Жаңалықтар

Әкем, анам және мен - шынығамыз біз спортпен

4 маусым күні Талдықорған қаласының «Өркен» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасында «Әкем, анам және мен-шынығамыз біз спортпен» атты облыстық жарыстарының финалдық кезеңі өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті және облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған жарысқа, аудандық және қалалық әкімдіктерден 15 жеңімпаз команда қатысты. Естеріңізге сала кетейік, 28 мамыр мен 2 маусым аралығында облысымыздың барлық өңірлерінде «Әкем, анам және мен-шынығамыз біз спортпен» атты спорттық іс-шаралары ұйымдастырылып, өткізілген болатын. Бұл іс-шараның мақсаты: мемлекеттік қызметшілерінің имиджін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және мемлекеттік қызметкерлерді дене шынықтыру мен спортқа баулу боп табылады. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Ра...
Толығырақ... Оқылды: 1611 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 10.06.2021

Адалдық- арыңның айнасы

Адалдық-адамның бойындағы ең асыл қасиеті, жанның тазалығы, тұлғалық көркем көрінісі. Адалдық- шыншылдық, турашылдық, пәктік, ар-ұждан, ұят тәрізді игі қасиеттердің жиынтығы. Адалдық әрбір адамның, тұлғаның қалыптасуында кем болса болмайтын бағалы қасиет. Осы бағалы қасиетті мұра еткен Ұлы Абай атамыз 29-шы қара сөзінде: «Адал еңбекпен мал іздемек, ол арлы адамның ісі» ал, 37-ші қара сөзінде: «Адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлы боласың»,- деп өлмейтұғын сөз қалдырған. Бабаларымыздан қалған «Тәрбие басы- тал бесіктен басталады»-деген нақыл сөзі бар. Салт-дәстүрге берік халқымыз тәй-тәй басқан баланы ешкімнің ала жібін аттамасын, адал мінез-құлықпен өссін деген ниетпен ала жіппен тұсауын кескен. Бұл салт-дәстүрдің өзінде үлкен тәлім-тәрбие жатыр. Бала тәрбиесін басқадан биік қойған халқымыз баланы ұят болады, обал болады, жаман болады деген үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген. Әрбір кішкентай іс-ұлы істердің бастауы, олай болса, адал...
Толығырақ... Оқылды: 1599 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 10.06.2021

Байрақты бәсеке

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бокстан 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында ҚР Құрметті спорт қызметкері Валерий Алексеевич Легайдың жүлдесіне арналған облыстық турнир өтті. Осы аталған турнирда Жамбыл және Алматы облыстарының Қапшағай қаласы, Алакөл ауданы, Алматы облысының дарынды балаларға арналған спорт мектебі Лепсі интернаты, Көксу ауданы, Балқаш ауданы, Ескелді ауданы, Сарқанд ауданы, Талдықорған қаласының Жекпе-жек спорт мектебі, МБЖСМ-1, «Өркен» БЖСМ, Атамекен спорт клубтарынан атаулы жарыста 61 спортшы қатысып, Көксу ауданы спорт мектебінің спортшылары Қамбар Тұрар 48 кг салмақта қола медаль 3-орын, Даурен Маулетбекұлы 54 кг-да қола медаль 3-орын, Асқар Байқонысов 60 кг-да қола медаль 3-орын, Еларыс Кенжетай 42 кг салмақта күміс медаль 2-орын, Ернұр Қожабек 48 кг күміс медаль 2-орын, 63 кг Маулет Тұрсын күміс медаль 2-орын, 66 кг Рауан Рауль 1-орынды иеленіп, алтын медаль иесі атанды. Берік ӘДІЛбек, жаттықтырушы.
Толығырақ... Оқылды: 1591 Санат: СПОРТ Уақыты: 10.06.2021

