ие. Депутат жаңа құжатта Қазақстан...
Толығырақ... Оқылды: 38 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.02.2026

Үнзила Шапақ: Жаңа Конституция жобасында тарихымыз алғаш рет мызғымас ұлттық құндылық ретінде танылды

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Үнзила Шапақ «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының алғашқы жиынында мәлімдеді. Депутат Конституцияның преамбуласын қайта қарау жөнінде ұсыныс білдіргенін атап өтті. «Ата Заңы мықты елдің – тұғыры берік, Туы биік. Заман өзгереді. Онымен бірге қоғам да, құндылықтар да жаңғырады. Мемлекеттің шынайы қуаты – оның мәңгілік құндылықтарында», – деді Үнзила Шапақ. Ол референдумға ұсынылып отырған Конституция жобасы Егемендік пен Тәуелсіздікті, аумақтық тұтастық пен мемлекеттік шекараның мызғымастығын ең жоғары құндылық ретінде нақты бекітетінін ерекше атап өтті. Сонымен қатар депутат жаңа құжатта елдің терең тарихи тамырына да айрықша мән берілгенін жеткізді. Оның айтуынша, жаңа Ата Заң жобасында мыңжылдық тарихымыз алғаш рет мызғымас ұлттық құндылық ретінде танылды....
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.02.2026

Ветеринария саласын жаңғыртуға биыл 1 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалмақ

Облыс аумағында ветеринариялық қауіпсіздікті нығайту және инфрақұрылымды дамыту мақсатында биыл 16 жаңа блокты-модульді пункт, 4 ветеринариялық станция мен 10 мал қорымын салу жоспарланып отыр. Бұл мақсаттарға бюджеттен 845 миллион теңгеден астам қаражат қарастырылған. Сонымен қатар, биылғы жылдың 1 сәуіріне дейін өңірдегі 129 сібір жарасы көміндісінің қоршауларын бетонға ауыстыру жұмыстары толық аяқталады. Бүгінгі таңда 65 нысан бетонмен қоршалып үлгерді, қалған 64 нысан бойынша жұмыстар қарқынды жүруде. Инфрақұрылымдық дамумен қатар, биыл жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу үшін 11,8 миллион манипуляция жасау көзделген. Профилактикалық шаралар ақпан айында басталып, қазіргі уақытта мамандар қажетті вакциналардың 46%-мен қамтамасыз етілді. Биылғы жоспарда пастереллез бен қарасан сияқты ауруларға қарсы екпе көлемі 10,9%-ға азайтылды. Саланы цифрландыру және жабдықтау жұмыстары соңғы екі жылдағы нәтижелер негізінде жалғасуда. 2023-2025 жылдар аралығында өңірде 67 жаңа...
Толығырақ... Оқылды: 76 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 10.02.2026

Жетісуда онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 67 пайызға жетті

Жыл сайын 4 ақпанда атап өтілетін Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күрес күні қарсаңында Жетісу облыстық көпсалалы клиникасы өңірдегі онкологиялық қызметтің өткен жылғы жұмысын қорытындылады. Бүгінде облыстың 700 мыңға жуық тұрғынына қызмет көрсететін орталық дертті ерте анықтау мен емдеу сапасын арттыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Мәселен, өткен жылы диспансерлік есепке алынған 1 407 науқастың 67 пайызында, яғни 934 жағдайда ауру ең ерте сатысында анықталған. Қазіргі уақытта клиникада жалпы саны 7 775 науқас есепте тұрса, олардың 65 пайызы бес жылдан астам уақыт бойы бақылауда болып, нәтижелі ем алып келеді. Дертті дер кезінде анықтау мақсатында жыл бойы «Ашық есік күні» өткізіліп, халық тексеруден өтті. Нәтижесінде 98 ісікке дейінгі жағдай мен 29 қатерлі ісік нышаны ерте анықталып, пациенттерге жедел көмек көрсетілді. Сонымен қатар, тек скринингтік тексерулердің өзі 143 жаңа жағдайды анықтауға мүмкіндік берді. Инфрақұрылымды дамыту бағытында өткен жылы клини...
Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 10.02.2026

Жетісуда биыл 10 ірі әлеуметтік гранттық жоба іске асырылады

Жетісу облысында 2026 жылы мемлекеттік жастар саясатын, отбасы институтын және азаматтық белсенділікті дамытуға бағытталған ауқымды әлеуметтік жобалар кешені бастау алады. Үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүзеге асырылатын бұл бастамалар өңір жастарының әлеуетін арттыруға, әлеуметтік мәселелердің алдын алуға және қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға негізделген. Билік орындары бұл жобалардың тек уақытша шара емес, 2028 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясының бір бөлігі екенін атап өтті. Бағдарламаның ең басым бағыттарының бірі – ауыл жастарын қолдау және жұмыссыздықпен күрес. Жоба аясында жыл сайын 1 000-нан астам жас кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, үздік стартап иелеріне 3 миллион теңге көлемінде 10 қайтарымсыз грант беріледі. Өтінім қабылдау: қысқа мерзімді гранттар бойынша 15 жұмыс күні ішінде 3 мен 23 аралығында, ұзақ мерзімді гранттар бойынша 20 жұмыс күні ішінде 3 ақпан мен 2 наурыз аралығында https://cisc.kz/ru/projects/ сілтемесі арқылы беруге болады. Жастардың бо...
Толығырақ... Оқылды: 67 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 10.02.2026

Ақпараттық-насихаттау штабының мүшелері «Uyz Mai Industry» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті

Ақпараттық-насихаттау штабының мүшелері «Uyz Mai Industry» ЖШС еңбек ұжымымен Конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында кездесу өткізді. Іс-шара барысында Конституцияға енгізілген өзгерістердің мәні мен маңызы, олардың елдің саяси және әлеуметтік дамуына ықпалы жан-жақты баяндалды. Сонымен қатар, азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, қоғамдық институттардың рөлін арттыру бағытындағы бастамаларға ерекше назар аударылды. Кездесу ашық диалог форматында өтті. Кәсіпорын қызметкерлері өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Штаб мүшелері тарапынан толыққанды түсіндірме берілді. Аталған бағыттағы жұмыстар халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға және қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға ықпал етеді.
Толығырақ... Оқылды: 57 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 10.02.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.