Жаңалықтар
Биыл Жетісуда 2708 пәтер салынды және сатып алынды |
Жетісу облысында биыл тұрғын үй құрылысына 7,6 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржы 56 көп қабатты мен 214 жеке тұрғын үй салуға бағытталды. Бұдан бөлек, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 866 пәтер сатып алынды, оған 15,9 млрд. теңге көзделген. Бұл жөнінде бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшысы апатты тұрғын үй мәселелерін шешуге ерекше назар аударылатынын атап өтті. Оның айтуынша, 2023 жылдың басында облыста 348 пәтер апатты деп танылып, өткен жылы 1,3 млрд. теңгеге 137 пәтер сатып алынған. Ал биыл жергілікті бюджеттен бөлінген 2,4 млрд. теңгеге 155 жаңа пәтер, атап айтқанда, Кербұлақ ауданында, Текелі және Талдықорған қалаларында сатып алынды. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ демеушілерінің есебінен 560 пәтерлік 9 үй салынуда. - Жалпы биыл 2 708 пәтер салынды және сатып алынды, оның 1113 пәтерлік 129 үйі бюджет есебінен, 469 пәте... |
Толығырақ... Оқылды: 50 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.12.2024 |
Жетісу облысында газдандыру деңгейі биыл 56,5%-ға жетті |
В области Жетісу из 192 населенных пунктов, подлежащих газификации, в настоящее время газифицировано 63, в том числе из них с начала года доступ к газу получили 30 населенных пунктов. Благодаря чему уровень газификации достиг 56,5%, доступ к голубому топливу получили 394,9 тыс. жителей. Об этом стало известно в ходе брифинга акима области Бейбита Исабаева, состоявшегося сегодня на площадке СЦК при Президенте РК, -сообщает пресс-служба акима области Жетісу. По словам главы региона, в следующем году продолжится строительство 21 объекта и начнется строительство еще 42. Так, к концу 2025 года газифицируются все 126 населенных пунктов от Кербулакского района до Талдыкоргана. В результате доступ к газу получат свыше 500 тыс. жителей или 71,4% всего населения. Как было отмечено, 19 августа было начато строительство магистрального газопровода «Талдыкорган-Ушарал». Ожидается, что проект будет завершен в следующем году. Параллельно начата разработка проекта газораспределительны... |
Толығырақ... Оқылды: 51 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.12.2024 |
Жетісуда әлеуметтік объектілерді жаңарту деңгейі 50%-ға жетті |
Жетісу облысы құрылғаннан бері жөндеу мен жаңа құрылыс жүргізудің арқасында объектілерді жаңарту 50%-ға жетті. Мысалы, білім беру саласында 5310 орынды 15 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, 19 нысан күрделі жөндеуден өтті. Ал денсаулық сақтау саласында 98 нысан іске қосылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты,- деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бейбіт Исабаев өз баяндамасында әлеуметтік инфрақұрылымдарды жақсартудың жай-күйіне тоқталды. Оның айтуынша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында 2023 жылы басталған 1800 орынды 2 мектептің біреуі биыл қолданысқа берілсе, екіншісінің құрылысы келесі жылы да жалғасады. Жалпы 2025 жылы 7 мектеп салу жоспарланған. Соның нәтижесінде жөндеуге жататын 95 мектептің 38-і немесе 40%-ы жаңартылады. Ал денсаулық сақтау саласында соңғы үш жылда 98 нысан пайдалануға берілсе, соның 31-і жаңадан салынған,61... |
Толығырақ... Оқылды: 52 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.12.2024 |
Жетісу облысында орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 91,3 % жетті |
Биыл Жетісу облысында орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі 91,3% жетті, бұл халық санына шаққанда – 99,7 %. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. - Биыл орталықтандырылған ауыз су жүйесіне Алакөл ауданындағы Тоқжайлау, Бибақан ауылдары қосылды, 298 км желі жөнделіп, облыстың 17 елді мекенінде ауыз судың сапасы жақсарды, - деді облыс басшысы. Жалпы 2023-2024 жылдары 125,3 км сумен жабдықтау желілері салынып, 306,8 км желілер қайта жаңғыртылды. Атап өтсек, 2025 жылға 13 жобаны іске асыру үшін 4,3 млрд. теңге бөлінді. 2025 жылдың қорытындысында орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 92,5% жетеді немесе 331 елді мекен қамтылады. |
Толығырақ... Оқылды: 56 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.12.2024 |
Жетісу өңірінде ветеринария саласында заманауи технологиялар енгізілуде |
Жетісу облысында 1010 ветеринар маман еңбек етуде, олардың 10-ы ветеринарлық станцияларда, ал 118-і ветеринарлық пункттерде қызмет атқарады. Бұл туралы Жетісу облысы Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Дархан Әбілбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Облыс бойынша 542 мыңнан астам ірі қара мал, 1,8 миллион қой-ешкі, 204 мың жылқы және басқа да ауыл шаруашылығы жануарлары тіркеліп, бірыңғай компьютерлік дерекқорға енгізілген. 2023 жылы аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялау жұмыстары 100% орындалды, оның ішінде сібір жарасы, аусыл, құтыру және басқа да ауруларға қарсы екпелер жүргізілді. Ветеринариялық қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында өңірде заманауи технологиялар белсенді енгізілуде. 2023 жылдың басында Қазақстанда «Tort-Tulik» мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұл қосымша арқылы мал иелері өз малын тіркеп, ветеринариялық паспорт рәсімдей алады, сондай-ақ жануарларға қатысты деректерді жаңарта алады. Қазіргі уақытт... |
Толығырақ... Оқылды: 65 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.12.2024 |
Жетісу облысында адам папиломма вирусына қарсы екпе жалғасуда |
Жатыр мойны обырынан әйел адамдардың қайтыс болу дерегі жыл сайын көбейгеніне байланысты биыл адам папиломма вирусына қарсы екпе ұлттық күнтізбеге енгізілді. Қыркүйек айынан басталған вакцинация әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасова және онкогинеколог дәрігер Қуаныш Ергембеков айтып берді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жатыр мойны обырларының 95%-ы АПВ-дан туындайды. Бұл аурудың алдын алудың тиімді әдісі - вакцинация. Вирусқа қарсы «Гардасил» вакцинасы 15 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді. Ол Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстанды қоса есептегенде 135 елдің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізілген. Бүгінде Жетісу облысына вакцинаның 12 мың дозасы әкелінген. Ол қыз балаларға екі кезең арқылы салынады. Қазіргі уақытта екпемен 3880 қыз бала қамтылды. Вакцинациядан кейін жағымс... |
Толығырақ... Оқылды: 58 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.12.2024 |
Жетісу облысында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жаңарту 50 пайызға жетті |
Толығырақ... Оқылды: 53 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.12.2024 |
Жетісу облысында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жаңарту 50 пайызға жетті |
Жалпы халықтың 1 мың адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі – 64,0%, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын халықтың үлесі облыс халқының жалпы санының 42%-ын құрайды. |
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.12.2024 |
Жетісу облысында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жаңарту 50 пайызға жетті |
Жетісу облысы құрылғаннан бері жөндеу мен жаңа құрылыс жүргізудің арқасында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жаңарту 50% жетті. Құрылыс жұмыстары биыл да жалғасты. Жаңа заманауи нысандар білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау салаларында қолданысқа берілді |
Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.12.2024 |