Жаңалықтар
Жетісу облысында «Маман» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды |
| АҚ «Отбасы банк» Жетісу облыстық филиалы облыс әкімдігінің қолдауымен әлеуметтік маңызы бар сала қызметкерлеріне арналған «Маман» тұрғын үй бағдарламасының басталғанын хабарлайды. Өтінім беру 25-ші тамыздан бастап 5-ші қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл туралы АҚ «Отбасы банк» Жетісу облыстық филиалы және Жетісу облысының Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілдері мәлімдеді. Жоба өңірдегі ұстаздар, дәрігерлер, журналистер, мәдениет және спорт саласы өкілдері, энергетика мен туризм мамандары, сондай-ақ мемлекеттік корпорация мен саяси партиялар филиалдарының қызметкерлері үшін қолжетімді баспана алуға мүмкіндік береді. Бағдарламаға қатысу үшін үміткердің жасы 63-ке дейін болуы, соңғы бес жылда жылжымайтын мүлікке ие болмауы және кемінде үш жыл бойы Жетісу облысында тұрақты тіркеуде тұруы қажет. Сонымен қатар, өтініш беруші соңғы 12 айда аталған салалардың бірінде ресми еңбек қызметін атқаруы тиіс. Бағдарламаға ерлі-з... |
| Толығырақ... Оқылды: 102 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.08.2025 |
Жетісу облысы алдағы жылыту маусымына дайындықты бастады |
| Өңірде тұрғын үй секторындағы өрттердің үлесі жоғары. Өткен жылыту кезеңінде олардың саны 36%-ға өсті. Атап айтсақ, 187 жағдай тіркеліп, 14 адам қаза тапты. Өрттердің негізгі себептері – ескі пештер мен электр желілерін дұрыс пайдаланбау. Қауіпсіздікті күшейту мақсатында 15 тамыздан 1 қазанға дейін «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өткізіліп жатыр. Әлеуметтік әлсіз отбасылардың үйлерінде түтін мен газ датчиктері орнатылып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Өткен маусымда мұндай датчиктер 936 отбасыға қойылған, биыл да бұл жұмыс жалғасады. Жылыту маусымына дайындық үшін бюджеттен 14,8 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 6,6 млрд теңге жылу нысандарын жөндеуге, 8,2 млрд теңге отын алуға бағытталды. Қазіргі уақытта жылу және электр инфрақұрылымының дайындығы 84%-ға жетті. Талдықорғандағы негізгі жылу көзі – «Басқуат» қазандығының тозу деңгейі 85%. Оны жаңғыртып, газға көшіру жобасы әзірленіп жатыр. Қосымша қазандықтар мен газтурбиналық ста... |
| Толығырақ... Оқылды: 93 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.08.2025 |
Жетісу спорты өркендеуде: 292 мыңнан астам тұрғын тұрақты түрде спортпен айналысады |
| Өңірде дене шынықтыру мен спортты дамыту басты басымдықтарының бірі болып отыр. Бұл туралы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Дуанаев мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл жергілікті бюджеттен спорт саласына 22 млрд-тан астам қаражат бөлінді. Бүгінде облыста 1000 астам спорт нысаны жұмыс істейді, олардың қатарында 13 стадион, 42 спорт кешені, 18 бассейн, 502 спорт залы және басқа да инфрақұрылымдар бар. Биыл 5 ірі спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр, соның ішінде Лепсі және Қабанбай ауылдарындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, көркем гимнастика залы және блокты-модульды спорттық кешендер бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, облыста заманауи шаңғы-биатлон кешенін салу жоспарда. Қаржыландыру республикалық бюджет есебінен қарастырылуда. Қазіргі таңда спортпен тұрақты айналысатындардың саны 292 мыңнан астам адам. Ұлттық спорт түрлерімен 26 мыңнан астам тұрғын шұғылданады. Мүгедектігі бар азаматтар үшін 24 спорт түр... |
| Толығырақ... Оқылды: 77 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.08.2025 |
Жетісу облысында 13 миллиард теңгеден астам заңбұзушылық анықталды |
