Жаңалықтар

КАРАНТИНДЕГІ БІРЫҢҒАЙ ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ

Расында, осы жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу бұрынғылардан басқарақ. Өйткені өзгеріс көп. Осы ретте биылғы түлектер мен олардың ата-анасына емтихан ережесі жайлы нақтырақ айтып өткенді жөн көріп отырмыз. Мысалы 2021 жылдан бастап оқушылар ҰБТ-ны бір емес, екі рет тапсыра алады. Сонымен қатар, осы жылы тұңғыш рет компьютер алдында отырып жауап береді. Биыл электронды форматта өтетін тестілеу 10 сәуір мен 30 маусым аралығында өтеді. Бұл - грантқа үміткер болу үшін тапсыратын сынақтың мерзімі. Бұл жолы оқушылардың алдына бұрынғыдай кітапша таратылып, кейіннен дұрыс нұсқаны жауап парағына белгілемейді. Электронды форматта өтетін сынақтың артықшылығы да сол — алдыңғы сұраққа қайта оралып, жауабына күмәнданса, өзгерте алады. Сақтап, тестілеу аяқталған соң әлгі өзгертілген нұсқа белгіленеді. Бұрын көпшілігі қобалжығаннан қате нұсқаны бояп қоятын болса, енді ондай жағдай болмауға тиіс. Түлектердің ішінде жаратылыстану-математика бағытында тапсыратындарға 240 минут, яғни 4 сағат беріледі....
Толығырақ... Оқылды: 1427 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 03.06.2021

ҚАЗАНДАҒЫ ОҚИҒАДАН КЕЙІНГІ ОЙ

«Тәрбие басы – тал бесік» деген нақыл сөз бар. Біздің ата-бабаларымыз осындай қағиданы ұстанып, дала заңымен даналарды шығарды. Бес қаруын асынып жүрсе де, адам түгіл айуанға да тектен тек қастық қылмады. Не деген текті еді. Тектілігінен тепкі көрмеді. Сол асылдардың сынығы жоғалған жоқ, оны жоғалтуға біздің еш қақымыз жоқ. Өйткені, біз – ұрпақ тәрбиесімен айналысып, ұлағатты ұл, ибалы қыз өсіріп отырған қасиетті де мәртебелі, киелі орданың қызметшілеріміз. Менің бұлай ой толғауыма жақында орын алған Қазан қаласындағы қайғылы оқиға себеп. Ел іргесінің амандығы, ел ішінің тыныштығы сәт сайынғы жүрегіміздің лүпілінде тұр. Қазан қаласындағы мектепте болған жағдай білім ордасында қызмет еткен соң бізді алаңдатпай қоймайды. Ең ауыры – сол білім ордасының түлегі өзінің алтын ұя мектебіне төрт жылдан соң қарумен кіріп, оқушылар мен ұстазды қанға бөктірді. Бұған төрткүл дүние дүр сілкінді. Мейлі ол басқа мемлекетте болып жатса да, адамзаттың бәрі бірдей. Сондық...
Толығырақ... Оқылды: 1400 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 03.06.2021

«Өркен» спорт мектебінде 800 жеткіншек жаттығады

1983 жылы іргетасы қаланған «Өркен» спорт мектебінде 37 жаттықтырушы еңбек етеді. Олардың 7-і жоғары дәрежелі, 2- I дәрежелі, 17-II санаттағы бапкерлер. Тағы екеуі ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Білікті мамандар жаттықтырдыың қол астында жаттығатын бала саны 800-ден асады. Салауатты өмір салтын ұстанған ұрпақ, аталған мекемеде спорттың 10 түрімен шұғылданады. Мектепте спорттық гимнастика, ауыр атлетика, бокс, дзюдо, грек-рим күресімен шұғылдануға арналған арнайы залдар жасақталған. Сондай-ақ, ұзындығы 25 метр болатын 6 жолаққа бөлінген бассейн де жұмыс жасайды. Жаттығудан кейін, ретке келу үшін барлық залдарда себезгі қондырғылары және массаж, дәрігерлік бақылау кабинеті бар. «Залдар тегістей спорттық жабдықтармен, құрал-саймандармен жабдықталған және спорт залдарына кварц шамдары орнатылған, бұл оқу процесіне спорттың сан алуан түрі бойынша оқу бағдарламаларын игеруге мүмкіндік береді», - дейді ««Өркен» балалар мен жасөспірімдер сп...
Толығырақ... Оқылды: 1415 Санат: СПОРТ Уақыты: 03.06.2021

