Жаңалықтар

Көксудан шыққан суретші - Әбілхан Қастеевтің шәкірті

«Жарық дүниеге келген екенсің, өмірді, тіршілікті қыран қанатындағы өнер биігіне көтерген ләзім»- депті немістің ұлы ақыны Гете. Өмір– өзен ағады, тоқтамайды. Өмір өткен күнмен, жасаған жылмен өлшенбейді. Өмір өлшемі– мына беймаза дүниеде жасаған ізгілікті ісің, артында қалған жақсы көрнекі ізің. Дана халқымызда «Көп жасап күміс болғанша, аз жасап алтын болған артық»- деген ұлағатты сөз бар. Бұл сірә, бабамыз Балпық би, Қадырғали Жалайыри сияқты талай елімізге танымал тұлғаларға жарқын бейне сыйлаған қылқалам шебері, сурет өнерінің майталманы Иманбек Рахымбекұлына арнап айтылғандай. Кішкентай кезінен Жамбыл ауылында өсіп ер жеткен бала Иманбек табиғаттың көз тартар сұлулығына, қаймағы бұзылмаған ауыл азаматтарының татулығы мен мейіріміне бөленіп өсті. Үйінде алған тәлім-тәрбие мен сүйіспеншілік қиялға қанат бітіріп, өнерге қадам басуға, сурет сиқырына кенелуге жол ашады. -«Менің суретке деген алғашқы қызығушылығым мектеп қабырғасында жүрген...
Толығырақ... Оқылды: 1530 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.09.2021

ҰЛТ ПЕН ҰЛЫС

Әлемдердің Жаратушысы Алла Тағала адамзатты жаратып, адам балаларын түрлі ұлттар мен ұлыстарға бөлді. Дініміз Исламда барлық адамзатты Алла Тағаланың жаратылысы деп танып, олардың ешқайсысын ұлтына, нәсіліне қарап бөлуге болмайды. Алла алдында ешкім ешкімнен жоғары емес, айырмашылық тек тақуалық пен діндарлықта ғана болмақ. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Хужурат» сүресінің 13-аятында: «Уа, адамдар! Шүбәсіз, сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық. Сондай-ақ сендерді бір-біріңмен танысып, табысуларың үшін сан-алуан ұлыстар мен руларға бөлдік. Біле білсеңдер, Алланың алдындағы ең ардақтыларың – ең тақуаларың», – деп айтқан. Алла Тағала бұл аятта біздерге барлық адамзат Адам ата мен Хауа анамыздан тарайтындығын есімізге салып, қандай ұлт болмасын олардың шыққан негізі бір екендігін ескертеді. Аяттағы: «Бір-бірлеріңді тануларың үшін» дегенді Имам Мужаһид: «Олар пәленше пәленше деген рудан, пәленшенің баласы деп адамдар бір-бірлерін...
Толығырақ... Оқылды: 1252 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 17.09.2021

Отбасы діңгегі - берекелі шаңырақ

Көнеден қалған есті сөз: «Ұлттық мәдениеті жоғары дамыған ел кез келген өркениетті деген елден оқ бойы озық тұрады» деген түрік ағайындардың ұстанған берік қағидасы бар. Олардың заман ағыстарында жұтылып кетпей, ұлттық құндылықтарын, ата дәстүрді осы күнге дейін сақтап, қарыштай дамуының мәнісі де осында. Өзінің түп-тамыры, ата-тек болмысынан айнымайтын, ұлттық рухын, ар-намысын асқақ та бекем ұстайтын халық қана біртұтас ұлт болып ұйысып, баянды болашаққа түзу жол түзе алмақ. Отан - отбасынан басталады. Ал осы отбасының түтіні түзу шығуы жанұядағы әрбір адамның татулығы мен өзара түсіністігінде жатыр. Мемлекетіміз іргесін тіктеп, Тәуелсіздік алғаннан бері еліміз тек жақсы жағынан өзгерді деуге толық негіз бар. Оған ұзақ жылдарға бағытталған стратегиялық бағдарламалар дәлел. Қазірдің өзінде-ақ, мемлекетімізде отбасы күні мереке ретінде тойланады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аудан халқына, оның ішінде әрбір азаматына үлкен серпін б...
Толығырақ... Оқылды: 1153 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 17.09.2021

