Жаңалықтар
Аз қамтылғандардың несиесі қыркүйекке дейін өтелуі мүмкін |
Қазақстан үкіметі әлеуметтік жағдайы төмен азаматтардың борышын төлеуге мемлекеттен бөлінетін қаражатты пайдалану тәртібі туралы құжат жобасын қоғамдық талқылауғаұсынды.30 маусымда электрондық үкімет порталында жарияланған құжат 15 шілдеге дейін талқыланады, — деп жазады azattyq. Оған сәйкес, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2019 жылғы 15 шілдеге дейін көмекке мұқтаж адамдардың тізімін жинап, оны «мемлекеттік кредиттік бюроға» жібереді. Кредиттік бюро бұл тізімді 20 шілдеге дейін екінші деңгейдегі банктерге және микроқаржы ұйымдарына жолдайды. Олар 25 шілдеге дейін негізгі борыш, сыйақы және жылдық тиімді сыйақы ставкасының мөлшері бойынша берешекті көрсете отырып, әрбір қарыз немесе микрокредит бойынша бөле отырып кредиттік бюроға жолдайды. Кредиттік бюро төлемге арналған тізімді әзірлейді. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы 9 тамызға дейін екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздар б... |
Толығырақ... Оқылды: 349 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 02.07.2019 |
Талдықорғанда Манас» III Халықаралық форумы өтті |
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған Халықаралық Түркі академиясы жыл сайын дәстүрлі түрде қазақ-қырғыз зиялыларының форумын ұйымдастырып келеді. Аталмыш форум биыл да өз жалғасын тауып, киелі Жетісу жерінде ұйымдастырылды. Форумның ашылу салтанатына Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жээнбек Кулубаев, Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі Султан Раев, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Мәмбет Қойгелдиев және облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы қатысты. Сонымен қатар жиынға елшілер мен дипломаттар, көрнекті ғалымдар мен ақын-жазушылар, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлеріде арнайы келді. Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, туристік салаларды дамыту жөнінде әңгіме өрбіді. Алдымен сөз Қырғы... |
Толығырақ... Оқылды: 342 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.07.2019 |
Текелі қаласында «Шұғыла» журналистер слеті өтті |
Журналистер күніне орай, Текелі қаласында «Шұғыла» жас журналистер шығармашылық слеті өтті. Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған шараға қаламды қару еткен ақпарат қызметкрелері қатысты,-деп taldykorgan-online.kz БАҚ өкілдерін шаһар басшысы Бақтияр Әлтайұлы қарсы алып, қонақтарға ілтипат көрсетті. Қаланың көрікті жерлерін аралатып, атқарылған жұмыстарды да атап өтті. Журналистерді әуелі Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке апарып, Қора мен Шажа өзендерін көрсетті. Қосылған қос өзеннің тоғысқан торабына алдағы уақытта ғашықтар көпірін салатынын айтты. Ол үшін қаржыда қарастырылып қойыпты. Бұл аймаққа көпір салам деуі де тегін емес. Текелі тұрғындары Қора өзенін ұлға, Шажа өзенін қызға теңеуімен тікелей байланыстырды. «Біздің өлкенің табиғаты ерекше. Туризмді дамытуға өте қолайлы жер. Себебі, жаз мезгілінде мұнда қатты ыстық болмайды. Ал, қыста керсінше, қатты аяз жоқ. Жанға жайлы ауарайын көруге болады»,-дейді Текелі қаласыны... |
Толығырақ... Оқылды: 347 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.07.2019 |
АУШАДИЯР ДӘСТҮРІН БІЛЕСІЗ БЕ? |
