Жаңалықтар
ГІР ТАСЫН КӨТЕРУДЕН ЖАРЫС ӨТТІ |
⠀ Қазан айының 6-ы күні Балпық ауылдық округінің ауыл тұрғындары арасында гір тасын көтеруден жарыс өтті. ⠀ Жарысқа ауыл тұрғындары қатысып, белсенділік танытты. ⠀ Жарыс қорытындысы бойынша: 1- орын Жунусов Бағлан 2- орын Бақыт Бекмұхамет 3- орын Болатов Бауыржан иеленді. ⠀ Жеңімпаздар медальдармен және грамоталармен марапатталды. ⠀ |
Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
ГІР ТАСЫН КӨТЕРУДЕН ЖАРЫС ӨТТІ |
⠀ Қазан айының 6-ы күні Балпық ауылдық округінің ауыл тұрғындары арасында гір тасын көтеруден жарыс өтті. ⠀ Жарысқа ауыл тұрғындары қатысып, белсенділік танытты. ⠀ Жарыс қорытындысы бойынша: 1- орын Жунусов Бағлан 2- орын Бақыт Бекмұхамет 3- орын Болатов Бауыржан иеленді. ⠀ Жеңімпаздар медальдармен және грамоталармен марапатталды. ⠀ |
Толығырақ... Оқылды: 38 Санат: СПОРТ Уақыты: 06.10.2024 |
Қарттарымызда да болашақ үшін дауыс берді |
Толығырақ... Оқылды: 52 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
«Ұрпағымыздың болашағы үшін үлкен шешуші сәт» — Мұрат Құсайынов |
Аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы Мұрат Құсайынов Алматыда өткен референдумда дауыс берді. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Дос-Мұқасан» ансамблінің көркемдік жетекшісі және негізін қалаушы, композитор Мұрат Құсайынов Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша референдумға қатысты. Ол Алматыдағы Орталық стадион аумағында орналасқан № 262 сайлау учаскесіне келді. Бұл туралыАлматықаласыныңөңірліккоммуникацияларқызметі хабарлады. |
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов таңдау жасады |
Дзюдодан қазақ ұлтынан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметов республикалық референдумда өз таңдауын жасады. Мемлекет мақтанышы Тараз қаласындағы №82 сайлау учаскесінде дауыс берді. Мемлекет үшін маңызды оқиғада азаматтық көзқарасын білдірген чемпиона әр дауыс ел келешегі үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті. |
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
Үлкен ауылы тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр |
Бүгін Үлкен ауылдық округіндегі № 332 референдум учаскесі жұмысын бастады. Таңертеңнен бастап ауылдың 150-ден астам тұрғын өз таңдауын жасады. «Бүгінгі референдумның маңызы зор. Бұл — халықтың елдің болашағына қатысты шешімдерді өз қолына алатын сәті. Әрбір дауыс берушінің таңдауы маңызды. Өз таңдауымызбен біз мемлекетіміздің дамуына үлес қосамыз. Мені бүгінгі референдумға азаматтық борышым жетеледі. Біз өз болашағымызға немқұрайлы қарамауымыз керек», — деді ауыл тұрғыны Рахима Қайырбекова. Жалпы, Алматы облысы бойынша 643 дауыс беру учаскесі бар. Жамбыл ауданында 77 учаске жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ облыстық комиссияның ресми интернет-ресурсында «Референдум-2024» атты бөлімше құрылды. Бұл бөлімде үнемі инфографика, бейне және аудиоматериалдар сияқты медиа-контентжарияланыпотырады. Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойыншажалпыұлттық референдумдадауыс береді. Орталық референдум комиссиясы... |
Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
Қабанбайлық әжелер дауыс берді |
✅Еліміздің жарқын болашағы жолында Қабанбай ауылының Әжелер ансамблі бірауыздан келіп, №74 дауыс беру учаскесінде өз таңдауларын жасап, дауыс берді. ✅Әжелердің айтуынша, Қазақстанның әр азаматы өзінің азаматтық парызын орындап, қуатты ел болашағы үшін дауыстарын беруі керек деп есептейді. |
Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 06.10.2024 |
ТҰҢҒЫШ "ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ" ДАУЫС БЕРДІ |
Талдықорғанда Әлем кубогінің күміс жүлдегері, тұңғыш «Қазақстан Барысы» атанған Ұлан Рысқұл өз таңдауын жасады. Референдумға жетісулық Рысқұл Ұлан №349 дауыс беру учаскесіне барып дауыс берді. Рысқұл Ұлан дзюдодан Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы, Әлем кубогінің күміс жүлдегері. «Қазақстан Барысы» турнирінің тұңғыш жеңімпазы дауыс беріп, өз пікірін білдірді. «Еліміздің өсіп-өркендеп дамығанын қалаймын. Сондықтан ел ертеңіне бей-жай қарамай, даму жолындағы тың бастамаларды қолдау үшін келдім. Таңдау жасадым. Бүгінгі күн барлығымыз үшін маңызды. Барша қала халқын референдумнан қалыс қалмауға шақырамын»,- деді чемпион. |
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
101 ЖАСТАҒЫ КЕЙУАНА ДАУЫС БЕРДІ |
Алакөл ауданы Жайпақ ауылының тұрғыны 101 жастағы кейуана Мәрзия Абдрахманова да өз таңдауын жасады. Апамыз кез-келген сайлаудан қалыс қалмай азаматтық парызы ретінде өзіндік үлесін қосып келеді. – Еліміздегі саяси науқаннан менің де қалыс қалғым келмеді. Сондықтан, референдум комиссиясына өтініш білдіріп, сайлауды көзіммен көріп қатысайын деп шештім. Менің даусымның аз да болса, еліміздің өркендеуіне себі тиер деп ойлаймын. Мен келешек үшін дауыс бердім, – дейді ғасыр жасаған кейуана. Апамыз 9 баладан 20 немере, 20 шөбере сүйіп отырған бақытты әже. Алакөл ауданы |
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
Батыр аналар дауыс берді |
Көксулық көпбалалы аналар да референдумда өз таңдауларын жасауда. Еңбекшіқазақ, З.Тамшыбай, Мұсабек ауылында тұратын көпбалалы аналар дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда. «Батыр аналар» Республикалық референдумда дауыс беріп қана қоймай, көпшілікті осындай маңызды істен қалыс қалмауға шақырды. «Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. Әр азаматымыздың дауысы Қазақ еліміздің дамуына үлес қосуы деп санаймын. Мен осы ауылға келін болып түскеніме 65 жылдай болыпты. Әйел адам әрбір үйдің, әр шаңырақтың отанасы. Біз үшін жылы баспана, қарны тоқ балаларымыз, жарық пен тұрмысқа қажет заттардың толықтығы маңызды ғой. Ел Президентінің бұл мәселені халықтың талқылауына бергеніне де ризамыз. Ел болып, халық болып бірігіп бір ортақ шешімге келейік!» – дейді көпбалалы ана Қалипан Еркенова. |
Толығырақ... Оқылды: 45 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |