Жаңалықтар

Жетісу облысында өрт қаупі жоғары маусым басталғалы 5 жағдай тіркелді

Жетісу облысында табиғи өрттердің алдын алу және олардың туындау қаупін азайту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Өрт қаупі жоғары маусым басталғалы бұл мәселе Төтенше жағдайлар департаментінің тұрақты бақылауында. Биыл өрт қаупі маусымы басталғалы өңірде 5 орман өрті тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға көп. Ірі өрттер Жаркент, Бөрлітөбе, Алакөл және Үштөбе орман шаруашылықтарының аумақтарында орын алды. Сонымен қатар, жалпы ауданы 433,5 гектар дала аумақтарында 97 жану оқиғасы тіркелді. Оқиғалар саны 14%-ға артқанына қарамастан, өрт шалған аумақ көлемі өткен жылмен салыстырғанда 38%-ға азайды. Бүгінде Жетісу облысында 2 млн астам гектар орман қорын жеті орман шаруашылығы мен Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты үш табиғат қорғау мекемесі – «Жоңғар Алатауы», «Алтын Емел» ұлттық парктері мен «Алакөл» мемлекеттік табиғи қорығы қорғайды. Бұл мекемелердің базасында 16 өртке қарсы станция жұмыс істейд...
Толығырақ... Оқылды: 95 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.08.2025

Жетісу облысында мал шаруашылығы саласына цифрлық бақылау енгізілуде

Жетісу облысында мал шаруашылығы саласында цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Қазіргі таңда электрондық базаға шамамен 3 млн бас ауыл шаруашылығы жануары енгізілген. Мал иелері «TortTulik» мобильді қосымшасы арқылы өз жануарларын тіркеп, ақпаратты жаңартуда. Ал ветеринариялық мамандар «Vet-Mobile» арнайы жүйесін қолданып, өз жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп, жеделдетуде. 2025 жылғы тамыздағы жағдай бойынша бірыңғай базада 3,4 млн-нан астам мал басы тіркелген. Биылғы жылға арналған төлдерді сәйкестендіру жоспары 101%-дан аса орындалды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында 2024 жылы облыста 26 блок-модульдік ветеринариялық пункт орнатылып, пайдалануға берілді. Осы жылы тағы 17 блок-модульдік мобильді ветеринариялық пункт сатып алынды. Сонымен қатар биологиялық қалдықтарды жоюға арналған заманауи құрал-жабдық - автоинсинераторлар сатып алынды. Аталған шаралардың нәтижесінде Жетісу облысында эпизоотиялық ахуал тұрақты...
Толығырақ... Оқылды: 82 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.08.2025

Жетісуда «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінің жүлдегерлері марапатталды

Жетісу облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жүлдегерлері марапатталды. Жеңімпаз әулеттер өкілдеріне марапатты облыс әкімі Бейбіт Исабаев тапсырды, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Талдықорған қаласындағы Бикен Римова атындағы драма театрында өткен салтанатты шарада сөйлеген құттықтау сөзінде өңір басшысы отбасы құндылықтарын сақтаудың, ұрпақ тәрбиесінің қоғамдағы маңызына тоқталып, оған «Мерейлі отбасы» байқауының оң ықпал етіп отырғанын атап өтті. - Ұлттық құндылықтардың бастауы Атамекен, туған жер, қара шаңырақ ұғымдарымен әрдайым тығыз байланысты. Сондықтан отбасы институтын дамыту, отбасылық құндылықтарды насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу - біздің ортақ міндетіміз. Бүгін марапатталып отырған өнегелі отбасылар – Жетісу жерінің ғана емес, қазақ елінің мақтанышы болуға лайық деп білемін, - деді Б. Исабаев. Мұнан соң салтанатты жиын марапаттау рәсімімен жалғасты. «Мерейлі отбасы&ra...
Толығырақ... Оқылды: 126 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.08.2025

Абай әні – халық мұрасы

Талдықорған қаласының жағажайында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты 10 күндік іс-шаралар аясында «Абай әні – халық мұрасы» атты караоке кеші ұйымдастырылды. Жалпы саны 50 адам өз өнерлерін көрсетті.Шараның басты мақсаты – ұлы ақын, композитор Абай Құнанбайұлының әндерін кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың рухани тәрбиесін арттыру, Абай мұрасын халыққа жақын әрі қолжетімді форматта дәріптеу, сондай-ақ жастар мен қала тұрғындары арасында шығармашылық белсенділік пен ұлттық мәдениетке қызығушылықты ояту. Кеш барысында Абайдың кең танымал әрі терең мағыналы әндері орындалып, көрермендер ақын шығармашылығына деген сүйіспеншілігін караоке арқылы білдірді. Қала тұрғындары мен қонақтары еркін түрде қатысып, Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ» сынды әндерін нақышына келтіре орындап, рухани кештің сәнін келтірді. Бұл кеш – Абайдың мол мұрасын қазір...
Толығырақ... Оқылды: 113 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.08.2025

Бүгін Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған 10 күндік шара аясында «Мәміле» клубының кезекті отырысы өтті.