| Жетісу облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жыл басынан бері атқарылған жұмыстар нәтижесінде мемлекеттік қаржының жұмсалуына қатысты маңызды қорытындыларын жариялады. Алты айда барлығы 49 аудиттік іс-шара өткізілген. Оның ішінде 8-і - жоспарлы, ал басым бөлігі, яғни 41-і - жоспардан тыс тексерулер. Бұл тексерулер көбінесе мемлекеттік органдардың тапсырмалары, азаматтар мен ұйымдардың шағымдары, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесінің деректері негізінде жүргізілген. Аудит нәтижесінде жалпы сомасы 13,1 миллиард теңгеге бұзушылықтар анықталды. Оның 3 миллиардтан астамы - қаржылық, ал 9,6 миллиарды - рәсімдік сипаттағы кемшіліктер. Жарты жылдың ішінде бюджетке 2,7 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылды. Қалған соманы өндіру бағытында жұмыс жалғасуда. Департамент анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін 48 нұсқама берді, олардың басым бөлігі орындалған. Сонымен қатар, 40 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылып, 240 әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұлдардың жалпы сомасы... |
| Толығырақ... Оқылды: 77 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.08.2025 |
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде электр энергиясы өшетіндігі туралы фейк |
| Instagram әлеуметтік желісіндегі кейбір пабликтерде еліміздің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясын шектеу дайындалып жатыр деген хабарламалар тарауда. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіндігін ресми түрде мәлімдейді. Оңтүстік өңірлердегі тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету жағдайы толықтай тұрақты. Электр энергиясы штаттық режимде жеткізіліп, халық пен өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлық қажеттіліктерін қамтып отыр. Елдің бірыңғай электр энергетикалық жүйесі де ақаусыз жұмыс істеп тұр. «Энергетика министрлігі бүкіл республика бойынша электр энергиясының өндірісі мен тұтыну теңгерімін тұрақты бақылауда ұстайды. Барлық генерациялайтын және жеткізуші компаниялар бекітілген кестелерге сәйкес жұмыс істеп, энергия жүйесінің сенімділігін қамтамасыз етуде». Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді: фейктерді жасау, сондай-ақ оларды тарату (мессенджерлер арқылы жіберу, әлеуметтік жел... |
| Толығырақ... Оқылды: 80 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.08.2025 |
БАҚ пен әлеуметтік медиадағы кликбейт, манипуляциялық әдіс-тәсілдер мен бұрмалаушылықтар |
| Материалда: • ақпаратты бұрмалап ұсынудың кең таралған тәсілдерін талдау; • кликбейт-тақырыптар мен олардың аудиторияға әсеріне мысалдар; • жаңалықтар мен желі кеңістігінде қолданылатын манипуляциялық технологияларға шолу; • бұрмалау, сенсациялық тұжырымдар және арандатушылық әдістер арқылы аудиторияның назарын аударудың нақты жағдайлары ұсынылған. Назар аудару феномені ресурс ретінде жеке қарастырылған. Қазіргі заманғы медиа кеңістігінде аудиторияның назары арандатушы форматтар мен эмоционалды контентті қолдана отырып, белсенді түрде сатылатын өнімге айналды. Осы үдерістерді түсіну ақпаратты саналы түрде қолдануға және манипуляцияға ұшырау қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл шығарылым ақпараттық сауаттылықты арттыруға және медиа контентті сыни қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. |
| Толығырақ... Оқылды: 101 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.08.2025 |
Казакстан туралы фейктер: неліктен бізді кукыктык мемлекет емес екендігімізге сендіргісі келеді? |
| Жалған ақпаратқа қарсы орталықтың жаңа шығарылымында біз желіде белсенді талқыланатын ең қауіпті тақырыптардың біріне үңілеміз. Біз талдайтын тақырыптар: Қазақстан туралы «заңсыз және әлеуметтік емес мемлекет» деген жалған әсер қалыптастыру үшін қандай нақты фейктер мен манипуляциялар қолданылады; бұл фейктерді таратудың артында кім тұр және олар қандай мақсаттарды көздейді; бұл ақпараттық шабуылдар қоғамдық пікірге және мемлекеттік институттарға деген сенімге қалай әсер етеді. Біз сіздерге осындай манипуляцияларды тану жолдарын және өзіңізді жалған ақпараттан қорғауға болатынын үйретеміз. Шындықты білу үшін толық шығарылымды қараңыз. Келесі бейне жазбаларымызды өткізіп алмау үшін лайк қойып, арнаға жазылу мен қоңырауды басуды ұмытпаңыздар! Жалған ақпаратпен күресу орталығының Telegram арнасына жазылыңыз: https://t.me/AntiFakeCenter Егер сіз фейктерге, жалған немесе күмән туғызатын ақпаратқа тап болсаңыз — арнайы Telegram ботына хабарлама ж... |
