Жаңалықтар
Қызылтас шатқалында «Таза Қазақстан» аясында экоакция өтті |
Қызылтас шатқалында «Таза Қазақстан» аясында экоакция өтті. Қызылтастың бірегей петроглифтері мемлекет қорғауына алынды. 3 қазан күні Жетісу облысында бірқатар атаулы шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ,«Таза Қазақстан» экологиялықакциясыаясындабүгінТалдықорған қаласында «Қызылтас – тасбақа» экологиялық акциясы өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, қала әкімі Ернат Бәзіл, қоғам белсенділері, өңір жастары, эко-еріктілер, «Жасыл ел» еңбек жасақтары қатысты. Шара барысында Қызылтас аумағындағы бірегей петроглифтер жергілікті маңызы бар қорғалатын тарихи-мәдени нысандар тізіміне енгізілгендігі туралы тақта орнатылды. Осы орайда өңірдің экобелсендісі Динара Бакирова тасқа қашалған петроглифтерді тарихтан сыр шертетін ескерткіш ретінде қорғауға алғаны үшін Мемлекет басшысы мен облыс басшылығына өз алғысын білдірді. Еске салар болсақ, осының алдында облыс әкімі Бейбіт Исабаев экологтармен, қала тұрғын... |
Толығырақ... Оқылды: 53 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.10.2024 |
«Әділетті Қазақстан» заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» |
Ағымдағы жылдың 02-қазанында Қазақстан Республикасының президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауында«Әділетті Қазақстан» заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» тақырыбында Қазақстанның 10жылдығы ауылында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиын барысында ауыл тұрғындарына «Әділетті Қазақстан» өсу үшін ең алдымен, халықтың қалауымен болу керектігі, алған беттен қайтпайуымыз, бағытымыздан таймауымыз және алға қойған жоспарлады пысықтап, қойған мақсаттарымызды айқындауымызды талап етуіміз керек екендігін пысықтады. |
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 02.10.2024 |
Əділетті Қазақстан қағидаттарының іс жүзінде орындалуда |
Аэс бойынша қазіргі таңда неше түрлі пікірлер туындауда. Бірақ, жағымсыз пікірлерден қарағанда жақсы пікірлер туындату керек. Себебі, жарқын болашаққа барар жолды көре білуіміз керек. Қазақстанға АЭС құрылысын жүргізу мақсатында Оңтүстік Корея, Жапония, Франция, Ресей мемлекеттерінің тарапынан ұсыныстар түсті. Президент мұндай өзекті мәселені өз бақылауында ұстап отыр. Өйткені мұнда Семей ядролық сынақ полигонының қасіреті мен салдары халықтың жаны мен тәніндегі қатерлі ісік ретінде оны тұрғындар әлі де болса сезінеді. Мемлекет басшысы сонымен қатар мұқият назар аударуды қажет ететін жобаның құны мен экологияға əсері сияқты басқа да күрделі жайттарды ескере келе, бұл бастаманың мəн-мағынасына терең үңіле отырып, АЭС құрылысына қатысты мəселені жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұйғарды. Бұл жағдайды Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен Əділетті Қазақстан қағидаттарының іс жүзінде орындалуы деп қабылдаған абзал. Өйткені Президент Қ.Тоқа... |
Толығырақ... Оқылды: 49 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 02.10.2024 |
АЭС-тің Қазақстанға қандай пайдасы бар? |
aiken_nurpeisov Қазақстанға атом электр станциясы (АЭС) құрылысы пайда әкелуі мүмкін бе әлде зиян ба? Осы мәселе жөнінде төмен энергиялы ядролық реакциялар зертханасының кіші ғылыми қызметкері Айкен Нұрпейісов өз ойымен бөліседі. Атом электр станциясы (АЭС) — атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы. АЭС ядроның нейтрондармен әсерлесуінен туатын энергия көмегімен жұмыс істейді. Ядролық отын ретінде уран (233U, 235U, 238U), плутоний (239Pu), торий (232Th) изотоптары пайдаланылады. Бұл аталған отындарды пайдалану кәдімгі отыннан (көмір, мұнай, газ) бірнеше млн. есе артық. Бұл дегеніміз энергияны тиімді пайдалану. Қазіргі таңда Қазақстан әлемде отын уранын өндіру бойынша (2021 жылы 45%) көшбасшы болып табылады. АЭС-тің Қазақстанға пайдасы қандай? Атом энергетикасы атмосфераны ластамайды және біздің планетамыздағы климаттың тез нашарлауына, топырақтың ластануына және мұхиттардың қышқылдығының жоғарылауына әкелетін парниктік газдар шыға... |
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 02.10.2024 |
Жетісу облысында үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «АЭС - біздің болашағымыз» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. |
2024 жылғы 30 қыркүйек күні сағат 15:00-де Талдықорған қаласындағы Жастарға қызмет көрсету орталығының конференц-залында «АЭС - біздің болашағымыз» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Жетісу облысының үкіметтік емес ұйым өкілдері мен қоғамдық штаб мүшелері қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстанда атом электр станциясының құрылысын түсіндіру және жобаның экологиялық әсері мен ел болашағына ықпалын талқылау. Талқылау барысында республикалық халықтық штаб мүшесі, облыстық маслихат депутаты, «Жетісулық желтоқсаншылар» қоғамдық қорының жетекшісі Е.Жүнісхан АЭС салудың қажеттілігін нақты дәлелдермен жан-жақты түсіндірді. «Қазіргі уақытта елімізде су, көмір, газ тапшылығы сезіліп отыр. Халық саны көбейген сайын сұраныс арта береді. Қуат тапшылығы – жаһандық сипаттағы өзекті мәселе. Ал, АЭС құрылысы аталған мәселенің ең басты шешімі. Елімізді жаңғыртуға кірістік, Заман қаншалықты күрделі болса да, біз бағытымыздан айнымауымыз керек. Болаш... |
Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 01.10.2024 |
Болашақтан күтер үміт көп |
Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысы, энергия тапшылығы және бұл мәселе бойынша референдум өткізу тақырыбы соңғы жылдары ел ішінде маңызды талқыланып жатқан мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстанда электр энергиясына деген сұраныс өсіп келеді. Бұл экономиканың дамуы, өндіріс көлемінің артуы және халық санының өсуіне байланысты. Қазіргі уақытта елдің энергия қажеттілігінің көп бөлігі көмір станцияларынан қамтамасыз етіледі. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені, адамның өзін дүниеге әкелетін аяулы да, қадірлі жан – анасы болса, адамның табиғатты “Ана” деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр. Адам – табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, адам өміріне қажетті заттардың барлығын табиғаттан алады. «Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек. «Таза Қаз... |
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 01.10.2024 |
АЭС – энергетикалық қауіпсіздік кепілі |
Президент Жарлығына сәйкес елімізде АЭС салу не салмау туралы сұрақтың жауабын референдум арқылы халық шешеді. 1,211 оқылды Дегенмен АЭС-тің пайдасы қандай, зияны бар ма деген мәселеде маманның пікірі маңызды. Біз экономист Сапарбай Жобаевпен атом энергиясының экономикалық тиімділігі және энергетикалық қауіпсіздігі туралы бірқатар сұрақ төңірегінде әңгімелескен едік. – Сіз АЭС салуды қолдайсыз ба? Әлемдік тәжірибеде қай елдің АЭС-сі қауіпсіз саналады және біз кімді таңдаймыз деп ойлайсыз? – АЭС салуды қолдаймын. Бүгінде әлем бойынша 31 елде 415 атом реактор бар болса, тағы 60-қа жуығы жаңадан салынып жатыр. Әлемдегі ең қуатты атом электр станcалары Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, АҚШ-та орналасқан. Ал Қытай, Үндістан, Түркия, Мысыр сынды елдер соңғы жылдары атом энергетикасына белсенді түрде инвестиция салып жатыр. Егер 6 қазанда халық қолдап, елімізге АЭС салу туралы... |
Толығырақ... Оқылды: 53 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 01.10.2024 |
АЭС қолдаушылардың қатары тұрақты өсуде – үш сауалнаманың нәтижесі |
Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті жанындағы Қазақстанныңстратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша«Демократия институты» ҒЗҚ ҚБ2024 жылдың 13-26 қыркүйекаралығында телефон арқылы сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 18 жастан асқан 1200 респондент қатысты. Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының респонденттері қатысты. Жалпы респонденттердің басым бөлігі – 72,9%-ы атом электр станциясын салу идеясын қолдайды. «Қазақстанда АЭС салу идеясына көзқарасыңыз қандай?» деген сұраққа респонденттердің шамамен үштен екісі оң көзқарас білдірді. Алдында жарияланған сауалнама қорытындыларымен салыстырғанда, бұл қазіргі уақытта ең жоғары көрсеткіш. Бірінші сауалнама қорытындыларымен салыстырғанда, АЭС құрылысын қолдаушылардың үлесі 19,8 пайыздық тармаққа, екіншісімен салыстырғанда 12,7 пайыздық тармаққа өсті. Ағымдағы үрдісті ескерсек, атом электр станциясын қолдаушылардың саны сайлау күніне қарай ода... |
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 30.09.2024 |
АЭС құрылысының экономикаға әсері қандай? |
Елімізде атом электр станциясын салу мәселесі қызу талқыланып жатыр. Жақында осыған қатысты референдум да өтеді. АЭС құрылысының егеменді еліміздің экномикасының дамуына қалай әсер ететіні жөнінде экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті Ғалымжан Есқараұлы түсіндіріп берді, деп хабарлайдыEl.kzақпарат агенттігі. Экономистің айтуынша, бүгінде Қазақстанда АЭС-тің орналасу аймағы ретінде Абай облысындағы Курчатов қаласы және Алматы облысындағы Үлкен ауылы таңдалған. 2035 жылға қарай ел экономикасы мен халықтың қосымша электро энергетикалық сұранысы 18 ГВт-тан астам жаңа буынды қажет етеді. Яғни, ол уақытқа дейін қолданыстағы электро станциялардың генерациясы тек 135 млрд.КВт сағат құрайтын болса, қазіргі таңда тұтыну мөлшері 152,4 млрд.КВт сағатты құрап отыр. Бұл – ағымдағы энергия көздері болжамдалған мөлшерден бөлек, тіпті қазіргі жүктемелерді толықтай қамтамасыз ете алмайды, &n... |
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 30.09.2024 |
Қазақстан халқына Жолдауы |
⚜Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша, штаб мүшелері халыққа үгіт - насихат жұмыстарын жүргізді. |
Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.09.2024 |