Отырыстың ерекшелігі – дәстүрлі форматтан тыс, жылы әрі еркін атмосферада ұйымдастырылды. Клуб мүшелері қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына терең үңіліп, қара сөздеріне талдау жасап, өлеңдерінен үзінділер оқыды. Шара қатысушылардың рухани дамуына және мемлекеттік тілге деген құрметін арттыруға бағытталды. Кездесу бейресми, достық форматта өтіп, өзара еркін пікір алмасуға мүмкіндік берді. Клуб белсенділеріне Абай Құнанбаевтың суреті бейнеленген сыйлықтар табысталды.
Толығырақ... Оқылды: 110 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.08.2025

Балқашқа жол - тазалыққа жол: «ecoBalqash» экологиялық плоггингі жоғары деңгейде өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Балқаш көліне апаратын жол бойында «ecoBalqash» атты ауқымды экологиялық плоггинг ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты - азаматтардың, әсіресе жастардың, экологиялық мәдениетін арттырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру, табиғатты аялауға үндеу. Осы экологиялық плоггингіне 250-ге жуық қатысушы жұмылып, қоршаған ортаның тазалығы үшін жұмыла еңбек етті. Іс-шарада қатысушыларға арнайы қолғаптар мен қоқыс салатын қаптар таратылып, жол бойындағы және демалыс орындарындағы қалдықтар жиналды. Көлге жеткен соң жиналған 50 қап қоқыс ұйымдастырушыларға тапсырылып, белсенділер арнайы сыйлықтармен марапатталды. Игі бастаманың ұйымдастырушысы - «Jetisy jastary» КММ. Мекеме өкілдерінің айтуынша, мұндай акциялар бір реттік қадам емес, болашақта жүйелі түрде жалғасатын тұрақты экологиялық дәстүрге айналуы тиіс. «Табиғат - біздің ортақ байлығымыз. Оны қорғау - әрбір аза...
Толығырақ... Оқылды: 129 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.08.2025

Жетісуда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мурал салынды

Жетісу облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арнап мурал салынды. Талдықорған қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінің қабырғасына салынған бұл сурет Ассамблеяның ел бірлігін, татулық пен тұрақтылықты сақтаудағы рөлін айшықтап тұр. Бұл теңдессіз арт-нысан – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған, еліміздегі этностардың татулығын, достығын және мәдени ортасын бейнелейтін ерекше көркем туынды. Суретте түрлі этнос өкілдері, ұлттық ою-өрнек, достықты білдіретін символдар мен Ассамблеяның мерейтойына қатысты элементтер көрініс тапқан. Муралды жас қазақстандық суретшілер тобы бірлесіп салды. Жобаның идеясы мен көркемдік тұжырымдамасы Жетісу облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен жергілікті шығармашылық ұйымдардың қолдауымен жүзеге асырылды. — Жетісу облысында «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» ұранымен мерейтойлық дата аясында сан түрлі іс-шара өткізілуде. Мурал облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің бастамасымен сал...
Толығырақ... Оқылды: 190 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.08.2025

Жетісуда ауыл шаруашылығы санағына 20 мың жеке шаруа қожалығы қамтылмақ

1 тамыздан бастап Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Букенов мәлімдеді. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы санағы – он жылда бір рет өткізілетін маңызды мемлекеттік науқан ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі іс-шара. Мұндай ауқымды науқанды биыл Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және басқа да елдер қолға алған. Жетісу облысы бойынша биылғы санаққа жалпы 744 ауыл шаруашылығы кәсіпорны мен шамамен 20 мың жеке шаруа қожалығы қамтылады. Науқан екі кезеңмен өтеді. Бірінші кезең – 1 тамыз бен 31 тамыз аралығында онлайн форматта sanaq.gov.kz порталында ұйымдастырылады. Сауалнамаға қатысу үшін азаматтар ЭЦҚ, SMS немесе eGovMobile қосымшасы арқылы авторизациялана алады. Порталда ұйымдасқан ауыл шаруашылығы құрылымдарына арналған – 2-АКШ және жеке қосалқы шаруашылықтарға арналған – 3-ЖҚШ атты екі түрл...
Толығырақ... Оқылды: 124 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.08.2025

Кәсіпкерлер назарына: тілдік нормалардың сақталуына бақылау күшейтілді

Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру мақсатында бизнес өкілдерінің көрнекі ақпараттарына, оның ішінде жарнама, хабарландыру, ас мәзірі, баға көрсеткіштеріне мониторинг жүргізіліп, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңның талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізілмек. Бұл туралы Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз мәслихатында Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Ермек Ақшабаев мәлімдеді. Бүгінде Талдықорған қаласында 220 кәсіпорынға тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 113 заңбұзушылық анықталды. Мұнда бірқатар жарнамалық мәтіндерде қате жазылған көрнекі ақпарат немесе мемлекеттік тілге аударылмаған сөздер кездескен. Анықталған кемшіліктер бойынша мамандар тарапынан кәсіпкерлерге ескерту жасалып, заң нормалары түсіндірілді. Алдағы уақытта мұндай тексерістер жалғасын таппақ. Оған Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасымен бірге халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі де атсалысатын болады....
Толығырақ... Оқылды: 181 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.08.2025

Жетісу облысында 265 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді

Жарты жыл ішінде Жетісу облысында интернет-алаяқтық қылмыстарының саны күрт өскен. Полиция департаментінің мәліметінше, биылғы алты айда өңірде 265 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 45 пайызға жоғары. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 591 миллион теңгеден асып, оның 91 миллионы өндіріліп, иелеріне қайтарылды. Қылмыстардың басым бөлігі әлеуметтік желілер мен жарнама сайттары арқылы жасалған. Сонымен қатар жалған инвестициялар, онлайн-қарыз рәсімдеу және өзін банк қызметкері ретінде таныстырған алаяқтардың әрекеттері жиі кездеседі. Тергеу барысында бұрын жасалған 132 интернет-алаяқтық фактісі ашылды. Қазіргі уақытта 123 іс сотқа жолданды. Сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстық топтар әшкереленіп, 75 эпизодты қамтитын ірі істер қозғалды. Заңсыз әрекеттер үшін пайдаланылған прокси-сервер құрылғылары, SIM-box жабдықтары, антенналар мен елу мыңнан астам SIM-карта тәркіленіп, бірнеше азамат ұсталған. Deepfake технологи...
Толығырақ... Оқылды: 150 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 31.07.2025
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.