СҰРАНЫСҚА ИЕ ТОП 4 САЛА

Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді және адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады. Барлық адам асқақ арман мен биік мақсатқа ие. Әрбірінің өз бағыты, арман қылған бағындырар биігі болады. Ал биік шың адамға оңайлықпен беріспесі анық. Кемеңгер дана Абай атамыздың «Сенде бір кірпіш дүниеге, тетігін тапта, бар қалан»,-деген қасиетті сөзі өз мақсатына жету үшін біздерге зор мүмкіндіктерге жол ашады. Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын бала болмайды. Көксу ауданы барлық жағынан да ілгері дамып келе жатқан аудандардың бірегейі десек, артық айтқандық емес. Қай ғасырда болмасын ұлт өмірін өркендетуші саналы да, салауатты, ұлтжанды, рухы биік, ақыл парасаты мол, өрісі кең, ұрпақты тәрбиелеу басты міндеті санаған Көксу пол...
Толығырақ... Оқылды: 1669 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2021

Панфилов ауданындағы селден зардап шекендер жоқ

Өткен тәулікте Көктал—Сарыөзек тас жолының бойындағы Ақжазық ауылының аумағында кешкі 17:00-18:00 уақыт аралығында жауған жаңбырдан тас жолының бойымен сел жүрді. Әлем желіде лезде тараған ақпарға Алматы облысы ТЖД өкілдері «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді. «Ағымдағы жылдың 9 маусымында жауын-шашын салдарынан сағат 15.30-дан 16.00-ге дейін "Жетісу Алатау" жотасының оңтүстік беткейінің орта тау бөлігінде, құрғақ сай бойынша көлбеу ағын салдарынан секундына 70.0 текше метр шығынмен тасқын пайда болды. Нәтижесінде, Сарыөзек - Көктал жолының 171 шақырымында, Панфилов ауданы Көктал ауылдық округі, Ақжазық ауылының маңында, автожол көпірінде ені 700-800 метр болатын жолдың үсітне шығып кетті»,- дейді «Қазселденқорғау» ММ Жетісу Алатау аумақтық пайдалану басқарма филиалы жетекшісінің орынбасары Айдос Сабырбаев. Жолдың бойындағы арнайы арнамен аққан жаңбыр суы жолдың үстіне шығып кеткен. Ма...
Толығырақ... Оқылды: 1647 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2021

Ерікті болу- ерлік

2021 жылдың 8 маусым күні Талдықорған қаласы қалалық демалыс жағажайында университетіміздің 3 курс білімгері Абдиев Ельдар суға тұңжығып жатқан 11 жасар жас баланы байқап, сыртқа шығарып алғашқы медициналық көмек көрсетті. Көмектің уақытылы көрсетілуіне байланысты баланың өміріне кері әсер қалдыратын зиян келген жоқ. Абдиев Ельдар қазіргі уақытта демалыс кезінден қалалық су жағажайында құтқарушы болып жұмыс істейді. Алакөл ауданы Теректі ауылының тумасы. Айта кететін сәт, 2018 жылдың 30 мамыр күні Ельдар жаңып жатқан үйдегі өртті байқап 2 баланы құтқарған. Жасаған ерлігі бағаланып, 2018 жылы Алматы облысы әкімдігі тарапынан өтетін «Көшбасшы-2018» облыстық жастар сыйлығының «Жас батыр» номинациясының иегері атаңды. Университетте волентерлік іс-шаралармен айналысып осы салада да көп жетістіктерге жете білді. 2018 жылы Ақтөбе қаласында «Жасыл ел» еңбек жасағының жабылу салтанатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтің қолынан марапатқа ие болды. А...
Толығырақ... Оқылды: 1589 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2021

30 КҮНДЕ 3000 ШАҚЫРЫМДЫ БАҒЫНДЫРДЫ

Ағымдағы жылдың 5 мамырында жетісулық Алмат Балтабеков «Тәуелсіздік ұрпақтары» жалпыұлттық жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласынан Талдықорған қаласына дейін велосапарын бастаған болатын. Еліміздің 7 облысын басып өтіп 3000 шақырымды құрайтын сапарын Алмат Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнады. Алдын ала жоспары бойынша 45 күнді қамтуы керек болған велошеру 34 күнде мәресіне жетті. Бүгін діттеген мақсатын орындап, Жетісудың жүрегіне жеткен жерлестерін талдықорғандықтар ыстық ықыласпен күтіп алды. Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығы мұрындық болған шараға Алматтың ата-анасы, достары және қаламыздың спортсүйер жас велошабандоздары қатысты. Айта кету керек, бұл сапардың негізгі мақсаты, салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, ішкі туризмді дамыту және жас буынға отаншылдық рухты дарыту болып табылады.
Толығырақ... Оқылды: 1534 Санат: СПОРТ Уақыты: 10.06.2021

Суға шомылу кезінде балалардың қауіпсіздігі!