Әкімі жақсы болса - халқы бақуатты

Қыркүйектің 12-сі күні Мұқыры және Мұсабек ауылдық округтерінде су жаңа екі әкім тағайындалды. Бұл кадрлық ауыс-түйіс жалпы жалпақ жұртқа жыл келгендей жаңалық бола қойған жоқ. Себебі екеуі де сол ауылдың тумасы. Көптің көз алдында, өз еңбегімен, білім-білігімен абырой биігіне өрлеген азаматтар. Қоғамның белді азаматтары туралы адамдар әсте әртүрлі ойлайды. Көпшілік жоғары лауазымды қызмет аспаннан салбырап түсіп, сол адамның басына қона қалғандай көреді. Әдетте, әкімдер туралы әңгіме бола қалса жақтырмай, тулай жөнелетін адамдар да жоқ емес. Әкімнің де әкімі бар. Жұмыс болған соң, оның күнгейі мен көлеңкесі де болмақ. Әкім болу оңай ма? Әкімдер- барлық жағдайды жоғарыдан төмен емес, төменнен жоғарыға қарай бақылайтын, соған қарап іс-әрекет жасайтын тұлғалар. Өздеріне тиесілі ауылды, қаланы, облысты көркейту, дамыту үшін барын салады. Алайда бәрі тиянақты, кемшіліксіз бола алмайды. Осы кезде, әкімдердің басы дауға қалып, сынға ұшырайды. Мұқыры ауылына барар жолда әкімдердің қызмет...
Толығырақ... Оқылды: 1454 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.09.2021

Тәуелсіздіктің тірегі - білімді ұрпақ

Қазақстан Республикасның Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздіктің тірегі - білімді ұрпақ" атты дөңгелек үстел өтті. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қайсар рух пен қара күшті қару етіп, еркіндік үшін күрескен бабаларымыздың ерлік жолындағы күресі бүгінгі таңда айбыны аспан тіреген тәуелсіздік тұғырын биіктетті. Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастар еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда. Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік-экономикалық да¬му жолындағы қарқынымыз, жастар¬дың қоғамдық-саяси өмірдегі ұс¬танымына, олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастард...
Толығырақ... Оқылды: 949 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 15.09.2021

Алматы облысының кәсіпкері жасанды көлде балық, қаз өсіруде

Елімізде жеке кәсіпкерлерді қолдау ерекше. Сондықтанда болар әр жерде жеке шаруалар қаз, үйрек, балық өсіріп табыс табуға ден қоюда. Қаратал ауданының тұрғыны Аксенов Анатолий да осы кәсіпті бастау үшін 10 гектар жерге жасанды көл жасап, 10 жылдан бері балық өсірсе, соңғы 2 жылда қаз, үйрек өсіруді қолға алған. Бұл фермада бүгінгі күні беламур, сазан, мөңке балықтары, қаздың россиядан әкелінген етті бағыттағы үлкен Сера және ақ Линда қаз түрі бар. Балықтардың орта салмағы 18 кг. қаздың орта салмағы 4 келіге дейін жетеді. Кәсіпкер Анатолийдың айтуынша, қаз балапандарын өсіріп, суға жіберген сәттен балықдың өсуі 2 есеге ұлғайған, себебі қаздың еті, жүні, аяқтары мен бауыры нарықта үлкен сұранысқа ие болса, оның соңғырығыда таптырмас тыңғайтқыш. «Балық шарушылығымен айналысып жүргеніме 10 жылдан асты. Бұл кәсіп табысты болғанымен оны 4 жыл бойы ауламай баптау қажет. Ал қаз, үйрек балапандары 3 ай ішінде өсіп, ет алады. Еті диеталық жеңіл болып келеді. Қазірдің өзінде сұраныс ө...
Толығырақ... Оқылды: 1417 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.09.2021

Азаматтарға арналған үкімет Kaspi.kz-пен

Қазақстандықтар үшін жақсы жаңалығымыз бар. Азаматтарға арналған үкіметтің Kaspi.kz-пен бірігіп енгізген жаңа сервисінің арқасында жылжымайтын мүлікті тіркеу жеңілдей түседі. Енді нотариуста жылжымайтын мүлік бойынша мәміле жасасқан клиенттер мемлекеттік бажды Kaspi.kz қосымшасында бірден төлей алады. Ол үшін нотариус берген түбіртектегі QR кодты сканерлеу қажет немесе қосымшадағы "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі арқылы төлем жүргізуге болады. Бұрын нотариаттық мәміле жасалғаннан кейін нотариус құжаттардың электрондық көшірмелерін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі арқылы жіберетін. Содан кейін мәміле рәсімін аяқтау үшін клиенттер мемлекеттік бажды банкке немесе "Қазпошта" кассаларына барып төлеп, төлем чегін нотариусқа қайта әкелуі тиіс-тін. Жаңа қызмет нотариусқа қайта оралу қажеттілігін жояды. Қазақстандықтар өз уақыттарын айтарлықтай үнемдейді. Бүгінде жылжымайтын мүлікті тіркеуге өтінішті ХҚО немесе нотариус арқылы да беруге болады.
Толығырақ... Оқылды: 1376 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2021

Шетелде жүріп ЭЦҚ-ны қалай алуға болады?