БИЫЛ АЛАКӨЛГЕ МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ТУРИСТ КЕЛЕДІ ДЕП КҮТІЛУДЕ

Әлемде дамуы жағынан дес бермей келе жатқан ауқымы кең саланың бірі – туризм. Алакөл ауданы осы саланы қалыптастыруға және дамытуға географиялық картасы да, орналасу аумағы да, табиғаты да сай келеді. Арысы мұнаймен, құмды даламен сабақтасатын, берісі Арқа, Алтай, Алатау, Тарбағатай тауларымен шектесетін елдің орталығы да, солтүстігі де ең керемет байлыққа толы. Орманды алқаптарды да кездестіруге болады. Айдынды көл мен өзеңі, мөлдір бұлағы толастамайтын, табиғатымен ерекеше. Жалпы, Алакөл республикамыздағы тұйықталған көлдердің ішіндегі суы терең жалғыз көл. Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының шегінде орналасқан Алакөл солтүстік шығысында Балқаш-Алакөл ойпатындағы Жоңғар Алатауының шығыс жоталары мен Тарбағатай жоталарының арасында жатыр. Көркі көз тартар аймақ жанға жайлы, демалысқа таптырмас жер. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында да отандық туризм саласын дамыту туралы кеңінен тоқталып өткен өткен болатын. Осы ретте, Алакөл ауда...
Толығырақ... Оқылды: 1397 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021

Әкімді сайлай білген жұрттың кетіруге де құқығы болады – Ауыт Мұқибек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»заңға қол қойды. Осыған орай танымал ақын, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ауыт Мұқибек пікір білдіріп, сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын» деп жазу өте дұрыс бастама екенін айтады. Ол бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Жалпы, реформаның қарапайым аты - қозғалыс немесе әрекет. Қозғалыс пен әрекет бар жерде даму мен кері кету болады. Президент шешімдеріне аздап көңілі толмайтындар бар шығар. Қоғам болған соң, ол – заңды құбылыс. Ал, қате, дұрыс емес деген ешкім жоқ. Соның бірі – осы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңына енгізіліп жатқан толықтырулар – ауыл әкімдерін сайлау, сайлау босағасын бес пайызға түсіру және сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын!» деп жаз...
Толығырақ... Оқылды: 1429 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021

Алматы облысының прокурорлары қылмыстық процестің үш буынды моделінің жұмыс істеу қағидаларын түсіндірді

Қылмыстық процестің үш буынды моделі барлық дамыған елдерде қолданысқа енген құқық қорғау саласындағы жүйе. Аталған үш буынды құрушы – полиция, прокуратура және сот. Бұл құрам қылмыстық процеске жауап береді. Үш буынды жүйенің әр кезеңі іс сотқа жолданбас бұрын өтуі қажет сүзгі ретінде қызмет етеді. «Үш буынды модельге көшу сотқа дейінгі тергеп-тексеру тәсілдері мен прокурорлардың да, тергеушілердің де ұйымдастырушылық тұрғыдан дағдыларын өзгертуді талап етеді. Осыған байланысты Бас прокуратура барлық сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарымен бірлесіп қылмыстық процестің үш буынды моделіне кезең-кезеңімен «жеңіл» ауысуды бастап кетті»,- Қылмыстық қудалау басқармасы бастығының орынбасары Жандос Ысқақов. Үш буынды модельдеу прокурордың қылмыстық істі тергеп-тексерудегі жауапкершілік жүгін екі есе арттыра отырып, оның шешімі қылмыстық процестегі басты шешімнің бірі болатынын айқындап берген. Енді күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралауды белгілеу,...
Толығырақ... Оқылды: 1466 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.06.2021