Ата-аналық қамқорлық етудің ең маңыздысы - балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау болып табылады. Су айдынында баланы қауіптен барынша сақтау үшін, оларды өзендерде, каналдарда немесе теңізде өздерін дұрыс ұстауды ұйрету қажет. Кей кезде ата-анасы балаға бірнеше минут ғана көңіл бөлмеуінен, баланың судың жағасының өзінде ауыз-мұрнына су кіріп кетіп тұншығып қалуы да мүмкін. Балалармен байланысты қайғылы оқиғалар тіпті таяз бассейндерде орын алуы мүмкін, сол себептен балалар суға шомылғанда әрқашан ата-аналарының жіті бақылауында болуы тиіс. Жанұяның кіші балаларының өмірі мен денсаулығына жауапкершілікті ересек балаларыңызға жүктеуге болмайды, өйткені – оларда әлі бала. Тек қана балаларды уақытылы су айдынындағы тәртіпке үйрету және ата-аналық қырағы назары балалардың суға шомылудың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Балаларды қайғылы жағдайлардан сақтап қалатын қарапайым сақтық шаралар: - балалар арнайы суға шомылуға арналған, күл-қоқыстан таза жағажайларда шомылуы тиіс; - балалард...
Толығырақ... Оқылды: 1538 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2021

Алматы облысындағы жиһаз цехы ай сайын 3 мың орындық шығарады

Алматы облысында кәсіпкер орындықтар өндірісін жолға қойды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында ашылған жиһаз цехы ай сайын үш мыңға дейін орындық шығарады. Іле ауданының тұрғыны Тілек Әділхат «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері жобасының арқасында кәсіпкер атанды. Ол ұзақ уақыттан бері жиһаз жасап, оны базарда сатып жүрді. 2018 жылы ол Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға жазылды. Курс аяқталған соң «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 505 мың теңге көлемінде грантқа алды. Ал өткен жылы жиһаз өндіретін цехты дамыту үшін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 6 млн теңге көлемінде несиеге қол жеткізді. «Бизнесті бастаған кезде үш апта бойы қызметкерлерді оқытып, тегін шеберлік сабақтарын өткіздім. Қазір өз командамды жасақтадым. Біз күн сайын үйге арналған 100 орындық жасаймыз. Отандық өнімнің басты артықшылығы сапасы...
Толығырақ... Оқылды: 1412 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2021

Талдықорған қаласындағы ШЖҚ "Облыстық кардиологиялық орталық" МКК-да бірегей ота жасалды.

МӘМС енгізілуімен жоғары технологиялық қымбат операцияларды жүргізуді қаржыландыруды едәуір ұлғайтуға мүмкіндік берді. Талдықорған қаласындағы ШЖҚ "Облыстық кардиологиялық орталық" МКК-да бірегей ота жасалды. 1994 жылы туған науқас М.Аукебаева аяқ-қол веналарының көптеген тромбоздарымен стационарға түсті. Бұл патологияның қауіптілігі мынада: қан ұйығыштарын резорбциялау үшін терапия жүргізген кезде олар бөлініп, жүрек ішінде өкпе артериясын жабуы мүмкін. Кардиоорталықтың, көпбейінді аурухананың дәрігерлерімен және АТ. Сызғановқа" Кава " сүзгісін орнату туралы шешім қабылданды. Операцияны ШЖҚ "Облыстық кардиологиялық орталық" МКК мен АШҒО мамандары жүргізді. Сызғанова. Бүгінгі күні науқастың жағдайы қанағаттанарлық, шығаруға дайындалуда. Облыс тұрғындарына МӘМС пакетіне кіретін операцияның құнына қарамастан, сақтандырылған азаматтар тегін алатынын еске саламыз. Пациент тіркелген жері бойынша емханада терапевтке жүгінеді, тексеруден өтеді, бейінд...
Толығырақ... Оқылды: 1402 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.