Күтпеген жағдайлардан ешкім сақтандырылмаған, сондай жағдайлардың бірінде сізге ЭЦҚ керек болып қалуы да мүмкін. Бұрын шетелде жүріп ЭЦҚ алу қиындық тудыратын, қазір сіз ЭЦҚ-ны алу үшін елшілікке немесе консулдыққа жүгіне аласыз. Ол үшін сізге: - NCALayer бағдарламасын орнату -www.pki.gov.kzпорталында "жеке тұлғалар үшін ЭЦҚ" алуға өтінім беру - жеке ЖСН нөмірін енгізіп, тиісті жолдарды толтыру қажет. Бұдан кейін консулдыққа барып, сайтта өтініш берген соң қалыптастырылған анықтама мен жеке куәлікті ұсыну қажет. Лауазымды тұлға ақпараттық жүйеде өтінімді растаған соң өтініш жасаған компьютерденwww.pki.gov.kzпорталында шығарылған сертификаттарды (ЭЦҚ) жүктеп алуға болады. Бүгінгі таңда бұл қызмет Абу-Даби, Бішкек, Вашингтон, Мәскеу, Нью-Йорк, Прага, Санкт-Петербург, Сеул, Ыстамбұл және Майндағы Франкфурт қалаларында орналасқан 10 дипломатиялық өкілдікте қолжетімді.
Толығырақ... Оқылды: 1391 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2021

БІЛІМНІҢ БАСТАУЫ- БАЛАБАҚШАДА

Балабақша анамыз, Оқып білім аламыз, Өнерпаз боп өсетін. Біз балдырған боламыз! Тәрбие мен білім негізі ең алдымен отбасынан, содан соң балабақшадан басталады. Еліміз Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде талай бүлдіршінді білімге, тәрбие берген білім ошағы биыл да өз тәрбиеленушілерін қайта қуантты. Елімізде болып жатқан пандемия көп нәрсені ұқтырып өмірге жаңа көзқарас қалыптастырды. Алайда өзгермейтін бір сала бар - ол білім. Ал білімнің бастауы балабақшада. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру саласында сапаны жақсартуға арнайы көңіл бөлінуде. Жақында «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасында жаңа оқу жылының басталуына орай «Білімнің бастауы балабақшада» атты ертеңгілік өтті. Сөз өнері, сөйлеу мәнері енді ғана қалыптасып келе жатқан балалар Тәуелсіздіктің символына айналған Гимнді шырқап, өздеріне берілген тақпақтарын айтты. Ұлттық би билеп, әуелетіп ән шырқады. Бұл білім жолына аттаған алғашқы қадамдары. Елбасының балабақшадағы білім беру жүйесін түбегейлі өзгер...
Толығырақ... Оқылды: 1002 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 10.09.2021

Қамқоршы аға

Мен аудандық партия комитетінің нұсқауымен ауаткомнан ауысып, аудандағы ең нашар «Еңбекші» совхозына партия ұйымының хатшысы болып сайландым. 10 айдан кейін, яғни 1971 жылы 8 наурыз күні осы совхоздың директоры болып тағайындалдым. Шынымды айтайын, Еңбекші совхозы түбегейлеп келгенде туған ауылымдай ыстық, болашақ бақытты да шабытты да алдағы небір қуаныш пен қасіретті де сол совхоздан табатынымды осы жолы білген жоқпын. Сонымен совхозға бет алдық. Ертеректе осы совхоздың негізін қалаушы «Амангелді» колхозында аты аңызға айналған Нұрмолда Алдабергенов те екі ай бастық болғанын білетінмін. Нұрағаңның аз ғана уақыт болса да қолтаңбасы қалған Амангелді ауылына ат басын бұрғанда еріксіз толқыдым. Себебі Нұрағаңмен алғашқы кездескен кездегі «Қызым» деген сөзінен көңілім толқып, жаңа дүниемнің астаң-кестең болып, әлдебір тылсым қуатты күштің бойымды шарпып өткенін күні бүгінге дейін сол алып қуаттың қысылған шақта бойыма нәр беріп, қуанған сәтте сабыр бер...
Толығырақ... Оқылды: 991 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 10.09.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.