Жаңалықтар
Таза бейсенбі – Таза тарих! |
| «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында Мүсабек Сенгербаевтің ескерткішінің маңында тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – тек қоршаған ортаны ғана емес, тарихи тұлғаларға деген құрметті арттыру, жастарға патриоттық тәрбие беру. Қатысушылар ескерткіш айналасын қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Мұндай шаралар арқылы табиғатқа жанашырлық пен өткенге тағзым қатар жүреді. |
| Толығырақ... Оқылды: 120 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 24.07.2025 |
Жақсылық – жастан! |
| Бүгін “АMANAT” партиясының қолдауымен және “Koksu jastary”жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Жасыл ел”еңбек жасақшылары игі істі қолға алды! 90 жастағы қазыналы қариямыз – Ыдырыс Еркін атамыздың үйі мен ауласын тазалап, қоршауын жөнге келтіріп, көмек көрсетті. Мұндай шаралар – тек көмек қана емес, үлкенге құрметтің, кішіге өнегенің белгісі. Қария батасын беріп, ризашылығын білдірді. |
| Толығырақ... Оқылды: 100 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 24.07.2025 |
Қоғамдық қабылдау |
| Бүгін, 14 шілде күні Көксу аудандық “AMANAT” партиясы филиалында Гаджиев Курбан Гадживалиевич тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдау барысында азаматтардың түрлі әлеуметтік және тұрмыстық сұрақтары тыңдалып, оларға заң аясында тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді. “АMANAT” партиясы – халық пен билік арасындағы сенімді көпір! |
| Толығырақ... Оқылды: 107 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 24.07.2025 |
Көксу ауданында Ветеринария күні аталып өтті |
| Кәсіби мереке – Ветеринария күніне орай, Көксу ауданы AMANAT партиясы филиалының төрағасы Бейсенов Мәлік Аманбайұлы ветеринария саласының мамандарын құттықтап, жылы лебізін білдірді. Салтанатты іс-шара барысында аудандағы ветеринар мамандардың қоғамдағы маңызы мен қажырлы еңбегі ерекше атап өтілді. Мәлік Аманбайұлы өз сөзінде: «Ветеринария – тек мал шаруашылығына емес, бүкіл халықтың денсаулығы мен азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды сала. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз», – деді. Іс-шара аясында ветеринария саласының озат қызметкерлеріне құттықтау хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Бұл – мамандардың еңбегін бағалаудың, оларды ынталандырудың айқын белгісі болды. |
| Толығырақ... Оқылды: 101 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 24.07.2025 |
«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында көшпелі медициналық көмек көрсетілді |
| «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ел ішіндегі қарияларға құрмет көрсетіліп, денсаулығына көңіл бөлінуде. Осы мақсатта арнайы ұйымдастырылған көшпелі медициналық топ шалғай елді мекендердегі ардагерлерге барып, тегін медициналық көмек көрсетті. Мамандар ардагерлерді тексеріп, қажетті кеңестер беріп, қан қысымын, қандағы қант мөлшерін және жүрек соғысын тексерді. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда дәрі-дәрмектер де ұсынылды. Бұл шара ардагерлердің денсаулығын жақсарту, профилактикалық тексеруден өткізу және оларға деген әлеуметтік қолдауды арттыруға бағытталған. Ардагерлер мен қарт тұрғындар осындай қамқорлыққа ризашылықтарын білдіріп, партияға алғыс айтты. |
| Толығырақ... Оқылды: 105 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 24.07.2025 |
2025 жылғы 6 шілде күні, Астана күні мерекесіне орай “AMANAT” партиясының Көксу аудандық филиалында салтанатты шара өтті. |
| Іс-шара аясында партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға партиялық билеттер салтанатты түрде табысталды. Мерекелік жиында филиал басшылығы мен партия ардагерлері құттықтау сөз сөйлеп, жаңа мүшелерге үлкен сенім артылып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, партияның негізгі құндылықтары мен ел болашағы үшін атқаратын маңызды рөлі туралы айтылды. Партия қатарына қосылған жаңа мүшелер ел игілігі жолында аянбай еңбек етуге, қоғам өміріне белсенді араласуға дайын екендерін жеткізді. |
| Толығырақ... Оқылды: 86 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 24.07.2025 |
Көксу ауданы мәслихатының кезекті 44-ші сессиясы өтті. |