| Толығырақ... Оқылды: 62 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.08.2025 |
Жолдау-2024 жүзеге асыру: отандық өндірістің өсімі және ШОБ-ты қолдау |
| Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауындағы тапсырмаларын жүзеге асыру Үкімет үшін басты басымдық болып қала береді: «осында және қазір» қағидаты бойынша капитал тартуға жағдай жасалуда, отандық тауар өндірушілерге арналған кепілді өткізу нарығы кеңейтілуде, сатып алулардағы қазақстандық үлес артуда. Шағын және орта бизнесті қаржылық әрі қаржылық емес қолдау тетіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылып отыр. Жүргізіліп жатқан жұмыстардағы басты міндет – бизнес үшін болжамды, бәсекеге қабілетті орта мен айқын ережелер қалыптастыру. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмаларына толық сай келеді. Өткізу тетіктерін және қазақстандық үлесті кеңейту Отандық кәсіпорындардың жүктемесін арттыру мақсатында Үкімет реттелетін сатып алу құралдарын кеңейтіп, ұзақмерзімді келісімшарттар мен офтейк-келісімшарттарды енгізді. Мемлекеттік сатып алулар аясында ұлттық режимнен... |
| Толығырақ... Оқылды: 72 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.08.2025 |
Жетісулық жастар Жастар күнін ерекше форматта атап өтеді |
| 12 тамыз - Халықаралық жастар күні. Осы мерекені Жетісу облысының жастары биыл тың форматта, JETFLOW атты 10 күндік жастар декадасымен қарсы алып отыр. Бұл жоба әр салада белсенді, ойы ұшқыр, бастамашыл жастарға арналған кең алаң болмақ. Осындай ақпаратпен «Жетісу жастары» КММ-нің директоры Шамиль Ванкеев Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында бөлісті. Декада аясында 11-22 тамыз аралығында түрлі бағыттағы мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылады. 11 тамыз – Хакім Абайдың поэзия күні: ұлы ойшылдың мұрасы жаңа қырынан насихатталады. 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне арналған басты кеш: «Көшбасшы – 2025» әкім сыйлығы мен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты иегерлерін марапаттау және концерттік бағдарлама. Бұл – декаданың ресми ашылуы. 13 тамыз – экологиялық тақырыптағы дебаттар және Талдықорған қаласының прокурорымен ашық кездесу; облыс әкімі жанындағы жастар кеңесінің алғашқы отырысы. 14 тамыз – &l... |
| Толығырақ... Оқылды: 104 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.08.2025 |
Жетісуда жаңа оқу жылына 131 мыңнан астам оқушы барады |
| 2025-2026 оқу жылында облыс мектептерінде 131 мыңнан астам оқушы білім алады деп күтілуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 мыңға артық. Оның ішінде 1-сыныпқа 13 мыңнан аса бала барады, Ал, колледждерге 4 мыңнан астам студент қабылдау жоспарланған. Бұл туралы Жетісу облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Қасымов БАҚ өкілдерімен кездесуде мәлімдеді. Білім беру инфрақұрылымын жаңғырту аясында 8 нысанға 8,6 млрд теңгеге күрделі жөндеу жүргізілуде. Алты нысан 30 тамызға дейін, екі нысан 2025 жылдың соңына дейін аяқталады. Сонымен қатар, 7 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр, оның бірі – «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында. Жыл соңына дейін Алакөл ауданы, Достық ауылындағы «Келешек мектебі» және оның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы, Панфилов ауданы, Лесновка ауылындағы мектеп, Ақсу ауданы, Көлтабан ауылындағы және шағын орталығы бар жаңа мектеп пайдалануға берілмек. Кербұлақ ауданындағы 60 орындық мектеп және 2026 жылға өтп... |
| Толығырақ... Оқылды: 86 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.08.2025 |