Жастар шаңырақ көтергенде жасалатын салт-дәстүрлердің қатарында – аушадияр дәстүрі де бар. Үйлену тойы кезінде айталатын аушадияр – дәстүрлі өлең, жыр. Өзіндік айтылар әні, ерекше ұлттық тәрбиелік маңызы бар бұл дәстүрдің жастарға ой салатыны белгілі. Тойдың көркін қыздырып, көркем шығармашылықпен айтылатын өнегелі өнер қазақтың ұмыт болған дәстүрлерінің қатарында. Бұл дәстүр Қазақ елінде ұмыт болғанымен, елімізден жырақта жүрген қазақтар сақтап қалған. Аушадияр үйлену тойы үстінде айтылады. Өлең жолдарында ақыл, үлгі, өнеге, тәлім-тәрбие туралы толғауды санамалап айтып, шаңырақты берік ұстау туралы ойлар астарлап жеткізіледі. Осындай бай дәстүрімізді бүгінгі әдетімізге енгізер болсақ, мәдени қазынамыз да, ұлттық өнеріміз де өсе түсер еді. Аушадияр дәстүрінде айтылатын өлең жолдары мынадай: Аушадияр бір болар, Жаманның көңілі кір болар. Ата-анасын сыйлаған. Ақ шалмалы би болар. Аушадияр екі дер, Ержеткеннің еркі дер, Омырауы толған о... |
Толығырақ... Оқылды: 499 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 01.07.2019 |
Өтірікті қалай анықтауға болады? |
«Өтірік – өрге баспас», -дейді атам қазақ. Сөйте тұра, ешнәрсені аңдамастан, күнделікті өмірде өтірік сөздің құрбаны болып жататынымыз рас. Адамдар өтірікті әртүрлі жағдайға байланысты айтуы мүмкін. Жақын жаныңның игілігі үшін де айтылатын зиянсыз өтіріктер де бар. Мәселен, ауырған адамға «сенің денсаулығың күн сайын жақсарып келеді, еміңді осы бетіңнен таймай жалғастыр!» десек, бұл сөз оған күш беріп, қиындықты жеңуіне көмектеседі. Ал бізге зиян келтіру үшін айтылатын қасақана өтіріктерден, алаяқтардың арбауынан сақтану үшін не істеуіміз керек? Баламыз бір нәрсені бізден айқын жасырып тұр деп уайымдасақ ше? Олай болса, психолгтар кеңесі бізге артық етпейді. Сонымен, өтірік айтуы мүмкін деп ойлайтын адамның іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысына мұқият назар аударыңыз… 1.Өтірік айтқан адам сіз қойған сұраққа жалпылама жауап қайтаруға тырысады. Мәселен, «мына киімнің өңі шықпай ма?» деген сұраққа сатушы «бұрын сатып алған адамдардың еш... |
Толығырақ... Оқылды: 420 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 01.07.2019 |
Жетістікке жету жолдары |
Өмір теңізі телегей толқындарымен, бұрқанған дауылдарымен көрікті.Ал мұнда тек өлі балықтар ғана ағыспен бірге ілесе бермек.Әр адамның санасында жетістікке жету жайлы ең үлкен үміттер мен алуан қорқыныштар шоғыры ұя салған. Кез-келген жетістіктік шыңын бағындырушының тарихына үңілсек, олардың асқақ арманды табанды мақсатпен ұштастыра отырып тер төккенін байқаймыз.Бұл тұрғыда Билл Гейтстің оқудан қуылса да жасымай еңбекке араласуы, Армериканың қара нәсілді президентіНелсон Манделаныңкөптеген жыл темір торға тоғытылса да рухы сынбай,жігері жасымай, өз мақсатына деген беріктігі мысал бола алады.Сонымен, жетістікке жетудің бағдарлары қандай? Әлемдегі кез келген табысқа жетушінің ең бірінші бойындағы қасиеті күн сайын өзін-өзі дамытып отыруы. «Ең жақсы инвестиция – ақшаны яхтаға немес көлікке жұмсау емес,өзіңді дамытуға құю». Екінші, «ақша керек пе, бар болғаны сатуды үйреніңіз». Белгілі ғалым Әбу Ханифа түске дейін саудамен айналысса,түстен кеін шәкіртте... |
Толығырақ... Оқылды: 833 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 01.07.2019 |
Ащы да болса.. |
*Менің көзім енді ашыла бастағандай. Басқаларды, қоршаған ортамды ұға бастадым. Неге екенін, кейде маған бүкіл адамзаттың баласы дос болып көрінеді,ал кейде туған шешем де қас сияқтанып кететін сəттер бар. Ол,сірə, менің адамдарға соншалық шектен тыс жаным ашып, есесіне олардан да өзіме сондай жанашырлық күткендіктен болар... Мұқағали Мақатаевтыңкүнделігінен *Қалайша бәрі бақытты жәнетепе-теңдікте болмақ, егер бәрі бір-бірінен асып түсуді қаласа. Максим Горький *Өмірімізде жолығатын адамның бәрі біздің айнамыз. Олар бізге қателіктерімізді түзесін деп жіберілген. Қателігіміз түзелген соң сол адамдар не өзгереді, не кетіп тынады. Борис Пастернак * Адам сөзімен де ісімен де сана-сезімінің, ақыл-парасатының, ой-өрісінің, түсінігінің қандай дəрежеде екенін көрсетеді. Өресінің жеткен жері сол болса қайтесіз. Түңіліп күрсінудің қажеті жоқ. Құдай Тағаланың өзі адастырған пендесін тура жолға сала алмаймыз. Құдай сана берсін деп дұға ете аламыз тек. * Болатын дүние түбі бола... |