| 23 шілде 2025 жыл Балпық би ауылы Сегізінші шақырылған Көксу ауданы мәслихатының кезекті 44-ші сессиясы өтті. Сессияны мәслихат төрағасы – Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы жүргізді. Сессия жұмысына Көксу ауданы әкімінің орынбасары Шалкибеков Ержан Өтегенұлы, «AMANAT» партиясы Көксу аудандық филиалының төрағасы Бейсенов Мәлік Аманбайұлы, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты. Сессия Instagram желісі арқылы тікелей эфирде жүргізілді. Күн тәртібіндегі мәселелер: «Көксу ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы есебі. «Көксу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы есебі. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты бөлім басшылыры баяндам... |
| Толығырақ... Оқылды: 94 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 24.07.2025 |
Еңбек заңнамасы: Жетісуда жарты жылда 61 құқықбұзушылық тіркелді |
| Жетісу облысының мемлекеттік Еңбек инспекциясы департаменті тарапына жарты жыл ішінде азаматтардан 300-ден астам өтініш тіркеліп, қаралды. Атап айтсақ, талап-тілектер еңбек құқығы, еңбек даулары, жұмыс берушілердің заңсыз әрекеттері, қауіпсіздік мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуы мәселелеріне қатысты болды. Сондай-ақ, Еңбек кодексінің баптарын түсіндіруді сұраған өтініштер де аз болмады. Азаматтардың арыз-шағымдары негізінде 56 тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде 61 заңбұзушылық фактісі анықталды. Оның 55-і – еңбек заңнамасының, 6-уы – еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына қатысты. Тексеріс нәтижесінде облыс бойынша 14 кәсіпорында 266 жұмыскерге 120 млн теңге көлемінде жалақы бойынша берешек бар екені анықталып, бұл сома толық көлемде өтелді. Жұмыс берушілерге қатысты еңбек заңнамасын бұзғаны үшін 3 млн-нан астам теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Барлық айыппұл мемлекет пайдасына өндірілді. Департаменттің мәліметінше, еңбек заңнама... |
| Толығырақ... Оқылды: 77 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.07.2025 |
АЙДЫНДЫ АЛАКӨЛДЕ ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДА АЯҚТАЛДЫ |
| Алакөл ауданының Ақши ауылында «Спорт - діни экстремизм мен терроризмге қарсы» ұранымен «Алакөл - 2025» облыстық жазғы спартакиадасы өз мәресіне жетті. Жетісу облысы көлемінде өткізілген дәстүрлі спорттық шара - бұқаралық спортты дамытуға, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, сондай-ақ өңір туризмнің әлеуетін танытуға бағытталған. Ақши ауылында екі күнге созылған спартакиадада 400-ге жуық спортшы жағажай волейболы, шағын футбол, үстел теннисі, арқан тарту сынды спорт түрлері бойынша өзара бақ сынады. Айта кетсек, жарыстың басты ерекшелігі - әр спорт жарысының табиғат аясында ұйымдастырылуы. Сондықтан да қатысушылар үшін спартакиада тек жарыс қана емес, ерекші атмосфераға толы спорттық мерекеге айналды. Жарыс қорытындысы бойынша Талдықорған қаласының командасы жеңімпаз атанды. Алакөл ауданының командасы жүлделі ІІ орынға табан тіресе, жүлделі ІІІ орынға Кербұлақ ауданының командасы орн... |
| Толығырақ... Оқылды: 89 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.07.2025 |
Жетісу облысында жол апаттарының саны артты – дрондармен бақылау күшейтілді |
| Жыл басынан бері өңірде 86 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 25 адам көз жұмып, 153 азамат түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл көрсеткіштер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда апат санының 43 пайызға артқанын көрсетеді. Апаттардың басым бөлігі республикалық маңызы бар жолдарда – әсіресе «Алматы – Өскемен» және «Алматы – Хоргос» бағыттарында тіркелген. Бұл жол учаскелері – бүгінде ең апаттық аймақтар ретінде белгіленді. Апаттардың алдын алу және бақылауды күшейту мақсатында облыс жолдарында дрондармен әуе патрульдеу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жыл басынан бері дрондардың көмегімен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілері, соның ішінде қарсы жолаққа шығу бойынша 59 құқық бұзушылық анықталды. Апаттардың тағы бір алаңдатарлық себебі – жүргізушілердің мас күйінде көлік басқаруы. Жарты жыл ішінде облыс бойынша 114 жүргізуші алкогольдік масаң күйде рөлге отырғаны үшін ұсталды. Осыған байланысты рейдтік ша... |
| Толығырақ... Оқылды: 109 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.07.2025 |