Аймақтық су айдындарында жыл басынан бері 14 адам суға кеткен

Жаздың ыстық күнінде адамдар өзендер мен көлдерге асығады. Салқын суға шомылу, ыстық құмда қыздырыну, көл немесе өзен жағасында серуендеу өте пайдалы. Мұндай демалыс кезінде су тек дос ғана емес, ол үлкен қауіп төндіретінін әрдайым есте ұстау керек. Тіпті тыныш су беті, айқын қауіпсіздікке қарамастан, қауіп-қатерге толы. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ғана облыстың су айдындарында 14 адам суға кетті (2020 жылы — 7 адам), оның ішінде 5 бала (2020 жылы — 2), 27 адам құтқарылды, оның ішінде 3 бала. Шомылу кезіндегі жазатайым оқиғалардың негізгі себебі-қауіпті жете бағаламау және қиын жағдайдан шыға алмау. Көбінесе адам жүзе алмағаны үшін емес, дүрбелеңге түскендіктен батып кетеді. Көбінесе қайғылы жағдайға мас болу, алыс қашықтыққа жүзу, дауыл ауа-райында шомылу, гипотермия, бұлшықет құрысуы, үрленетін жүзу құралдарының жарылуы, бала күтімінің болмауы, биіктіктен секіру сияқты себептер себеп болады. Судағы қауіпсіздікті медициналық пункт пен құтқару құралдары бар арнайы жа...
Толығырақ... Оқылды: 1512 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.06.2021

Жастар-ел болашағы

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асатын жобаларға бөлінген қаржы көлемі 76 млн. теңгеге дейін жетіп отыр. 2020 жылы бұл сома 31 млн. теңгені құраған болатын. Қыруар қаржыға ауыз толтырып айтарлық 6 жоба іске асырылуда. Азаматтардың саяси белсенділігін арттыру мақсатында, жастар үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесе жұмыс атқарып отырған мекеме, Алматы облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы болып табылады. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап Жетісу өлкесінде 1541 түлек, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім мекемесін тәмәмдапты. Дәл осындай, тар әлемнен даңғыл жол іздеп жүрген бозбала мен бойжеткендерге қолдау көрсету үшін «JAS QADAM» балалар үйлерінің түлектерін әлеуметтендіру және қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру» атты әлеуметтік жобасын жүзеге асыру қолға алынды. Аталған бастама текті халқымыздың "жетім көрсең, жебей жүр" деген тәмсілін басшылыққа алып жасалғандығын атап өткен жөн. "Болашақ - жастардың қолында" дегенді ескерген...
Толығырақ... Оқылды: 1560 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.06.2021

2021 жылдың мамыр айында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша түскен жарналар 1,7 млрд. теңгені құрады

2021 жылдың мамыр айында Алматы облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 1,7 млрд. теңгені құрады. Республика бойынша мамыр айында түскен жарналар сомасы (2021 жылғы 01-31 мамыр аралығында) 43,9 млрд.теңгені құрады. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев атап өткендей, мамыр айында Алматы облысы бойынша 839,7 млн. теңге жұмыс берушілердің аударымдары және 879,6 млн. теңге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен тұлғалардың жарнасы болып саналады. МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы
Толығырақ... Оқылды: 1537 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.06.2021

Алматы облысында коммуналдық кәсіпорындар мен әскери бөлімдер «Ashyq» жобасымен жұмыс істейді

Алматы облысында бірқатар коммуналдық мемлекеттік ұйымдар мен әскери бөлімдер қызметінде «Ashyq» жобасын енгізді. Мекемелер сандық жобаның ерікті қатысушылары болып табылады. Бұл туралы Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов мәлімдеді. QR алған мемлекеттік кәсіпорындар арасында Қарасай ауданындағы «Үшқоңыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КМК, Еңбекшіқазақ ауданындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімі» РММ, Іле ауданындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3660 әскери бөлімі» РММ, «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕАҚ. Облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы Әсет Шаяхметовтың айтуынша, жобаға мәдениет және туризм нысандары белсенді түрде қосылуда. Қосымша бойынша Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы, Өтенай ауылының Мәдениет үйі, «Көлсай көлдері» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ және басқалары жұмыс істейді. Жоба іске қосылған сәттен бастап өңірде...
Толығырақ... Оқылды: 1650 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.06.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.