Толығырақ... Оқылды: 331 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 01.07.2019 |
Отыр қызым, сөзімді тыңда! |
1.Таңғы ұйқысын қимайтын жігітпен тұрмыс құрмағын! Азандағы жалқаулық түс ауғанда шабыт әкелмес. 2. Қарынды жігітке назар аудармағын! Өзін тежей алмаған адам, өзгеге қамқор бола алмас. 3. Ашуланғанда қолына не түссе соны лақтыратын адаммен бас қоспағын! Бүгін ол зат лақтырса, ертең сені де лақтырады. 4.Ата-анасының бетінен алатын жігіттен аулақ жүргін! Оларды аямаған адам сені тіпті де оңдырмас. 5.Жайбасар ынжықтан аулақ болғын! Бүкіл тірлікті саған жүктеп, өзі бейғам отыра берер. 6.Құрбыларыңның көзінше зекитын жігітке жоламағын! Түкке тұрмайтын сылтаумен сені тастап кете беруі мүмкін. 7.Әркімге жарамсақтанған жағымпаздардан іргені аулақ салғын! Ондайлардың әр қатынасы үшін қорланып жүрерсің. 8.Саған үнемі өзі бірінші болып, хабарласпайтын адамға жоламағын! Шынайы махаббат шақырусыз-ақ өзі келеді. 9.Көңілің барынша толмайтын адамға тұрмысқа шықпағын! Кейде онсыз тұра алмаймын деген адамынан да ажырасатын кез өмірде бола береді. 10. Бо... |
Толығырақ... Оқылды: 317 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 01.07.2019 |
Күндеріңіз сәтті өтсін! |
1.Жүзік тасы... Ақын Хасыржы-Заде Мехмет (1803-1887) әзіл-қалжыңға жүйрік кісі болған екен. Замандасы бас уәзір Фуат пашамен (1814-1868) жақсы қарым-қатынаста болады. Бір күні ақын пашамен бір мәжілісте кездеседі. Ақынның көзі пашаның қолындағы жүзікке түседі. Көз айырмай ұзақ қарап қалады. Мұны байқаған паша: - Тасына қарап тұрсыз ба? - Иә, пашам! - Алмас қой. - Қандай пайдасы бар? - Тастың қандай пайдасы болушы еді?! - Менің әкемнен қалған екі тасым бар. Жылына жүз алтын пайда әкеледі. - Солай ма?! Ол қандай тастар екен? - Диірмен тастары пашам!» деген екен. Түйін:Пайдасыз заттарды жинағаннан гөрі дүниеде яки ақіретте пайдасы тиетін заттарды жинай жүрейік. 2.Бір мыңбір алтын... Бір күні сұлтан Сүлеймен аң аулауға шығады. Табан астынан нөсер жауынға тап болып, малмандай су болады. Белшеден суға малынған сұлтан қатты тоңады. Сол маңайдағы шаруалар тұратын жұпыны үйлердің бірін паналауға мәжбүр болады. Үй ішіндегі ошаққа жақын отырып бойына жылу жүгіреді... |
Толығырақ... Оқылды: 488 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 01.07.2019 |
Қазақстанда жолдар «резеңкеден» жасалатын болады |
«Қазақстан жол ғылыми зерттеу институты» резеңке-асфальтбетон қоспасын тәжірибеден өткізіп, бұл әдістің артықшылықтарын атады. Енді болашақта жолдарды жөндеуде ескі автокөлік шиналарын пайдалана бастайды, деп хабарлайды Аltaynews.kz. Мұндай «резеңкелі» жолдар Алматы және Ақмола облыстарында, сондай-ақ, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында салынып қойды. Мамандар резеңке мен бетонның қопасы басқа жол материалдарымен салыстырғанда анағұрлым берік болатынын анықтап отыр. +60 градус ыстық пен -0 градус аязда резеңке-бетоннан жасалған жол жабындысы жарылмайды екен. Сондай-ақ, көліктердің артық жылдамдығын да тежей алады. |
Толығырақ... Оқылды: 305 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 01.07.2019 |